Тарих indd


Дүниежүзі тарихының жанры



бет22/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
репина док

Дүниежүзі тарихының жанры


Саяси қайраткер немесе әскербасылық тәжірибесі болмаған Римнің алғашқы ірі тарихшысы Тит Ливий (б.з.д. 59 – б.з. 17) Август дәуіріндегі даңқты жазушы- ның бірі еді. Ол – Падуяда дүниеге келген, философиялық әрі шешендік сала- лар бойынша терең білімі бар тұлға. Өзінің шығармасын Римде жазды. Ливий мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқармағанына қарамастан, императорға жақын адам болды.
АнТиКАЛЫҚ ТАРихнАМА: ТАРихи БіЛіМнің ПАйдА БОЛуЫ 61

Тит Ливийдің «Қаланың негізі қаланғаннан бергі Рим тарихы» (шамамен б.з.д. 27 – б.з. 9) атты әйгілі еңбегі жүз қырық екі кітаптан тұрған. Бұл шығармада Ромулдан Цезарьға дейінгі Римнің тарихы баяндалады. Б.з.д. 167 жылдан Ли- вийдің уақытына дейінгі кезеңді қамтыған отыз бес кітабы ғана сақталған.


Ливий алғашқылардың бірі болып Римнің толық тарихын жазуға тырысты. Бұл көлемді еңбек авторды абырой мен даңққа бөледі. Қаншама ұрпақ ауысса да, аталмыш еңбек өзінің құндылығын жойған емес. Әр дәуір оқырмандарының пікірлері бойынша, бұл кітаптың басты артықшылығы – оның жеке оқиғаларды сипаттауында емес, империяның ортақ рухын жеткізе білгенінде. Алайда мұн- дай бағаға ие болса да, «Тарих» атты туынды хіх ғасырдың кәсіби тарихшылары тарапынан айтарлықтай сынға ұшыраған еді. Ливийдің өз шағырмасында көп- теген дәйексіз мәліметтерді талдау жасамай пайдалануы зерттеушілердің нара- зылығын туғызды.
Авторлардың көпшілігі тарихшы шынайы іс барысын айқындауы қажет әрі өткеннің оқиғаларын шынайы тұрғыда жазуы керек деген көзқарасты ұстанды. Алайда біраз авторлар оқиғаны шынайы баяндау барысында жеке түсініктеріне сүйенді. Сонымен қатар нақтылық ұғымының өзі зерттеушінің шыққан ортасы- ның мәдениетіне сай әртүрлі мағыналарда берілді. Тарихи нақтылықты тарих- шы жазған мәтіндердің оның шынайы білім туралы түсініктеріне сәйкестігі ре- тінде, сондай-ақ мәдениетте қалыптасқан әдеби баяндаудың тұрақты ережелері ретінде түсінуге болады.
Сонымен тарихшының ақиқаты шынайы факті болуы міндетті емес. Тарихи нақтылықты бұлай түсіну тек хіх ғасырда ғана ғылыми тарих критерийлерінің анықталған уақытынан бастап ұсынылды. Өзге кезеңдер мен мәдениеттердің авторлары үшін аталған мәселе басқаша болған еді.
Өткенді танудың әртүрлі тәсілдері туралы айтуға болады. Аналитикалық тә- сіл өткен кезеңнің үзінділерін алуан түрлі деректерге сын көзімен қарау арқы- лы қайта қалпына келтіруді білдіреді. Көркемдік тәсіл өзінің сипаты бойынша тарихтың бейнесін (Клионы тарихтың жебеуші музаларының бірі деп бекер- ге атамайды) нақты көркемдік құралдар арқылы құрастыруды меңзейді. Тит Ливийдің замандастары мен ізбасарлары өткенді сипаттаудың түрлі тәсілдерін бағыт-бағдар ретінде ұстанды. Ал Ливий үшін екінші тәсіл – тарихтың көркемдік шындығы маңызды болды.
Ливий өз шығармасының алғы сөзінде автордың міндеті – «ғибратты өне- гелерді» пайдаға асыру мақсатында өткеннің оқиғаларымен оқырманды та- ныстыру деп атап өтеді. Ливийдің еңбегі иландыру мен үйретуге негізделген моральдық тарих ретінде пайымдалды. Тарихшы өзі өмір сүрген ғасырдың «ба- қытсыздығының көрінісіне» көңіл бөлмей, даңқты тарихқа назар аударғысы келді. Ол оны ұлылыққа толы өткенді лайықсыз бүгінгіге, бабалардың айбыны мен ерлігін өзінің замандастарының адамгершілік қасиеттерінің құлдырауына қарама-қарсы қою арқылы көрсеткісі келді.
Мемлекеттің гүлденуі мен қазынасының молаюы римдіктердің мінез-құлық- тарының бұзылуына, азамат соғыстарының туындауына алып келді. Оның сал- дарынан республиканың құлауы жеделдеді. Бұл мәселелер Рим тарихшылары- ның ортақ тақырыбы болды. Саллюстий мен Тацит «мінез-құлықтың бұзылуы» теориясына өздерінің пайымдарын негіздеді. Бірақ Тит Ливий римдік азаматтық
62 ҮШінШі ТАРАу

мемлекеттің қалыптасуы, өркендеуі мен құлауын өзінің баяндауының басты ар- қауына айналдырды. Бұдан бөлек, Ливий Рим халқын «керемет тұтастықтың ая- сында» көрсетуге тырысты. Тарихшы жаңа мәліметтерді іздеуді емес, ата-баба- ларының үлгілі өмір жолдарын, олардың қайырымдылық істері мен жауынгерлік даңқтарын қайта қалпына келтіруді басты міндет деп санады.


Ливийдің еңбегінде сипатталған тарих – оның замандастарының естеліктері- нен әлдеқайда ерте өткеннің баяны. Мұндай баяндау өткен оқиғалардың куәгер- лерінің мәліметтеріне негізделіп құрастырылуы мүмкін емес. Мәтіннің басым бөлігін алдыңғы буын өкілдерінің кітаптарынан алынған үзінділер, әртүрлі жаз- балар, Римнің ерте тарихы туралы хикаялар мен аңыздар құрады. Бұл материал- дардың негізінде автор өзінің кейіпкерлерімен, сюжетімен, ішкі құрылымымен өзара байланысқан әңгіме құрастыруы керек болды.
Ливий өзінің еңбегінде шығармаларын пайдаланған он екі жазушының есім- дерін атап өтеді. Алайда белгілі бір дәрежеде сенім артуға тұрарлық деректерден алынған материалды құрастыра отырып, тарихшы орын алған оқиғалардың дәл нұсқасын анықтау үшін куәліктерді салыстыру қажет деп санады. Ливий түрлі ой-пайымдарды бір-бірімен сабақтастыруға тырыспай-ақ баяндады. Сондай- ақ ол оқырмандарға келтірілген куәліктердің нақтылығына сенімді емес екенін айтып, ескертіп отырады. Ливий әдеттегідей хикаялар мен өзге адамдардың пі- кірлерін түсіндірмеді, оларды сынаған да жоқ, оқиғаларға қатысты жеке баға беруден де саналы түрде бас тартты. Куәліктер мен фактілерді іріктеу белгілі бір идеяның иллюстрациясы есебінде жүрді. Сол себепті тарихшы өзіне белгілі құжаттарға жүгінбей, нақтылығы анағұрлым төмен деректерді пайдалана алды. Ливийдің мәтіндерінде тарихи хаттың түрлі тәсілдеріне сілтеме жасау әрекеті байқалады. Ең алдымен, понтификтік дәстүр мен анналистика ол пайдаланған деректердің деңгейінде ғана емес, сондай-ақ мәтін бөліктерінің құрылымында да көрінді. Ливийдің бізге жеткен көптеген кітаптары әр жылдағы оқиғаларды сипаттау, магистраттарды сайлау және абыздардың ғұрыптары туралы әңгіме- лермен аяқталады. Ал келесі жылды магистраттың лауазымды қызметке орна- ласуымен, провинцияларды бөлу, елшілерді қабылдау сияқты өзге де ресми іс-
тердің тізімдерімен ашады.
Анналшылардың еңбектерінен Ливий фактілік материалдарды ғана емес, сол авторлардың бірінің пікірінше, оқиғаның қалай болғанын және оның артында қандай пиғылдың тұрғанын көрсету жөніндегі ұстанымдарды алды. Ол жарқын әрі жанды әдеби сипаттауларға ерекше назар аударды. Полибийдің шығармала- ры Тит Ливийдің еңбегіне айрықша ықпал етті.
Баяндау тақырыбы болған «семсер мен тога» (лат. toga – ежелгі римдік ер аза- маттардың сыртқы киімі. – Ред.) – әскери қимылдар мен институттар тарихы, соғыстар мен белгілі бір ұстанымдардың негізін қалаушылар туралы әңгімелер. Тит Ливий геродотқа қарағанда, көбінесе Фукидидтің дәстүріне сүйенді: оның әңгімесі міндетті түрде моральдық маңызы бар оқиғаларға, адамдарға, драма- лық іс-әрекеттерге толы болды.
«Қаланың негізі қаланғаннан бергі Рим тарихы» атты шығарма тамаша әдеби туынды болып саналады. Ливий оқиғаларды эпикалық стильмен суреттей оты- рып, ерекше екпін түсетін буынды, риторика тәсілдерін, баяндаудағы драма- тизмді пайдаланып, көркемдік бейнелеудің шыңына жетуге ұмтылды. Белгілі
АнТиКАЛЫҚ ТАРихнАМА: ТАРихи БіЛіМнің ПАйдА БОЛуЫ 63

бір тұлғалардың тарихи портреттері оның әңгімелерінің шынайылығынан хабар береді. Кейіпкерлердің сөйлеген сөздерінің негізінде, сондай-ақ бір қарағанда маңызсыз көрінетін, бірақ мұқият таңдалған эпизодтардың негізінде Ливий римдіктердің рухының асқақтығы мен қайырымды істерін – олардың отбасы мен мемлекетке деген адалдығын, қайраты мен өзін құрбандыққа шалуға даяр екенін паш етті. хронологиялық тәртіппен құрастырылған баяндауда ежелгі римдіктердің отбасыларындағы қарапайым әрі қатал мінездері туралы әңгіме- лер, қауіп-қатер сәтіндегі халықтың ынтымағы мен патриоттық сезімінің көрі- ністері біте қайнасып кетеді.


Ливийді өзге жерлердің тұрғындарының шығу тегі мен әдет-ғұрыптары аса қызықтырмады. Оның пайымынша, тарих «Рим халқы» қаһармандарының ерлік істерін мәңгілікке жадыда қалдыруы керек.
Автор тарапынан римдіктердің заңдары ерте дәуірлерден бері өмір сүріп келе жатқан құбылыс ретінде тұжырымдалады. Ливийдің пайымынша, аңыз тұлға Ромул қалың елді жиналысқа шақырып, оларға осы заңдарды берді. Тарихшы- ның пікірінше, Рим тағдырдың еркімен қатардағы қарапайым елден қуатты әрі ұлы мемлекетке айналды. Сөйтіп, бүкіл тарих Мәңгі қаланың айналасында то- ғысты. Ливийдің баяндауында Римнің тарихы өзге көптеген тарихтардың бірі ретінде емес, жалғыз әрі жалпыға ортақ тарих есебінде көрініс береді, себебі Рим бүкіл танымал әлемнің бейнесі іспетті еді.
Осындай тәсілдің арқасында Ливийдің шығармасы кейінгі кезеңде өзге ха- лықтардың тарихының, уақыт өте келе ұлттық тарихтың үлгісіне айналды. Тит Ливий өзінің шығармасында республиканың құлайтын уақыты жақындап келе жатқанда қалыптасқан «Римдік мифті» сипаттап, оны бекітіп кетті. Өткенді жи- нақтау тұтас түрде, ұжымдық тарихты жазу үшін қажет болды. Әдетте дәстүрді бекіту дәстүрдің өзі бұзыла бастаған жағдайда қажет болады. Сол себептен ол ай- қындалады және зерттеу пәніне айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет