Тарих indd


Антикалық тарихи сана және тарихты жазу



бет25/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Антикалық тарихи сана және тарихты жазу


Антикалық дәуірдің тарихи санасының өзіндік ерекшелігі неде?
Ең алдымен, антикалық авторлардың тарихи процеске қатысты көзқарасы бүгінгі таңдағы адам үшін оғаш болып көрінеді. Адамның санасы жаңаеуропа- лық мәдениетті жеке тұлғаның, қоғамның немесе табиғат тарихының даму және өзгеру жолы ретінде қабылдайды. дегенмен бұл қарқындылықтың сипаты түр- ліше баяндалады. Керісінше, антикалық тарихи сана үшін өткенді даму процесі ретінде қабылдау мәселесі жат болды. Тарих уақыттық тұрғыдан бүгінгінің ба- рысындағы бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ оқиғалар мен құбы- лыстардың жиынтығы ретінде пайымдалып келді. уақыт межесіндегі жағдайлар мен орын алған жайттар бір-біріне ұқсас күйде бейнеленді, ал тарих бір типтегі оқиғалардың қайталанған тізбегі ретінде көрініс берді. гректер мен римдіктер тарихты антикалық тұрғыдан бірдей дәрежеде түсінді. Олар дәстүр мен бабалар мұрасын асыл қазына ретінде қабылдады. Кез келген өзгерістер мен жаңашыл- дық өмір сүрген қалыпты тәртіптің өзгеретінін білдірді және, жалпы алғанда, жағымсыз мағынаға ие болды. Тарихшының міндеті аға буынның баяндаған мә- ліметтерінің мағынасын сақтай отырып, осы сабақтастық концепциясының ая- сында олардың туындыларының стилі мен мәнерін өзгертумен ғана айналысу.
Алдыңғы буын өкілдерінің тарапынан зерделенбеген, тарихшының өмір сүр- ген кезінде орын алған оқиғалар мен фактілерді жарыққа шығару ғана жаңа- шылдық ретінде қабылданды.
уақыт кеңістігінде өмір сүру қарқынды және сызықтық процесс ретінде қа- былданбады: қоғамның жағдайы өзгермеген өзара ұқсас оқиғалардың циклдік қайталануымен сипатталады деп бағаланды. Тарихты қабылдаудағы тұрақты- лық пен циклдік бүгінгі тарихшыларға антикалық қоғамдағы тарихи санада та- рихилық идеясының жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Со- нымен қатар олар тек антикалық тарихнама ғана алғаш рет қоғам мен жекелеген индивид үшін өткеннің маңызды идеясын пайымдап әрі оны білдіре алғанын мойындайды. Антикалық тарихшыларда өткен оқиғалар жайындағы естелік- терді сақтау міндеті олардың замандастарына арнаған әдеби мәтіндердегі қай- та жаңғыртудың тәжірибелік әрекеттерінде жүзеге асты. Бұл тарихты білімнің процесі мен саласы ретінде қарау – антикалық мәдениеттің жемісі деп атауға мүмкіндік береді.
Антикалық тарихшылардың оқиғалардың өзара байланысына қатысты көз- қарасы да ерекше болды. Олардың шығармалары алуан түрлі ақпараттар мен нақтылықтарға толы. Алайда бір-бірінен өзгеше мәліметтердің ала-құлалығы органикалық бірлікке, өткен дәуірдің тұтас бейнесіне енбейді. Жекелеген оқиға- лардың барысы мен себептерін қалпына келтіре отырып, антикалық тарихшы- лар оларға оңтайлы түсініктеме береді. Олардың түп-тамырын жекелеген тарихи
68 ҮШінШі ТАРАу

қайраткерлердің немесе тұтас халықтың іс-әрекеттері мен ерекшеліктерінен байқайды. дегенмен олардың көзқарастары үстірт қана болды. нақтырақ айт- қанда, оларды жекелеген оқиғалар мен құбылыстар тудырған әлеуметтік және мәдени өмірдің күрделі процестері қызықтырмады. Антикалық тарихшы бұл мәселеге сипатталған өткен кезеңнен тыс, бейтарап болады әрі немқұрайды қа- райды. Болып жатқан жайттың мәніне терең бойлап, оны ұғына білу міндетін қоймайды.


Антикалық зерттеушілер белгілі бір оқиғаның мәнін мораль мен этика кате- гориялары арқылы сипаттайды, олардың себептерін адамның іс-әрекеттері мен жүріс-тұрысынан іздейді. Қайырымдылық пен зұлымдық, жетістіктер мен қате- ліктер, азаматтық борышқа адалдық немесе одан бас тарту – осының барлығы тарихтың барысын анықтайды. Антикалық тарихнамада көсемдер, билеушілер мен қолбасшылар тәрізді саяси көшбасшылардың бейнелері айтарлықтай орын алуы кездейсоқ емес. Қоғамдастықтардың жетістігі мен күйреуі немесе оқиғалар мен адамдардың тағдырлары айтарлықтай дәрежеде олардың мінез-құлықтары мен жеке қасиеттеріне байланысты. Антикалық тарихшы, ең алдымен, өткеннің бейтарап зерттеушісі емес, моральдық құндылықтарды насихаттаушы болды. Ол оқиғалардан өзінің замандастарына пайдалы әрі ғибратты мән-мағынаны іздейді. Антикалық тарихнама тарихи қайраткерлердің бойындағы еліктеуге ла- йықты мінез-құлықтарының үлгісін немесе олардан қандай да бір өнеге алмай, аулақ болуды ескертіп, қасіретке душар қылатын жағымсыз қасиеттерін ашып көрсетеді. Өткеннің оқиғасы болашақта өзін қалай ұстаудың үлгісі ретінде түсін- діріледі. Антикалық тарихнама ғылыми зерттеудің нысаны емес, дидактикалық, моральдық-дидактикалық әдебиеттің жанры болды деп айта аламыз.
Антикалық тарихшылар ірі оқиғаларды немесе жаппай көтерілістерді баян- дай отырып, олардың шынайы себептеріне қызығушылық білдірмейді. Біз мұнда халықтың өмір сүру жағдайын, олардың экономикалық, рухани және күнделікті өмірінің шынайы бейнесін жан-жақты пайымдаған зерттеулерді кездестірмейміз. Қоғам өмірінің бұл деңгейі антикалық тарихи шығармаларда сипаттауға лайықты мәселеден тыс қалып қояды. демек, антикалық тарихи ой үшін шынайылық, толыққандылық пен бейтараптықтың өзіндік ерекшелігі бар. Онда бастапқыда қайта жаңғыртылған тарихи ақиқатты құрайтын фактілердің аясы тарылған. демек, антикалық баяндаудағы тарихи ақиқат пен шынайылық ұғымдары олардың қазіргі таңдағы мазмұнымен тек сыртқы бейнеде ғана сәй- кес келуі мүмкін: терминдердің сырттай ұқсастықтарының астарында олар тү- сіндіретін құбылыстардың принциптік айырмашылықтары бар.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет