Тарих indd


АЛТЫНШЫ ТАРАУ. XIX ҒАСЫРДЫҢ ТАРИХШЫЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕН ТАРИХ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР 130



бет3/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
репина док

АЛТЫНШЫ ТАРАУ. XIX ҒАСЫРДЫҢ ТАРИХШЫЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕН ТАРИХ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР 130
Романтизмнің тарихи мәдениеті 130
Романтикалық тарихнаманың бағыттары 135
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық
жүйелердегі тарихи процестің интерпретациясы 140
XIX ғасырдың екінші жартысындағы философиялық
жүйелердегі тарихи процестің интерпретациясы 144
ЖЕТІНШІ ТАРАУ. XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ
ЖАРТЫСЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ
ОЙ ЖӘНЕ КӘСІБИ ТАРИХНАМА 149
Позитивизм және ғылыми тарих 150
Тарихнамалық мектептердің қалыптасуы 154
Тарихтың пәні мен мәртебесі туралы пікірталастар 156
Ресей тарихнамасы және «орыс тарихи мектебі» 161
Ғылыми зерттеудің сыни әдісі мен принциптері 167
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ. XX ҒАСЫРДАҒЫ ТАРИХ: ТАРИХИ ТАНЫМДАҒЫ ДАҒДАРЫСТАР МЕН РЕВОЛЮЦИЯЛАР 172
Тарихи білімнің салыстырмалығы 173
Экономикалық тарих 178
Өткенді зерттеуге өркениеттік және
мәдени-тарихи тұрғыдан қарау 181
«Идеологияның қызметшісі» 183
«Тарих үшін шайқас». Тарих мәселесі 187
«Жаңа тарих ғылымы» 189
Әлеуметтік тарих және тарихи антропология 191
«Жаңа жергілікті тарих» және микротарих 197
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ. МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТОҒЫСЫНДА: ЖАҢА МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЖАҢА ТӘСІЛДЕР 199
Әлеуметтік тарихтан әлеуметтік-мәдени тарихқа дейін 199
Гендерлік тарих деген не? 208
Тарихи биография және «жаңа биографиялық тарих» 214
Қазіргі интеллектуалдық тарих: мәселелері
және перспективалары 217
ҚОРЫТЫНДЫ 224
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 228

АЛҒЫ СӨЗ


Оқу құралында тарихи білімнің ғылыми пән ретінде қалыптасуы мен даму эволюциясы сипатталған. Оқырмандар тарихи дамуға қатысты өткенді тану мен қабылдаудың әртүрлі формаларымен танысады. Сонымен қатар қоғамда тарих- тың алатын орны туралы қазіргі пікірталастар мен тарихи ой тарихының өзекті мәселелерін жан-жақты зерделеп, тарихи жазбаның түрлі формаларының ерек- шеліктері, зерттеу жүргізу ұстанымдарының пайда болуы, таралуы және ауысуы, тарихтың академиялық ғылым ретінде қалыптасуы мен даму жолдары жөнінде мол мағлұмат алады.
Бүгінгі таңда тарихнама тарихының пәні, тарихи-тарихнамалық талдау мо- делі мен пәннің мәртебесі туралы көзқарастар айтарлықтай өзгерді. Проблема- лық тарихнама кейінге ығыстырылып, тарихи білімнің әлеуметтік-мәдени ба- ғыттағы қызметі мен өзгерістерін зерттеуге баса назар аударылды. Оқу құралы қоғамның дамуы барысында мәдени және әлеуметтік ұйымдастыру түрлерінің негізгі ерекшеліктерімен байланыста бола отырып, өткенді тану формасының қалай өзгергенін көрсетеді.
Оқу құралы ежелгі өркениеттер мәдениетінің түп негізінен бастап қазіргі күнге дейінгі (XX–XXI) тарихи білімнің дамуын сипаттайтын тоғыз тараудан тұ- рады. Тарихтың өзге де білім салаларымен қарым-қатынасына, тарихи дамудың кең таралған концептуалдық модельдеріне, тарихи деректерді талдау принцип- теріне, тарихтың әлеуметтік қызметіне, тарихи білімнің ерекшеліктеріне назар аударылады.
Оқу құралында ұсынылған эмпирикалық материалдарды, ғылыми-тарихна- малық талдау әдістерін, негізгі ұғымдарын, категорияларын, өткен дәуір мен қазіргі кезеңнің алдыңғы қатарлы тарихшыларының айрықша тұжырымдары мен әдіснамалық принциптерін меңгеру зерттеу әдістері мен оның нәтижелерін бағалауға қатысты болашақ тарихшылардың сыни тұрғыдан ойлау жүйесі мен кәсіби этикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пәнді зерделеу нәтижесінде студент тарихи ойдың түрлі бағыттарына, тари- хи зерттеулердің алуан түрлі мәселелері мен модельдерін түсіне білуге; тарихи білімнің әртүрлі саласындағы теориялық және әдіснамалық мәселелер төңіре- гіндегі пікірталастарды талдай білуге; эвристикалық әрі түсіндірмелік әлеуетті, дәлелдік негізді, дәлелдеме жүйесін салыстыру мен өзара бәсеке жолындағы та- рихи тұжырымдардың ғылымға қосқан үлесіне баға бере алуға; нақтылы-тари- хи және теориялық-әдіснамалық мәселелер төңірегіндегі талқылауларда өзінің ұстанымын қалыптастыра білу мен оны негіздей алуға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет