Тарих indd



бет44/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
репина док

«Ресей және Еуропа» шығармасында Ресей империясының Балқан мен Қара теңіз- дегі сыртқы саяси ұлыдержавалық ұмтылыстары негізделді. Тарихи процестердің
XIX ҒАСЫРдЫң ТАРихШЫЛАРЫ МЕн ФиЛОСОФТАРЫ: ӨТКЕн ТАРих ТуРАЛЫ ТҮСініКТЕР 147

жаңа түсініктері авторда панславизм идеяларымен және Еуропа мәдениетіне сын көзбен қарау тұрғысынан бағамдалды. Либералдық бағыттағы интеллек- туалдар н.Я. данилевскийдің кітабына, оның идеологиясына сыни тұрғыдан баға берді. Мәдени-тарихи түрлер теориясы және автордың жаратылыстану ғы- лымдарының заңдары мен ережелерін тарихи білімге енгізу ұмтылысы кейінгі буын оқырмандарының ерекше қызығушылығын туғызды.


неміс философы Фридрих ницшенің (1844–1900) еңбектері автордың көзі ті- рісінде оқырмандар мен сыншылардың жағымсыз пікірлерін туғызды. ницше өзін өз заманыммен күресушімін деп атаған.
Философтың туындысы Батыс мәдениетінің негіздерін жоққа шығару мен оны жүйелі талдауға арналған еді. Оған фактіге сенген позитивизм, прогрестік дамуға («прогресс – бар болғаны сәнге айналған жаңа, сондай-ақ жалған идея») илану және христиан дінінің (философтың айтуынша, «құлдардың мораліне» сай) негізінде құрастырылған моральдық құндылықтар жатады. Автордың пікі- рінше, қазіргі әлемнің ең үлкен адасушылығы – адамдардың ойдан шығарыл- ған абсолютті ақиқаттардың, шығармашылыққа деген қабілетсіздік пен ауруға айналған әлсіздіктің пайдасына «өмірден», өз-өзінен бас тартуында. ницшенің
«Құдай өлімі» туралы, оның Батыс өркениеті тарапынан «өлтірілуі туралы» әйгі- лі пікірі жақын күндері келетін «құдіретті» адамның жаңа дәуірі туралы хабар- лауға тиіс болды. Құдай өлімінен кейін жалғыз қалған жаңа адам дәстүрлердің, ырымдар мен жалған наным-сенімдердің шырмауынан, мемлекетке бағыныш- ты болудан, арғы дүниенің елесінен арылып, өмірдің дүнияуи жаңа мәнін жа- сауы қажет еді.
ницше туындыларының ішіндегі анағұрлым маңыздылары – «Көңілді ғылым» (1882), «Заратустра осылай деген» (1883–1885) еңбектері. 1870 жылдардың ор- тасында философ «Беймезгіл ойлар» атты жалпы атаумен шығатын шығарма- лар циклін құрастыруды жоспарлады. ницше аталған циклге енуге тиіс болған жиырма еңбектің ішінен бар болғаны төртеуін ғана жазды. Олардың арасынан
«Тарихтың тіршілікке пайдасы мен зияны хақында» (1874) трактатын атап өтуге болады.
Трактатта хіх ғасырдың соңындағы тарихтың мақсаты туралы қоғамдық түсініктер және тарихи сананың белгілері сынға алынады. Философ заманауи ахуалды «тарихтың шектен шығуы» ретінде сипаттайды. Егер тарих ғылымы
«өмір ұстазы», еуропалық мәдениеттің рухани негізі ретінде баяндалып келге- нін назарға алсақ, бұл сипаттама бізге түсінікті болады.
ницшенің пікірінше, өткен дәуірлер туралы білімнің қазіргі адамға берер пайдасы жайында ойлану қажет. Осы пайдалылық тарихи пәннің мәртебесін анықтауға тиісті. Философтың пікірінше, өмір тарихтың ұстазы болуға лайық.
ницшенің пайымынша, тарихтың үш түрі болды – монументалдық, антиквар- лық және сыни тарих. Монументалдық тарих өткеннің қатпарларынан керемет- тей іс-әрекеттердің мысалдарын іздеді, үлгілерді, ұстаздарды, жұбаныштарды қажет еткен және өздерінің замандастары арасынан лайықтысын таба алмаған қызмет бабындағы адамдарды рухтандырды. Монументалдық тарих ұлы істер- ді түсінуді үйретуге және адамды іс-әрекетке шақыруға қабілетті болды. Бірақ ницшенің көрсеткеніндей, ол адамдарды жеңіл ерлік болып көрінетін істерге үндей отырып, оларды соғыстарға, революцияларға, адам өлтіруге итермелеп,
148 АЛТЫнШЫ ТАРАу

күтпеген апаттарға ұрындыруы мүмкін еді. Бұл тарих тұтастай бір дәуірлерге немқұрайды қарауға мәжбүрледі.


ницшенің ойынша, антикварлық тарих өткенді сақтаушылар мен құрметтеу- шілерге тиесілі болды. Бұл адам мен халықты өзінің отанымен, әдет-ғұрыпта- рымен байланыстыратын, бірақ жаңашылдықты қабылдамайтын дәстүрдің та- рихы. Антикварлық тарих үшін «ұсақтың, шектеулінің, шіріген және ескіргеннің бәрі өзінің ерекше, тәуелсіз құндылығы мен өзгенің қолсұғушылығынан сақтау құқығын иемденеді, өйткені антиквар адамның консервативті әрі пәк жаны құд- ды бір осы заттарға көшкендей болады және оларға жайлы ұя ретінде орналаса- ды».10 ницшенің пікірінше, мұндай тарих біртіндеп өмірмен байланысын жоғал- тып, шашыраңқы, пайдасыз фактілердің жиынтығына айналады.
Осы орайда, адамға «әрі қарай өмір сүру мүмкіндігіне ие болу үшін өткенді тас-талқан етіп күйретуге» күш беретін өткенді зерделеудің жаңа тәсілдері қа- жет болады. Сыни тарих бүгінгіге өткенді сынауға мүмкіндік берді. Философ «өз замандастарының үкімі әдетте әділетсіз болады, себебі ол объективті тұлғадан жоғары білімнен емес, дәстүрді қайта бағалау мен еңсеруге деген ұмтылыстан туындады» дейді. ницшенің пайымынша, өткен кезеңнің ұрпақтарына жасал- ған мұндай сот өте қауіпті. Ол қазіргі таңда өмір сүретін адамдарға әсер етеді, өйткені олар – алдыңғы буын өкілдерінің адасушылықтары, құмарлықтары, қа- теліктері мен қылмыстарының жемісі. Ұрпақтардың байланысы жойылмайды және өзі үшін өткеннің жаңа нұсқасын жасау ниеті адамдарды өздерінің болмы- сымен күресуге мәжбүрледі. Сондай-ақ өткенді сыни тұрғыдан пайымдау адам өмірінің мәні болып саналатын құтқарушы иллюзияны бұзды.
Автордың пікірінше, қоғамға үстемдік еткен тарих түсінігінің пайдасынан гөрі зияны көбірек тиді. Адам өткеніне жалтақтап өмір сүрді. «Тарихқа қанығу» өзіндік бейшаралықты, қарттықты, шығармашылық қабілетсіздікті сезіндірді. Кім тарихқа сенсе, сол өзіне-өзі сенуден қалды. Философтың жазғанындай, та- рихты тек мықты тұлғалар ғана көтере алады, ал әлсіздерді ол басып-жаншып тастайды.
хіх ғасырда тарихи білімді сынау тарихи танымның объективтілігі мәселесі төңірегіндегі маңызды пайымдармен толықтырылған еді. ницше фактілердің күші мен «объективті тарихтың» елесіне сенім артудың дәрменсіздігін көрсету- ге ұмтылды. Философтың ойынша, фактілер өздігінен мәнсіз болып келеді; та- рихшы оларды түсіндіру арқылы оларға мән-мағына береді. ницшенің пікірін- ше, тарихшыдан объективтілікті талап ету «сәтсіз мифология» болды. Жазатын тарихшы өнер туындысын жасайтын суретшіге ұқсайды. Сол себептен тарихи зерттеулердің нәтижесі тарихи шынайы бейне емес, тек көркемдік шындық қана болды. ницшенің пайымынша, тарихты объективті тұрғыда пайымдау – аса ыж- дағатпен драматургтың жұмысын жасауды, дәлірек айтсақ, затты тұтастандыру қажет деген болжамға сүйеніп (ондай ой ертеде болмаса да), шашыраған дүниені біртұтас дүниеге айналдыруды білдіреді.
неміс философының идеялары хх ғасырдың екінші жартысындағы тарихи білім үшін айрықша маңызды болды, өйткені бұл кезеңде зерттеушілер хіх ға- сырдан бастап тарихи пәнге негіз болған басты принциптерді қайта зерделеуге тырысты.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет