Тарих indd


Ортағасырлық тарихшы еңбегінің пәні мен әдістері



бет28/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Ортағасырлық тарихшы еңбегінің пәні мен әдістері


Ортағасырлық латын тарихнамашыларының санасындағы өткеннің оқи- ғасы, шын мәнінде, оған қатысты әңгімелермен анықталды. Латын Еуропасы- ның алғашқы ғалым-энцеклопедистерінің бірі исидорус гиспалензис (исидо Севильский, шамамен б.з. 570–636) тарихты өткен дәуірлерде болған оқиғалар- ды баяндайтын әңгіме деп санады. «іс-әрекет», «оқиға» сөздері кейде тарихи шығармалардың атауында және жекелеген халықтардың өмірін сипаттау үшін қолданылды. Тарихнама қазіргі мағынадағы зерттеу сөзі ретінде емес, ең алды- мен, өткеннің оқиғалары туралы әңгіме ретінде тұжырымдалды.
Орта ғасырларда тарихнамалық жанрдың әмбебап классификациясы жасал- маған еді. Тарих (іс-әрекеттер) пен жылнаманың (анналдардың) арасындағы
76 ТӨРТінШі ТАРАу

айырмашылық айтарлықтай жиі қарастырылды. Тарихта (іс-әрекеттерде) баян- дау үлгісіне басымдық берілді. Мұнда оқиғалар баяндалып, себеп-салдарлық бай- ланыстар түсіндіріледі. Тарих (іс-әрекеттер) ауқымды, жылнамалар (анналдар) қысқа уақыттық реттілікпен оқиғаларды тіркеуге бағытталған. Ол – тек «жалаң фактілерді» тіркеуге арналған жылдық жазбалар. Кейінгі орта ғасырдың тарих- шыларына да логикалық әрі хронологиялық қос тізбекті біріктіру мүмкін бол- мады. уақыт өте келе аралас жанрлық формалар – ауқымды хронографиялық перспективаны және мезгілді дәл анықтауды жүйелі тарихи баяндаулардың әде- би бейнелігімен байланыстырған туындылар көбірек жазыла бастады. Тарих пен хронографияның синтезін «тарих және хроника» деп атай бастады. Орта ғасыр тарихнамасы жанрларының ерекшелігі айтарлықтай шартты сипатқа ие болды әрі тарихи сипаттаудың өзіндік нақты пәндерін білдірді.


Орта ғасыр тарихнамасының өзіндік санасы оның пәні мен мақсатының нақты сәйкестігінде көрініс берді. Олар өткеннің терең мағыналы әрі маңызды дүниесін жадыда сақтау ниетін білдіретін ерекше ауқымдағы «жадыда сақтау- ға лайықты» ұғымымен сипатталды. Орта ғасыр тарихшылары әлеуметтік және шаруашылық мәселелерге мүлде назар аудармады. Кейбір тарихнамашылар ан- тикалық дәстүрге сүйене отырып, өздерінің баяндауларында этногеографиялық кіріспелерді алғышарт ретінде пайдаланса, өзгелері картографияны таңдады. Алайда бұл екеуінің ешқайсысы ережеге айналмады. Егер қазіргі заман зерттеу- шісінің көзқарасына автордың белгілі бір ақпараты қарама-қайшы келсе, мұн- дай мәліметтер кітаби дәстүрден алынып отырды. Тарихи баяндаудың нысаны, ең алдымен, саяси қауымдастықтардың тарихи өмірі болды. Тарихшы зайырлы немесе шіркеулік билік институттарының пайда болуы, дамуы мен сабақтас- тығының көрінісі болған оқиғаларды (соғыстар, зайырлы әрі шіркеулік элита өкілдерінің қарым-қатынастары, шіркеу тарихының фактілері) сипаттаған. Ав- торлар тарихтан өзгермейтін дүниені іздеп табуға бейімделді. Өткенмен сабақ- тастық өмір сүру тәртібін ақтап алу арқылы түсіндірілді, сонымен қатар өзге- рістер алдамшы әрі қауіпті болып суреттелді. Тарихтың барысы корольдардың, князьдардың, епископтардың іс-әрекеттері арқылы берілген. Олар жекелеген тұлғалар ретінде емес, қоғамдық пайдалы қызметтердің, белгілі бір институт- тардың немесе жалпы қоғамның бейнесінде көрініс берді.
Латын Еуропасының тарихнамасы өзінің ерекшілігін екі түрлі бейнеде: тарихи шығармалар жөнінде ежелгі дәуірден бері келе жатқан түсініктердің жиынтығы арқылы, сондай-ақ діни экзегетикалық контексте – библиялық мәтіндерді тәжі- рибе жүзінде оқу мен талдау арқылы анықтады. Библиялық экзегеза мемлекеттер мен халықтардың тарихын – «қасиетті тарихтың» ерекше дәрежедегі оқиғалары, ал тарихи мәнді оларды түсінудің айрықша тәсілі ретінде қарастырды. Библия- лық мәтіндерді тарихи талдау олардың тікелей мағынасын анықтауға мүмкіндік берді. Тарихи интерпретацияның аллегориялық (астарлылық), тропологиялық (моральдық) және анагогикалық (мистикалық) пайымдаулардан айтарлықтай айырмашылығы болды. Теологтардың сөзімен айтсақ, библиялық оқиғалар мен бейнелерді тарихи тұрғыдан оқу кейінгі барлық рухани таным (иероним) мен ғы- лым атаулының (гуго Сен-Викторский) іргетасы болып саналады.
Көне өсиетте сақталған және фактілері айтарлықтай шынайы әрі мерзімі көр- сетіліп баяндалған тарихи хикаялар христиандар үшін тіпті латындық Батыстың
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 77

римдік тарихы туралы естеліктерінен гөрі, өзіндік дүние болды. Көнеөсиеттік дәстүр ортағасырлық тарихи шығармалардың үлгісі ретінде саналып, тарихтың абсолютті өнегесінің бейнесіне айналды. Бұл – Құдай халқының құтқарылу жо- лындағы тарихы. Құдайлық уахи халыққа тарихтың сындарлы сәттерінде бері- леді, Құдайдың дүнияуи істерге араласуы ғаламдық ауқымдағы және әлемдік- тарихи маңызы бар салдарға алып келді. Сондай-ақ христиан Құдайы тарихтың Құдайы ретінде көрініс береді; демек, Құдайды тану үшін тарихты білу маңызды емес. Орта ғасыр тарихнамасы көбінесе ғылыми христиандық діншілдіктің қо- салқы жемісі болып саналды.


Библиялық экзегеза жүйесіне маңызды әрі қажетті компонент болып қосыл- ған тарих орта ғасырдың ғылыми мәдениетінің тарапынан ғылыми тәжірибе ре- тінде мойындалды, бұл антикалық дәстүрде болған жоқ. Алайда оқиғалар мен құбылыстардың мәнін талдау барысында тарихи түсіндірмеге назар аударылма- ған еді. Орта ғасырлардағы тарихи процесті талдау көбінесе қасиетті мәтіндерді түсінудің аллегориялық, тропологиялық және анагогикалық тәсілдерін тарихи материалдарға қосымша ретінде қолдануды білдіреді. Оның жалғыз мәні – тари- хи теология, мақсаты – «қасиетті тарихтың» жүзеге асуы барысындағы шынайы оқиғаларды орналастыру. Сонымен қатар адамдар арасындағы алдын ала бол- жай білу әрекеті болған діни-теологиялық спекуляция өткен кезең мен қазіргі заман туралы ой-пайымдардың өзге де деңгейлерін ығыстырып шығара алма- ды. нақтылап айтқанда, жекелеген оқиғалардың ретін және нақты «дүнияуи» мотивтері қозғау салған оның қатысушыларының іс-әрекеттеріндегі өзара бай- ланыстарының себептерін анықтау туралы сөз қозғалып отыр.
Тарихтың христиандық концепциясы барлық халықты қамтыған сызықтық (әлемнің жаратылған уақытынан бастап, ақырзаманға дейін созылған), түп- кілікті және әмбебап процесс ретінде орта ғасыр тарихнамасының жекелеген ескерткіштерінде көрініс тапты. Олардың авторлары жекелеген халықтар мен билеушілердің тарихын дүниежүзі тарихының контексіне енгізуге тырысты. Бо- лашақ оларға өткен мен бүгінгі сияқты соншалық шынайы әрі анық болып кө- рінді. Орта ғасырдың көрнекті тарихшыларының бірі, епископ Фрайзингендік Отто (Оттон Фрейзингенский, 1111–1158) өзінің жеті кітаптан тұратын «Жылна- масында» (1143–1146) Адам атадан 1146 жылға дейінгі дүниежүзі тарихын баян- дайды, ал сегізіншісінде алдағы уақытта болатын ақырзаман туралы жазады.
Орта ғасыр тарихнамасы Аугустин ұсынған тарихтың алты кезеңі туралы ілім- ді қабылдады: Адам атадан топан суға дейін, топан судан Ыбырайым пайғамбар- дың туылғанына дейін, оның дүниеге келген уақытынан бастап, дәуіттің таққа отырғанына дейін, дәуіттің таққа отырғанынан Вавилондық тұтқынға дейін, Вавилондық тұтқыннан христостың азапталуына дейін; заманның ақыры тура- лы, оның аяқталу шегі тек христостың екінші рет келуімен байланысты болады. Төрт патшалықтар немесе империялар туралы түсініктер Көне өсиет хикаялары- на (Даниял пайғамбар кітабына) қатысты қолданылады: иероним оларды вави- лондық, парсылық, македондық және римдік деп анықтады. Соңғысы орта ғасыр тарихнамасында герман патшаларының империяларымен байланыстырылды, олардың легитимділігі Рим империясымен тікелей сабақтастықтың идеясымен бекітілді. Римнің құлауы адамзат тарихының аяқталғанын және ақырзаман күні- нің жақындағанын білдіретін оқиға саналды. Сол себептен ортағасырлық герман
78 ТӨРТінШі ТАРАу



империясының күйреуі мен тас-талқан болып құрдымға кеткенін күту уақыт өте келе діни сипатқа ие болды.
Осыған ұқсас әмбебап тарихи-теологиялық схемалар әдеттегідей тарихты жазудың тәжірибесінде көрініс таппады. Антикалық дәстүрге сай жыл санау орта ғасырларда да сақталды. Оқиғалардың хронологиялары императорлардың билік құрған жылдарымен немесе қалалық консулдықты (Солтүстік және Орта- лық италия қалаларының анналдарында) лауазымға енгізу күнімен анықталды. Алайда уақыт өте келе христостың дүниеге келуі, шоқынуы, азапталуы жыл са- нағының өлшемін көрсететін әлемдік тарихтың іргелі межесі ретінде қабылда- нады. христостың дүниеге келген сәтінен басталған уақыт санағы ағылшынның алғашқы тарихшысы Қасиетті Беданың (Беда достопочтенный, шамамен б.з. 672/673–735) тарихнамасына енгізіледі және хі ғасырда насихатталып, тарай бастайды. Әдетте тарихи баяндаулар хронологиялық қалып ретінде берілген, оның арасына өткеннің фактілері еркін түрде топтастырылған. Әлем мен қоғам дамуының шынайы бейнесі көптеген орта ғасыр тарихшыларының еңбектеріне енбеген.
Тарихтың өткен заман туралы шынайы әңгіме ретіндегі анықтамасы оның орта ғасырдағы ғылым мен әдебиет саласындағы орнын көрсетеді. Тарихи шығар- маларды жазу ортағасырлық тұрақты білім беру ережесі болып саналатын «өнер- дің ерікті жеті саласы» жүйесіне арнайы пән ретінде енбей қалды. Бірақ зияткер- лік қызметтің формасы ретінде мойындалды және интеллектуалдық қызметтің ерекше формасы ретінде танылған еді. Орта ғасыр тарихнамасы жеке формалды ережелерінің жоқтығына қарамастан, ортағасырлық ғылыми білімнің жекелеген пәндерінің негізінде жатқан принциптерге бағынды: гуго де Сен-Виктор тарих- наманы «өнердің ерікті жеті саласына» апаратын «қосымша» деп атады. Бір жа- ғынан, тарихнама өзінің ережелерін ортағасырлық білім беру жүйесінің бастап- қы циклі – тривиум пәндерінен қабылдады: грамматикадан – еске алуға лайықты деп танылған оқиғаларды таңдау идеясын, риторикадан – хабарламалардың шы- найылық талаптарын, диалектикадан ой мен дәйектерді формалды ұйымдасты- ру мәдениетін алды. Екінші жағынан, орта ғасыр тарихшылары «есептеу ғылым- дары» (музыка, арифметика, геометрия, астрология) арқылы қалыптастырылған екінші білім беру жүйесінің сатысы квадривиумді құраған пәндердің нормала- рын да басшылыққа алды. хронографияларды уақытты есептеу құралы мен оның қозғалысын анықтау ережесі ретінде құрастыру барысында аталған ғылымдарды білу қажет болды. Осылайша орта ғасыр тарихнамасы білімнің жеке саласы ре- тінде толықтай қалыптаспаған еді. Мұны XV ғасырдың бірінші жартысына дейін тарихқа байланысты теориялық нұсқаулықтардың жоқтығы дәлелдейді.
Тарих ортағасырлық мектептерде де, кейін университеттерде де толыққан- ды оқу пәні бола алмады. Оқушылар Тит Ливий, Лукиан, Саллюстий, Светоний, Валерий Максимнің еңбектерін оқып, грамматиканы зерделеді, стильдерін қа- былдады, сонымен қатар даналықты үйренді. Орта ғасырларда тарих «өмір мек- тебі» ретінде ғана қабылданды. Тек Роттердамдық Эразм (Эразм Роттердамс- кий, 1466–1536) ғана алғашқы болып тарих жамандыққа да үйрететінін айтып, алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ тарихты «нақты ғылымдармен» салыстыру да ешкімнің ойына келмеген еді: теология, құқықтану және саяси теория салала- рының қасында тарих қосалқы пән санатында ғана қалып қойды.
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 79

Озық ойлылар тарихтан сырт айналуға тырысты, өздеріне лайықты кәсіпті табуды жөн санады. Ортағасырлық интеллектуалдар тарихнамашыларды жек- сұрын адамдар деп есептеді. Ал ерте заман тарихшыларының еңбектеріне се- німсіздік білдіріп, ажуамен қарады. Кәсіби интеллектуалдар ортасының қалып- тасуы мен ортағасырлық университеттердің құрылуы тарихнама үшін қауіпті салдарға алып келді. Тарихнама оқыту және кәсіби (теологиялық және құқық- тық) эрудицияның қажеттіліктеріне бағынды. Білімді дін қызметкерлері оқу құ- ралдары мен энциклопедияларда берілген қысқаша мәліметтер арқылы тарихқа деген үстіртін көзқарастарды қанағат тұтты.


Латын Еуропасындағы туындылар кешені өте аз болды. Библияның «тарихи кітаптарынан» бөлек жүйелі түрде жан-жақты көшірілген және пайдаланылған бар жоғы он бес шақты ғана шығармаларды атауға болады. Рим авторларының (Лукианның, Саллюстийдің, Цезарьдің, Светонийдің, Тит Ливийдің) және иосиф Флавийдің (кең тараған «Иудейлік соғыстар» мен «Иудейлік көне дәуір» туынды- ларының авторы) еңбектерімен қатар бұл кешенге ерте христиандық тарихшы- лардың латын тіліне аударылған нұсқалары – Кесариялық Еусебиустың (Евсевий Кесарийский) «Шіркеу тарихы», «Жылнама», Паулиус Орозиустың (Павел Оро- зий) «Пұтқа табынушыларға қарсы тарих», Кассиодордың «Үш бөлімді тарих» және орта ғасырдың алғашқы тарихшылары исидориус гиспалензистің (исидор Севильский) «Жылнама», Қасиетті Беданың (Беда достопочтенный) «Шіркеу та- рихы» атты еңбектері кірді. Аталған тарихи ескерткіштер VIII ғасырға дейін пай- да болған еді. XI–XIII ғасырларда бұл тізімді тағы бірнеше шығармалар толықты- ра түсті. Бұл туындылардың танымалдығы әртүрлі болды. Ағылшын тарихшысы галфридус Монмутензистің (гальфрид Монмутский, шамамен 1100–1154/1155) король Артур туралы баяндайтын «Бриттер тарихы» (1138 жылға дейін) атты шығармасы оқиға желісінің тартымдылығымен әйгілі болды. Басты кейіпкердің танымалдығымен және ресми канонмен байланысты болған империялық наси- хат ойдан шығарылған «Ұлы Карл тарихының» кең таралуына септігін тигізді. Ал оны рыцарьлық эпостарда аты аталатын Карлдың серіктесі епископ Турпиннің жазуы бұл мәселеге тың серпін берді. Ал өзге тарихи шығармалар энциклопе- диялық, сонымен қатар айтарлықтай қарапайым тарихи-библиялық және тари- хи-діни очерктер болды. Олар ауқымды білім беру, шіркеулік-ғибраттық және теологиялық тәжірибеде қолдану үшін өте ыңғайлы болғанымен ерекшеленді. Кітап басып шығару ісі пайда болғаннан кейін, кітаптардың айналымға ену про- цесінің арзандығы мен қолжетімдігіне қарамастан, латын тіліндегі осы жиырма шақты шығарманы оқырман қауым жылы қабылдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет