Ренессанстық және гуманистік тарихи кезеңнің жемісі ретінде, ең алдымен, антикалық заманға деген қызығушылықтың артуы мен бұл дәуірдің маңы- зын қайта бағалау мәселесін атап өтуге болады. дегенмен орта ғасыр тарих- шыларының антикалық кезеңге деген көзқарастары бірдей болмағаны және оны пұтқа табынушылар мен тәкаппарлықтың дәуірі ретінде айыптаумен ғана шектелмегенін естен шығармауымыз қажет. Антикалық заман туралы жады ортағасырлық мәдениетке тән болды. Ғылым мен білімнің барлық жүйесі грек
86 ТӨРТінШі ТАРАу
және Рим дәстүрлерінің оқыту тәжірибесі мен интеллектуалдық жетістіктеріне негізделді. Алайда антикалық білім христиандық теология мен догматиканың интеллектуалдық контексіне дәйекті түрде енгізілді. гуманистік қозғалыстың өкілдері, өз кезегінде, антикалық мәдениеттің құндылықтарын оның барлық дүнияуи және рационал мазмұнымен қоса қабылдауды дұрыс деп санады. Мә- селе олардың шығармаларына антикалық тарихтың бейнелері мен сюжетте- рінің орта ғасырларға қарағанда анағұрлым қарқынды түрде қабылдануы жө- нінде ғана емес, антикалық мәдени мұраны жалпы қабылдау жайында болып отыр.
Сондай-ақ гуманистердің антикалық мәдениетті қайта жаңғырту туралы тезисі бірқатар ескертпелерді талап етеді. гуманистердің антикашылдығы кө- бінесе олардың дәуір туралы жеке түсініктеріне негізделген еді. Өйткені олар классикалық мәдениеттің рухын қайта жаңғыртқаннан гөрі, дәуірді өздерінің идеалы деп есептеді. гуманистік мәдениетте тарихи кейіпкерлердің, антика- лық тарихи тұлғалар мен сол заманда өмір сүрген адамдардың арасында ай- тарлықтай айырмашылық болған жоқ. Ежелгі тарихтың шынайы және ойдан шығарылған кейіпкерлері дидактикалық үлгі ретінде қарастырылып, олардың тәжірибесіне сүйенді. Өткенді Қайта өрлеу дәуірі тұрғысынан қабылдау мәселе- сі орта ғасырлардағыдай тарихилық сипатынан айырылды, яғни антикалықтың өзіндік ерекшелігінен әлеуметтік байланыстар жүйесі және қауымдастықты ұйымдастыру принциптері бар дәуір ретінде зерделенбеді. гуманистік маз- мұндағы тарихи шығармалардың авторлары өз дәуірінің әлеуметтік әрі саяси шындығын көрсету үшін антикалық ұғымдар мен терминдерді сын тұрғысынан талдамай-ақ қолданып, асырасілтеушілікке жол берді. Қайта өрлеу дәуірі мә- дениетінің антитарихилығы бейнелеу өнері саласында ерекше көрініс тапты. Суретшілер антикалық тарихтың кейіпкерлерін өздерінің замандастары ретін- де костюмдерде, ішкі көріністерде, Қайта өрлеу дәуірінің архитектуралық кон- текстерінде бейнеледі.
Қайта өрлеу дәуірі тарихнамасының өкілдері антикалық мәдениетті тіке- лей ізашар әрі еліктеуге лайықты үлгі ретінде қабылдап, оны зерттеумен және лайықты дәрежеде қайта жаңғыртумен ғана емес, сондай-ақ антикалық әде- би дәстүрдің риторикалық формалары мен бейнелерін қалпына келтірумен де айналысты. Мұндай тенденцияның алуан түрлі сипаттары болды: антикалық баяндаудың тілі мен мәнеріне еліктеу, антикалық тарихтың сюжеттері мен ке- йіпкерлерін бүгінгі өмірдің сипатын түсіндіру үшін пайдалану, антикалық тари- хи шығармаларды тікелей баяндап беру, антикалық авторлардың саяси өмірді ұйымдастырудың қажетті тәсілдеріне қатысты теориялары мен идеяларын үлгі ету. Антикалыққа қайта оралу оның тарихи, мәдени әрі саяси тәжірибесін па- йымдау ерекшелігімен және авторлардың оны қазіргі шындық тұрғысынан қол- дануының түрлі деңгейімен байланысты болды.
Антикалық деректерді қалпына келтіру мен қайта баяндау, олардың стильде- ріне еліктеу, Қайта өрлеу дәуірінің көптеген тарихи туындыларына тән дидак- тикалық пафос қазіргі еуропалық әдебиеттің негізін қалаушы әрі көрнекті өкілі Петрарка мен Боккаччоның қаламынан туған ерте тарихи-әдеби шығармаларда көрініс тапты. Франческо Петрарка (1304–1374) Римнің тарихын оның анағұрлым көрнекті саяси қайраткерлерінің өмірбаяндары арқылы ұсынды. Оның «Танымал
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 87
ерлер туралы» (1337 жылдан кейін) латын тілінде жазылған шығармасында Ро- мулдан Цезарьға дейінгі жиырма бір ұлы римдіктердің биографиясы және анти- калық дәуірдің өзге де әйгілі қайраткерлерінің өмірбаяны берілген. Петрарка бұл шығарманы ортағасырлық ойдан бас тарта отырып, Тит Ливийдің еңбегіне негіз- деп жазды. Алайда ол түпнұсқа деректі қалпына келтіріп, сөйлетіп қана қойған жоқ, моральдық-дидактикалық баяндаудың міндеттерін басшылыққа ала отырып редакциялады: оның шығармасында антикалық кейіпкерлер айрықша мүлтіксіз бейнеде беріледі. Олар саяси қайраткердің жағымды бейнесін көрсетіп, XIV ғасыр- да италия тарихындағы белгілі тұлғаларға қарама-қарсы қояды. Петраркаға қа- рағанда джоуанни Боккачо (джованни Боккачо, 1313–1375) антикалық тарихтан саяси даналықтың тәжірибесі мен азаматтық даңқты ғана емес, қалыпты өмірдің ғибратты мысалдарын алды. «Даңқты әйелдер туралы» (1360–1374) шығармасын- да антикалық авторлардан алынған моральдық пафосқа толы, тарихи құндылығы жоқ әзіл-оспақ оқиғалар топтастырылған.
Отаны мен орталығы италия болған гуманистік тарихнама бастапқыда жер- гілікті сипатта дамыды және ол жергілікті билеушілердің іс-әрекеттері мен жетістіктерін тіркеп отырды. Шығармалар антикалық авторларға (көбіне Тит Ливийге) барынша еліктеумен ерекшеленді. Туындылардан маңызды оқиғалар туралы баяндаулардың риторикалық схемаларын, сондай-ақ оларды талдаудың логикалық модельдерін алды. Мысалы, антикалық авторлардың беделіне жығы- лу мен еліктеу гуманистік тарихнаманың алғашқы әрі ірі өкілі Аретино атты ла- қап есімді иеленген флоренциялық тарихшы Леонардо Бруниға (1370/74–1444) тән болды.
Зерттеушілердің пікірлері бойынша, автордың 12 кітаптан тұратын «Фло- ренция тарихы» (1439) атты еңбегі еуропалық тарихнаманың жаңа дәуірінің басталғанын білдірді. Бұл еңбекте өткенге айрықша қызығушылық танытумен қатар, өзекті саяси міндеттерді де шешуді өзінің уәждемесіне айналдырған жекелеген халықтар мен мемлекеттердің тарихына ерекше көңіл бөлу мәсе- лесі де жаңа дәуірдің тарихи туындысы үшін қалыпты жағдай болып саналды. XV–XVI ғасырларда өткен заман мен ол туралы тарихи материалдар шынайы саяси күрестерде де, сондай-ақ қоғамның әділетті құрылымын сипаттайтын жекелеген теориялар мен бағдарламаларды жасауда да маңызды дәйектеме- ге айналды. Орта ғасыр тарихнамасына тән әмбебаптық және тек аймақтық – екі тарихи перспективаның синкреттік ұштасуының орнына жекелеген саяси бірлестіктердің: монархияның, қала-мемлекеттердің, саяси одақтардың қалып- тасу барысына біртіндеп назар аудара бастады. Леонардо Бруни өзінің ортаға- сырлық ізашарларының тарихи шығармаларына арқа сүйеді. Бірақ ғажайыптар туралы әңгімелер мен оқиғаларды тылсым тұрғысынан талдамай, ең алдымен, фактілік материалдарды пайдалануға көңіл бөлді. Қайта өрлеу дәуірі авторла- рының басым көпшілігі сияқты, мұндай рационализм деректік ақпараттарды жүйелі түрде сынау әрекетінен әлдеқайда алыс болды. Бұл дәуірдің тарихшы- лары шынайы және жалған мәліметтердің аражігін ажырата отырып, олардың шынайылығы жайында мәселе көтермеді. Тарихшы-гуманист ортағасырлық жылнамашы сияқты өткен дәуірде жазылған ауқымды шығармаларды қолдану- ға ұмтылды. Шығармаларды іріктеуде еркіндік пен терең ойға жүгініп, беделді пайымға деген дәстүрлі сенімді сақтап қалды.
88 ТӨРТінШі ТАРАу
Бруни Тит Ливийге еліктеп, антикалық тарихнаманың риторикалық схемала- ры мен логикалық модельдеріне назар аударды. Флоренциядағы саяси күрестің тарихын, соның ішінде 1293 жылғы әлеуметтік революцияны сипаттай отырып, ол Рим тарихшысының ұғымдық аппаратын пайдаланады және оны абыройлы әрі айбынды көсемдер басқарған патрицийлер мен плебейлердің күресі ретінде баяндайды. Сонымен қатар Бруниді бұл оқиғаның ішкі себептері мен жағдай- лары қызықтырмайды. Ол өзінің шығармасында оқиғаны шынайы әрі терең түсіндіруді ғана емес, оның әдеби бейнелігін, көркемдігін, тартымдылығы мен ғибраттық негізін анықтауды мақсат тұтты. Мысалы, бұл риторикалық тәсілдер- де – баяндаудың драматизмінде, тарихи кейіпкерлердің ойдан шығарып айтқан сөздерінде көрініс берді.
уақыт өте келе материалдардың ауқымы мен авторлардың ой-өрістері ке- ңейе бастады, олардың шығармалары тарихи сипат алды және өткен мен бүгін- гіні біртұтас жүйеде баяндап, зерделеуге назар аударды. италия мен одан тыс аймақтардағы гуманистер «дүниежүзі тарихының» тұтас сериясын қалыптас- тырды. Олар иероним мен Орозиустың үлгі болған ортағасырлық еңбектеріне қарағанда, материалдарды анағұрлым толық әрі әділ түрде іріктеуге негіздел- ді. италиялық гуманистер ғана әдеттегідей монархтардың тапсырыстары бо- йынша ұлттық тарихтың жаңа нұсқаларын жазды. Олар бұған дейін жазылған тарихи шығармалардың мәліметтерін зерделей отырып, оларға лайықты әде- би форма мен шындыққа сай келетін мазмұн дарытты. Әдетте бұл еңбектер- де оқиғалардың қандай да болмасын түпнұсқалық түсіндірмесі немесе тарихи материалдардың сыни бағасы болған емес. Алайда өткен кезең туралы оқиға- лар анағұрлым тартымды және тиімді баяндалды. Өз кезегінде, ол билеушілер- дің саяси және әулеттік стратегиясындағы дәйектеме ретінде қолданылуы да мүмкін.
гуманистік тарихнама орта ғасыр тарихнамасынан авторларының әлеу- меттік әрі мәдени мәртебесімен және оқырман аудиториясымен ерекшеленді. Батыс Рим империясының күйреуінен кейін алғаш рет тарихи шығармаларды жазушылардың көпшілігі – бейбіт өмір адамдары және олардың діни қызмет- пен, не болмаса монастырьлық әрі шіркеулік мекемелермен еш байланысы жоқ, керісінше, саяси не әкімшілік қызметке қатысы бар тұлғалар болды. Ав- торлардың бұл әлеуметтік тиесілігі, сондай-ақ классикалық үлгілерге еліктеуге деген саналы ниеті гуманистік тарихнамада саяси оқиғалар мен билеушілердің және әйгілі тұлғалардың іс-әрекеттерін түсіндіруге алып келді. Алайда антика- лық авторларға «еліктеу» XV–XVI ғасырларда Еуропаның әлеуметтік әрі саяси өмірінің барлық саласында бірдей қабылдана бастады. Бұл кезеңнің Еуропада ұлттық монархиялардың қалыптаса бастаған және италиядағы қала-мемле- кеттердің гүлденген дәуірі болғанын естен шығармаған абзал. Аталған про- цесс зайырлы биліктің қоғамдағы шексіз маңызы мен пайдалылығын негізде- ген және шіркеудің, яғни рухани биліктің беделіне бағынуды жоққа шығарған идеологиялық тетіктердің қалыптасуымен қатар жүрді. Сонымен гуманистер- дің азаматтық ерлігі мен саяси мәртебесі жоғары болған антикалық дәуірге назар аударуы көп жағдайда жаңа идеалдар мен ұмтылыстарды бекіте түсетін үлгілерді табу қажеттігінен туындаған еді.
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 89
Антикалық тарих пен тарихнаманың риторикалық тәжірибесі жекелеген аймақтар мен ұлттық дәстүрлер үшін өзекті мәселе саналмады. негізінде, бұл тенденция тарихи шығармаларда және германиядағы Реформация кезеңіндегі дау-дамай тудырған туындылардың тарихи дәйектемелерінде айтарлықтай рөл атқармады.
Достарыңызбен бөлісу: |