Қоғамдық санадағы өткеннің бейнесі сақталған мәліметтердің жинақталуы- мен ғана емес, оларға берілген мән-мағынамен де айқындалады. Тарихи құбы- лыстың мәні – жоғары деңгейдегі күрделі ұғым. Оның негізгі модальдығы бы- лайша анықталады:
тарихи құбылыстың өзіндік мәні, оның тарихи контексі;
ұзақмерзімді перспектива мен оқиғалардың кейінгі барысын ескере отырып, ұрпақтардың тарихи құбылысқа беретін мәні;
өздерінің саяси немесе идеологиялық мақсаты үшін өткеннің беделін пай- далануға ұмтылатын жекелеген адамдар мен арнайы топтардың оған беруге тырысатын мағынасы.
Оқиғаның тарихи мәнін анықтаудың бұл тәсілдері тәжірибе жүзінде әрқа- шан бір-бірімен қабыса бермейді. Оқиғалардың немесе тарихи құбылыстардың өзіндік мәні дегенде нені түсінуіміз қажет? Ықтимал жауаптардың бірі – оны замандастардың қалай түсініп, бағалағаны. Алайда олардың пікірі қаншалық- ты шынайы, жан-жақты болды және өткенді қаншалықты өзінің тарихи тәжі- рибесі тұрғысынан қарастырып, өзге интеллектуалдық мүмкіндіктерді иеленген ұрпақтарын қанағаттандыра алады? Сонымен бірге замандастардың пікірлері де алуан түрлі болуы мүмкін, ол пікірлер бір-біріне қарама-қайшы, сондай-ақ бір құбылысты қабылдаудың мүлдем алшақ сипаттары да орын алады. Батыс Рим империясының аумағына варвар тайпалардың басып кіруін тарих оқулық- тарында дәстүрлі түрде антикалық өркениеттің жойылу процесі және «халық- тардың ұлы қоныс аудару» дәуірі деп атаған. Қазіргі заманғы тарих ғылымының осындай үйреншікті формаларынан оқиғаға қатысушылар мен замандастардың оларды (оқиғаны) екіжақты қабылдағандарын аңғарамыз. Антикалық мәде- ниеттің шеңберіндегі адамдар үшін варварлардың жеңісі үйреншікті әлемдік тәртіптің мызғымастығының ақыры деп қабылданды. Олар Римнің құлауына әртүрлі пікір білдірді. Бірі өркениеттің құлдырауы әсер етті десе, енді бірі олар- дың тәкаппарлығы мен имансыздығы үшін Құдайдың ұлы империяға жіберген әділ жазасы ретінде қабылдады. дегенмен қандай жағдай болмасын, олар Рим империясының күйрегеніне куә болды. Бұл оқиғаларды герман халықтарының әлеуметтік-тарихи жадысы өзгеше түрде сақтады, олар батырлар мен көсемдер туралы, олардың ерлігі мен табандылығы жайындағы аңыздар мен әңгімелер- ді туғызды. Бұл аңыздар ғасырлар бойы ортағасырлық Еуропаның фольклоры мен әдеби дәстүрлерін сусындатып келді. Әлеуметтік жадыдағы өзінің өмір сүру фактісімен олар варварлық жаулау дәуірін герман тайпаларының тарихындағы ұлы және батырлық кезең ретінде қабылдады. Тарихшының замандастарының
ТАРих дЕгЕн нЕ? 19
қайсысы оқиғаны бағалауда анағұрлым адал? Білімді римдік пе, шіркеу аполо- геті ме немесе варварлар ма? Кімнің қабылдау қабілеті мен ой-толғам логикасы қазіргі әуесқой тарихшыны немесе кәсіби зерттеушіні толықтай қанағаттанды- ра алады?
Зерттеушінің замандастары, куәгерлері, сол кезеңде өмір сүрген буын оқи- ғаны жан-жақты сипаттап бере алмайды. Олар әдеттегідей болған шындықтың жекелеген тұстарын суреттеуге бейім болғанымен, басқа құбылыстарға немқұ- райды қарайды. Қалай болғанда да, олар тарихи кезеңнің шындығымен тығыз байланысты болғандықтан, оны объективті түрде және бейтарап бағалай алмай- ды. Келешек ұрпақтың өткенді бейтарап көзбен қарауға зор мүмкіндігі бар. Олар оқиғаны, адамдардың іс-әрекетін, адам өмірінің жекелеген қырларын толықтай көре отырып, олардың алғышарттары мен оқиғаның салдарын анықтай алады. Ал олардың бағасы құбылыстың «өзіндік мәнінің» дәлме-дәл сипаттамасы бола ала ма? Жай адам да, кәсіпқой зерттеуші де тарихи құбылыстарға ой жүгірткен өзара байланысты фактілер мен факторларды көп байқауы мүмкін: олардың түрі де, әрқайсысының рөліне берілетін баға да әртүрлі болмақ.
Рим империясының құлауы мен варварлық жаулау дәуіріне қайта орала оты- рып, бұл оқиғаны антикалық мемлекеттіктің, әлеуметтік әрі шаруашылық жүйе- нің ішкі дағдарысының көрінісі ретінде; варварлық басқыншылықты басынан өткерген және ортағасырлық еуропалық қоғамның құрылымдарына еркін сіңіп кеткен римдік институттардың беріктігінің айнасы ретінде; варварлық тайпа- лардағы ішкі өзгерістердің дәлелі ретінде, сонымен бірге герман халықтарының дәстүрлі өмір салтының инерциясын еңсеруге септігін тигізген қуатты толқын ретінде қарастырылуы мүмкін екенін ескеру қажет. германдық ұлтшылдық идеясын қолдаушы зерттеушілер варвар тайпалардың іс-әрекеттерінен герман- дықтарға этнос ретінде тән батырлық рух пен жауынгерлік даңқтың бейнесін көрді. Ал жай ғана қызығушылық білдірген жалдамалы зерттеушілер ежелгі гер- мандықтардың жауынгерлік этикасы туралы бейтарап пайымдауы мүмкін не- месе олардың іс-қимылдарынан варварлық сана мен әлеуметтік ұйымның бел- гілерін көруі әбден ықтимал.
Бұл бағалаулар бір-біріне қарама-қайшы, олар қарастырылып отырған оқи- ғаларды тудырған тарихи процестердің мәнін әрқалай сипаттауда. іс жүзінде олардың арасындағы пайым түрлері мен пікір алшақтығы әлдеқайда маңызды. Өткен кезеңде тамыр жайған көзқарас пен тарихтың барысына ықпал етуі тұр- ғысынан қарастырылған оқиғаның мәні олардың арасындағы өзара байланыс- тың қалай анықталатынына және олардың қарастырылып отырған мәселеден өткенге немесе болашаққа – қаншалық алыс алып кете алатынына байланыс- ты айқындалады. Оқиғаның мәні адамдардың олардың себептері мен салдарын қалай анықтағанына байланысты (тарихи сана әлі күнге дейін құбылыстардың өзара сабақтастығын айқындайтын нақты тәсілді білмейді). Өткен кезең тура- лы ой-пікірлер конфессиялық қатыстылығы, әлеуметтік доктриналар мен саяси теорияларға бүйрек бұрушылық, қоғам дамуының белгілі бір теорияларына арқа сүйеу сияқты дүниетанымдық және идеологиялық басымдықтарға белгілі бір деңгейде сәйкес болады. Осыған орай заңды бір сұрақ туады: өткеннің оқиғасы жалпы ерекше бір тарихи мән-мағынаны білдіре ме, олар түрлі жағдайлардың кездейсоқ тоғысуының нәтижесі ме? Оқиғаның тарихи мәніне берілетін баға
20 БіРінШі ТАРАу
шынайы әрі нақты бола бермейді. Тарихи санада өткеннің құбылыстары үнемі идеялардың, түсініктердің, саналы түрде немесе ойластырылмаған қалау ерік- терінің ықпалымен қалыптасып, қоғамды зерттеу үшін немесе қалпына келтіру үшін өзекті болады. Өткеннің бейнесі – қаласақ та, қаламасақ та, әрдайым біздің қызығушылықтарымыздың айнасы.
Достарыңызбен бөлісу: |