Тарих indd


Тарихи уақыттың ортағасырлық концепциясы



бет27/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Тарихи уақыттың ортағасырлық концепциясы


Тарихи уақыттың айрықша концепциясы орта ғасыр тарихнамасының бейне- сін анықтаған керемет жетістік болып саналады. Баяндаудың хронологиялық не- гізде құрылу принципі – фактілерді уақыт аясында жүйелі түрде орналастыру – орта ғасыр тарихнамасын себеп-салдарлық байланыстар ұстанымын басшылық- қа алған антика дәуіріндегі тарихнамадан ерекшелеп тұрған айқын белгі болды. Орта ғасырлардағы тарихи уақыт түсінігінің негізінде үш түрлі модель бар: ан- тикалық, библиялық және ертегермандық. Алғашқы екеуі ерте кезең теологтары мен шіркеу әкелерінің шығармаларында ақыл-ой елегінен өтіп қабылданған. Солайша олар тарихтың ортағасырлық христиандық концепциясының негізін қалыптастырды. уақытты архаикалық герман мәдениетіне сай ұғынуды бейне- леген соңғы модель тарихтың ғылыми христиандық түсінігі тарапынан ығыс- тырылды. Алайда оның жекелеген элементтері уақыттың тәжірибесі мен әдеби дәстүрінде сақталған.
Ғылыми шіркеу мәдениеті қалыптастырған христиандық тарихи сана пара- дигмасы іргелі екі идеяға негізделді: Құдайдың тарапынан белгіленген тағдыр мен тарихи уақыттың сызықтық дамуы.
Өткенді антикалық тұрғыдан баяндау, негізінен, нақты тарихи қауымдас- тықтың тарихы болды. Оның өмір сүрген уақыты – оның тарихи уақыты. Са- лыстырмалы бірліктерге негізделген уақыт есебі шартты түрде таңдалған санау нүктесінен, әдетте саяси ағза ретінде қауымдастықты бейнелейтін билеушінің іс-әрекетінен бастау алады. Мәселен, Римде жыл санау Мәңгі қаланың негізі қаланған уақыттан басталады. Римдік саяси институттар мен қосымша санақ жүйелері – консулдық билік кезеңдері императорлардың билік құрған жылдары мен салық индиктілеріне байланысты болды. Белгілі бір саяси қауымдастықтың уақыты өзгенің уақытымен ешбір жағдайда сәйкестендірілмеді. Бұл бытыраң- қы және автономды кезеңдер болды. германдықтардың тарихи санасында уа- қыт көрсеткішіндегі мерзім ұғымы меже ретінде қабылданбады. герман тарихи
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 73

хикаяларында уақыт ұрпақтың ауысуымен немесе жекелеген корольдардың би- лік кезеңдері ретінде пайымдалып, ұғынылды. Олардың әрқайсысының аяқта- луы уақыттың біткенін, оның үздіксіз барысының үзіліп кеткенін білдірді.


иудейлік-христиандық дәстүр орта ғасыр тарихнамасы үшін мұраға айнала отырып, оған табиғи тарихи уақыт идеясын енгізді. Әлемдік құрылыстың бас- тамасы Құдай жаратылысы болды және оның ақыры – христостың екінші рет келуі. Егер тарихтың мазмұны сенім жолын ұстанғандарды құтқару болса, Құ- дайдың таңдаулы халқының уақыты әлем жаратылысының абсолютті уақыты, жалпы уақыт ретінде көрініс берді.
Тарихты ортағасырлық ұғымда қабылдау адам өмірін, жекелеген халықтар мен жалпы адамзатқа үстемдік еткен тағдырдың абсолютті маңызын мойындау- ға негізделді. Адамдардың уақыттық межеде өмір сүруі терең мәнге ие болды. Себебі оның артында Құдайдың еркі мен адамзаттың өмір сүруінің аяқталған жоспары тұрды. Құдай ойы аяқталған және абсолютті қасиеттерге ие болды. Бұл теологиялық идея нақты құбылыс ретінде белгілі бір қауымдастықпен (халық- пен, қалалық және территориялық қауыммен, румен) байланысты тарих туралы түсінікті жояды. Тарих ертеде өмір сүрген немесе қазіргі кезеңде өмір сүретін халықтардың барлығы қатысатын әмбебап процесс ретінде қабылдана бастады. Ерте христиандық кезеңнің өзінде-ақ адамзаттың бүкіл тарихын өзара байла- ныстағы біртұтас процесс ретінде қарастыруға талпыныс жасалды. Бұл процес- тің орталық өзегіне таңдаулы халықтар, шынайы сенімді сақтаушылар – иудей- лер мен христиандардың тарихы орналастырылды. Өзге халықтардың тарихы иудейлер мен христиандардың арақатынастарының деңгейіне байланысты ма- ңызы төмендеу құбылыс ретінде қабылданды. Сонымен қатар дүниежүзі тари- хының христиандық үлгідегі негізгі назары христостың келуінен кейін шынайы сенімнен безген иудейлерді алмастырған христиандарды таңдалған қауымдас- тық ретінде қабылдауға бағытталған еді. Ортағасырлық тарихи сананың пара- дигмасы «қасиетті тарих» – халықтар арасындағы сенімнің өмір сүру көрінісі
мен таратылу тарихы болды.
III–V ғасырларда алғашқы христиандық хронографиялар жазыла бастады. Олар пұтқа табынушылардың шығармаларындағы танымал тарихи оқиғаларды библиялық тарихтың үлгілерімен және христиандықтың өзіндік тарихымен сәй- кестендіруге тиіс болды. дүниежүзі тарихының үлгілік схемасын жасаушы епис- коп Кесариялық Еусебиус (Евсевий Кесарийский, б.з. 263–339) пен латындық шіркеудің ірі теологтарының бірі иероним (б.з. 347–419/420) болды. Олардың хронографияларында адамзат тарихын Ыбырайымнан бастап бүгінгі күндерге дейін бөлу нұсқасы берілген. Сондай-ақ библиялық оқиғалар да, орын алған шы- найы оқиғалар да бетбұрыс кезең ретінде баяндалды. Бұл тарихты бес дәуірге бөлу дәстүрінің, сонымен қатар оның иудейлердің «қасиетті тарихын», одан ке- йін христиандар мен өзге де халықтардың тарихын бөлудің бастамасы болды.
христиандық әмбебап тарихтың алғашқы авторы Аугустиннің сенімді шәкірті Паулус Орозиус (Павел Орозий, шамамен б.з. 380–420) болды. Ол барлық кейінгі орта ғасыр авторлары үшін үлгіге айналған «Пұтқа табынушыларға қарсы тарих- тың жеті кітабы» атты еңбегін жазды. Бұл «дүниежүзі тарихы» варвар тайпалар- дың басып кіру сәтіне тап болған Рим империясының сын сағатында жазылған еді. Оның мақсаты Құдай құдіреті туралы діни түсініктердің контексінде барлық
74 ТӨРТінШі ТАРАу

халықтың тарихи тағдырын пайымдау болды. Орозиус Аугустиннің жердегі ұлы империялар мен таңдаулы адамдардың тағдырын бақылайтын Құдай мен оның іс-әрекетінің құдіреті туралы идеяларын басшылыққа алды.


Орозийдің шығармасы жаратылыстан бастап мәтіннің жазылу уақытына (V ғасырдың бірінші жартысы) дейінгі ұлы империялардың өркендеуі мен құ- лауы тарихының очеркі болып саналады. Автордың пайымынша, Вавилон пат- шалығынан Рим империясына дейінгі ұлы державалар өркендеп, өздерінің қуа- ты мен құдіретінің шарықтау шегіне жетеді. Алайда соңында құрдымға кеткен еді, оның себебі олардың өмір сүру мақсаты шынайы сенімге негізделмегенінде еді. Аугустин секілді, Орозий де дүнияуи, өткінші жағдайды рухани, шынайы, мәңгілік салтанатқа қарама-қарсы қойды. дүнияуи салтанат оның тарапынан зорлық пен күнәға негізделген имансыздық ретінде айыпталды. Римнің бейша- ра әрі варварлардың соққысынан қабырғасы сөгіліп, шайқалып тұрған тағдыры ол үшін тәкаппар әрі сенім жолынан безген халықтарды жазалайтын Құдайдың шексіз құдіретін көрсететін тарихы бар басқа да ұлы мемлекеттердің қатарын- дағы мысалдардың бірі болды.
Адамзат қауымдастықтарының тағдырлары әртүрлі болуы мүмкін. деген- мен олардың барлығы Құдайдың әмбебап әрі бағдарлы жоспарының бір бөлігі саналады. Тарихтың бүкіл адамзатты қамтитын біртұтас процесс ретіндегі қа- зіргі идеясы – әлемдік құрылыстың иудейлік-христиандық концепциясының нәтижесі. Тарихты Құдайдың жоспары ретінде түсіндірудің тағы бір мақсаты – тарихи оқиғалардың себептері туралы жағдайды өзекті мәселеге айналдыруға деген ұмтылыс. Бұл өткенге деген нақты бейтарап қарым-қатынасты ығысты- рып шығарды. Орта ғасыр тарихшылары фактілердің моральдық мәнін болып жатқан жайттың терең себептерін түсіндірумен байланыстырды. Кез келген оқиғаның күрделі себебі Құдайдың еркіне тәуелді болды. Алайда әрбір нақты жағдайда Жаратушының нені меңзегенін анықтау да қажет еді.
Ортағасырлық христиандық теология тарихының маңызды негіздемесі адам- заттың өмір сүруі Құдайдың жоспары бойынша уақыттық межемен өтетіні ту- ралы және бірін-бірі кезекпен алмастыратын бірқатар кезеңдерден тұратыны жайындағы тұжырым болды. Адамзат тағдыры жаратылыспен басталып, ақыр- заман сотында «қасиетті тарихтың» аяқталуымен бітетін жалпы процесте орын алады. Адамзат тарихының маңызды кезеңдері күнәға бату мен күнәдан арылу болды: христиандар үшін Құдайдың адам бейнесіне айналуы және христостың креске керілу жазасы, бір жағынан, қасиетті оқиға, сонымен қатар жаңа тарихи дәуірдің басталуын бейнелейтін шынайы факті болып саналды. Құдайдың қа- сиетті ісі христиандық әлемді қабылдау жүйесінде тек абсолютті мифологиялық мағынаны ғана білдірмеді. Олар өзінің табиғатында тарихи, уақыттық тұрғыда жүзеге асырылды. Тарихи уақытты өзінің табиғаты мен мәні бойынша ұқсас оқиғалардың қайталануы мен жаңғыруының үздіксіз тізбегі ретінде түсіну мә- селесі ығыстырылды.
Сызықтық уақыттың құрылымында әрбір оқиға айрықша әрі жеке болды. Өткен кезеңнің оқиғалары көптеген сабақтастықтар арқылы өзара байланысты болған кейінгі дәуір оқиғаларының бастауы еді. Бірақ жекелеген құбылыстар өзінің тікелей әрі тура мазмұнында жүзеге асырылмады. Қазіргі таңдағы тари- хи санаға тән фактілер теңдессіз және қайталанбайды деген көзқарастың негізі
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 75

тарихты түсіндірудің ғылыми христиандық жүйесінде жатыр. Сонымен қатар Құдайдың жоспары уақыттық межеде жүзеге асатыны және адамзаттың жерде- гі өмірінен ажырамайтыны туралы түсінік оның даму идеясын қалыптастырды. Осыған сәйкес, әрбір жаңа дәуір өзінің алдындағы кезеңнен мақсаттары мен міндеттерінің айырмашылығы арқылы ерекшеленеді, сондай-ақ онымен үнемі байланысты болады. Себебі жаңа кезең алдыңғысының аяқталған сәтінен кейін ғана басталады. Сондай-ақ даму идеясы адамзаттың уақыттық межеде жетілеті- ні туралы түсінікті негіздеді. Себебі Құдай адамзатқа күнә арқалау үшін де, одан арылу үшін де теңдей мүмкіндіктерді берді. христостың бойына қасиеттің да- руы мен креске керілу жазасынан басталатын адамзаттың құтқарылу тарихы кү- нәға бату тарихының жай ғана жалғасы ретінде емес, сондай-ақ оның еңсерілуі ретінде пайымдалды.


Сонымен қатар тарихтың христиандық теологиясы кез келген жағдайдағы даму мен ілгерілеу туралы рационал ілімнің дәрежесіне жете алмады. Адамзаттың өмір сүру мәнін ол тек Құдайдың еркі мен жоспары деп қана қарастырады.
Адамзат дамуының сызықтық процесі, оқиғалардың құндылығы мен жеке- леген дәуірлердің ішкі ерешеліктері туралы түсініктер абсолютті мәнге ие бол- мады. Библиялық хикаяларда сипатталған «қасиетті тарихтың» фактілері мен адамзаттың өзіндік тарихының оқиғалары тіркелген фактілердің арасында бел- гілі бір ұқсастықтар бар. Өткен кезең кейінгі құбылыстардың бейнесі ретінде түсіндірілді: Көне өсиеттің кейіпкерлері мен оқиғалары жаңаөсиеттік оқиғалар мен кейіпкерлердің ізашары ғана емес, сондай-ақ олардың прототиптері де болып саналады. Аллегориялық типологияның әдісі – белгілі бір кейіпкерлер мен оқиғаларды айтарлықтай ертеректе болған өзге жайттармен байланысты- ру ортағасырлық тарихи интерпретацияның басты тәсілдерінің бірі болды. Ол
«қасиетті тарихтың» басты тұлғаларына (ең алдымен, Көне Өсиеттің көптеген кейіпкерлеріне прототип болған христосқа) ғана емес, сонымен бірге адамдарға да тарады. Тарихи әрі биографиялық шығармаларда корольдар, билеушілер, дін қайраткерлері мен дін жолын ұстанушылар Киелі жазбаның және басқа да бе- делді мәтіндердің кейіпкерлерімен салыстырылады. Шын мәнінде, мұндай тип- теу кейіпкерлер мен оқиғалардың қайталануын мойындауға негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет