Ағартушылар тарихи шығармаларға, ең алдымен, билікті, саяси ұстанымдарды немесе нанымдарды сынаудағы еркін ақыл-ойдың жаттығу алаңы ретінде қарады.
Тарихшының рөлі туралы түсініктер де өзгерді. Оның ендігі міндеті ақыл-ойды еркін пайдалануға негізделген түсініктерді ұсынудан, дәстүрлерге қарсы, бүлікшіл, ал кейде бүгінгі тарихи континуумда ғана
танылатынына сенім артқан реформаторлық идеяларды батыл түрде насихаттаудан тұрады.
Гвидо Аббаттиста
Ғылыми революция және XVII ғасырдағы тарихи білім
Қазіргі зерттеушілер XVI–XVII ғасырлардағы Еуропа тарихының кезеңдерін ерте жаңа дәуір ретінде – саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірдің жаңа формаларының қалыптасу кезеңі, әлемдік түсінік, танымал әрі мүмкін бол- ған меженің кеңею жүйесіндегі үлкен өзгерістердің уақыты ретінде сипаттайды. Р.Тарнастың пікірінше, «Батыс өзін және өзінің еркіндігін түсінген, әлемге қа- тыстының барлығына қызығушылық танытқан, жеке ой-пайымдарына сенімді болған, кез келген ортодоксияға күмәнмен қараған, беделділерге қарсы шыққан, діни ұстанымы мен іс-әрекеттеріне жауапты, классикалық көне заманға ынтық болған, сондай-ақ жарқын болашағынан үміт күткен... өз ақылымен табиғаттың тылсым дүниесін игеру және оны бағындыру қабілетіне сенімді жаңа адамның дүниеге келгенін көрді».7
XVI–XVII ғасырлардағы еуропалық мәдениетте ортағасырлық және ренес- санстық ғылыми дәстүрден ерекшеленетін таным принциптері қалыптасты. Әлем мен адам туралы түсініктердің жүйесін өзгерткен жаратылыстану пән- дерінің, тарихи, саяси, қоғамдық, философиялық жүйелердің негіздерін қайта айқындаған кең ауқымды интеллектуалдық қозғалыс енді ғылыми революция деген атау алды. Бұл кезеңнің шекарасы шартты түрде николай Коперниктің 1543 жылы жарыққа шыққан «Аспан денелерінің айналуы туралы» атты еңбегі мен исаак ньютонның 1687 жылы басылып шыққан «Табиғат философиясының математикалық негіздері» деген туындысында ашылған жаңалығының уақы- тына сәйкес белгіленген болатын. Коперник, галилей, Кеплер, декарт, ньютон
ЕРТЕ ЖАңА дӘуіРдЕгі ТАРихи БіЛіМ 107
және өзге де ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінде ерте жаңа уақыттың ин- теллектуалдық мәдениетінде әлемдік құрылымның тұтас табиғи-ғылыми бей- несі жасалған еді. Ол Аристотельдің физикасы мен Птолемейдің астрономиялық теориясына негізделген планеталардың қозғалмайтын жерді айналуы туралы ортағасырлық түсінікті біртіндеп ығыстырып шығарды. Ой қорытудың құры- лымдық принциптерінің өзі де өзгерді. Символдар, ұқсастықтар, аллегориялық және моральдық мағыналарды тәжірибе, себептер мен салдардың эмпирикалық тиімді түсіндірмесі ығыстырды.
Еуропада жекелеген «білімді астрологқа» немесе Аристотельдің комментато- рына тиесілі емес, зерттеу жұмысының қатаң әдістерін басшылыққа алған және өздерінің еңбектерінің нәтижелерін ашық көрсете білген тәуелсіз ғалымдардың қауымдастығына қатысты білім ретіндегі ғылымның жаңа бейнесі қалыптаса бастады. Ғылыми таным табиғат әлемін эксперименттік зерттеу, пайда әкелетін шындықты іздеп табу процесі ретінде түсіндірді. діннен дербес, белгілі бір әдіс- ке сүйенетін, жүйелі түрде тексерілетін және ғалымдардың ұжымдық кәсібі бол- ған ғылым Римдегі Линчеи академиясы, Лондондық корольдік ғылыми қоғам, Франциядағы Корольдік ғылымдар академиясы сынды жаңа институттарды – қоғамдастықтар мен академияларды құруды талап етті.
Ерте жаңа заманның философтары білімнің принциптік құрылымына, фи- зика, математика, медицина, әлеуметтік ғылымдар сынды түрлі салалардағы зерттеулердің жаңа әдістерін негіздеуге айрықша назар аударды. Сондай-ақ тарих моральмен және саясатпен тығыз байланысты ғылым ретінде пәндік қайта анықтаулардың контексіне өте сирек еніп отырды. Ағылшын философы, тарихшы, ғалым, мемлекет қайраткері Фрэнсис Бэконның (1561–1626) шы- ғармасында, нақтырақ айтсақ, оның «Жаңа органон немесе ғылымдардың ұлы жандануы» (1620) атты еңбегінде сол дәуірдегі адамға қолжетімді білімдердің барлық жүйесін қайта бағамдау, ғылымды жүйелеу барысына басшылық ету мен шындықты іздеудің әдіс-тәсілдерін ұсыну талпынысы жасалды. Бэкон- ның пікірінше, өткен дәуірлердің философтары мен ғалымдарының қызмет- тері жалған негізге құралған еді. Зерттеулердің шынайы мақсаты табиғаттың құпия сырларын меңгеру болды. Ежелгі дәуірде Сократ білімді ізгілік қасиеті деп санаса, Ф.Бэкон білімге ие болу адамға күш беретін құбылыс деп пайым- дады. Ғылыми білім адамзатқа тәжірибелік пайда мен қуат әкеліп, қалыпты өмірді түрлендіріп, сонымен қатар жаңа христиандық алтын ғасырға рухани тұрғыдан қадам басуға тиіс болды. Зерттеудің эмпирикалық әдісі бақылау мен тәжірибенің, жекелеген құбылыстар мен нысандарға эксперимент жасаудың, оның шынайы мәніне сезімдік және рационал тұрғыдан бойлай білудің маңы- зын арттыра түсті.
Ф.Бэкон өзінің еңбектерінде тарих пен жаратылыстанулық ғылыми білім- нің бірлігі туралы жазды, оларды философия мен ғылым секілді біртұтас ұғым ретінде қарастырды. Бұл одақтың тиімділігіне Бэкон мынадай дәлелдерді кел- тіреді: іс-әрекеттің осы екі саласы да адамның есте сақтау қабілетіне қатыс- ты. Ал жады дара әрі бірегей істермен байланысты болды. Азаматтық және табиғи тарих бірегей оқиғаларды зерттеумен, олардың уақыттан тыс қасиет- терін сипаттаумен айналысты. Осылайша табиғаттың құбылыстарын зерт- теу мен өткеннің оқиғаларын зерделеудің арасында ешқандай принциптік
108 БЕСінШі ТАРАу
айырмашылықтар болмады. Бақылаудың нәтижесінде қорытындылар мен тұ- жырымдар жасалды. Философтың пікірінше, тек абстракт постулаттарды ғана бейнелеу үшін қолданылған білімнің мысалдарына қарағанда, құжаттық негіз- де тіркелген, жекелеген фактілерден алынған білімнің тәжірибе үшін құнды- лығы зор болды.
Англияда Бэконның еңбектері жаңа ғылымның сипаты мен бейнесіне айрық- ша ықпал етті. Көптеген ғалымдар оның бастамасын жалғастыруға ниет білдір- ді. Алайда өткеннің зерттеушілерінің қатарында тарихнаманың аналитикалық және эксперименттік әдістерін қолданғандар аз болды.
Еуропа құрлығында француз математигі, философ Рене декарттың (1596– 1650) «Әдіс туралы пайым» (1637) және «Философияның принциптері» (1644) шығармалары ерекше танымал болды. декарттың еңбектері әлемнің рационал механикалық бейнесін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосты. декарт пен оның ізбасарлары – картезиандықтар (франц. cartesien – декарт фамилиясы- ның латынша формасы – cartesius) тарихты жазу тәжірибесі мен өткен кезең туралы нақты білімді алу мүмкіндігіне күмәнмен қарады. дегенмен саналы та- нымға жүгінетін субъект-зерттеуші мен оның алдында тұрған зерттеу нысаны
– әлемнің ұлы кітабының бөлінісі туралы декарттың негізгі идеяларының бірі кейіннен XVIII–XIX ғасырлардағы ғылым мен кәсіби тарихи білімге сүйенген таным тәсілінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Мұндай ойша көрініс мүмкін болды, өйткені сол кезеңдердің философиясында галилей негіздеген және екі кітаптың бейнесінде – Киелі кітап пен «табиғаттың кітабында» бе- рілген екі түрлі ақиқат – аян мен білім туралы ой терең тамыр жайған еді. Осы логикаға сәйкес, ғылым және сенім – өзара сабақтас құбылыс. Бірақ олардың нысаны, мағынасы, тілдері мен әдістерінің дербестігі сақталды.
Физика, математика, астрономия, анатомия, механика сынды философия мен жаратылыстану ғылымдарындағы жаңашылдық XVII ғасырдың интеллектуал- дық мәдениетіне айтарлықтай ықпал етті. Табиғатты зерттеудің көптеген прин- циптері қоғамды, оның тарихын түсінудің әмбебап құралы ретінде зерделене бастады. Жаратылыстану ғылымдарының эмпирикалық, нақты білімге деген ұмтылысы басқа да пәндерге үлгі болды. XVII ғасырдағы әлеуметтік философтар табиғи заңдар деп аталған бірқатар идеяларды ұсынды. Бұл заңдар табиғат заң- дарына ұқсас, адамдар оны танып-біліп, пайдалана алады. Философтар табиғат пен адамның материалдық бірлігі идеясынан бас тартып, әлеуметтік физикаға – математика мен физикаға бағдарланған қоғам туралы ғылымды қалыптасты- руға тырысты. Мұндай теориялардың бастапқы арнасы тарихи контекстен тыс, жеке, оқшауланған адам туралы түсінік болды. Қоғамның өзі адам табиғаты- нан туындайтын қасиеттерге ие индивидтердің жиынтығы ретінде суреттеледі. Сонымен, голландтық философ әрі заңгер гуго гроцийдің (1583–1645) пайым- дауынша, адамдар бастапқыда қарым-қатынасқа, тілдесуге ұмтылды, соның нә- тижесінде оларды біріктіруге мүмкіндік туды. Ағылшын философы Томас гоббс (1588–1679): «Адамдарға бір-бірінен алшақтау қасиеті тән, сондықтан олар мем- лекеттікке дейінгі «табиғи» жағдайда «барлығына қарсы үздіксіз соғыс» жүр- гізді» деген пікір білдірген еді. Жеке тұлғаның қасиеттерінен әлеуметтік меха- никаның салдары мен заңдылықтары шықты, бұл мемлекеттік құрылым мен оның тарихын түсіндірудің кілті болды. XVII ғасыр философтарының тарапынан
ЕРТЕ ЖАңА дӘуіРдЕгі ТАРихи БіЛіМ 109
қоғамның құрылуы белгілі бір кезеңдегі адамдардың өз араларындағы уағда- ластық бойынша жасаған қоғамдық келісімі ретінде сипатталады. Мемлекеттің заңдары адамның болмысынан туындайтын табиғи құқықтарының негізінде құ- растырылуы қажет. Бұл теориялардың әлеуметтік әрі философиялық еңбектер- де кең таралғанына қарамастан, XVII ғасырдың тарихи шығармаларына мұндай идеялар өте баяу енді. Тек келесі ғасырда ғана бұл теориялар өткен дәуір туралы білімге айтарлықтай ықпал етті.
Тарих әлі де болса білімнің адам, қоғам, әлем туралы басқа салаларынан то- лықтай бөлініп шықпаған, дербес пән ретінде қалыптаспаған да еді. Өткеннің зерделенуі көбінесе гуманистердің әдебиетпен, риторикамен тығыз байланыс- тағы ғылыми контексінің негізінде қарастырылды. университеттерде тарихты меңгеру көбінесе көне тілдерді зерттеу деңгейіндегі қолданбалы сипатқа ие болды. Антикалық әдебиетке деген жаппай қызығушылықтың негізінде клас- сикалық өткенге жіті назар аударыла бастады. грек пен Рим тарихының оқиға- лары туралы әңгімелер көп жағдайда антикалық жазушылардың туындыларына түсініктемелер ретінде қолданылды. Тарихи шығармалардан моральдық тағы- лымдар, типтік шындықтар, саяси шешімдердің мысалдары алынды. Сондай-ақ XVII ғасырдағы тарихты зерттеудің сәнге айналуымен сипатталады. Тарих да- налықтың қайнар көзі ретінде мойындалды және оны бірінші кезекте саяси әрі саяси-заңгерлік тұрғыдан түсіну орын алды. Оксфорд пен Кембриджде азамат- тық тарихтың алғашқы кафедралары ашылған еді. XVII ғасырда өткен заман ту- ралы білім саяси күрестегі маңызды факторға айналды. Сөйтіп, Ағылшын рево- люциясы кезеңінде корольдың жақтастары да, парламентті қолдаушы тарап та өткеннің құжаттарынан монархтың шексіз билігінің немесе Англияның «ежелгі еркіндігінің» негіздемесін іздеді.
Ф.Бэкон ғылымды жіктей отырып, тарихи білімнің қалыптасқан бағыттарын
«кемел» және «кемел емес» тарих ретінде сипаттады. «Кемел» тарихқа жылна- малар, ұлы тұлғалар туралы өмірбаяндар мен баяндаулар, олардың моральдық, дидактикалық астарлы мағынасы бар мемлекеттік қызметтері сынды саяси та- рихнама жатады. Орта ғасыр жылнамалары, ауызша куәліктер мен естеліктер дереккөз ретінде қабылданды. Кейінірек осы ағымның саласында мемлекеттік және қоғамдық институттардың орта ғасырлардағы тарихын зерделеу жұмыс- тары басталды. Саяси, саяси-құқықтық тарих бағытындағы шығармалардың ав- торлары кей кездерде өздерінің еңбектерін тәжірибелі әрі нақты ғылымдардың үлгісіне бағдарлай отырып, оларды жаратылыстану-ғылыми және математика- лық білімдермен байланыстырды. Алайда олар гуманистік тарихнаманың үлгі- леріне айрықша назар аударды.
Ф.Бэконның өзі «VII Генрихтің тарихы» (1621) сынды шығарманың авто- ры болды. Бұл еңбекті ол Англияның Алқызыл және Ақ раушандар арасында- ғы соғыстың аяқталуынан бастап, Англия мен Шотландияның ортақ монархы і Яковтың билігінің қол астына бірігуіне дейінгі кезеңдегі тарихтың бастамасы ретінде жазуды ойластырған. Автор VII генрихті Тюдорлар әулетінің алғашқы өкілі ретінде ұлықтауға және корольдың даналықпен басқарған принциптерін зерделеуге ұмтылды. Тарихи баяндау желісі билеуші тұлғасының негізінде құ- растырылды. Бэкон құқық тарихына қатысты материалдарды енгізе отырып, Қайта өрлеу дәуірі үшін дәстүрлі тарихтың аясын біршама кеңейтті.
110 БЕСінШі ТАРАу
хVII ғасырдың ортасы мен екінші жартысында Британияда жақын арада бол- ған оқиғалар – революцияларға, азаматтық соғыстарға, монархияны қайта қал- пына келтірілуіне арқау еткен граф Кларендонның «Бүлік тарихы», г.Варнеттің
«Менің уақытымның тарихы», дж.Локктың «Басқару туралы екі трактат» және
«Толеранттық туралы хаттар» атты бірқатар тарихи-саяси еңбектері, естелік- тері мен трактаттары жазылды. Кейіннен бұл сабақтастық XVIII ғасырдың та- рихнамасында өз жалғасын тапты.
Мұндай «кемел» тарих өзінің ұлттық өткеніне деген қызығушылықтың және Еуропадағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасуының контексінде орын алған болатын. Алайда өткен заман жайындағы білімнің өзге бағыты сол процестер- мен байланыста өрбіді. Бэконның пікірінше, «кемел емес» тарихты көне дәуір- лерді зерттеген, өткен кезеңнен жеткен үзінділердің, түпнұсқа және өңделмеген бөліктердің, түсініктемелер мен тізбелердің авторлары жазды. Тарихи құжаттар мен ескерткіштерді іздеумен, оларды жинақтаумен, жүйелі сипаттаумен және жіктеумен айналысатын интеллектуалдық ағым антикварианизм (лат. antiquus – көне) деген атауға ие болды. Бэкон мен антикварлардың пікірлерінше, «кемел емес» тарих дайындық сипатына ие болды. Антиквар еңбегінің нәтижелерін сая- си тарихтың авторлары пайдалана алды.
Антикварлар мен өткеннің құжаттарын жетік білетін эрудиттер өздерін шы- найы тарихшымыз деп санамады, керісінше, көненің мұраларын жинаушылар мен сақтаушылармыз деп есептеді. Олар көне дәуір ұғымын өткен кезеңдердің алуан түрлі куәліктері – римдік әрі ортағасырлық тиындар, ұрандар, гербтер, жазбалар, заттар, құжаттар, сәулет қалдықтары, ескерткіштер т.б. деп түсінді. Антикварлар өткен кезеңнің мұндай туындыларынан басқа сирек кездесетін түпнұсқа заттарға да назар аударды.
Тарихшы – бірінші кезекте, жазушы, ал тарихтың өзі – жазба мәліметтеріне, жылнамаларға негізделген баяндау. Антикварлар жоғарыда аталған нарративтік деректерге сүйене отырып, ауызша куәліктерді кеңінен қолданды. Бұл олардан деректерді (кейіннен археология, нумизматика, палеография, сфрагистика сын- ды т.б. жаңа пәндердің негіздемесіне айналған) сынаудың жаңа әдістерін ойлап табуды талап етті.
Антикварлардың зерттеу нысаны тарихтан гөрі көбінесе біртекті әрі са- раланбаған өткен өмір дүниесі болды. Олардың еңбектерінде бүгінгіні өткен дәуірлерден бөліп тұратын қашықтық елеусіз түрде болса да білініп тұрды. Антикварлар тылсым дүниелер мен түсіндірілуі күрделі құбылыстарға назар аударды, алайда олар бұл сұрақтардың жауаптарын әдеттегідей өз дәуірінің мәдениетінің логикасына сүйене отырып таңдады. Бұл авторларға арналған зерттеу жұмысының белгілі жанрларының бірі – хорография. Бұл – елдің жер- лерін аймақтар бойынша сипаттау, табиғи байлықтар мен ерекшеліктерді тір- кеуге алу, сондай-ақ өткеннің атаулы оқиғалары мен көненің қызықты жайт- тарын сақтау.
Англияда XVI ғасырда антикварианизмнің негізі қаланды. 1585 жылы Лондонда Елизаветалық антикварлар қоғамын құрған коллекционерлер мен зерттеушілер у.Кемден, дж.Леланд, дж.Стоу осы бағытта еңбек етті. Бұл қоғамның мүшелері көне заттарды жинау мен тарихи ескерткіштерді жариялау сияқты ұжымдық жұ- мыстарды алғаш рет тәжірибеден өткізді.
ЕРТЕ ЖАңА дӘуіРдЕгі ТАРихи БіЛіМ 111
Ағылшын антикварлық тарихы XVI ғасырдың соңына қарай қарқынды да- мыды. Мемлекет пен шіркеу тарихының даңқты, ерлікке толы көне дәуірлеріне деген қызығушылық Британия графтықтары мен қалаларының сипаттамала- рында, азаматтық жазбаларында, құжаттардың зерттелуінде, алуан түрлі заттай айғақтарды іздеп табудың теңдессіз жұмыстарында өз көрінісін тапты. Антиквар дж.Обридің пікірінше, Британия тарихының ерте кезеңдерін қалпына келтіруге талпынған зерттеушілер, сондай-ақ өзі де «қараңғы түнекте сипалап жүріп жол тапты» және олар кейбір кездерде «жарық сәуле төкпесе де. тастай қараңғылық-
ты жеңіл тұманға сейілте алды».8 Бұл «қараңғылық» бриттік өткеннің, аралдағы римдік үстемдіктің, англосаксондық Англияның, нормандық жаулаушылықтың кезеңдерін жайлап алған. Авторлар бұл мәселелерге терең бойлай отырып, қа- лай болғанда да бриттердің трояндықтардан шыққанын, Бруттың қазіргі билеу- шілердің арғы бабасы екенін зерделеген галфридус Монмутензистің (гальфрид Монмутский) кітабын, ондағы король Артур мен ежелгі батырлар туралы мифо- логиялық сюжеттерге назар аударды. Көптеген зерттеушілер өз жұмыстарында ұлттық мақтаныштың мұндай мәселелерін жоққа шығаруға тырыспады.
Өткен кезеңнің әйгілі адамдарының іс-әрекеттері жайында жазуға ерекше кө- ңіл бөлген тарихшы-гуманистерге қарағанда, антикварлар жекелеген қала неме- се рудан елдің тарихына дейінгі ұжымдық тарихты зерттеуге баса назар аударды. XVI ғасыр мен XVII ғасырдың соңындағы тарихшылар деректердің үзінділерінің негізінде римдік және англосаксондық Британияның тарихын біртіндеп қалпы- на келтіре бастайды. Сонымен қатар классикалық авторлардың және италиялық антикварлардың шығармаларында өткеннің ұлттық бейнесі сақталды.
ғасырда ортағасырлық деректердің көлемді жинақтары басылып шыға бастады. христиандықтың өткені мен Рим шіркеуінің тарихын зерттеу мақса- тында католик шіркеуі деректерді іздеумен әрі зерттеумен шұғылданатын қо- ғамдарды құрды. Мұндай қызмет көп жағдайда Еуропадағы реформациялық қозғалыстарға жауап ретінде пайымдалды.
Аса танымал қоғамдардың бірі Франциядағы мавристер, Париждегі Сен- Жермен-де-Пре аббаттығындағы бенедикшілдер (1627 жылдан бастап) орденін- дегі қасиетті Мавр конгрегациясының монахтары еді. 1648 жылы олар француз провинцияларының өткені туралы мәліметтер сақталған бенедикт орденінің, шіркеудің, құжаттар тарихының қолжазбалары енген басылымның жоспарын әзірледі. Мавристер тарапынан көптеген ортағасырлық манускриптер жинақ- талған болатын. Олардың әрқайсысы құжаттың барлық тізімдерін мұқият салыс- тыру арқылы мәтіндердің түрлі нұсқаларын салыстырмалы талдау негізінде жа- рияланып отырды. Эрудит-мавристер қолжазбалардың шынайылығын анықтау мен уақытын нақтылау бойынша нұсқаулықтарды да басып шығарды. 1668–1701 жылдар аралығында олар хіі ғасырға дейінгі деректерді қамтыған тоғыз томдық
«Бенедикт ордені әулиелерінің өмірі» атты еңбекті басып шығарды. Ж.Мабильон мәтіндерді сыни тұрғыдан зерделеу бағытында айрықша еңбек етті.
1643 жылы Антверпенде ортағасырлық деректерді жариялау жұмыстары бас- талған болатын. Бұл жұмысты өздерінің басшысы Ж.Болландтың есімімен атал- ған иезуит-болландшылар жүзеге асырды. «Әулиелердің өмірі» сериясында орта ғасыр аңыздары мен христиан әулиелерінің іс-әрекеттері туралы хикаялар қам- тылған. Олардың өмірі күнтізбелік жылдың жүйесі бойынша орналасқан: әрбір
112 БЕСінШі ТАРАу
әулие туралы әңгімелер оның күніне орайластырылып жазылған. Бұл еңбек он- нан астам томнан тұрады.
германия, италия, Англия, Польша, Чехия және испанияда жылнамалар мен құжаттарды басып шығару ісі қолға алынды. Баспагер эрудиттердің қызметте- рінің нәтижесінде қосалқы тарихи пәндер (палеография, хронология, дипло- матика) мен жалпы тарихи білімнің дамуы үшін кейінгі кезеңдерде маңызды рөл атқарған қолжазба мәтіндерге сын тұрғысынан талдау жасау ережелері қа- лыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |