Тарих indd


Тарихи білімнің салыстырмалығы



бет52/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
Байланысты:
репина док

Тарихи білімнің салыстырмалығы


Тарихи білімнің позитивистік эпистемологиялық негіздерін қайта зерделеу релятивизм мен презентизмнің аясында жүргізілді. Позитивизмнің анағұрлым беделді әрі тұрақты сыншылары хх ғасырдың әйгілі ойшылдары Б.Кроче мен Р.дж. Коллингвуд болды. Олар да гегель сияқты, тарихи процесті рухтың даму тарихы ретінде қарастырды. Олар тарих зерттеушінің санасында табиғатқа қа- рағанда, объективті тұрғыдан бейнелене алмайды деп пайымдады. Табиғат пен тарих фактілерінің мағынасы бірдей емес. Табиғаттың фактілері – ғалымның тарапынан тікелей бақыланатын немесе оның зертханада жүзеге асыратын фак- тілері. Өткен заманда болған оқиғалар мен бүгінгі таңда енді қайталанбайтын жағдайларды тарихтың фактілері деп атаймыз. Олар бұдан былай тікелей қабыл- данбайтындықтан тарихи ойдың нысанына айналады. Тарихшының қолында тек құжаттар мен өзге де жәдігерлер, өткен кезеңнен сақталып қалған деректер ғана бар. Тарихшы қалай болғанда да олардан фактілерді құрастырып шығуға тиіс. Тарихи танымның ерекшелігі де осында, ал оны қазіргі кезде бар және бір- біріне қарама-қарсы қойылатын субъект пен объектінің арасындағы тікелей қа- рым-қатынас ретінде түсінетін танымның барлық теориялары тарихты ғылым
174 СЕгіЗінШі ТАРАу

ретінде көрсете алмайды. Алайда Р.Коллингвудтың пайымынша, «ақылдың ая- сындағы тарихи танымның теориясы» шындықтың өзіндік критерийлерін ұсы- нады, бұл – тарихшының ой-тұжырымдарының беделді тұлғалардың еңбекте- рінен алған ой қорытындыларына сәйкес келуі. Осы принциптердің арасында шынайылықтың жаңа критерийлерін іздеп табудың алаңы жатыр, онсыз дерек- терді сыни тұрғыдан талдау мүмкін емес.


италия тарихшысы әрі философы Бенедетто Кроче (1866–1952) өзінің алғаш- қы зерттеу жұмыстарын позитивист ретінде бастаған еді. Алайда «адам үшін немесе адамның тарихы үшін» ешқандай орын қалдырмаған позитивизмге тән болған тарихқа деген натуралистік тәсілдің шектеулі екенін ұғынған зерттеуші оқиғалардың жылнамасы ретінде емес, «сезім мен рухани өмірдің тарихы» ретін- де қабылданған ұлттық тарихты қалыптастырудың қажеттігін ұғынады. Кроченің философиялық көзқарастары айтарлықтай күрделі эволюцияны басынан өткере- ді. Ол неокантшылдық пен марксизмнің ықпалында бола отырып, соңында ге- гельдік «абсолютті рух» философиясына келеді.
Кроче «абсолютті тарихилық» деп атаған тарихи таным әдіснамасының негіз- гі теориялық постулаттарын «Тарихнаманың теориясы және тарихы» (1915) атты еңбегінде баяндап өтеді. Ол әрбір халықтың рухани дамуының үздіксіз сабақтас- тығын анықтауға ұмтылды, тарихты өткен мен бүгінгінің органикалық байланы- сы ретінде баяндады. Вико мен романтикалық тарихнаманың көзқарастарына жақын болған оның концепциясының басты пафосы тарихи даму процесіндегі, сондай-ақ таным процесіндегі өздерінің адамгершілік, құндылық негіздеріне сәйкес тарихты жасаушы белсенді тұлғаның рөлін мойындауға негізделген еді.
«Абсолютті тарихилықтың» негізгі постулаттарының бірі – тарихтың заманауи- лығы туралы тезис: кез келген шынайы тарих әрдайым заманауи болады, өйтке- ні дәл қазіргі сәтте біз үшін маңызды болған тарихты ғана білеміз.
Тарихи сана – іс-әрекеттің қажетті алғышарты, ал Кроченің концепциясында тарихты жасаушы еркін, ойшыл индивид болып саналады. Ол өзінің іс-әрекетте- рінде нақтыланған қоғамдық құндылықтар мен ережелердің жиынтығын, сон- дай-ақ адамдар танып біле алмайтын Құдайдың еркін басшылыққа алады. Та- рихты жасаушы тұлға бүгінгі күннің тұрғысынан өткенді басынан қайта өткізуге және пайымдауға тырысады. Оқиғалардың себептерін түсіндіруді Кроче басқа да идеалистік және позитивистік концепциялар мен тарихи материализмге тән сыртқы факторлардан (Құдай немесе заң) емес, ой процесінен іздеген еді.
АҚШ-та хх ғасырдың 20–30-жылдары тарихи білімнің салыстырмалығына сүйенген позитивизм сыншыларының (америкалық релятивизм деп аталған) қоғамдағы позициялары өте мықты болды. Олардың негізінде тарихтың объ- ективті бейнесін жасайтын зерттеушілерден тәуелсіз фактілердің – қатты «кір- піштерге» негізделген тарихтың классикалық парадигмасы қабылданбады. Аме- рикалық белгілі ғалымдар Ч.Бирд пен К.Беккер зерттеу жұмысының нәтижесіне тарихшының жеке ықпалының болмай қоймайтынын, өткенді объективтік тұр- ғыдан танудың мүмкін емес екенін, алдағы уақытта тарихи процестің табиғаты- на байланысты, тарихшы өзінің зерттеп отырған жұмысына немқұрайды қарай алмайтынын атап өтті.
Карл Лотус Беккер (1873–1948) зерттеушілерді «тарих – сыртқы әлемнің бір бөлігі және тарихи фактілер шынайы оқиғалардан тұрады» деген ой-пайымнан
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 175

бас тартуға шақырды. Америкалық негіздегі релятивизм презентистік нұсқаға айналды, оның бастапқы принципі өткенді осы күннің өнімі деп мойындауға не- гізделді. Өткен заман бүгінгінің проекциясы ретінде, шын мәнінде, зерттеушіден басқа тірегі жоқ, қиялдағы бейне ретінде суреттелді. 1930 жылдары америкалық тарихнаманың жетекші мектептерінің бірінің басшысы Чарлз Остин Бирд (1874– 1948) осы ережені дамыта отырып, Кроченің тарих – бар болғаны «өткен кезең ту- ралы қазіргі таңдағы ойлар» деген тұжырымын қолдады. 1933 жылы өзінің Аме- рикалық тарих қауымдастығына (оның жаңадан сайланған президенті ретінде) жазған әйгілі хатында Бирд мына ойды айтқан еді: «Тарих шындық, құжат немесе арнайы білім емес, ой ретінде бұл, шын мәнінде, «тарих» терминінің ең кең және жалпы мағынасын білдіреді».16 Бирд тарихи білімнің тарихшының фактілер мен зерттеу концепцияларын еркін түрде таңдауына негізделген сенім актісі ретін- дегі субъективті табиғаты туралы түсінікті дамытты. Өйткені тарихшының күші шектеулі, ол жаңа және қазіргі заманның кез келген оқиғасы туралы барлық фак- тілерді бірдей пайдалана алмайды. Сонымен қатар оларды субъективті тұрғыдан зерттеу үшін өмірдің жағдайлары мен табиғи қасиеттеріне сай іріктеп алады. нақты тарихи зерттеудің тәжірибесінде нәтижелердің салыстырмалы шынайы- лығы оның қорытындыларының ұсынылып отырған концепциялардың гипоте- тикалық негіздеріне сәйкестігімен анықталады.


Әрине, релятивизмнің «екпесі» тарихтың пәндік даралығын қамтамасыз ету үшін және өзіндік ғылыми құралдарын дамыту үшін қажет болды. Бірақ тарих- тың танымдық мүмкіндіктерін соншалықты – радикалды тұрғыдан қайта қарау ғылыми мәртебеден толықтай айырылып қалу қаупін төндірді. Тарихты түсін- дірудің кез келген мүмкіндіктері мойындалды: Беккер өзінің бір мақаласының атауында айтып өткеніндей, әрбір адам өзіне-өзі тарихшы болды. Алайда тари- хи білімнің объективті сипаты туралы түсініктерді жоққа шығарушылар кәсі- би деректерді сынау жұмыстарына негізделген еңбектерді мойындады. демек, олар тарихтың позитивистік әдіснамасының барлығын немесе барлығына жуы- ғын тәжірибеде қолданды.
Тарихи танымның ерекшелігі мен оның субъективті жағына назар аударатын ұстамды релятивизмнің презентизмнен айырмашылығы – оның кең ауқымды әдіснамалық базасы болды және ол синтездік концепцияларды құрастырудың бірқатар ұмтылыстарында көрініс тапты. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Қазан революциясы тудырған жаңа тарихи ақиқатты пайымдаудың, соған орай тарих ғылымының орны мен міндеттерін айқындаудың алғашқы тәжірибесі орыстың әйгілі ғалымы Роберт Юрьевич Випперге (1859–1954) тиесілі болды. Ол Батыс мәдениетінің терең дағдарысын қалыпты тәртіптің күйреуімен сипатталатын дәуірдің тікелей салдары ретінде қарастырды. Бұл тарихи түсініктердің барлық жүйесін түбегейлі түрде қайта зерделеуге алып келді. Мұның мәнін Виппер та- рих пәнін қайта пайымдау қажеттігінен байқады: жағдайлар тарихының орнын оқиғалардың тарихы басуы қажет. Басқаша айтсақ, ол зерттеу жұмыстарында да, оқытуда да әлеуметтік және мәдени тарихтың орнына алдымен саяси тарих және халықаралық қатынастар тарихы шығады деген ойда болды. Сөйтіп, соғыс пен ре- волюция жылдарында жинақталған өмірлік тәжірибе оқиғалардың, тұлғалардың, идеялардың басымдығын көрсете отырып, тарихқа деген көзқарасты түбегейлі түрде өзгертеді. Виппер әрқайсысы жекелей алынған материалистік тәсілдің де
176 СЕгіЗінШі ТАРАу



және идеалистік тәсілдің де жеткіліксіз, біржақты болатынын мойындай отырып, дегенмен де соңғысының жаңа буын адамдарының сұраныстарына жауап бере алатынын тілге тиек етті.
«Тарих әдіснамасы» атты ауқымды жүйелі курстың негізін қалаушы орыс ға- лымы А.С. Лаппо-данилевский таным процесіндегі субъектінің рөлін, ғылыми фактінің зерттеу шарттарына тәуелділігін, зерттеу нысаны мен тарихшы үшін шынайы болып саналатын нәрсенің арасындағы пайда болған және қалыптас- қан дүниетанымдар мен құндылық ережелерінің рөлін атай отырып, тарихи бі- лімнің синтездеуші сипатын барынша қорғаған еді.
Көрнекті орыс тарихшысы әрі діни философ Лев Платонович Карсавин (1882– 1952) жалпы жүйелі тарих концепциясында адамзат тарихын зерделеудегі жал- қылау және жалпылау тәсілдерінің бір-біріне қарама-қайшы қойылуына қарсы- лық білдірді. Өйткені кез келген жалқылық белгілі біртұтастықтың абсолютті көрінісі ретінде қабылданады. Л.П Карсавин прогресс идеясы даму процесінің қарама-қайшылығын ескермейді, осылайша өткенді де, бүгінгіні де дұрыс түсі- нуге мүмкіндік бермей, тарихтың мәртебесін төмендетеді деп есептеді. Ол тарих пәнін әлеуметтік (яғни, қоғамдық, саяси, материалдық және рухани мәдени) да- муда бірде-бірі өзгелерін анықтайтын себеп бола алмайтын біртұтас және үздік- сіз процестегі адамзат тарихы ретінде айқындады.
Л.П. Карсавиннің «Тарихқа кіріспе: тарихтың теориясы» (Введение в историю: Теория истории, 1920) және «Тарих философиясы» (Философия истории, 1922) атты еңбектерінде дамытылған тарихты зерделеудің тәсілдері туралы идеяла- рына оның замандастары тарапынан лайықты баға берілмеді. Ол идеялар отан- дық тарихнама үшін тек хх ғасырдың соңында ғана сұранысқа ие болды.
Британдық белгілі тарихшы әрі философ Робин джордж Коллингвуд (1888– 1943) тарихи білімнің пәнін «res gestae – адамдардың өткен дәуірде жасаған іс- әрекеттері» деп анықтады. Тарихи фактіні әрекет етуші тұлға ойының тарих- шы санасындағы қайта түрленуі ретінде ұғына отырып, ол дәлелдемелер мен ой-пайымдардың сипаттамаларына айрықша назар аударды. Коллингвудтың пікірінше, нақты ғылымдардағы білімді ұйымдастырудың бастауы болжам бол- са, тарихта фактілер болып саналады. Тарихи әдіс – «жеке алғанда құжаттар деп аталатын» фактілік мәліметтерді түсіндіру. Тарихи таным беделге де, жадыға да тәуелді емес. Коллингвуд тарихшы оқиға туралы қандай да бір мәліметтердің жоғалуы нәтижесінде толығымен ұмыт болғанды қайтадан қалпына келтіреті- нін тілге тиек етті: ол өзіне дейін ешкімнің біле алмағанын да аша алады деп атап көрсетті. Ғалым дереккөздерден алынған пікірлердің арасында олар бол- жаған өзге де пікірлерді интерполяциялайды (интерполяция – бір автордың шығармасына өзге бір адамның сөзін немесе пікірін қосу. – Ред.). Алайда интер- поляцияның бұл әрекеті ерікті түрде емес, бұл құрылым тарихи роман жазатын жазушының әдісінен өзгеше болып келеді, ол қолда бар мәліметтердің қажетті- гінен туындайтыннан басқа ештеңені қамтымайды.
Коллингвуд кәсіби тарихтың принциптерін былайша негіздеген еді: «Тарих- шы тарих ғылымына тән әдістерді пайдалана отырып, жұмыс барысында алдын- да тұрған кез келген бағдарламаның дұрыс шешімі қандай болатыны жөнінде өзінің жеке пайымын құрастыруға міндетті әрі оның оған құқығы бар».17 Басқаша айтсақ, тарихшы әрдайым ертеректе зерттелген фактілерді қайтадан зерделейді.
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 177

Оның қорытындылары, физиканың жалпыға маңызды қорытындыларына қара- ғанда, үнемі оның жеке алаңдаушылығы мен пайымдарына толы болады.


Коллингвуд тарихшы өткеннің кез келген оқиғасын зерттей отырып, атал- ған оқиғаның ішкі және сыртқы деп атауға болатын тұстарының аражігін ашып көрсетеді деп мәлімдеді. Оқиғаның сыртқы жағы деп ол денелер мен олардың қозғалыстарына қатысты терминдерде сипатталуы мүмкін барлық дүниелерді атады: Цезарьдің белгілі бір уақытта Рубикон атты өзеннен адамдардың жәр- демімен өтуі немесе басқа бір уақыттағы сенат ғимаратының еденіне оның қан тамшыларының тамуы. Оқиғаның ішкі жағы деп ол тек ой категорияларының көмегі арқылы ғана сипаттауға болатын құбылысты түсінді: Цезарьдің респуб- лика заңдарына қатысты пікірі немесе императордың конституциялық саяса- тының оны өлтіргендердің саясатымен қарама-қайшылығы. Коллингвуд тарих- шының жұмысы оқиғаның сыртқы жағын анықтаудан басталатынын, бірақ ол мұнымен ешқашан аяқталмайтынын атап өтті: «Ол оқиғаның іс-әрекет екенін және оның басты міндеті – осы әрекетке ойша ену, оның мақсаты бұл іс-әрекетті жасаушының ойын тану болғанын үнемі ұмытпауы қажет».18 Коллингвуд тарих- шы оқиғалардың себептері мен заңдылықтарын іздеумен айналыса отырып, та- биғат зерттеушілеріне еліктей алмайтынын және еліктеуі міндетті емес екенін дәлелдей келе, «себеп» секілді термин тарихи оқиғаларды сипаттауда ерекше мағынада қолданылады деп атап көрсетті. Тарихшы: «Брут Цезарьді не себептен өлтірді?» деп сұрағанда, оның сауалының астарында мынадай ой жатуы мүм- кін: «Брутты Цезарьді өлтіру туралы шешімді қабылдауға итермелеген қандай ой болды екен?». Тарихшы үшін оқиғаның себебі оны туындатқан адамның ойы- мен үндес болып келеді.
Коллингвуд «тарих адам өзін-өзі тануы үшін қажет» деп жазды: «Өзіңізді тану сіздің қандай іс-әрекеттер жасай алатыныңызды тану дегенді білдіреді, әрекет етпей, ешкім мұны біле алмайды. Сонымен адам нені жасай алады деген сұрақ- тың жауабы оның өткен кезеңдердегі іс-әрекеттерінде жатыр. Сол себептен та- рихтың құндылығы сонда – оның арқасында біз адамның не жасағанын, соны- мен бірге оның кім екенін біле аламыз».19
Коллингвуд ғылыми емес «қайшы мен желімнің тарихын» және «ғылыми та- рихты» бір-біріне қарама-қарсы қойды. Оның пікірінше, біріншісі өмірдегі шы- найы куәліктерді іріктеу мен топтауға негізделеді және ол кейінгі антика дәуірі мен орта ғасырлар үшін пайдалы болды. XVII ғасырдан бастап сыни тарих кең қолданысқа ие болады. Коллингвуд оның негізінде дерек мәліметтерінің шына- йылығын анықтау мәселесі жатқанын аңғарып, оны бар болғаны «қайшы мен желім тарихының» алуан түрлерінің бірі деп есептеді. Әрине, хіх ғасырда да деректердің шынайылық деңгейі қызығушылық тудырды, алайда «ғылыми та- рихтың» шеңберінде зерттеуші деректерден нені алғысы келетіні жайындағы мәселені шешуде жауапкершілікті сезіне отырып, деректерге талдау жасайды. Егер «қайшы мен желімнің тарихшысы» деректерді оқырманға берер ештеңе- сі жоқ дүние деген жорамалға сүйене отырып зерделесе, «тарихшы ғалым» сол мәліметтен бір қарағанда мүлдем басқа нәрсені айтып тұрғандай көрінетін, ал, шын мәнінде, ол өзі қойған сұраққа жауап беретін ақпарат алады. Ғалым тари- хи интерпретацияның тарихшының зерделеніп отырған дәуірдің контексіне ену ұмтылысына негізделген принциптерін әзірледі.
178 СЕгіЗінШі ТАРАу

Коллингвуд алғашқы болып «тарихи ойдың екінші өлшемі» немесе «тарихтың тарихы» туралы өзекті мәселені көтерді. Ол тарихи қиялдың әрекеті мен оның тәжірибесінің мақсаты арасындағы айырмашылықтар турасында ойлана келе былай деді: «негізінде, кез келген әрекеттің мақсаты – осында және қазір қа- былданған құбылыстың барлық жиынтығын бастапқы материал ретінде, дамуы оның пайда болуына алып келген тарихи өткен дәуір туралы логикалық қоры- тынды жасау үшін қолдану болды. Алайда тәжірибе жүзінде бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес. Мұндағы ұғым енді ешқашан тұтастық ретінде қабылдан- бақ емес, сондай-ақ оны түсіндіру де мүмкін емес, ал өткен ешқашан толығымен қамтыла алмайды».20 Сонымен қатар тарихи зерттеулердің деректік базасында- ғы әдістері мен теориялық негіздеріндегі үздіксіз өзгерістерге байланысты қан- дай да бір нәтижелер түпкілікті болмайды. «Әрбір жаңа ұрпақ тарихты өзінше қайта жазуы қажет, ал әрбір жаңа тарихшы бұрынғы сұрақтарға берген жаңа жауаптарына қанағаттана бермейді: ол сауалдардың өзін қайтадан зерделеуге тиіс. Ал тарих дегеніміз екі рет бойлауға болмайтын ағын су болғандықтан, бел- гілі бір уақыт көлемінде белгілі бір нысанмен жұмыс жасай отырып, жекелеген тарихшының өзі де ескі мәселеге оралуға тырысқанда, оның да өзгеріп кеткенін байқайды».21 Коллингвуд атап өткендей, мұның бәрі тарихи скептицизмнің пай- дасына шешілетін дәйектер емес. Бұл тарихи-тарихнамалық зерттеудің маңыз- ды принципінің тамаша негіздемесі болып саналады: әрбір зерттеушінің тарихи процестегі алатын белгілі бір орны болады және ол оған дәл қазіргі сәтте ұстана- тын көзқарасы тұрғысынан ғана қарайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет