«философиялық тарих»
XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың соңына қарай тарихнама жаңа қарқын- мен дамыды. Зерттеушілер бұл кезеңді «Ағарту дәуірі» деп атайды. Бұл түсінік Еуропа, Солтүстік Америка, Ресей елдеріндегі кең өріс алған, өзіндік рухани-идея- лық орталығы Францияда пайда болған интеллектуалдық қозғалысты білдірді. Қозғалыс әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени өмірдің бірқатар өзгерісте- рімен, азаматтық қоғамның қалыптасу және жаңғыру процестерімен, дүниета- нымдық жүйедегі өзгерістермен тығыз байланысты болды. Ағарту идеялары, ең алдымен, философияда, одан кейін ғылымда, тарихнамада, қоғамдық және саяси ойда, әдебиетте, өнерде көрініс тапты. Бұл дәуірдің қайраткерлері қата- рында Францияда Вольтер, Ж.Ж. Руссо, Ш.Монтескье, Британияда д.Локк, д.Юм, Э.гиббон, германияда и.Кант, и.гердер, Ресейде М.В. Ломоносов, В.н. Татищев, н.М. Карамзин сынды танымал авторлар болды.
Ағарту дәуірі философтарының, тарихшыларының, жазушылары мен ғалым- дарының көзқарастары айтарлықтай әр алуан болды. Алайда олардың шығар- маларында бір-біріне ұқсас мәселелер көтерілді және мазмұны жағынан өзара жақын ой-пайымдар айтылды. Осы кезеңнің интеллектуалдық мәдениетінде
«адам» және «қоғам» сынды өзекті ұғымдарды тағы бір ой елегінен өткізуге тал- пыныс жасалды. Адам табиғаты дегеніміз не? Қоғамдық құрылым қалай пай- да болады? Әлем халықтарының көпшілігін не нәрсе біріктіреді және олардың айырмашылығы неде? Ғылымның жетістіктері мен өнегенің жетілгеніне қара- мастан, адамдар не себепті бақытсыз? Мемлекеттер мен халықтардың үйлесімді өмір сүруі үшін қазіргі таңдағы тәртіпті өзгертуге бола ма? Бұл аталған сұрақтар- ға рационал философия мен тәжірибелік ғылымның негіздемесі арқылы жауап табу көзделді.
Ағарту дәуірі қайраткерлерінің билік пен дәстүрге қатысты көзқарастары сыни тұрғыда сипатталды. Құндылықтардың жаңа жүйесінде наным-сенімдерге, сословиелік теңсіздікке, шіркеулік үстемдікке қарама-қарсы қойылған ақыл-ой мен парасат негізгі критерийлер болып саналды. Өнеркәсіптік революциямен байланысты экономикадағы, әлеуметтік саладағы, күнделікті өмірдегі үлкен өз- герістер прогрестік идеяға сол кезеңдегі философиялық жүйелердің қатарынан өз орнын белгілеп алуға мүмкіндік берді. Ақылдың күшіне сену адамзат қарқын- ды мәдени прогреске қол жеткізеді – өзінің қателіктерінен, надандық, соқыр се- нім, жабырқаушылық сезім сияқты қасиеттерінен құтылады деп үміттендіреді.
ЕРТЕ ЖАңА дӘуіРдЕгі ТАРихи БіЛіМ 113
Ағартушылардың идеяларына сай, табиғаттағының барлығы танымдық мәні бар ортақ тәртіпке бағынады. Адам болмысы – әлемдегі барлық адамдарға ортақ әмбебап және өзгеріссіз дүние деп пайымдалды, барлығы әуелгі бастан тең әрі еркін болып жаратылды. Қоғамды ақыл-ойдың заңдылықтарымен адамның та- биғи құқықтарына сәйкес құру қажет болды. Бүгінгінің және жақын болашақтың міндеті – қоғамды рационалды түрде қайта құру, өткеннің маңызын ой елегінен өткізу. Философтар пайда әкелетін және көптеген адамдардың игілігіне айнал- ған білімді айрықша құндылық деп есептеді.
Француз ағартушыларының іргелі еңбектерінің бірі Жан д’Аламбер (1717–1783) мен дени дидроның (1713–1784) басшылығымен жарыққа шыққан «Энциклопе- дия немесе ғылымдар, өнерлер мен қолөнерлердің түсіндірме сөздігі» (1751–1772) атты ұжымдық туындысы болды. Оған мәтіндердің 17 томы мен гравюралар- дың 11 томы енді. «Энциклопедияда» философияның, алуан түрлі ғылымдар және
«механикалық өнердің» маңызды принциптері мен ережелерін, өнеркәсіптерде қолданылатын жаңалықтар мен пайдалы тәжірибелердің мәнін түсіндіруді си- паттайтын мақалалар басылып шығады. Бұл білім жинағында тарих ерекше орын алды. д’Аламбердің пікірінше, адамның тарихының нысаны – оның іс-әрекеті немесе оның білімі, демек, ол азаматтық және ғылыми болып бөлінеді.
Ағартушылар жазған тарих философияның ерекше ықпалында болды. Алайда XVIII ғасырдың ағартушылық «философиялық тарихы» тарихи баяндау дәстүрі- нің барлық тәсілдерін толықтай жасамаған еді. Бұл жылдары еуропалық қауым соғыстарды, корольдардың, қолбасшылар мен епископтардың іс-әрекеттері, ғажайыптар мен аңыздар сипатталған компиляция түрінде құрастырылған қа- теліктерге толы «тарихты» оқыған еді. XVIII ғасырда тарих ғылыми білімнің са- ласы болып есептелмеді, ол тек көркем сөз өнерінің ерекше жанры болып қала берді. университеттерде филологтар, көне тілдер мен мәтіндердің білгірлері, құқықтанушылар тарих пәнінен дәріс оқыды.
дегенмен де өткенге, бүгінгіге және болашаққа деген бірыңғай христиандық көзқарас уақыт өте келе өз маңызын жоя бастады. Бұған гуманистік сынның мә- тіндерге ықпал етуі, антикалық пұтқа табынушы авторлардың көптеген еңбек- терімен таныс болуы, географиялық жаңалықтарға байланысты әлем бейнесінің түбегейлі өзгеруі, Реформация дәуіріндегі шіркеудің беделіне нұқсан келуі, жаңа философиялық әрі ғылыми теориялар сияқты бірқатар факторлар әсер етті.
ғасырдың шығармаларында Көне өсиетте ежелгі халықтардың нақты тарихы баяндалған, ал адамзаттың тарихында Құдай оқиғаларға жиі араласады деген пікірге күмәнмен қарады. «Қасиетті тарихтың» маңызды кезеңі санала- тын әлемнің жаратылуы, христостың өмірі мен өлімі, қиямет сотын күту тәрізді мәселелер өткен кезеңді сипаттау үшін уақыт өткен сайын сирек қолданылды. дегенмен тарихты теологиялық тұрғыдан түсіндіру тәсілі әлі де болса қолданыл- ғанымен, көпшілік жағдайда антикалық, орта ғасырлар және қазіргі кезеңдер ту- ралы бейтарап әңгімелер сұранысқа ие болды. Философ-ағартушылардың шы- ғармаларының маңызды ерекшелігі рационал білім мен христиандық сенімнің аражігін ажыратуда еді.
XVIII ғасырдың авторлары XVII ғасырдағы антиквар-баспагерлердің дәстү- рін ұстана отырып, өткеннің құжаттарын сыни тұрғыдан зерттеуге айрықша мән берді. Тарихи мәліметтердің шынайылығы дұрыс мағынасымен бағала-
114 БЕСінШі ТАРАу
нып отырды. XVIII ғасырда өткен заманды зерттеушілер тарих тек саясаттан, дипломатиядан және әскери шайқастардан тұрмайды, ал тарихнама факті- лерді жинақтаудан гөрі анағұрлым маңызды деген қорытындыға келді. Сая- си өмірмен қатар, мәдени және әлеуметтік өмірдің оқиғалары тарихи баяндау процесіне де ене бастады.
Зерттеліп отырған кезеңнің тарихи әдебиетін кем дегенде тарихшы-эрудит- тердің еңбектері және тарихшы-философтардың шығармалары деп екі негізгі бағытқа бөлуге болады. Ендігі кезекте оларды жан-жақты қарастырайық.
XVIII ғасырдың тарихшы-эрудиттері өздерін алдыңғы ғасырдың коллекция жинаушы ғалымдардың мұрагерлері санап, олардың қызметін жалғастырды. Олар өткеннің мәліметтерін жинап, сақтау мен зерттеуді негізгі міндет деп қа- растырды. Эрудиттер тек коллекция жинау ғана емес, сондай-ақ сыни тұрғыдан іріктеу, деректерді жүйелеу, алуан түрлі құжаттарды жариялау ісіне айрықша үлес қосты. Әлбетте, зерттеушілердің басты назары халқы мен мемлекетінің өт- кенін зерттеуге немесе аймақтық графтықтардың, князьдіктердің, провинция- лардың, қалалардың жеке тарихын қайта қалпына келтіруге бағытталған еді.
Эрудиттер қолжазбалардың мәтіндерін сынау әдістерін, археологиялық бұ- йымдарды, жазуларды, тиындарды, эмблемаларды, генеологиялық әрі хроно- логиялық кестелерді және өзге деректердің түрлерін зерттеу тәсілдерін жасады. Өткеннің коллекцияларының негізінде Еуропа елдерінде, Лондонда британ му- зейі (1753), Эдинбургта ежелгі дәуірге арналған Ұлттық музей (1780) және өзге де қоғамдық музейлер ашылды. Тарихи білімнің дамуында эрудиттер баспаға әзірлеген ортағасырлық деректердің көптомдық жарияланымы маңызды рөл атқарды.
Францияда әулие Мавр конгрегациясы мүшелері жинақтаған мәтіндерді жа- рыққа шығару ісі жалғаса берді. 1737 жылы мавршы Буке 1328 жылға дейінгі де- ректерді қамтыған «Галлия мен Франция тарихшыларының жинақтары» серия- сын шығара бастайды.
италияда ортағасырлық танымал әрі іріктелген мәтіндердің бірі Л.А. Мура- торидің (1723–1751) 21 томнан тұратын «Италиялық деректер» сериясы болды. Бұған ұқсас еңбектер испанияда, Австрияда, Скандинавияда жарық көрді, алай- да олар өзінің танымалдылығы жағынан жоғарыда аталған басылым деңгейіне жетпеді.
Британия антикварларының елдің тарихында аз уақыт бұрын болған Ағыл- шын революциясы мен Реставрация кезеңдеріне деген қызығушылығы арта түсті. XVIII ғасырдың 40–70-жылдары аралығында мұнда өткен ғасырдың пар- ламенттік актілері, құжаттары мен памфлеттері басылып шықты.
германияда эрудиттер орталық билік аппараты әлсіз, аймақтық князьдардың билігі қуатты болған бытыраңқы мемлекеттің саяси құрылымы мәселелеріне қызығушылық білдірді. негізінен, құқықтық құжаттар мен олардың ел өмірін- дегі маңызын зерттеді. Тарих көбіне шытырман жайттардың әлдебір қорытын- дыларды көрсету мысалдарының жинағы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда біртұтас неміс тарихы немесе католик шіркеуінің тарихы (оның протестанттық германиядағы позициясы да әлсіз болды) бойынша мәтіндерді жариялайтын ғылыми қоғам құру өте қиын болды. Атақты неміс ғалымы готфрид Вильгельм Лейбниц (1646–1716) брауншвейгтік герцогтардың тарихнамашысы ретінде
ЕРТЕ ЖАңА дӘуіРдЕгі ТАРихи БіЛіМ 115
үштомдық «Брауншвейгтік тарихшылар» (1707–1711) еңбегін басып шығарды. Ол бұл еңбекке тек жергілікті құжаттарды енгізіп қана қоймай, жалпы герман тарихына қатысы бар мәтіндерді де қамтыды. 1764 жылы геттинген универси- тетінің профессоры и.К. гаттерер Тарих институтын құрып, ортағасырлық неміс қолжазбаларын және антикалық авторлардың туындыларының аудармаларын жариялаудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруды мақсат етті. Алайда бір- неше жылдардан соң қаржылық тапшылыққа байланысты институт жабылып қалған еді.
ғасырдың екінші жартысынан бастап бүкіл Еуропада ғылыми қоғамдар қалыптаса бастады, оларда «ғылым» жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитар- лық білімдердің бірлігі ретінде түсіндірілді. Тарихшы-эрудиттер бұл қоғамдарда өздерінің лайықты орнын алды. Олар Француз академиясы (1635), Лондондық корольдік ғылыми қоғамы (1660), Британдық антикварлар қоғамы (1686) тәріз- ді мекемелерді құру ісіне белсене асталысты. Оларда білімге деген құштарлық жоғары бағаланды, болмыстың құпия сырларын ашуда білімнің адамға қызмет ету қабілеті атап көрсетілді. Тарих, өз кезегінде, мемлекеттік және азаматтық өмірдің құрылымы бойынша пайдалы кеңестерді берді. Қауымдастықтардың ға- лымдары өздерінің жеке интеллектуалдық әлемін құрды. Эрудиттердің көптеген шығармалары жергілікті тарих, генеология, құқық мәселелері бойынша әбден тексерілген, кереметтей өңделіп жазылған жұмыс болып саналды.
Сонымен, тарихшы-эрудиттердің қызметтері толыққанды әдістеме- лік базаға арқа сүйеді, ал оның өзі – жалпы қолданыстағы философиялық теориялардан гөрі, зерттеу тәжірибелерін кеңейтудің нәтижесі болды. XVII–XVIII ғасырлардың барысында эрудиттер өткен дәуірлер туралы ауқымды мәліметтер жинақтады. XVIII ғасырда көне мұраларды жинаушылар мен жа- риялаушылар әлі де болса «нағыз» тарихшылар деп саналмаса да, эрудиттердің тарихы философиялық теориялардың үстемдік құрған кезеңінде айтарлықтай табысты болып, хіх ғасырда тарих ғылымын қалыптастырушы маңызды, құ- рамдас бөлікке айналды.
ғасырдағы университеттерде тарихшылар еркін өнер факультетінде шешендік өнер курсының аясында – классикалық және жалпы тарихты, тео- логия факультетінде – шіркеу тарихын, құқық факультетінде құқықтық және саяси тарихты оқытты. Бірақ оқытушылар көбінесе жаңа философиялық тари- хи білім мен эрудиттік тарих жұмыстарына тартылмады. университеттер мем- лекет пен шіркеу қызметкерлерін даярлады, тарих тек моральдық және саяси сабақ беру барысында қосымша пән ретінде пайдаланылды, алайда тарих деп аталатын курс әлі болмаған еді.
XVIII ғасырдың тарихшы-философтары әмбебап тарихи заңдар мәселелерін шешуді қолға алды. Табиғаттың құбылыстары оның жалпы заңдылықтарына ба- ғынғаны секілді, алуан түрлі оқиғалар қандай да бір тәртіпке бағына ма екен? Ертеректе Құдайдың жоспары дәуірлер арасын байланыстырушы рөл атқарды, ол адамзат тарихының үзік-үзік көріністеріне мән-мағына дарытып отырды. Ағарту дәуірінің философтары өткенді, бүгінгі мен болашақты бір-бірімен са- бақтастыра отырып, қоғамға оқиғалар желісін түсіндіретін жаңа әмбебап схема- ны ұсынды. XVIII ғасырдың интеллектуалдары арасында прогресс пен тарихи циклдер концепциясы айрықша беделге ие болды.
116 БЕСінШі ТАРАу
Бұл теориялар жаратылыстану ғылымдарына, математикаға, физикаға, и.ньютонның шығармаларына деген қызығушылықтың аясында қалыптасқан еді. Қоғам тарихын және әлем құрылымын зерделеу үшін танымның ортақ әді- сін қолдану көзделді. Сондай-ақ қоғам туралы мәселелер үнемі механикалық тұрғыдан баяндалып отырды. Философтардың ой-пайымдары бүкіл адамзат болмысы өзгермейді және біртұтас деген идеяға негізделді. Адам ежелгі дәуірде де, бүгінгі күнде де осы қалпында қала берді. Ағарту дәуірінің тарихшыларында замандастарының көзқарастарын өзге дәуір адамдарының құндылық жүйесінен бөлу қажеттігі туындамағаны тегін емес еді. Әлдебір мағынада өткен кезең та- рихтан тыс пайымдалды. Жалпы көзқарасқа сәйкес, барлық дәуірлердің адамда- ры бастапқыда бәріне ортақ ізгіліктер мен кемшіліктерге, сезім мен пайымдау қабілетіне ие болды. Қоғам рационал индивидтердің жиынтығы ретінде қарас- тырылды. Азаматтарға білім беру мен оларды тәрбиелеу жұмыстары бүкіл қо- ғамдық құрылымдардың өзгеруі үшін қажетті жағдайларды жасады.
Ерекше ақыл-ойға негізделген құрылымдар-әмбебаптықтар Ағарту дәуірі философтарының ерекше қызығушылығын туғызды, олардың көмегімен тарихи құбылыстар мен процестердің саналуандығын түсіндіру мүмкін болды. Мұндай көзқарас философиялық тарихтың авторларын өткеннің жекелеген «дауыста- рына» ерекше назар аударған зерттеуші-эрудиттерден айтарлықтай ерекшелеп тұрды. Адам ақыл-ойының тұтастығына ұмтылу, тарихтың барлық процесін жа- ңаша бейнеде көрсетуге деген талпыныс басым болды.
Қаншалықты қарама-қарсы болса да, мұндай тәсіл интеллектуалдардың өзге елдер мен өзіндік мәдениеті бар халықтарға деген қызығушылығымен қатар тұрды. Ұлы географиялық жаңалықтардың кезеңінен бастап еуропалық ой- шылдардың алдында күрделі мәселелер туындады. халықтардың әртүрлілігін олардың бір-біріне ұқсамайтын келбеттерімен, тілдерімен, дәстүрлерімен, мі- нез-құлықтарымен, заңдарымен қалай түсіндіруге болады? неліктен Батыстың озық тәжірибесі тек Көне әлемде ғана жүзеге асырылды? XVII–XVIII ғасырларда қоғамда түрлі халықтардың сыртқы белгілері де, олардың тұрмыстық ерекше- ліктері, басқару, наным-сенім, түп-тамыры, өнерлерінің формалары да, бірінші кезекте, климатының, ландшафтының, жерінің, ауасының географиялық фак- торларына байланысты болады деген бірқатар теориялар қалыптасты.
Бұл мәселелер француз философы, тарихшы әрі жазушы Шарль Луи Монтескьенің (1689–1755) «Заңдар рухы туралы» (1748) атты танымал трактатын- да егжей-тегжейлі зерделенді. Адам өміріне ықпал ететін ішкі заңдылықтардың мәнін түсінуге тырысқан автор кез келген халықтың шаруашылық және басқа- ру формасына, оның әдет-ғұрыптарына, дәстүріне табиғи жағдайлар айрықша ықпал етеді деген қорытындыға келеді. Сондай-ақ климаттық ерекшеліктер де әрбір халықтың ұлттық сипатын қалыптастырады. Монтескьенің пікірінше, не- ғұрлым жақсы мемлекеттік құрылым Англияда болған, ал ол, өз кезегінде, оның тұрғындарының сипатын анықтаған аралдардағы жайлы климаттың ерекшелі- гімен байланысты еді. Адамдар арасында ағартушылық қызмет жасай отырып, оларды одан сайын бақытты етуге талпынған мемлекет қайраткерлері халық- тың өзіндік қасиетіне сай анықталған жаңа заңдарды енгізуге тиісті болды.
XVIII ғасырда «мәдениет» пен «өркениет» ұғымдары кеңінен қолданыла бастады. Латын тілінен алынған бұл сөздер жаңаша мән-мағынаға ие болды.
ЕРТЕ ЖАңА дӘуіРдЕгі ТАРихи БіЛіМ 117
«Мәдениет» сөзі неміс ағартушыларының қолданысындағы француздың «өрке- ниет» ұғымының баламасы ретінде қолданыла бастады. Бұл «мәдениеттіліктің» немесе «өркениеттіліктің» қалыптасуының – өмір сүру жағдайын жақсарту, әді- летті заңдарды шығару, қатал мінездерді жұмсарту, талғамдар мен жүріс-тұрыс мәдениетін жетілдіру сияқты зайырлы процестің мағынасын білдірді. «Мәде- ниет» пен «өркениет» сөздерін белгілі бір халықтарды сипаттау үшін пайдалану, оларды өзара бір-бірімен салыстыруды, «мәдениеттіліктің» (бұл жерде еуропа- лық мемлекеттердің қазіргі таңдағы жағдайы ұғынылып отыр) ортақ үлгілі өл- шемімен сәйкестендіруді білдірді.
Қоғамдық өмір салты ретінде мәдениеттің тағы бір түсінігі неміс философы иоганн готфрид гердердің (1744–1803) «Адамзат тарихы философиясының идея- лары» (1784–1791) атты шығармасында ұсынылған еді. Оның пікірінше, әрбір ха- лықтың өзінің жеке, қайталанбас мәдениетінің формасы болады. Сол себептен бірегей, нормативті мәдениет жайында емес, бір-біріне ұқсамайтын көптеген әрі өзіндік құндылығы бар мәдениеттер туралы айту маңызды болды.
Алайда бұл ұғымның осы мағынасы кейініректе – XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы романтикалық тарихнамада ғана кеңінен қолданысқа ие болды. Ағарту дәуірінің философ-тарихшылары көптеген халықтарды жалпы адам болмысы тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік беретін мәдениеттің алғаш- қы сипаттамасын басшылыққа алды.
Осыған ұқсас мысалды француздың атақты ағартушысы Вольтердің (1694– 1778) «Халықтардың мінез-құлықтары мен рухы туралы және басты тарихи оқи- ғалар туралы тәжірибе» (1756–1769) атты шығармасынан көреміз. Бұл туынды- да Вольтер алғашқылардың бірі болып Еуропаның өткенін ғана емес, сонымен қатар жалпы адамзаттың тарихын қамтуға талпыныс жасайды. Мұндай тәсіл Библияда аты аталған халықтардың тарихы баяндалған, ал олардың бірлігі Адам ата мен хауа ананың ұрпақтарынан өрбігенінің нәтижесі ретінде қарастырылған теологиялық концепцияға қарама-қайшы болды. «Философиялық тарихқа» сай, адамдар бастапқыдан күнәһар болған жоқ, олар ерекше сый – ақылдың иелері. Ертеде табиғаттың алапат күштері, сондай-ақ инстинктілер мен құмарлықтар адамдарға бұл қабілеттерін толықтай пайдалануға мүмкіндік бермеді. Вольтер- дің және басқа да көптеген ағартушылардың пікірінше, тек жаңа заманда ғана адамзат өзінің тағдырын өзі анықтау үшін қажетті деңгейге жетті.
Вольтердің шығармасында адамзат табиғатының өзгермейтіні туралы ереже мәдениеттің дамуы, мінездердің жұмсаруы және халықтың «батылдық» қасиет- терінің қалыптасуы сияқты өркениеттің үдемелі қозғалысы идеясына қайшы кел- ді. Автордың ойынша, адамзат барлығы төрт рет қана қысқа мерзімге кездескен жоғарғы моральдық рух пен мінез-құлықтың арасындағы тепе-теңдікті орната алды, бұл нақты айтқанда, Александр Македонский, Рим императоры Августтың уақытында, Флоренциядағы Медичи мен Франциядағы XIV Людовиктің билігі ке- зеңінде болған еді.
Вольтер Ежелгі Қытай мен Үндістан, Жапония, Таяу Шығыс, Африка, Америка мен Еуропаның өркениеттері туралы жүйелі түрде жазды. Келтірілген мысалдар өркениеттік даму процесінің үздіксіздігін көрсетуге тиісті болды. Алайда түрлі халықтарда прогресс бірдей жүзеге асырылмады, сол себептен ақылдың біртұтас- тығы жағдайында дәстүрлер мен өмір салтының әртүрлілігі сақталды. Вольтердің
118 БЕСінШі ТАРАу
пікірінше, Батыс, әлемге деген рационал көзқарас тұрғысынан, Шығыстан, Амери- ка мен Африкадан озып кетті. Ағарту дәуірінің философтары прогрестің тарихын ғасырлар бойына созылған жалған наным-сенімдер мен қателіктердің құрсауы- нан ақылдың біртіндеп босауы ретінде түсіндірді. Еуропалық емес қоғамдардың
«артта қалуы» олардағы еркін ойды бұғаулайтын наным-сенімдердің, заңдардың, әдет-ғұрыптардың сақталуымен байланысты болды.
Вольтердің ойлағанындай, көптеген адамдар өздерінің жүріс-тұрыстарында және пайымдау тәсілдерінде толықтай рационал бола алмайды. Бірақ бұған қол жеткізгендер ендігі кезекте дұрыс заңдарды жасап, халыққа ақылды билеуші- лерді тағайындаулары керек болады. нәтижесінде барлық адамдар прогрестің жоғарғы мақсаты болған бақытқа қол жеткізе алар еді. Мұндай «философиялық тарих» барлық адамзаттың тарихына арналған жалпы анықтамалық модельдерді ұсынады, сонымен бірге бастапқыда философтардың назарын аударған деталь- дар мен түрлі құбылыстарға деген қызығушылықтары аз болғанын аңғартты. Вольтер әртүрлі халықтар жайында ілтипатпен және аса бір қызығушылықпен жазды. Бірақ айтарлықтай үлкен арақашықтықты сақтай отырып, «өзінің» өрке- ниетінің құндылықтар жүйесіне назар аударды.
Достарыңызбен бөлісу: |