Тарих indd


Тарихи сана және тарихи жады



бет6/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
репина док

Тарихи сана және тарихи жады


Тарих өткенді тану процесі ретінде өзі туралы ақпараттарды іріктеп, сақтай- ды. Бұл – әлеуметтік жадының қасиеттерінің бірі, адамдардың жеке тәжірибесі мен алдыңғы буын өкілдерінің тәжірибесін сақтайтын әрі ой елегінен өткізетін құбылыс. Жады адамды жануарлар әлемінен ерекшелеп тұрған маңызды қасиет- тердің бірі ретінде қарастырылады. Бұл – өзінің өткеніне деген саналы қатынас, жеке ой-сана мен өзін анықтаудың өте маңызды негізі. Жадысын жоғалтқан адам өзін-өзі тану, өзге адамдар арасында өзінің орнын анықтау мүмкіндігінен айырылады. Жады адамның дүние туралы түсінігін, кез келген сәтте басынан өт- керетін түрлі оқиғаларға қатысты сезімі мен эмоциялық әрекетін, қалыпты әрі төтенше жағдайларда өзін дұрыс ұстай алу ақпараттары туралы білімін нығайта түседі. Жадының абстракт білімнен айырмашылығы: жады – адамның жеке ба- сынан және ой елегінен өткен білім, оның өмірлік тәжірибесі. Қоғамның тарихи тәжірибесін сақтап, оны ой елегінен өткізуді білдіретін тарихи сана оның ұжым- дық жадысы болып саналады.
Тарихи сана немесе қоғамның ұжымдық жадысы адамның жеке жадысы сияқ- ты бірдей емес. Тарихи жадыны қалыптастыру үшін маңызды үш жағдай қажет: өткенді ұмытпау, бірдей фактілер мен оқиғаларды әртүрлі тәсілдермен түсінді- ру, бүгінгі өмірдің өзекті мәселелеріне қызығушылық тудырған өткен тарихтағы құбылыстарды ашу.


Тарихи жады және ұмытылу


Кейбір оқиғаларды ұмытып, ал басқаларының маңызын асыра бағалау (яғни олардың өзектілігін арттыру) – адамдарға тән қасиет. Әлеуметтік жады мен та- рихи сананы зерттеушілер түрлі қоғамдар мен мәдениеттердің өткен кезең тура- лы өзіндік түсініктерін зерттеу барысында адамдардың нені ұмыт қалдырғанын және неліктен ұмытқанын ескеріп отыру керек деп санайды. Қандай да болмасын қауымдастықтың жекелеген фактілер мен оқиғаларды ұжымдық жадыдан өші- руінің себептері сол қауымдастықтың тарихтағы өз орнын қалайша белгілегенін түсінуге мүмкіндік береді. Өткеннің кез келген тұстарын санадан өшіру әртүрлі себептерге байланысты жүзеге асады.
Біріншіден, адамдарға жеке жағдайлар мен оқиғалар ғана белгілі болып, ға- сырлар қойнауында аймақтар мен халықтардың тұтастай бір тарихи дәуірлері ұмыт қалуы мүмкін. Әдетте оқиғаларды жазба түрінде бекітіп қалдыратын жаз- баша дәстүр дамымаған кездегі тарих біртіндеп жадыдан өшіп жатты. Мысалы,
ТАРих дЕгЕн нЕ? 17

қазіргі еуропалық ұлттарды қалыптастырған тайпалар мен халықтардың тарихы гипотезалар жолымен, жорамалдар мен логикалық құрылымдардың, қажырлы еңбектің нәтижесінде қайта қалпына келтірілуде. Біздің қолымызда кельттер- дің, герман және славян тайпаларының әлеуметтік әрі саяси ұйымдары, діни на- нымдары туралы, даму барысына ықпал еткен маңызды оқиғалар мен тұлғалар туралы сыртқы бақылаушылардың қалдырған үзік-үзік мәліметтері ғана бар. Ал мұндай мысалдар әлемнің түрлі аймақтары мен бөліктерінде көптеп кездеседі. Атап айтқанда, Африка мен Оңтүстік Америка халықтары уақыт кезеңіндегі тір- шілігінің нақты сипаттамасына тек соңғы ғасырларда ғана қол жеткізе алды. Өт- кені туралы жүйелі түрде баяндалған тарихы жоқ халықтарды «тарихынан айы- рылғандар» деп атайды. Бұл олардың өткен тарихының жоқ екенін білдірмейді, алайда өткені туралы жадының жоғалғанын меңзейді.


Екіншіден, өткен туралы жадының жоғалуы белгілі бір құбылыстар туралы мәліметтердің адамдық және әлеуметтік санадан жоғалуы сияқты табиғи про- цеспен де байланысты болуы әбден мүмкін. Жеке адамның жадысы мен ұжым- дық жады аса мол және алуан түрлі тарихи фактілер жайындағы ақпараттарды сақтап қала алмайды. Ұмыту – адамзаттың өзін-өзі сақтау құралы. Қауымдас- тықтың жадысын жекелеген мәліметтердің шарасыз түрде жоғалу процесімен қатар, адамдар үшін маңызды деп есептелген ақпараттың сақталып, ұрпақтан- ұрпаққа берілетін саналы сұрыптау процесі де қоса жүрді. Есте сақталуға лайық- ты ақпараттарды іріктеу техникасы мен артық мәліметтерді шығарып тастау принциптері әртүрлі. Олар қоғамның немесе оның топтарының әлеуметтік даму деңгейі мен түріне тәуелді болды. Өткен кезең туралы ортағасырлық еуропалық- тар немесе біздің замандастарымыз, ертедегі иудейлер немесе антикалық та- рихшылар сақтап, жеткізген мәліметтер түрлі критерийлер бойынша іріктелген. Ақпараттың барлық түрлері монастырьлық жылнамашылардың, ақсүйек отбасы өкілдерінің немесе жаңа заман тарихшыларының назарын аударды. Алайда тір- келген оқиғалар мен құбылыстардың маңызын мойындау және қалған барлық фактілердің жиынтығын назарынан тыс қалдыру жалпыға ортақ әрекет болды.
«Ұмытылған» оқиғалардың қайта оралып, әлеуметтік сана мен тарихи жадының нысанына айналуы жиі кездеседі.
Үшіншіден, өткеннің санадан өшуі қоғамдық сананы әдейі манипуляция- лаудың саяси әрі идеологиялық негізделген нәтижесі болуы мүмкін. Отандық тарихтың осыдан аз уақыт бұрынғы мысалы тарихи жадының осылайша жойы- луының анық әрі қайғылы шындығын көрсетеді. Ресми тарихнама ғана емес, сонымен қатар тарихи сана да репрессияны, адамдар мен тұтас топтардың та- рапынан кемсітілу, жойылу фактілерін ұжымдық жадыдан бірнеше онжылдық- тарға ығыстырды. Алайда «Ресей – өткен тарихын болжап білуге болмайтын ел» дейтін зілді әзілдің мағынасы әлдеқайда ауқымды. Түрлі дәуірлер мен халық- тардың тарихы өткенді санадан өшірудің мысалдарын жақсы біледі. Жадыны
«жоюдың» міндеттері әртүрлі болуы мүмкін. Тарихтың «жағымсыз» фактілерін жасыру арқылы ұлттық сана-сезімін арттырып, намысын күшейту керек болды. Жаулап алушылардың жеңілген қарсыласы жөніндегі жадыны жоюы қалыпты жағдай деп санауға болады: олардың өмір сүруінің кез келген белгісін ұрпақ- тардың жадысынан түбегейлі өшіру дұшпанын тізе бүктірген жеңіске нақты әрі теңдессіз сипат береді.
18 БіРінШі ТАРАу

Санадан өшу – тарихи жадының ажырамас элементі. Бұл құбылыстың таби- ғаты мен қызметтері бір мағынада бағалана бермейді. Бір жағынан, ол санада тұрақтаған немесе қалпына келтірілген өткеннің бейнесін бұрмалайды. Екінші жағынан, санадан өшпей, «артық ақпараттан» ажырамай, ішкі логикасы бар оқи- ға бейнесінің біртұтас жүйесін қалыптастыру мүмкін емес, ал тарих қолжетімсіз әрі бейберекет фактілердің үйіндісіне айналады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет