Тарих indd



бет34/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Байланысты:
репина док

Византиялық тарихнама


Византиялық тарихнаманың қалыптасуы антикалық тарихты жазу дәстүрінің жалғасуымен тікелей байланысты болды. Сонымен қатар кейінгі римдік және ертевизантиялық дәуірлердегі (IV–VII ғасырлар) дәстүрдің өзі де антиканың классикалық уақытымен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Антикалық тарихи дәстүрдің өмір сүруімен қатар, тарихты жазудың жаңа бағы- ты – христиандық шіркеу тарихының қалыптасуы жүріп жатты. Бұл екі дәстүр бастапқыда бір-бірінен дербес дамыды. Себебі жекелеген шығармалардың ерек- шеліктері, яғни олардың зайырлы немесе шіркеулік тарихнамаға тиесілі жанр- лары авторлардың діни біржақтылықтары мен дүниетанымдарына байланысты болмаған еді. Антикалық әдеби-риторикалық дағдыларды және тарихи еңбектің тәсілдерін сақтау уақыт өте келе христиандық теология мен шіркеулік тарихтың идеологиялық үлгісіне енгізілді.
Византия тарихының алғашқы жүзжылдықтары оның жалпы мәдени жағда- йына ықпал еткен алуан түрлі факторлардың шиеленіскен жағдайымен байла- нысты болды. Бұл факторлардың қатарында конфессиялық әртүрлілікті, атап айтар болсақ, христиандықпен қатар әлеуметтік әрі интеллектуалдық элитаның арасында дәстүрлі пұтқа табынатын діни сенім жолын ұстанушылар да айтар- лықтай көп болған атап өткен абзал. христиандықтың үстем, кейінірек моно- полиялық дүниетанымдық және идеологиялық жүйеге айналуы 313 жылы им- периялық биліктің оған ресми мәртебе, ал одан соң мемлекеттік дін мәртебесін беруінен кейін орын алған саясатына байланысты еді. Алайда бұл процесс бір сәтте ғана іске асқан жоқ.
Византияның мәдени дамуы, соның ішінде тарихи сана саласындағы ерекше- ліктері, оның Рим империясының батыс аймақтары сияқты саяси құрылымның және әлеуметтік ұйымның барлық жүйелерінің түбегейлі күйреуі арқылы жүзеге аспағанымен анықталып отыр. Византиялық мәдениет пен оның институттары- ның қалыптасуына варварлық халықтардың ықпалы айтарлықтай төмен болды. Жалпы алғанда, византиялық қоғам өз тарихында жабық әрі өзгелер үшін қол- жетімсіз жағдайда болды. дегенмен Византия өзімен саяси және мәдени қарым- қатынаста болған мәдениеттер мен халықтардың дамуына зор ықпал етті. Ең алдымен, әңгіме византиялық қауымдастық деп аталған ұйым мүшелері тура- лы болып отыр, бұл ұйымның мүшелері христиандықтың константинопольдық
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 95

үлгісін қабылдаған елдер еді. Олардың қатарында бірқатар византиялық мәдени модельдер мен формаларды меңгерген Ежелгі Русь те болды. Сонымен қатар ан- тикалық түпнұсқа білімнің сақтаушысы ретіндегі рөлге ие болған византиялық дәстүр айтарлықтай дәрежеде қатар дамыған Латын Еуропа мен исламдық Шы- ғысқа да өз ықпалын тигізді.


Византиялық мәдениет көп жағдайда антикалық – грек-рим, эллин мәде- ниетінің жалғасы саналды. Сонымен қатар оның мазмұны мен өзіндік мәні, ең алдымен, византиялық қоғамның дүниетанымдық және идеологиялық пара- дигмасына айналған христиандықтың ықпалымен анықталып отырды. Әлем мен адамдар туралы түсініктер Библиядан және шіркеу әкелерінің беделді діни шығармаларынан алынған бейнелермен, белгілі бір қалыптар және ұғымдар- мен байланыстырылып, христиандық тарихи оқиғалардың мән-мағынасын ай- қындау барысына айрықша ықпал етті. Өткеннің құбылыстары мен адамның іс-әрекеттеріндегі мотивтердің байланысын рационалды түсіндіруді кез кел- ген әлеуметтік шындықтың жоғарғы және бастапқы себептері ретіндегі Құдай жоспарының тарихи-теологиялық түсінігі ығыстырып шығарды. Сондай-ақ ол христиандық этикалық түсініктердің барлық жүйесіне бірқатар өзгерістер ен- гізді: антикалық даналықтың үлгісі, азаматтық қайырымдылық және діндарлық негізі, тақуалық және күнәсі үшін кешірім алуға ұмтылған христиандық діни бауырластық моделімен ауыстырылды.
Византиялық мәдениеттің тағы бір ерекшелігі дәстүрлі сипатта болды. Атап айтқанда, ол – император билігі мен мемлекеттің, яғни Рим империясының ті- келей жалғасы, ал византиялық ғылыми мәдениет – антикалық ғылыми мәде- ниеттің мұрагері деген нық сенімге негізделген. Шынайы білімнің қайнар көзі ғылыми дәстүр мен беделді шығарма деп есептелді. Алайда тікелей тәжірибе тек жекелеген сыртқы және ішкі құбылыстарды тану тәсілі арқылы ғана қабылданды. Византиялық мәдениеттің дамуында әдетте бірнеше кезеңді бөліп қарастырады. Бірінші кезең (IV ғасыр мен VII ғасырдың бірінші жартысы) антикалық мәдениет- тен византиялыққа өту уақыты ретінде сипатталады. Екінші кезең (VII ғасырдың ортасы мен XII ғасыр) – Византия мәдениетінің айрықша үлгі ретінде қалыпта- сып, гүлденген дәуірі. Үшінші кезең (XIII ғасыр мен XV ғасырдың ортасы) Визан- тияның тарихын және онымен байланысты болған мәдени дәстүрді аяқтайды. Жалпы алғанда, Византия тарихнамасының дамуы осы кезеңдеудің аясында зер- деленіп отыр.
Византиялық тарихнаманың алғашқы кезеңі тарих туралы антикалық баян- дау дәстүрінің тұрақты түрде сақталуымен сипатталады. Олардың бұл дәстүрге жатқызылуы авторлардың діни ұстанымдарына қатысты болмады. Тарихтың ерте христиандық теологтар мен шіркеу тарихшылары тарапынан құрастырыл- ған христиандық теологиялық концепциясы Римнің діни дәстүрін ұстанушы, пұтқа табынушы тарихшылардың шығармаларына ғана емес, сондай-ақ хрис- тиан авторларына да ықпал ете алмады. Аммиан Марцеллин немесе Кесариялық Прокопиус (Прокопий Кесарийский) секілді IV–VI ғасырлардағы византиялық әйгілі тарихшылар тарихты адамдардың қажырлы еңбегінің нәтижесі ретінде қарастырады. Олардың іс-әрекеттерінен моральдық игі қасиеттер мен кемшілік- терін көреді. Билеушілердің тұлғасы тарихшылардың шығармаларының арқауы болып, саяси науқандар Рим империясы тарихының мағыналық және сюжеттік
96 ТӨРТінШі ТАРАу

негізіне айналды. Тарихшылар тарапынан қазіргі заман империяның ұлылығы мен күш-қуаты туралы түсініктің контексінде зерделенді, ал саяси іс-әрекет- тердің маңызы моральдық қасиеттер мен күнәлардың санатында сипатталып, бағаланды. Бұл дәуірдегі византиялық тарихнаманың нақты сипаты зайырлы әрі саяси оқиғаларға, Рим империясының мұрасына, тарихи шығармалардың моральдық шешендік сипаты мен дидактикалық пафосына айрықша назар ау- даруымен ерекшеленді. Сондай-ақ баяндаудың әдеби мәнері мен драматизміне көңіл бөлу оны антикалық дәстүрдің заңды жалғасы екенін көрсетеді. Аммиан Марцеллин соңғы антикалық әрі алғашқы византиялық тарихшы саналды.


Аммиан ежелгі римдік дәстүрдің және өткеннің пұтқа табынушысының жал- ғыз апологеті болған жоқ. Алайда тарихи оқиғаларды мұрагерлік, сенаторлық ақсүйектік көзқарас тұрғысынан бейнелеу, Ежелгі Римнің азаматтық айбыны мен моральдық құндылықтарын қорғау мәселесі үстемдік етуші дін мәртебесін иеленген христиандыққа қарсы шыққан пұтқа табынушылықпен ғана байланыс- ты болмады. Мемлекет пен оның билеушілерінің өткеннің мүлтіксіз бейнесімен салыстырмалы түрде қарастырылған қазіргі жай-күйіне скептикалық тұрғыдан баға беру христиандық тарихшыларға да тән болды.
Егер Аммиан Марцелиннің және маңызы одан төмен бірқатар пұтқа табыну- шы тарихшылардың шығармашылығы антикалық тарихнамалық дәстүрді аяқ- таса, VI ғасырдағы зайырлы тарихшылардың шығармалары енді византиялық тарихнаманың мектебіне жатқызылады.
Шыққан тегі сириялық грек, терең білім алған және Константинополь са- райында дипломатиялық әрі саяси қызметте елеулі табыстарға жеткен Кеса- риялық Прокопиус (Прокопий Кесарийский, б.з. 500–565 жылдардан кейін) осы дәуірдің ірі тарихшысы ретінде мойындалды. Көптеген маңызды оқиғалардың куәгері болған, византиялық саясаттың астарын жақсы білген Прокопий им- ператор Юстинианның билік құрған кезеңіне арнап бірқатар тарихи шығар- маларды жазып қалдырды. Олардың арасындағы «Юстинианның парсылармен, вандалдармен және готтармен соғысының тарихы» (б.з. 553) және «Юстиниан- ның құрылыстары туралы» (б.з. 553–555) деген екі еңбек императордың әскери әрі саяси қызметін дәріптеуге арналды. Алайда Прокопиустың «Құпия тарих» (шамамен б.з. 550) атты еңбегінің маңызы ерекше. Онда автор империяның ахуалы, оның билеушілері мен саяси элитаның бейнесі жайында өзінің көз- қарасын білдіреді. Ол Юстиниан мен оның айналасындағыларды сынға алып, оларды моральдық тұрғыдан айыптайды, императордың билігін қатігездік деп сипаттайды. Себебі оның саясатының нәтижелерін мемлекетке қауіпті және зиянды деп санады. Ол Аммиан сияқты, империя билеушілерінің іс-әрекет- терінің саяси сипаттамасын олардың моральдық бағасынан бөліп қарастыр- майды. Моральдық-этикалық аспектілер тіпті қоғамдық және саяси өмірдің барлық саласын анықтайтын тетік болып саналады: Юстинианның жағымсыз сипаттамасы және іс-әрекеттердің нақты жай-күйі мен мемлекеттің келешегі- не деген пессимистік көзқарасы император басқарған билеуші элитаның адам- гершілік тұрғыдан құлдырауы мен моральдық дағдарысынан туындайды. Про- копиус ұлы Римнің даңққа толы өткен кезеңі мен құлдыраған қазіргі жағдайын қарама-қарсы қояды да, оның пессимистік және күйреуік дүниетанымын ай- қындай түседі.
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 97
Аммиан Марцеллиндегідей империяның бейнесі Прокопиуста да маңызды ка- тегория мағынасына ие болып, тарихи әрі саяси сананың өзіндік парадигмасына айналады. Бұл категорияның мәні өткенге деген сағынышы арқылы анықталады. Қос автор мемлекеттің апатқа ұшырауы мен күйреуінің себебі әлеуметтік және саяси өмірдің дәстүрлі құндылықтары мен нормаларынан бас тарту деп біледі. Олар өткеннің ұлылығын қағидаға айналдырып қана қоймай, империя құбылы- сының өзін тарихи әрі саяси өмір сүрудің жалғыз формасы ретінде аңызға айнал- дырады. империяның болашақ тағдырына деген пессимистік көзқарасты өзгерту шіркеу тарихнамасы дәстүрін қалыптастырды. Бұл тарихнамада қасиетті мемле- кет концептісі оның діни мақсат-мұраты – христиандықты қорғау және құдай- лық әлем құрылысының жердегі бейнесін жүзеге асыру идеясымен біріктіріледі. Антикалық тарихнама дәстүрімен жанды әрі тығыз байланыс Прокопиус- тың іні буын замандастары – тарихшы, ақын Мириналық Агатиас (Агафий Миринейский, шамамен б.з. 536–582) пен Теофилактус Симокаттаға (Феофилакт Симокаттаға, VI ғасырдың соңы мен VII ғасырдың бірінші жартысы) да тән бол- ды. Бұл авторлардың тарихты жазудың антикалық дәстүрімен шығармашылық сабақтастығы көптеген әлеуметтік, тұжырымдамалық, әдеби-стилистикалық ас- пектілерде көрініс тапты. Олар өздерінің шығу тегі бойынша дәстүрлі аймақтық ақсүйектер ортасымен, терең білімі бар, шешендік өнер мен құқық салаларын меңгерген, кәсіби қызмет бабы бойынша Константинопольдің саяси әрі интел- лектуалдық элитасымен тығыз байланыста болған еді. Тарихшылардың дүние- танымдары антикалық философияның тұжырымдамаларымен анықталды: бұл уақыт, тағдыр, мәдениет және варварлық сияқты түсініктерде, сондай-ақ қоғам мен жекелеген кейіпкерлерді бағалау үшін қолданған моральдық әрі этикалық категориялардың жиынтығы ретінде бейнеленді. Олардың тарихи шығармалар- ды жазу барысында қолданған тәсілдері логикада, сондай-ақ әдеби дискурстың риторикасында бейнеленетін антикалық рационал дәстүрге негізделеді. Өзде- рінің баяндауларында жекелеген оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байла- ныстарды анықтау принципін басшылыққа алады. Кез келген іс-әрекеттердің немесе орын алған жайттардың мәнін түсіндіру үшін оның себебін қандай да бір тылсым күштерден емес, жердегі құбылыстардан (мақсаттар, ұмтылыстар, пай- да, моральдық ұстанымдар) іздейді. Олар тарихшының еңбегін әдеби қызметтің бір түрі ретінде қабылдайды. Оның өзіндік болмысы, бір жағынан, дидактика- лық сипаттағы міндеттерімен анықталса, екінші жағынан, өткеннің нақты шын- дығын баяндау мақсатымен айқындалады. Ертевизантиялық тарихшылардың шығармаларында қарқынды моральдық риторика әдеби сипатта кеңінен қол- данылатын көркем тәсілдермен біте қайнасып жататыны тегін емес. Бұл тарихи кейіпкерлердің портреттерін, баяндаудағы драматизмді, ойдан құрастырылған арнаулар мен төл сөздерді көбірек қолдануға деген құлшыныс еді. Агатиас пен Теофилакт авторлық еңбек принципін ұстанған: олар негізінен өздері куә әрі қатысушылары болған оқиғаларды сипаттайды, баяндалған жағдайларға берген өзіндік бағалалары мен жеке көзқарастарын да ашық білдіреді. Осы кезеңнің соңына қарай христиан дінінің ықпалы барған сайын анық біліне бастады. Бұл, ең алдымен, моральдық әрі этикалық басымдықтар мен мемлекеттік биліктің мақсатын бағалау барысында нақты байқалды. Осы өзгерістер Теофилакт Симо-
каттаның «Тарих» атты еңбегінде көрініс тапты.
98 ТӨРТінШі ТАРАу

Бұл кезеңде зайырлы тарихнамалық дәстүрмен қоса, тарихи процестер- ді сипаттайтын библиялық және теологиялық модельдерге сүйенген шіркеу- лік христиандық тарихнама да қалыптасқан еді. христиандық пен шіркеудің идеологиялық әрі әлеуметтік өмірге ықпал етуі жаңа тарихи жанрлардың туын- дауына себеп болды: олардың қатарына шіркеу тарихы мен дүниежүзілік жыл- нама енеді. христиандық әуелі ресми, одан кейін империядағы мемлекеттік дін мәртебесін иеленгеннен кейін, ал шіркеу әкімшілік әрі саяси институттар- дың құрылымында өзінің орнын алған соң, христиан тарихи мифологиясы мен догматикаға негізделген тарихи шығармаларды жазу міндеті өзекті мәселеге айналды. Жоғарыда айтылғандай, Аурелий Аугустин мен Кесариялық Еусебиус тарихтың біртұтас христиандық концепциясының негізін қалаушылар болды. Кесариялық Еусебиустың «Шіркеу тарихы» атты туындысы византиялық тарих- наманың дамуына зор үлес қосқан шығарма ретінде бағаланды.


Кесариялық Еусебиустың туындысы христиан шіркеуінің әмбебап тарихи процестің құрамдас бөлігі ретіндегі тарихын жазудың алғашқы тәжірибесі бо- лып есептелді. Зерттеушілердің пікірінше, Еусебиустың шығармасы діни әрі философиялық-дүниетанымдық дәстүрдің таяушығыстық-библиялық және неоплатонизмдік екі аспектісіне негізделген. Кесариялық Еусебиус Аугустинге қарағанда, адамзаттың тарихын жүйелі түрде жетілу процесі ретінде қабылдай- ды. христиандықтың жер бетінде кеңінен таралуын оны империялық биліктің мойындауымен түсіндіреді. Ол діни ағарту, шынайы сенімді ұстану мен күнәдан арылудың мүмкіндігін шіркеу мен мемлекеттің өзара тығыз ынтымақтастығы- мен байланыстырады. «Симфония» ретінде анықталған мұндай сакралды-діни және саяси тәртіптердің бірлігі византиялық империялық идеология мен діни ойдың іргелі ұғымдарының біріне айналды. Егер Аугустиннің тарихи-діни кон- цепциясы жердегі мемлекет пен таңдаулылардың мистикалық қауымдастығы- ның нақты бөлінуіне негізделсе, ал күнәдан арылу жолы саяси ұйымдар шегінен тыс және шіркеудің рухани басшысы тарапынан ғана анықталса, онда византия- лық доктрина христиандық мемлекетті құдайлық тәртіп пен өмірдің әділ құры- лымының жер бетіндегі бейнесі ретінде көрді. Константинопольдік билеушінің басқарған қасиетті империясы христиандық қауымдастықтың жердегі мүмкін болған жалғыз формасы ғана емес, сонымен қатар діни әлемдік тәртіптің тіке- лей жүзеге асқан бейнесі ретінде мойындалды.
Кесариялық Еусебиустың еңбегі шіркеу тарихы мен дүниежүзілік жылнама жанрының дамуына ықпал етті. Шіркеу тарихы ресми шіркеудің аясында да, ортодоксалдық шіркеуден ауытқыған христиандық діни ағымдардың өкілдері тарапынан да жазылды. IV–VI ғасырлар ресми доктринаны негіздеген дәуір деп саналды, сонымен қатар сол кезеңде шіркеу төңірегіндегі идеологиялық күрес қызу пікірталас сипатында өрбіді. Арианизм және монофитизм сияқты дінбұзу- шылық сипатта деп танылған ілімдердің жақтастары өздерінің ұстанған сенім жолының дұрыстығын доктриналық талас-тартыстарда ғана емес, тарихи шы- ғармалардың көмегімен де қорғады. дүниежүзі тарихының жанры Византияда кеңінен танымал болды және кейбір византиялық аймақтарда мәдени ықпал етудің тарихнамалық парадигмасы ретінде қабылданды. Ол идеологиялық тұр- ғыда жаратылыстың алғашқы кезеңінен басталған адамзат тарихының тұтас әрі әмбебап процесс ретіндегі түсінігіне негізделген. Құдайдың болмысы мен
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 99

халықтардың христиандықты қабылдауы оның өзекті оқиғасы болды. Баяндау хронологиялық принципке сәйкес құрылды және жылнамашылардың өмір сүр- ген уақытына дейін жеткізілді. дүниежүзілік жылнамалар антикалық авторлар- дың еңбектерінде сипатталған библиялық мәліметтер мен деректердің қараба- йыр компиляциясы болып саналады. Тарихи процестің тұтастығы оқиғалар мен құбылыстардың өзара байланыстарын нақты түрде анықтаумен емес, олардың бірыңғай баяндалуы мен уақытша межеге біріктіруімен, сондай-ақ негізгі тари- хи-діни идеяларды мәлімдеумен айқындалған еді. Сонымен қатар ол жылнама- лар тарихи мәліметтердің белгілі бір тобын сақтауға және оқырманға христиан- дық ілімнің негізін жеткізуге мүмкіндік беретін ағартушылық жинақтың рөлін атқарды. иоанн Малаланың (VI ғасыр) жылнамасы Византия аумағынан тыс жерлердегі алғашқы әрі әйгілі жылнамалардың бірі болды. Зайырлы бағыттағы тарихнамамен салыстырғанда жылнамалардың интеллектуалдық және ритори- калық құрылымы қарапайым болып келеді. Сонымен қатар олар белгілі бір дә- режеде қарапайым халық пен бұқаралық мәдениетке де ықпал етті.


Византия тарихнамасының екінші даму кезеңі VII–XII ғасырларға сәйкес ке- леді. Бұл кезеңде бейбіт өмірдің білімді адамдарының нақты авторлық ұстаным тұрғысынан жазған зайырлы сипаттағы тарихи шығармалары бұрынғыдай емес, сирек жарияланды. Әлемнің жаратылған сәтінен басталған адамзат тарихының библиялық үлгісіне бағдарланған дүниежүзілік-тарихи жылнама негізгі жанрға айналады. Сол уақыттан бастап Византия авторларының тарихи санасы хрис- тиандықтың негізінде қалыптасқан дүниетанымдық және тарихи түсініктердің жалпы жүйесіне бағынады. Тарихи туындылардың көп бөлігі шіркеулік әрі мо- нахтық ортада қалыптасады. Сол уақыттың жылнамалары компиляция сипат- тында болды және олар ауқымды тарихи кезеңдерді қамтыды. Жылнамашылар оқиғалардың өзара байланысын анықтау мен олардың маңызын бағалау мінде- тін ескермейді. Олар әртүрлі аңыздар мен әңгімелерді шынайы мәліметтерден ажыратып алмай, оларды кеңінен пайдаланады. Бұл кезеңнің шығармалары стилистикалық тұрғыдан қарапайым болды және классикалық риториканың үл- гілерінен мүлде алыстап кетті. Оларда Византияның шіркеулік әрі діни өмірін астан-кестен еткен оқиғалар, ең алдымен, икон құрметтеушілермен күресі бей- неленген. Авторлардың икон құрметтеу тәжірибесін қолдайтыны немесе қолда- майтыны жылнамаларға полемикалық әрі саяси мазмұндағы мағынасын бере отырып, көптеген туындыларда көрініс тапты. Сондай-ақ жылнамалар түрлі шіркеулік қауымдастықтардың: монахтардың, аймақтық рухани дін өкілдері- нің, константинопольдік патриархияның көзқарастарын білдірді.
х ғасыр уақытша мерзімге жоспарланған антикалық білім дәстүрі мен ин- теллектуалдық мәдениеттің өрлеу кезеңі болды. Бұл жағдай хі ғасырда Конс- тантинопольде зайырлы білім беру жүйесінің жалпы империялық орталығына айналған университеттің қайта жаңғыруына ықпал етті. Кейіннен жоғарғы мек- тептер Византияның басқа да ірі қалаларында пайда болады. Антикалық дәуірге деген қызығушылық барған сайын арта түсті әрі кейбір жерлерде шиеленіскен сипатқа ие болды. Бұл кезеңнің жетекші мәдени тенденциясы антикалық дүние- таным элементтерін христиандық идеологиямен жасанды түрде біріктіру және антикалық туындыларды компиляция түрінде пайдаланумен ерекшеленеді. IX–X ғасырларда өткен кезеңнің әдеби туындыларын сақтау мен жүйелеуге
100 ТӨРТінШі ТАРАу

бағытталған ауқымды компиляциялар жасалынды. «Мириобиблионда» («Көпте- ген кітаптарда») антикалық, сондай-ақ ертевизантиялық авторлардың бірнеше жүздеген туындыларының үзінділері жинақталған. Бұл теңдессіз компиляция- ның құрастырушысы патриарх Фотий (іх ғасыр) еді. Ол мәтіндерді интеллек- туалдық айналым мен білім жүйесінде сақтап қалуға ұмтылды. Алдыңғы дәс- түрлер арқылы жинақталған мәліметтерді кодтау мен жалпылау тенденциясы тарихи, этнографиялық және саяси-идеологиялық мәліметтерді біріктірген им- ператор Константин Парфирогенеттің (Константин Багрянородный, 913–959) энциклопедиялық шығармаларына да тән болды.


XI–XII ғасырлар византиялық тарихнаманың өрлеу кезеңі болды. Бұл кезең әй- гілі авторлардың шығуымен және дүниежүзілік-тарихи жылнамалардың каноны шеңберінен шыққан бірқатар белгілі туындылардың жазылуымен ерекшеленеді. дүниежүзілік жылнамалар мен өзге де шіркеулік-тарихи шығармалардың (ең ал- дымен, тұрмыстық) орнын басқан тарихи-мемуарлық сипаттағы туындылар за- йырлы тарихи дәстүрдің қайта жандануының айрықша құбылысы болып саналды. Сол дәуірдің тарихи ойының айтарлықтай жарқын ескерткіштерінің бірі – византиялық тарихтың жүзжылдық кезеңіне (976–1077) арналған Михаил Пселдің (шамамен 1018–1096) «Хронография» еңбегі (шамамен 1078). Пселл – жан-жақты білімі бар антикалық философия мен әдебиет мәдениетінің сақтаушысы. Аталған салалардың стилистикалық және риторикалық тәсілдерін толық бейнеде қалпына келтіреді: ол императорлар мен оның айналасындағылардың портреттерін жа- сайды, олардың билік еткен кезеңдерін шығармасына арқау еткен. Автор өзінің бағалауында субъективті, кейде біржақты, моральдық үгіт-насихат пен ғибратты қорытынды жасаудан жасқанбайды. Пселл өзіне дейінгі және өзінен кейінгі та- рихшылардың белгілі бір бөлігі секілді, өзінің «Хронография» еңбегінде көрсетіл-
гендей, ғылыммен, риторикамен, саясатпен айналысуды құптайды.
XI–XII ғасырларда тарих жанры қайта жаңғыртылды, онда белгілі бір оқиғаға қатысып, оған куә болған адамдардың деректері мен автордың кейіпкерлер мен құбылыстарға баға беруіне айрықша назар аударылады. Мұндай туындылардың жарқын үлгісі Анна Комниннің (шамамен 1083–1155) «Алексиада» (шамамен 1148) атты шығармасы болды. Шығарма оның әкесі – император і Алексей Комниннің даңқты бейнесі мен саяси қызметіне арналған еді. Антикалық үлгілерге деген қы- зығушылық пен оған еліктеумен ерекшеленген бұл кезеңнің аяқталуы империя- ның саяси дербестігі мен византиялық мәдениеттің даму жүйесін бірнеше онда- ған жылдарға (1261 жылға дейін) бұзған кресшілердің (1204) Константинопольді жаулап алуымен байланысты болды.
Византия тарихының үшінші – соңғы кезеңі (1453 жылға дейін) алдыңғы тенденциялардың дамуымен ерекшеленді, алайда ешқандай жаңашыл өзге- рістер туындамады. Тарихнамалық туындыдыларда зайырлы әрі шіркеулік дәстүрлердің көрінісі бейнеленген. Зайырлы дәстүрдің өкілдеріне эрудиттер- дің қатарына кіретіндер мен классикалық білімді ұстанушылар жатады. Олар өздерінің шығармашылықтарында әдеби әрі интеллектуалдық қызметтің алуан түрлерін қамтыған. Мысалы, никифор григордың (шамамен 1295–1360)
«Ромей тарихы» атты шығармасында ортодоксалдық дін өкілдері мен визан- тиялық интеллектуалдардың жекелеген үйірмелері арасындағы айтарлықтай күрделі қарым-қатынастар сипатталған. Шіркеулік және гуманистік-рационал
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 101

ортаның арасындағы қақтығыс исихазмның даму процесінде әрі оның шіркеу доктринасымен сәйкес келетін діни-мистикалық ілім ретінде орнығуы проце- сінде ерекше сипатқа ие болды. Сонымен қатар XIV–XV ғасырлар барысында византиялық эрудиттер мен италиялық Қайта өрлеу қайраткерлерінің ара- сында тұрақты байланыс орнай бастайды. Соңғылары византиялық ғылыми дәстүрлерден Батыс жоғалтқан немесе ұмытқан антикалық, ең алдымен, грек мәдениеті туралы білімге қол жеткізеді. Византия тарихнамасы түріктердің Константинопольді жаулап алуы мен империяның құлауына арналған бірқатар шығармалардың дүниеге келуімен аяқталды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет