Тарих indd


Ғылыми зерттеудің сыни әдісі мен принциптері



бет50/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Ғылыми зерттеудің сыни әдісі мен принциптері


деректерді ғылыми тұрғыдан зерттеудің принциптері бірте-бірте жасалды, олардың қалыптасуына әртүрлі елдер мен түрлі дәуірлердің ғалымдары өз үлес- терін қосты. Соның негізінде шынайы оқиғалар аңыздармен араласып кеткен дәстүрлі тарихнама қайта зерделенді. Сыни талдаудың әдістері тарихнаманың дамуына жол ашты.
168 ЖЕТінШі ТАРАу

Сыни әдістің негізін қалаушы неміс ғалымы Б.г. нибурдің айрықша еңбегінің нәтижесінде тарих ғылымы тамаша жетістіктерге қол жеткізді. Ол тарихшының еңбегі мынадай екіжақты міндетті орындаумен анықталады дейді. Біріншіден, шынайы ақпаратты анықтау мақсатында деректерге сыни талдау жасау, екінші- ден, алынған мәліметтердің негізінде тарихи ақиқатты қалпына келтіру.


хіх ғасырдың ортасындағы тарихшылар тарихи фактілердің объективтілігі туралы мәселе көтермеді. Ғалымдар «өздері үшін өзі сөйлейтін» фактілерді жи- науды негізгі қызметтері деп санады. Фактілер жайында белгілі бір сенімге негіз- делген ұстаным болды. Тарихи мәтіндерді сын тұрғысынан мұқият тексергеннен кейін ондағы фактілердің шынайылығы анықталған және бұл мәтіндер қандай да бір түсініктемені қажет етпейді деген нық сенім мен фактілердің культі орын алды. Өз заманының (зерттеушілердің көптеген буындарына үлгі болған) бедел- ді тарихшысы А. фон Ранке осы әдісті қолданған еді. Ғалым тарихшының негізгі миссиясы өткен тарихи кезең «шын мәнінде қалай болса», оны дәл солай зерделеу деп білді. Зерттеушінің өткеннің құжаттарын талдау барысында өзінің жеке «ме- нін», субъективті ойын, мүддесін, дүниетанымын шектей білуі ол үшін мүлтіксіз әділетті міндет болып саналды. Тарихшы фактілерді дәлме-дәл, боямасыз сипат- тауы керек. Ол үшін түпнұсқа тарихи мәтіндерге, беделді деректерге назар аудару басты ереже болды. деректерге жан-жақты әрі объективті талдау жасау үшін өт- кеннің оқиғасын қайта қалпына келтіруді тарихи нарратив түрінде, яғни баяндау түрінде ұсыну қажет. Ранкенің, оның көптеген замандастары мен ізбасарларының пікірлерінше, оқиғалардың жүйелілігін сипаттау әрекеті ғана дүниежүзі тарихы- ның шынайы барысын анықтауға жол ашады.
Тарихи фактіні түсіну барысында хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ға- сырдың басындағы позитивистер Ранкеге анағұрлым жақын болды. Олардың бірі – фактіге табынуды жазба деректерге табынуға айналдырған француздың әйгілі тарихшысы нюма дени Фюстель де Куланж (1830–1889) еді. «Мәтіндер, тек мәтіндер, мәтіндерден басқа ештеңе емес» ұстанымына сүйене отырып, ол өт- кен кезең тарихшы үшін деректер түрінде көрінеді деп сенді, сондықтан тарих ғылымын «құжаттарды ақылдың тезіне салып талдау» деп түсінді.
Фюстель де Куланждың отандастары Шарль Виктор Ланглуа (1863–1929) мен Шарль Сеньобос (1854–1942) хіх ғасырдың тарихнамалық тәжірибесін қоры- тындылай келе, өздерінің «Тарихты зерттеуге кіріспе» (1897) атты әйгілі еңбек- терінде деректерді сыни тұрғыдан талдаудың ережелерін ұсынды. Ұзақ уақыт
«позитивистік тарихилықтың библиясы» іспеттес болған бұл шығармада мына- дай ойлар айтылды: «Тарих құжаттар арқылы жазылады. Құжаттар – белгілі бір кезеңдерде өмір сүрген адамдардың қалдырған ойлары мен іс-әрекеттері. Адам- зат баласының ойлары мен іс-әрекеттерінің тек өте аз бөлігі ғана өзінің соңында айқын із қалдырады. Кей кезде бұл іздер ұзаққа бармайды: оларды санадан өші- ру үшін қарапайым кездейсоқтық та жеткілікті. Артында із қалдырмаған немесе іздері жоғалып кеткен кез келген ой мен іс-әрекет тарихтан ешқашан орын ал- майды. Құжаттардың болмауының салдарынан адамзаттың өткен кезеңдерінің ауқымды тарихы мәңгілікке беймәлім болып қалады. Еш нәрсе де құжаттарды өзгерте алмайды: олар болмаса, тарих та жоқ».13
Сонымен қатар олар әрбір құжаттың нақты әдістерге сүйене отырып және аса сақтықпен сыни тұрғыдан зерттеуді талап ететініне ерекше назар аударды.
XIX ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 169

Ал бұл іс-шара тарихшы жұмысының негізгі әрі ең басты бөліктерінің бірін құ- райтын эвристикаға (белгілі бір мәселені зерттеу үшін қажетті құжаттарды іздеу және жинау) жол ашуға тиіс болды. Жеткіліксіз деректерді талдау барысында барлық ережелерді қолдану айтарлықтай қателіктер мен бұрмалауға алып келе- ді. Қосалқы пәндерге, олардың тарихшыны кәсіби тұрғыдан даярлау барысын- дағы рөліне ерекше мән берілді. Құжатты дайындаудың бұл жолдарына сәйкес келетін екі мәселені анықтап алу қажет: біріншіден, құжат авторының ойын анықтау, өйткені ол адал («шынайылықты сынау») болмауы мүмкін; екінші- ден, оның шынымен сол мәселені білетінін анықтау керек, өйткені ол қателесуі («дәлдікті сынау») де мүмкін. Авторы белгісіз жағдайда жаңа мәселе туындайды: сынау автордың жұмыс жағдайын ойша жүзеге асыра отырып қана жасалады, ал беймәлім куәліктер берілген жағдайда тек бір ғана тәсілді – құжаттың жалпы сипатын зерттеу тәсілін қолдана алады.


Ланглуа мен Сеньобос тарихи танымның өзіндік қиындықтарын ескере оты- рып, тарихшының өткен кезеңнің шындығын толықтай бақылай алмайтынын, оның тек қазіргі күндегі шындықпен ұқсастығы бойынша ғана біле алатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар факті ұғымы мен оның абсолютті объективтілі- гіне деген сенім, ғылыми әдістің әмбебаптығына деген ұстаным өзгерді. Тарихи фактілерді жанама жолмен, сондай-ақ олардан қалған белгілер арқылы ғана білу мүмкін болғандықтан, тарихи білім тікелей бақылауға негізделмейді. демек, тарих ғылымының әдісі оңтайлы ғылымдардың, яғни тікелей бақылауға негіз- делген геологиядан басқа барлық ғылымдардың әдісінен түбегейлі ерекшеленуі қажет. Шынында да, тарихшы тарихи ескерткіштер деп аталатын өткеннің ізін тікелей бақылай алады, одан әрі қарай ол тарихи сынның принциптерін басшы- лыққа ала отырып, ой-тұжырымдар арқылы әрекет етеді. Ланглуа мен Сеньо- бос бақылауға негізделген барлық ғылымдарда ой-тұжырымдар үшін бастапқы нүкте бақылау фактісі болса, тарихшының бастапқы нүктесі – құжат, зерттеу жұ- мысының соңғы нәтижесі өткеннің фактілері болып саналатынын ерекше атап өтеді. Осы аталған бастапқы нүкте мен соңғы нәтиженің арасында қателікке жол берілетінін білсе де, оған тәуекел ете отырып, бір-бірімен тығыз байланысты бірқатар қорытындылар жасалуы керек. Тарихи немесе жанама әдіс жоғарыда аталған жайттарға байланысты тікелей бақылауға негізделген әдістен анағұр- лым әлсіз болып келеді. Бірақ осы әрекет қана тарихшыларға шындықты анық- тауға көмек береді.
Ланглуа мен Сеньобос тарихи әдістің маңызды бөлігі саналатын деректерге сыртқы және ішкі бағытта сыни талдау жүргізумен қатар, алынған шашыраңқы фактілердің синтезі мәселесіне ерекше назар аударып, шектелген фактілерді ғы- лыми тұтастықта біріктіру үшін қажетті әрекеттердің біртұтас жүйесін құрастыр- ды. Біріншіден, бұл – тарихшының қиялында өткеннің фактісіне тікелей бақылау жасау арқылы алатын бейнеге өте ұқсас бейне туғызу. Екіншіден, бұл – қазіргі құбылыстардың жиынтығы өткен кезеңнің құбылыстары жиынтығымен сәйкес деген болжамның негізінде алынған фактілердің жиынтығы. Үшіншіден, бұл фактілердің қатарындағы (сақталған деректердегі іздердің жоқтығына қатысты) беймәлім мәселелерді пайымдар мен ой-тұжырымдар жасау арқылы толтыру еді. Төртіншіден, бұл жалпы белгілерді (аталған процесс соңғы нәтижеге алып келеді және тарихи құрылымды ғылыми көзқарас тұрғысынан қарастырады) анықтауға
170 ЖЕТінШі ТАРАу

мүмкіндік беретін кейбір формулаларға қатысты көптеген фактілердің мәлімет- тері болып саналады. Бесіншіден, бұл – жұмыстың нәтижесін баяндау.


Әлем әдебиетінде тарихи танымды неокантшылдық позиция тұрғысынан па- йымдаған алғашқы іргелі зерттеу ретінде орыстың әйгілі тарихшысы Александр Сергеевич Лаппо-данилевскийдің (1863–1919) екітомдық «Тарих әдіснама- сы» (Методология истории) (1910–1913) атты еңбегін атауға болды. Бұл туынды Санкт-Петербург университетінің студенттеріне оқылған дәрістерінің негізінде құрастырылған оқу құралы ретінде жарияланған еді. Аталған оқулықта алғаш рет тарих әдіснамасының анықтамасы тарихи-ғылыми білімнің ерекше саласы ретінде негізделген.
неокантшылдық әдіснамасы аясында Лаппо-данилевский осы уақытқа дейін өзінің өзектілігін жоймаған тарихи танымның маңызды мәселелерін көтерді: олар – тарихи білімнің принциптері, бағалау критерийлері, тарих ғылымының танымдық мақсаттары мен нысаны, тарихи фактінің ерекшелігі, деректанудың әдіснамасы және т.б. Лаппо-данилевский тарихи білім теориясының (тарихи танымның бастапқы принциптерін анықтайтын), деректану әдіснамасының (принциптер мен тәсілдерді анықтайды, тарихшы олардың негізінде өзіне жақ- сы таныс деректерді пайдалана отырып, өзін қызықтырған фактінің болғанын растайды) және тарих құрылымы әдіснамасының (тарихшы оның принциптері мен тәсілдері арқылы, сондай-ақ оның көмегімен бұл фактіні түсіндіре алады) арасындағы тығыз байланысты атап өтті. дерек адам психикасының жүзеге ас- қан өнімі, адам шығармашылығының іске асқан формасы ретінде қабылданды. Автордың тарапынан деректердің негізгі түрлері, оларды классификациялаудың принциптері, интерпретация әдістері мен сыни тұрғыдан зерделеу мәселелері қарастырылған еді.
Тарихшы жекелеген оқиғаларды зерттейді, алайда шынайылығы әртүрлі бол- ғандықтан, оны өзіндік ерекшелігімен бейнелеуге болады. Онда фактілік мате- риалды оның тарихи маңызы мен құндылығы идеясына сай іріктеу жұмысын жүзеге асыру қажет. Алайда тарихшы жеке тұлғаның тарихи маңызы жайында тек оның құнды мазмұны бойынша ғана емес, сонымен қатар оның шындық деңгейі немесе ықпалы бойынша да баға береді. Жекенің құндылығы мен әсе- рінің ұштастырылуы тарихи фактілерді іріктеп алудың критерийі болып сана- лады. Тағы бір мәселе – зерттеліп отырған нысанның құндылығын түсіну мен сезіну негізінде оның тұтас бейнесін құрастыру. Сонымен бірге әрбір жекелеген факті өзінің даралығында тұтастықтың ажырамас бөлігі ретінде анықталады.
Тарихи танымның субъективті жағын тану барысында тарихшының жоғары кәсібилігі, деректерді қатаң түрде сыни тұрғыда талдауы, синтездік жұмысты жүргізудің нормалары мен ережелерін қолдануы тарихи тұрғыдан сипаттаудың ғылымилығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі мүмкін. Зерттеудің ғылыми әдістерін пайдаланатын және өткеннің куәліктерін сыни тұрғыдан зерделейтін тарихшының негізі берік. Ғылым деректің құндылығын анықтауға бағытталған тәсілдердің жиынтығын сын деп атайды. Ғылыми сынның міндеті – деректерде- гі әртүрлі кемшіліктер мен олқылықтарды ашып көрсету, оны түсіну мен оның шынайы мәнін қалпына келтіру.
XIX ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 171
Әрине тарихшының қолындағы материалдар өзінің мәні бойынша зерттеліп отырған нысанның тек бір бөлігін ғана көрсетеді. Ал өткеннің біртұтас бейнесі әлдеқашан жоғалып кеткен және ол тек тарихшы қайта қалпына келтірген дә- режеде ғана болады. демек, тарих – қолда бар деректер мен тарихшы пайдала- натын жанама мәліметтердің негізінде саналы түрде қалпына келтірілген адам- заттың өткенінің бір бөлігі ғана. Сонымен қатар Ланглуа мен Сеньобос қосымша деректердегі өзге тарихшылардың қорытындыларын пайдаланбау талаптарын сынға алды: «Қорытынды жасау үшін алдымен миллиондаған фактілерді жинау- ға тура келетін тарих сияқты, күрделі ғылым үнемі қайта-қайта жазылмайды. Тарихи құрылым қолжазбалар бойынша жасалмайды, сондай-ақ тарих та тек уа- қытты үнемдеу үшін ғана жазылмайды. Ғылымды дамыту үшін мыңдаған жеке- леген жұмыстар арқылы қол жеткізген қорытындыларды біріктіру керек».14
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет