Тарих indd



бет4/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
репина док

КІРІСПЕ


Оқу құралы «Тарих ғылымының тарихы» немесе, нақтырақ айтсақ, «Тарихи білім тарихы» оқу курсының негізінде құрастырылды. Оның мазмұны тарихи танымның табиғаты мен міндеттерін қазіргі көзқарас тұрғысында түсінумен анықталады.
Курстың әдіснамалық негіздемесі гуманитарлық білімнің табиғаты жөніндегі пікірталастар барысында ұсынылған бірқатар идеялармен анықталып отыр.
Біріншіден, бұл – тарихи зерттеулердегі шынайылық пен нақтылық критерий- лерінің салыстырмалығын және тарихи танымның ерекшеліктерін көрсету. Та- рихи білімнің салыстырмалылығы бірқатар факторлармен, атап айтсақ, тарихи зерттеудің негізгі үш құрамының: тарихи факті, тарихи дерек пен тарихи зерт- теу әдістерінің маңыздылығымен айқындалады. Зерттеуші өткен кезең туралы
«объективті шындықты» анықтауға тырыса отырып, өзінің «субъективтілігінің», сондай-ақ рационал талдау әдісінен өткізген дәлелдердің «субъективтілігінің» тұтқынына айналады. Тарихи білімнің шегі мен мүмкіндіктері сақталған дерек- тердің толық еместігімен, дерек мәліметтеріндегі ақиқаттың зерттеу дәуірінің шынайы бейнесін ашып көрсететініне кепілдіктің болмауымен және зерттеуші- нің интеллектуалдық білік дағдыларымен сипатталады. Тарихшы өткен оқиғаны түсіндіру мен оны қалпына келтіру барысында үнемі еріксіз немесе ерікті түрде субъективті болады: кез келген интеллектуалдық модельдерді, жеке қалауы мен субъективті таңдауын басшылыққа алып, өз дәуірінің концептуалдық әрі идео- логиялық құрылымын басты назарда ұстай отырып, оқиғаны түсіндіреді. Соны- мен тарихи білім ұсынған өткен кезеңнің бейнесі әр уақытта субъективтілігімен, толық еместігімен және салыстырмалы шынайылығымен ерекшеленеді. Шек- теулі екеніңді мойындау тарихи білімнің өзіндік әдісі мен тілін қалыптастырып, оның әлеуметтік маңызға ие болуына кедергі жасамайды.
Екіншіден, тарихи зерттеудің пәні мен әдістерінің, яғни жалпы тарихи бі- лімнің өзіндік ерекшелігі аса маңызды болып саналады. Тарих ғылымының қа- лыптасу процесінде зерттеудің нысаны мен әдістері туралы түсініктердің ай- тарлықтай өзгеріске ұшырағаны белгілі. Тарихи зерттеулердің қазіргі таңдағы тәжірибесі тек өзінің зерделеу алаңының кеңістігін ғана емес, өткен кезеңнің құбылыстарын пайымдау мен оларды түсіндірудің әртүрлі тәсілдерінің мүмкін- дігін де мойындайды. Тарих мемлекеттік құрылымдардың даму сатыларын көр- сететін, жеке фактілердің арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анық- тайтын, саяси маңызы бар оқиғаларды зерттеуді басты мақсатына айналдырған эмпирикалық ғылымның деңгейінен қоғамның даму динамикасын зерттейтін пәнге айналды. Тарихшы назарында елдің шаруашылық және саяси өмірінен жеке тұлғаның өмір сүру мәселесіне дейінгі, ауа райының өзгерісінен әлем ту- ралы адамдардың түсінік-танымын анықтауға дейінгі құбылыстың ауқымды кеңістігі қамтылған. Оқиғалар, адамдардың мінез-құлық модельдері, олардың ұстанымдары мен мотивациялық құндылықтарының жүйесі зерттеу нысаны бо- лып саналады. Заманауи тарих – оқиғалардың, процестер мен құрылымдардың, адамның жеке өмірінің тарихы. Зерттеу алаңының осыған ұқсас әртараптанды- рылуы нақты зерттеу бағыттарының таңдауларына тәуелді емес, тарихи білімнің
12 КіРіСПЕ



нысаны көзқарас пен қатынас тұрғысынан қарастыруға болатын, табиғаты мен мінез-құлқы әр алуан және әртүрлі адаммен байланысты. Тарих жаңа дәуірдегі барлық гуманитарлық пәндердің арасында анағұрлым әмбебап әрі ауқымды сала болып шықты, оның дамуы әлеуметтану, психология, экономика және бас- қа да ғылыми білімнің жаңа бағыттарының қалыптасуымен қатар жүрді. Бірақ олардың әдістері мен мәселелерін өзінің міндеттеріне бейімдеумен де байла- нысты болды. Тарихи білімнің ауқымы кең болғандықтан, оның өзіндік ғылы- ми пән ретіндегі өміршеңдігіне зерттеушілердің күмәнмен қарауы – қалыпты жағдай. Тарих мазмұны жағынан да, формасы бойынша да өзге ғылыми салалармен (география, халықтарды сипаттау т.б.) және әдеби жанрлармен тығыз байланыса отырып қалыптасты; ерекше пән ретінде қалыптасқан ол қайтадан пәнаралық өзара байланыстардың жүйесіне енді.
Үшіншіден, тарихи білім қалыптасқан уақытынан бері ешқашан нағыз акаде- миялық немесе интеллектуалдық құбылыс болған емес. Тарихи білімнің қызме- ті әлеуметтік сана мен әлеуметтік тәжірибенің маңызды салаларын қамтитын кең қоғамдық ауқымымен ерекшеленеді. Қоғамның өзекті мәселелері тарихи білімге және өткенге деген қызығушылықты тудырып отырды. Сондықтан жас ұрпақ өткеннің бейнесін қалпына келтіруден гөрі, оны жасаумен көбірек айна- лысады, олар осылайша алдыңғы буын өкілдерінің іс-әрекетіне оң немесе теріс баға беріп, жеке шешімдері мен өзіндік әрекеттерін негіздейді. Қазіргі кезең- нің саяси және әлеуметтік тәжірибесінде үстем болып отырған идеологиялық құрылымдар мен схемаларды өткен дәуірлерге анахрондық тұрғыдан ауыстыру өткеннің бейнесін өзектілендірудің ең шектен шыққан формасы болып санала- ды. Тек өткен тарих қана идеологиялар мен анахронизмнің құрбанына айналып жатқан жоқ, сонымен бірге бүгінгі күннің өзі де белгілі бір дәрежеде өз тари- хының көрсетілген бейнесіне тәуелді. Қоғамға «шежіре» мен маңызды тәжіри- бе ретінде ұсынылатын тарихи көрініс – әлеуметтік санаға ықпал ететін қуатты құралдың бірі. Социумда үстемдік ететін өзінің өткен тарихи жолына қатысты көзқарас оның өзі туралы түсінігін және болашақтағы міндеттерін білуді анық- тайды. Осылайша тарих немесе өткеннің бейнесі әлеуметтік сананың бір бөлігі, саяси-идеологиялық көріністердің элементі және әлеуметтік даму стратегиясын анықтау үшін бастапқы материал болып саналады. Басқаша айтқанда, тарихсыз жеке қауымдастық немесе жалпы адамзат әлеуметтік бірегейлігін және болашақ бағдары жөніндегі түсініктерін қалыптастыра алмайды.
Төртіншіден, тарихи білім – әлеуметтік жадының өте маңызды элементі, ол – аса күрделі, көп деңгейлі әрі тарихи құбылмалы феномен. Өткеннің мағлұматта- рын сақтаудың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа ұжымдық әлеуметтік жады, сонымен қатар өткенді белгілі бір деңгейде субъективті әрі эмоциялық түрде қабылдауға негізделген отбасылық және жеке жады бар екенін айта кеткен жөн. Біршама айырмашылықтарына қарамастан, жадының барлық түрлері өзара ты- ғыз байланысты, олардың шекаралары шартты және ашық. Ғылыми білім өткен туралы ұжымдық көзқарастың қалыптасуына әсер етеді және жаппай таптаурын ұғымдардың әсерін сезінеді. Қоғамның тарихи тәжірибесі өткенді нақты па- йымдаудың, сондай-ақ оны интуитивті және эмоциялық қабылдауының нәтижесі. Курстың дидактикалық және педагогикалық мақсаттары бірқатар ұғымдар-
мен анықталады.
КіРіСПЕ 13

Біріншіден, бұл оқып зерделенген материалдардың өзектілігін арттыра тү- сетін мамандандырылған гуманитарлық білім беру курсын тәжірибеге енгізу қажеттігімен түсіндіріледі. Материалдардың өзектілігін арттыру тек маңызды ақпараттық блоктарға ғана назар аудармайды, сонымен қатар білім жүйесіне өзінің қозғаушы механизмін – өткенді зерттеу әдісін енгізеді. Тарихи таным- ның техникасымен танысу тарихи білімнің маңызды имманентті ерекшелігін – объективтілік пен шарттылықтың оғаш үйлесімін түсініп, оны сезінудің тәжіри- белік мүмкіндігін береді.
Екіншіден, бұл курс тарихи білімнің қуатты және әлсіз тұсын, оның көп дең- гейлігі мен мәдени контекске тәуелді екенін көрсете отырып, «өткен тарихтың ғылыми бейнесінің» қасиетін төмендетеді. Онда тарихи зерттеулердің шека- расын, оның әлеуметтік қызметі мен қоғамдық санаға ықпал ету мүмкіндігін көрсететін бағыттары белгіленген. Курстың басты педагогикалық мақсаты – әлеуметтік дамудың заңдылықтарын анықтауға және өткен кезеңге нақты баға беруге қатысты қуатты скептицизм мен сыни көзқарасты ояту.
Курстың құрылымы тарихи білімнің көне дәуірден осы күнге дейінгі қоғам мен мәдениет аясындағы тарихи даму логикасына сәйкес түзілген. Курста тари- хи білімнің негізгі формалары мен деңгейлері зерделенген. Олар: аңыз, өткенді жаппай қабылдау, рационал білім (тарих философиясы), академиялық тарихи- лық, тарихи әлеуметтану, мәдениеттану, тарихи зерттеулердің жаңаша бағыт- тары. Курстың міндеті – тарихи және өркениеттік перспективада өткенді тану формаларының әртүрлілігі мен өзгергіштігі фактісін көрсету. Өткенді қабылдау және тану, сондай-ақ оның бүгінгі күн үшін маңызын бағалау ежелгі Рим халық- тары, ортағасырлық Еуропа тұрғындары мен индустриялық қоғам өкілдері үшін әртүрлі болды. Еуропа және Шығыс өркениетінің мәдени дәстүрлеріндегі тари- хи сананың да айтарлықтай айырмашылықтары бар. Курстың маңызды бөлігі отандық тарихи білімнің қалыптасуын талдауға және, ең алдымен, Ресей және Еуропа дәстүрінің даму жолдары мен өзара байланысының механизмдерін са- лыстыруға арналған.
Курстың тарихи құрылымдардан басқа «тарих», «тарихи уақыт», «тарихи де- рек», «тарихи ақиқат» және «тарихи заңдылық» сияқты тарихи білімнің негізгі категориялары мен тұжырымдамаларына жіті назар аударатын құрамдас бөлігі бар. Курста тарихи білімнің күрделі құрылымы, атап айтқанда, өткенді тұтастай иррационал тұрғыдан қабылдау және ғылыми рационал дәстүрдің жіктелуі, сон- дай-ақ олардың өзара байланысы көрсетілген. Тарихи мифтер мен жалған на- ным-сенімдердің қалыптасуы, олардың санада орнығуы мен саяси идеологияға әсері өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.
БІРІНШІ ТАРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет