Тарих indd



бет33/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956
«Константин сыйының» шынайылығына күмән келтіру ренессанстық рацио- нализмнің жемісі емес: ол ортағасырлық қоғамда да бірнеше рет баяндалған, сонымен қатар папаның қарсыластарының тарапынан да, егеменді билікке ұм- тылған бәсекелестерінің тарапынан да сөз болған еді. Сондай-ақ бұл скепти- цизмнің айтарлықтай маңызы да болмады. Біріншіден, дәстүр мен шынайылық- қа ортағасырлық негізде қарауға байланысты құжаттың көнелігі мен папаның толық билігі туралы тезистің әділдігіне сенім артуға және оны түпнұсқа еңбек деп тануға мәжбүрледі. Екіншіден, «Константин сыйының» шынайылығына қар- сы топтың тарапынан илануға тұрарлық әрі жүйелі дәлелдер ұсынылмады.
Лоренцо Валла құжатты жан-жақты сынға ала отырып, оның шынайы емес екенін дәлелдейтін нақты дәйектемелерді келтіреді. Сонымен қатар қазіргі
92 ТӨРТінШі ТАРАу

ғылымның көзқарасы бойынша, өзінің қолданған тәсілдерінің тұрпайы әрі әде- би-спекулятивтік болғанына қарамастан, тарихи деректі сын тұрғысынан тал- даудың алғашқы тәжірибесін жүзеге асырды. Жалпы алғанда, Валланың дәйек- темелерін үш бөлікке бөліп қарастыруға болады. Бірінші – император билігінің өзге тұлғаға берілмейтіні сияқты, рухани басшының зайырлы билікті иелене алмайтынын формалды түрде негіздеген моральдық-діни және саяси-құқықтық спекуляция. Екінші – оқиғаның фактілік жағының тарихи бейнесі, атап айтсақ, папа Сильвестрдің Константинді шоқындырғаны мен оған Рим билігін «сый- ға тарту» әрекетінің жалғандығы. Үшінші – мәтіннің лингвистикалық әрі әдеби тұрғыдан талдануы құжаттың терминологиясы мен стилінің оның құрастырыл- ған кезіндегі қолданылған классикалық латын тілінің нормаларымен мүлдем сәйкеспейтінін дәлелдейтіні. Бүгінгі ғылымның көзқарасы бойынша, нақты әде- би талдау Лоренцо Валла еңбегінің өзекті екенін көрсетіп отыр. Ол деректерді сыни талдау әдіснамасы аясында жасалған еді. дегенмен тарихшы-гуманистің шығармасы қазіргі таңдағы тарихнамалық стандарттардан айтарлықтай арт- та қалған еді: дәйектемелік, риторикалық әрі баяндау тәсілдері оның еңбегін объективті және бейтарап тұрғыдағы зерттеу жұмысынан гөрі, әдеби, дидактика- лық және пікірталастық шығарма ретінде сипаттайды.


Валланың еңбегі дерекке сыни тұрғыдан талдау жасаудың бірден-бір әрі ай- рықша мысалы болмауы да мүмкін. гуманистік және реформациялық тарихна- маның көптеген шығармаларында осы сияқты тәсілдерді көруге болады. Алай- да олар әлі де болса белгілі бір жүйеге түсіп, реттелмеген еді. Тарихты зерттеу жұмыстарына бірқатар жаңа тәсілдерді эрудиттер деген атауға ие болған өткен кезеңді жақсы білетін ғалымдар тобы енгізді. Өткен дәуірдің куәліктерін асқан ыждағатпен, егжей-тегжейлі әрі мақсатты түрде жинаушылардың қажырлы ең- бектері әдеби-риторикалық бағыттағы тарихшылардың шығармаларына қара- ғанда, тарихшы еңбегінің ортағасырлық парадигмасының жаңаруына айтар- лықтай сүбелі үлес қосты. Тарихшы-эрудиттер өткеннің шынайы бейнеленуі үшін тарихи куәліктерді анағұрлым көбірек жинау мен олардың шынайылығын тексерудің міндеттерін өте маңызды мәселе деп санады. Бірақ мұндай жұмыс- тың қандай да бір жетілген тәсілдері мен әдістерін әзірлемеді.
Орта ғасырдағы эмпирикалық және діни тарихнаманы сыни әрі ғылыми жү- йеге айналдыру процесіндегі гуманистік білімнің рөлін асыра бағалау мәселесі- не байыппен қарады. гуманистер, ең алдымен, тарихты жазудың әдеби бағытын жетілдіруге септігін тигізді және тарихи процесті бағалауда бірқатар өзгерістер енгізді. Оларды қасиеттіліктен дүнияуилікке, христиандықтың тарихынан ан- тикалық тарихқа өзгертті. Олар антикалық әрі ортағасырлық ізашарлар секілді, тарихи және әдеби еңбектің арасында қатаң межені белгілемеді. Жалпы алғанда, тарихты ғылым немесе білімнің ерекше саласы деп есептемеді.
Сонымен қатар гуманистік тарихнама орта ғасыр тарихшыларының ғажа- йыптарға деген сенімдерін және олардың тарапынан ұсынылған кез келген мә- ліметтерге деген қызығушылығын жоққа шығармады. Антикалық мәтіндерде- гі аңыздарды сенім артуға тұрарлық мәлімет ретінде пайдаланды. гуманистер аңыздардан кейіпкерлері ғана ауыстырылған өткеннің ғибратты үлгісін көрді. Орта ғасыр жылнамашылары үшін өткеннің мұндай өнегелі кейіпкерлері шір- кеу қайраткерлері, әулиелер, сенім жолын ұстанушылар, христиан монархтары
ОРТА ҒАСЫР ТАРихнАМАСЫ 93

болса, гуманистер үшін қаланың билеушілері мен еуропалық монархтар бол- ды. Олардың басқару саласындағы іс-әрекеттері мен жетістіктері ерекше құл- шыныспен және асырасілтеушілікпен дәріптелді. Тарихты жалпы түсіну, оның мәнін, қоғамдық даму себептері мен түрлі факторларын талдауда, яғни идеялар мен концепциялардың саласы ретінде анықтауға болатын мәселелерді талқылау барысында гуманизм тарихтың кейінгі антикалық және ортағасырлық концеп- цияларына қарағанда анағұрлым өзекті әрі маңызды қызмет атқарды.


Жаңа тарихи сананың қалыптасуына түрткі болған қоғамдық өмірдің барлық саласындағы түбегейлі өзгерістердің кезеңінде, яғни батысеуропалық тарихтың сындарлы дәуірінде өмір сүрген Қайта өрлеу дәуірінің тарихнамасының ірі өкіл- дері Франческо Патрици мен Жан Боденнің идеялары жаңашылдықтың үлгісін көрсетті.
Француз заңгері, абсолютті монархияның жақтаушысы Жан Боден (1530–1596) құқықтанудың әмбебап жүйесін қалыптастыру үшін материалдарды жинақтау мен реттеу барысында тарих айрықша қызмет атқарады деп есептеді. Боденнің пікірінше, дүниежүзі тарихын зерттеу қазіргі нақты жағдайдағы бас- қарудың үздік формасын бекітуге негіз болатын адамзат қоғамын басқаратын заңдарға қатысты нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Өз дәуірінің озық ойлы тұлғасы болған Боден тарихты танымның өзіндік әдістері бар ғылым ретінде түсінді.
Боден тарихшының маңызды міндеті тарихи фактілердің шынайылығын анықтау деп санады. Ғалым оны табиғи фактілермен салыстырды және оқиғалар жайында объективті әрі нақты мәлімет беретін құбылыс ретінде қарастырды. Ол фактілерді іріктеудің қиындығын ескерді, деректерді зерделеу барысын- да салыстырмалы сыни талдау принциптерін ұстанды. Тарихшының өткеннің оқиғалары мен адамдарына баға беру құқығына күмәнмен қарады. Боден тарих пәнін адамдардың ерік-жігерімен, өмірлік қажеттіліктерімен, адамның өзіндік табиғатымен және оның өмір сүру ортасымен байланысты іс-әрекеттері ретінде анықтады.
Боден өзінің «Тарихты оңай тану әдісі» (1566) және «Мемлекет туралы алты кітап» (1576) трактаттарында Макиавелли секілді, тарихта ішкі объективті заң- дылықтардың болатыны жайындағы пікірді ұстанды. нақтылап айтсақ, ол геог- рафиялық ортаның ахуалы халықтың психикалық көңіл-күйі мен оның тарихи тағдырын анықтайды деп есептейді. Сонымен қатар географиялық фактордың жағымсыз әсері ақылға қонымды заңдармен және оларға негізделген мемле- кет арқылы түзетілуі мүмкін. Боден ғылымның, өнеркәсіп пен сауданың дамуы, географиялық жаңалықтардың, өнердің шарықтауы т.б. нәтижесінде жүзеге аса- тын тарихтағы прогрестер туралы идеяны насихаттады.
Философ-гуманист Франческо Патрици (1529–1597) 1572 жылы өзінің «Та- рих туралы он диалог» атты шығармасын жариялады. Патрицидің риторикалық мектептің тарихшыларынан айырмашылығы – тарихты моральдық ережелерді бейнелейтін нақты мысалдардың жиынтығы емес, тарихтың мақсаты – шын- дықты тану деп пайымдағанында еді. Сондай-ақ тарихты жазу қоғамның өзін- өзі анықтауының маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырады. Патрицидің па- йымынша, тарихшының басты міндеті – нақты жағдайда орын алған белгілі бір іс-әрекеттің барысын көрсету. Ол шындыққа толықтай көз жеткізу мәселесіне
94 ТӨРТінШі ТАРАу

күмәнмен қарады. Себебі көптеген жайттар тарихшыға беймәлім болды (астар- лы оқиғалар, жасырын мотивтер), өйткені ол оқиғаны белгілі бір көзқарас тұр- ғысынан зерделейді.


Патрици философия мен тарихты бір-біріне қарама-қарсы қойды, бірақ соң- ғысынан фактілерге сүйенетін ғылымды көрді. Ол үшін бүкіл нақтылық тарих- тың нысаны болды, ал тарихтың өзі баяндау ретінде емес, естелік іспетті, сол нақтылықтың құжаттамалық бейнесі тәрізді қабылданды. Тарихшы өткенді зерттей отырып, куәгерлердің хабарламаларын негізге алуы қажет; егер ол өзі- нің уақыты туралы жазса, онда ол қарсыласқан партиялардан өзін шеттеп ұс- тауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет