Тарихи жадының мазмұны адамның және олардың қауымдастығының өт- кеннің белгілі бір оқиғаларын есте сақтау немесе ұмыту қабілетімен ғана анық- талмайды. Есте сақтау процесі жаттанды емес: маңызды әрі шынайы санала- тын ақпаратты ғана ұрпақ жадында сақтайды және кейінгі ұрпаққа өсиет етеді. Тарихи шығармаларды зерттеу барысында әртүрлі қоғамдардағы шынайылық критерийлері әрқилы болатынына көз жеткіздік. Өткенді білудің маңызы тура- лы түсініктер де әлеуметтік топтардың мақсат-мүдделеріне байланысты өзгеріп отырды. Қауымдастықтың бір түрі үшін қызығушылық тудыратын мәліметтер өзге ұжымдық бірегейлікті ұстанған топ үшін назар аударуға тұрмайтын, лайық- сыз ақпарат есебінде қабылдануы мүмкін.
Орта ғасыр жылнамашылары еңбектеріне соғыстар мен қарулы қақтығыстар туралы, билеушілер мен зайырлы және діни мәртебесі бар әйгілі адамдардың іс-әрекеттері жайындағы әңгімелерді енгізіп отырды. Сонымен қатар олар ірі апаттардан (жер сілкінісі, құрғақшылық т.б.) өзге де табиғат құбылыстары тура- лы мәліметтер мен қазіргі заман өкілдерінің көзқарасы бойынша маңызы тө- мен тарихи фактілерді де қосып отырды. хіх ғасырдағы еуропалық тарихшылар ежелгі және ортағасырлық алдыңғы буын өкілдерінен аса алмады, олар да сая- си мазмұндағы оқиғаларды баяндауды жөн көрді. Соғыстар, көтерілістер, саяси өзгерістер, мемлекет өкілдерінің өзара қарым-қатынастары – осылардың бәрі, олардың пікірінше, тарихтың негізгі нысанын құрады. Оларды шаруашылық өмір, күнделікті тіршілік, қарапайым адамдардың қарым-қатынастары қызық- тырмады. Олар жасаған тарихтың түрін іс-әрекеттер туралы әңгіме деп бағалау- ға болады.
Қазіргі таңда анағұрлым танымал бағыттардың бірі күнделікті тарих болып саналады, оның зерттеу нысаны – жеке өмір, туыстар, достардың қарым-қаты- настары, күнделікті еңбек шарты мен тіршілік негізі, адамдардың эмоциялық өмірлерінің бейнесі және дүние туралы түсініктері. Күнделікті өмір жаңа заман ғалымдарының жаңалығы емес: жазба дәстүрі дамыған көптеген қоғамдарда жекелеген отбасылардың, діни әрі зайырлы қауымдастықтардың өмірі тура- лы баяндайтын жеке жылнамаларды жазып қалдыру тәжірибесі болған. Адам- дарға арғы аталарының даңқты және лайықсыз істерін, жерленген жерлерін, қандай да бір маңызы бар оқиғаларға қатысқаны туралы естеліктерді сақтау маңызды болды. Алайда жекелеген қауымдастықтардың тарихында болған оқиғалардың көп бөлігі ресми жылнамалар мен тарихи шығармаларға енбей қалған. Өткен кезең мен оның танымы туралы жадыны сақтау тәсілі ретінде тарих бастапқы кезден алуан түрлі «тарихтардың» жиынтығы ретінде қалып- тасты: олардың әрқайсысының көлемі қауымдастық мүддесімен, авторлардың
ТАРих дЕгЕн нЕ? 21
талғамымен, тарих ұғымының өзіне қатысты тәсілдемелерімен анықталып отырды. Тарихи жадының құрамына өткеннің оқиғаларының шынайылығы мен нақтылығы туралы түсініктердің жүйесі айтарлықтай ықпал етеді. Әртүр- лі қоғамдарда пайда болған тарихи шығармаларда фантастикалық және адам сенгісіз әңгімелер де болды, оның шынайылығына күмәнсіз сенген адамдар оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді жөн санады. Көп халықтың әрі ауқатты әулеттердің тарихы арғы бабаларынан және болашақтағы барлық игі істер- дің бастамашысы ретінде қабылданатын құдайлар мен батырлар туралы әң- гімелермен басталады. Ортағасырлық Еуропадағы тарихи шығармалардың міндетті элементтерінің бірі – оқиғалардың ішіндегі ең маңыздысы ретінде қарастырылған таңғажайып құбылыстар тарихы. Осындай адам нанғысыз ға- жайып оқиғаларға илануға жұртты не итермеледі? Олар соншалық сенгіш пе, білімдері мен интеллектілері төмен бе? Әлемнің ең дамыған елдерінде ұлттық мифтерге деген сенім неліктен аса өміршең? Ал өткеннің жекелеген оқиғалары мен тұлғаларын ежелгі дәуірлердің кейіпкерлерімен, ерекше жаратылыс иеле- рімен байланыстыратын ерекшеліктерді жаппай қабылдауға не себеп болды? Бәлкім, өткеннің оқиғаларының шынайылығы мен мән-мағынасын түсінудің өзі қазіргі тарихшылардың беретін мәнінен әлдеқайда өзгеше. Барлық факті- лерді ықтимал әрі таңғаларлық деп бөлуі және осы мәліметтері туралы хабар беретін деректердің шынайылығы олар үшін негізгі өлшем болып саналады. Ежелгі және орта ғасыр кезеңдерінің адамдары қазіргі заман адамдары секілді шынайы оқиғаны ойдан шығарылғаннан ажыратуға, фактілердің растығын бе- кемдеуге талпынбады деп әсте айта алмаймыз. дегенмен ақиқатты жалғаннан, шынайылықты ойдан шығарылғаннан ажырататын шекара түрлі қоғамдар мен әлеуметтік топтар тарапынан әрқалай анықталады. Көптеген дәуірлер үшін таңғажайып және тылсым күштің соғыс, қуаңшылық пен храм құрылысынан да кем түспейтін шынайы фактілері болды; адамдар ғажайып құбылыстың шы- найылығын іздеді, ол дәлелдерді анықтаған кезде оны сөзсіз шынайы факті деп есептеді. Бабалардың аңыздары мен әңгімелері ең бір қызық, таңғажайып тарихтың шынайылығын растайтын толық негіздеме болды. Осылайша тарихи жады мен тарихи сананың ерекше формасы саналатын мифтер мен аңыздар қалыптасты. Сондай-ақ өткен тарих туралы жадыға «түзетулер» де енгізіліп отырды: ортағасырлық монах монастырьлық жылнамаларды құрастырғанда жергілікті әулиелердің өмірі мен монастырьлық архивті қайта жазу барысын- да оның замандастары сақтамаған оқиғалар туралы мәліметтерді қосуы мүм- кін. Ол дәлелдермен расталған тарихи фактілер тізбегіне өз жанынан ой қосқан жалған ақпарат беруші ме, әлде оған шындық пен әділдік туралы өзінің жеке түйсігі әсер етті ме? Өткеннің қандай да болмасын бір оқиғаның шынайылы- ғына көз жеткізіп, оған сенімділік ұялатуы соңғысының растығына сенім ар- туына түрткі болуы мүмкін. Жылнамашы ойдан құрастырылған оқиғаларды жаза отырып, оны бұрмалаумен емес, тарихи ақиқатты қалпына келтірумен айналысып отырмын деп ойлауы да ықтимал. Тарихи жады және оған негіз- делген тарихи сана түрлі қоғамдар мен әлеуметтік топтардың шынайылық, ақиқат пен нақтылық туралы ұғымдарымен анықталатын әлеуметтік әрі мә- дени өмірдің құбылыстарына жатады. Түсініктер уақыт өте келе өзгерді және жеке халықтар мен өркениеттердің дүниетанымдары мен интеллектуалдық
22 БіРінШі ТАРАу
дәстүрлерінде тамыр жайды. Әртүрлі қоғамдар, оның ішіндегі жекелеген әлеу- меттік топтар тек өздеріне ғана тән тарихи сана мен тарихи жадыны қалып- тастырып қана қоймай, өткенді пайымдаудың түрлі деңгейін анықтайды. Атап айтқанда, өткенге даму процесі ретінде қарау қазіргі заманды түсіну үшін маңызды. Бұл сабақтастығын қазіргі заманғы тарих ғылымы мойындайтын грек-римдік және иудей-христиандық дәстүрлердің өзіндік ерекшілігі болып саналады. Бұл мәдениеттерде жеке тарих туралы жадыны сақтау мен өткеннің бейнесін анықтау өзекті мәселелерді шешу тәсілі ретінде қабылданды, ал та- рих «өмірлік ұстаз» және өткенді тану құралы ретінде маңызды болды.
Достарыңызбен бөлісу: |