Тарих indd


Тарихтың пәні мен мәртебесі туралы пікірталастар



бет48/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
репина док

Тарихтың пәні мен мәртебесі туралы пікірталастар


Тарих ғылымында позитивистік бағыт ғасырдың соңына дейін үстемдік етті. хіх ғасырдың соңы мен хх ғасырдың басында тарихи таным дұрыс таңдалған объективті критерий (онымен нақты шындық салыстырылады) мен деректер- ге қатаң түрде сыни талдау жасау негізінде зерттеулер жүргізуге айрықша кө- ңіл бөлді. Классикалық позитивизмнен бастау алған номотетикалық бағыттың өкілдері қоғамды оның құрамдас бөліктерінің өзара функциялық байланыстары ретінде түсіне отырып, қайталанбалы және себеп-салдарлық тәуелділік идеяла- рына сүйеніп, әлеуметтік-тарихи танымның объективті әрі позитивті сипатта- рына баса назар аударды.
XIX–XX ғасырлар аралығында француз әлеуметтанушысы Эмиль дюркгейм (1858–1917) О.Конттың көптеген қағидаларын сынға алған еді. Ол әлеуметтік шындық жекелеген тұлғаларға ерекше әсер ететін, индивидтердің әрекеттері- мен тең әсерлі құбылыс деп санады. дюркгейм, бір жағынан, жеке дәлелді қыз- метке қатысты алғанда, сыртқы және оған әсер ететін әлеуметтік факторларды, екінші жағынан, құндылықтық-нормативтік факторларды есепке алды. Соны- мен қатар әлеуметтік статика да, әлеуметтік факторлардың күрделі құрылымы ретінде көрсетілген қоғамның эволюциясы да қарастырылды.
дюркгеймнің әлеуметтану мектебінің өкілі Франсуа Симиан (1873–1936) та- рих пен әлеуметтануды бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, тарих ғылым емес және ол еш уақытта ғылым бола алмайды деп пікір білдірді. Өйткені ғылым тек жалпы, ал тарих тек жеке және бір рет қана болған жайттармен айналысады деп есептеді. Тарихи синтез теориясының негізін қалаушы француздың әйгілі философы әрі әлеуметтанушысы Анри Берр (1863–1954), керісінше, хіх ғасыр- дың соңында-ақ позитивистік эмпиризмді сынға алып, тарих пен басқа білім салаларының арасындағы бытыраңқылықты еңсеруді ұсынды. Тарихты ойдың нақтылануы деп атай отырып, ол тарихтың маңызды міндеттерін – тарихи фактілерді сыни әрі ғылыми талдауға негізделген синтезден, ал дамудың бас- ты жолын – дәстүрлі эрудиттік тарихнаманы әлеуметтанумен және тарихтың философиясымен біріктіруден көрді. Берр «Тарихи синтезге шолу» («Revue de synthese historique», 1900–1914, содан кейін «Синтезге шолу» «Revue de synthese») атты теориялық журналдың негізін қалады, тарихшылар, әлеуметтанушылар, философтар, экономистер, этнографтар мен әртүрлі елдердегі жаратылыстану ғылымының өкілдерін біріктірген халықаралық синтез орталығын құрды, сон- дай-ақ «Адамзаттың эволюциясы. Ұжымдық синтез» атты көптомдық тарихи монографиялардың сериясын жасады. Берр өзінің басты идеяларын «Тарих- тағы синтез» (1911) атты кітабында баяндады. Ол тарихта каузалды (себептік)
XIX ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 157

байланыстардың үш түрі бар деп есептеді: қарапайым бірізділіктер – кездейсоқ фактілер, тұрақты себептер – қажетті фактілер, тарихи дамудың логикасын қа- лыптастыратын, оның бағдарын және қарқынын білдіретін ішкі рационал бай- ланыстар. Сонымен қатар «ішкі себептілік» адамның іс-әрекеттерінің мотивте- рімен байланыстырылды, яғни жеке психологияның саласымен шектелді.


Тарихи сын әдісі пайда болған ел – германия тарихшыларынан басқа хіх ға- сырдың соңында нақты-тарихи зерттеулермен айналысқан тарихшыларды тари- хи білімнің теориялық мәселелері аса қызықтыра қоймады. неміс тарихшылары сол уақыттарда әлемдік тарихнамада жетекші орынға ие болды, өткен кезеңді бейтарап әрі шынайы ғылыми зерттеу жұмыстарын жасауға анағұрлым қолайлы пән ретінде көрді. Сол себепті олар XVIII ғасырдың авторларын «партиялығы», яғни идеялық-саяси текетіресте кез келген тарапты ашық түрде қолданғаны үшін сынға алды.
Алайда бұл кезеңде позитивизмді сынау әрекеті белең алып, тарихи таным- ның ғылыми-жаратылыстану танымынан өзгешелігі туралы идеяны бекіту және оның ғылыми мәртебесін қорғау ұмтылыстары қолға алынды. дегенмен қоры- тындыларының объективтілігі олардың жалпы қабылданған немесе айтарлық- тай дәйектелген критерийлерге сәйкестігі ретінде ғана шектеулі түрде қарас- тырылған еді. Қабылданған дәстүрлі түсініктерге қарама-қарсы тарихи таным процесінде таным субъектісінің белсенді рөлі бекітілді.
Бұл мәселелер төңірегіндегі ымырасыз келіспеушіліктер, әсіресе хіх ғасыр- дың 90-жылдары көптеген көрнекті неміс тарихшылары қатысқан әдіснамалық пікірталастарда анық көрінді.
Бұл пікірталастардың бастамашысы тарихшы Карл Лампрехт болды, оның полемикалық мақалалары сыни пікірталастар туғызды. 1897 жылы ол ғылым- ның мақсаты детальдармен жұмыс жасау және құбылыстардың айырмашылығы туралы фактілерді растау емес екенін жазды. Ғылым біз табиғатта және тарих- та бақылап жүрген көптеген жекелеген фактілерді жалпы ұғымдардың жүйесіне енгізуге тиісті. Бұл анықтама тарихта да, сондай-ақ өзге де ғылымдарда да қол- данылуға әбден лайық. дегенмен Лампрехт кездейсоқтық пен ерік бостандығын тарихи процестің факторы ретінде мойындағанына қарамастан, тарихи зерттеу- лер себептердің толық тізбегін эмпирикалық тұрғыдан анықтау мен нақтылауға ешқашан қол жеткізе алмайды деп есептеді. Лампрехт өзін тарихшы-психолог- пын деп атай отырып, кез келген іс-әрекет психологиялық жағдайларға тәуелді болатынын тілге тиек етті. Бірақ бұл жердегі сөз тіптен жеке психология төңі- регінде емес, әлеуметтік санадағы өзгерістерді түсіндіруге қабілетті әлеуметтік психология жөнінде болып отыр. Бұл өзгерістер ғалым тарапынан, қоғамдық өмірге ықпалы тұрғысынан не жеке, не ұлттық айырмашылықтары маңызды деп мойындалмаған қатаң схемаға енгізілді.
Табиғат туралы ғылымдар мен мәдениет туралы ғылымдардың ең маңыз- дысы болып саналатын тарих ғылымының ерекшеліктері пікірталастағы өзекті мәселе болды. Табиғат туралы ғылымдар – номотетикалық (табиғат заңдарын зерттейтін) және генерализациялайтын (жалпылайтын), мәдениет туралы ғы- лымдар идеографиялық (суреттейтін) және даралайтын болып белгіленді.
немістің әйгілі мәдениет тарихшысы әрі философы Вильгельм дильтей (1833–1911) рух пен табиғат туралы ғылымдардың қарама-қайшылығын оларда
158 ЖЕТінШі ТАРАу

қабылданған материалды зерттеу тәсілдеріне сай құрды. Ол тарих объективті әлемді емес, субъективті ұстанымдардың, мақсаттардың, жоспарлар мен уәж- дердің жүзеге асырылуын зерттейді деп есептеді. Сондықтан түсіндіруді әдіс ретінде таңдаған жаратылыстану ғылымдарына қарағанда, тарих өз алдына тү- сіну, яғни өткеннің адамдарының психикаларына интуитивтік (тікелей «бірлесе уайымдау» арқылы) тұрғыдан ену міндетін қояды. Түсіну айрықша әдіс ретінде ғылыми-жаратылыстанулық танымда қолданылатын тиімді құралдардан ерек- шеленетін танымдық құралдардың арнайы жиынтығына назар аударды. Оларға ғылыми тұрғыдан тексеруге бағынбайтын «сіңісу», «сезіну» жолдары және өзге де иррационал тәсілдер арқылы қол жеткізіледі. Әркімнің өткен және оның ма- ңызды оқиғалары туралы өзіндік түсінігі болуы мүмкін, оның өзі саяси, ұлттық мүдделерден бастап тарихты игеру үшін қажетті қиял, интуициямен аяқталатын, өзге де құштарлықтармен сипатталатын тұлғалық қасиеттермен анықталады.


Егер номотетикалық бағыт көп жағдайда позитивизммен байланысты болса, идеографиялық бағыттың теориялық алғышарттары мақсатты тұжырымдау мен ерік еркіндігі туралы и.Канттың идеяларынан бастау алды. Тарихтың неокант- шылдық философиясының ірі өкілдері В. Виндельбанд пен г.Риккерт тарихи та- нымның шегін анықтауға талпыныс жасады.
Вильгельм Виндельбанд (1848–1915) жаратылыстану (жалпылық туралы но- мотетикалық ғылымды) мен тарихты (жекелік туралы идеографиялық ғылым- ды) бір-біріне үзілді-кесілді қарама-қарсы қойды. Жалпы заңдардың формула- сын жасау жаратылыстанудың міндетіне кірсе, жекелеген фактілерді сипаттау тарихтың міндеті саналды. Тарихи ақиқат жекелеген қайталанбас оқиғалардың әлемі ретінде бейнеленді.
Осыған жақын пікірді генрих Риккерт (1863–1936) білдірген еді: тарих – рух туралы ғылымдардың бір түрі, табиғат туралы ғылымдардан бөлек идеография- лық білім, философияға да, әлеуметтануға да бағынбайтын номотетикалық бі- лім. Философ Виндельбанд іс жүзінде ғылым мен тарихтың арасындағы бір емес, екі айырмашылықты анықтағанын атап өтті. Біріншісі жалпылайтын және жеке- лейтін ойдың аражігін ажырату болса, екіншісі – бағалайтын және бағаламайтын ойды жіктеу деп көрсетті. Оларды біріктіре отырып, ғылымның төрт түрін бөліп көрсетті: бағаламайтын және жалпылайтын немесе таза жаратылыстану ғылы- мы; бағаламайтын және жалпыламайтын табиғат туралы квазитарихи ғылымдар (мысалы, геология); бағалайтын және жалпылайтын әлеуметтану немесе эконо- мика сынды квазиғылыми тарихи пәндер; бағалайтын және жекелейтін ғылым немесе өз мағынасындағы тарих ғылымы. Сонымен ғылымның төрт түрі біртұ- тас шкаланы қалыптастырады. Оның бір жағында – абстрактілі ойлаудың шек- ті жағдайы, ал екіншісінде шындықты білудің жеке өмір сүру аясындағы шекті жағдайы тұрды. Тарихи зерттеулердің ерекшелігі оның нәтижелерінің жалпы- ланған ой-пайымдарда емес, жекелеген мазмұндары бар топтық ұғымдарда көрініс беруінде. Бұл жерде салдар себептердің тікелей қажеттілігінен туындап отырған жоқ. Тарихи зерттеулердің нәтижелерін бағалау кейбір ғылымға дейінгі критерийлерге және маңызды әрі маңызды емес түсініктерге негізделген құн- дылықтардың жүйесіне сәйкес жүргізіледі.
Риккерт тарихи заңдардың бар екенін, сондай-ақ тарих ғылымының оларды түсіну қабілетін де жоққа шығарды. Ол тарихи даму ұғымы мен тарихи заңдар
XIX ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 159

түсінігі бір-бірін жоққа шығаратынын дәлелдейді, өйткені заңда кез келген құ- былыс бірнеше рет қайталануы мүмкін, ал даму тарихқа бұрын-соңды болмаған құбылыс ретінде енеді. Риккерттің пікірінше, тарихтың міндеті жалпыны зерт- теуге және заңдарды ашуға бағытталған жаратылыстануға қарама-қарсы түрде шындықты оның шексіз әртүрлілігімен бейнелеуде деп атап өтті. Тарихи зерт- теулердің нәтижелерін бағалау кейбір ғылымиға дейінгі критерийлерге және маңызды әрі маңызды емес түсінікке негізделген құндылық жүйесіне сай жүзеге асырылады.


Заңдылық идеясын тарихи танымның жетекші принципі ретінде жоққа шығарып және жекелеген құбылыстармен, ал олардың міндетін аталған құ- былыстарды жүйелеумен шектей отырып, неокантшылдар тарихи танымды субъективтіліктің аясынан шығаруға бағытталған құндылықтар туралы ілім қа- лыптастырды. Виндельбандтың жіктемесі бойынша, діни құндылықтар, ал олар- дан кейін эстетикалық, этикалық және логикалық құндылықтар жоғарғы құнды- лықтар деп жарияланды. Бұл жерде құндылықтарды мәдени қауымдастықтың барлық мүшелері бірдей мойындағандықтан, ол жалпыға ортақ сипаты бар және жорамал ретінде түсінілді. дәл осы жалпыға ортақ мәдени құндылықтарда
«объективтілік» орын алды, өйткені, Риккерттің пікірінше, тарихи маңыздылық белгілі бір жеке тұлға үшін ғана емес, барлығы үшін де маңызды болды.
XIX–XX ғасырлар аралығында орын алған пікірталастар тарихшылардың өз- дерін табиғат және тарихи танымның әдістері туралы ойлануға мәжбүр етті. Осы уақытта еуропалық университеттерде тарихтың әдіснамасы жүйелі түрде оқы- тыла бастады, тарихи танымның ерекшеліктерін, сонымен қатар жаңадан бас- таушылар үшін «тарихқа кіріспені» анықтайтын алғашқы жалпылама зерттеулер жарыққа шықты.
хх ғасырдың басында неміс тарихнамасының көрнекті өкілі, антикалық дәуірдің тарихшысы Эдуард Мейер (1855–1930) тарихтың міндеттері мен та- биғатына қатысты позитивистік көзқарастарды сынады, сондай-ақ әлеуметта- нулық жалған тарихқа қарсы шықты. Ол 1890 жылдары тарихнамада үстемдік еткен, өздерінің міндеттері тарихи құбылыстарды байланыстыратын себептік заңдарды ашу деп есептеген атақты тарихшы-позитивистердің (К.Лампрехт- тің, К.Брейзигтің т.б.) идеяларына қарсы пікір білдірді. Мейер былай деп жазды:
«Тарихи заңдар тек идеяларда, постулаттар түрінде ғана өмір сүреді. Сол секілді жаппай құбылыстардың шеңберінде, мысалы экономикалық тарихта, қандай да бір заңдар жоқ, тек ұқсастық жолымен шығарылған эмпирикалық жалпылама- лар ғана бар. Шындығында, бұл жалпыламалар фактілерді анықтау мен топтау
барысында айрықша рөл атқарады. Сонымен қатар белгілі бір дәрежеде бол- жамды ықтималдылыққа айналдырады, бірақ мұндай әрбір болжам фактілік ма- териалдардың негізінде арнайы тексеруді қажет етеді».11
Егер тарихтың міндеті – тарихи оқиғалардың барысын анықтайтын жалпы заңдарды ашу десек, онда, Мейердің пікірінше, жағымсыз элементтер ретінде маңызды үш фактор жойылады: кездейсоқтық, ерік еркіндігі және адамдар- дың идеялары. Тарих үшін маңыздылық қалыпты немесе қайталанбалығымен теңестіріледі, ал даралық, бар болғаны, жалпы заңдардың орындалуының мы- салына айналады. Мейердің ойынша, тарихи ойдың шынайы нысаны тура ма- ғынасындағы оқиға, өзіндік қайталанбас факті болып саналады, тарихи заңдар
160 ЖЕТінШі ТАРАу

деген мүлде жоқ, ал жағдай мен ерік еркіндігі тарих қатпарларынан оның мәнін бұзбай жойылмайды.


Өз уақытында болған көптеген оқиғалар мен тарихшылар тарапынан зерт- телуі мүмкін санаулы ғана оқиғалардың аражігін ашу зерттеушілерге қиындық туғызған еді. Мейер үшін тек белгілі бір салдары бар оқиғалар ғана тарихи оқи- ғалар санатына жатты. Өзі өкілі болған қоғамның және тарихшының мүдделері- не негізделген іріктеудің жаңа принципін енгізе отырып, тарихшының назарын аударатын нысандардың санын шектеуге тырысты. Тарихшы шешімін табуға тырысқан мәселелерді туындатады, сөйтіп, материалды зерделеу үшін қажетті шарттарды құрастырады. Бұл субъективті элемент – кез келген тарихи білімнің маңызды факторы. Біз қандай да бір кезең туралы анағұрлым құнды ақпарат- ты иеленгенімізге қарамастан, осы уақытқа дейін айтарлықтай сенімді болған зерттеулердің нәтижелерін өзгерте отырып, ол туралы бұрынғыдан көп мөл- шерде біле аламыз.
Мейердің концепциясы немістің әйгілі ойшылы Макс Вебердің (1864–1920) тарапынан сынға ұшырады. Вебер оқиғалық-жеке тарихты мойындаса да, шын- дықтың жалпы белгілерінің танымалдығына назар аударды. Олардың зерттеуші- лердің өз арасында зерделеніп отырған ақиқаттың сипатты белгілеріне қатыс- ты белгілі бір келісіміне негізделген теорияның, ғылыми модельдің деңгейінде құрастырылған мінсіз түрмен сәйкестігін атап көрсетті. Вебер мінсіз түр – бұл зерттеушінің өз еркімен емес, «ақиқаттың белгілі бір элементтерін ойша күшей- ту» жолымен құрастырған аналитикалық құрылым деп атап көрсетті. Ол жал- пылау тәсілін пайдалану арқылы неокантшылдыққа тән табиғат пен мәдениет туралы ғылымдарды бір-біріне қарама-қарсы қоюға үзілді-кесілді қарсы болды. Вебер Мейермен болған пікірталас барысында тарихтың міндеті – «шынайы ғы- лыми жұмыстың» іргетасын қалайтын фактілерді жинау деген ойдың негізінде әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары арасында қатаң шекаралар орна- туға қарсы шықты. неокантшылдық тарихнаманы сынға алуды жалғастыра оты- рып, ол «өкінішке орай, тарихшылар тарихтың кәсіп ретіндегі ерекшелігін негіз- деуге ұмтыла отырып, осыған байланысты тарихи зерттеудің ғылыми жұмысқа қарағанда сапасы мүлде басқа нәрсе деген жаңсақ ұғымның туындауына өздері мұрындық болған еді» деп пікір білдірді. Алайда тарих ғылымы теориялық, тіпті номотетикалық ғылым болып саналады, өйткені ол эмпирикалық зерттеудің қа- жетті алғышарты ретінде теориялық білімді қажет етеді.
Мәдени құбылыстардың бірегейлігіне назар аударған Риккертке қарағанда, Вебер қайталанбалы элементтерге ие шындықтың сипатты белгілерін ізде- ді. Сол себептен оның құрастырған ұғымдары тек мінсіз ғана емес, сондай-ақ түрлі болып саналады. Вебердің пікірінше, тарихшылар болған оқиғаны «сол күйінде» қалпына келтіріп, тарихи ақиқатты нақты бейнелей алмайды, олар тек оқиғаның шынайы белгілеріне негізделген өздерінің бастапқы ой түйіні- не сүйене отырып, сондай-ақ ғылыми ұғымдар жүйесінің көмегімен олардың мазмұндық сипаттамасын анықтай келе, оқиғаның ғылыми бейнесін шығар- машылық тұрғыдан құрастырады. Сонымен мінсіз түр тарихи ақиқаттың эле- менттерінен құрастырылады және оны тану үшін қызмет етеді. Сонымен қатар болашақтағы ойлау құрылымы ретіндегі мінсіз түр сол бір тарихи құбылыстың өзге де гипотетикалық құрылымдарының, ғылыми модельдерінің өмір сүру
XIX ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 161

мүмкіндіктерін меңзейді. Соған орай, шындықты зерттеу үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдерді, белгілі бір мәдени-тарихи құбылыстың жалпылама бейне- сін жасау үшін түрлі әдістемелерді пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бірақ егер танымның басты құралы субъективті категория болса, оның көме- гімен алынған білім шындықты талап ете ала ма? Вебер бұл сұраққа жауап бере отырып, неокантшылдық құндылықтар теориясын айтарлықтай дәрежеде жаң- ғыртты, соңғыларын тарих әлеміне көшіре отырып, оларды қоғамның мәдени дамуының өніміне айналдырды. Зерделеніп отырған құбылысты өзінің табиға- ты бойынша тарихи құндылықтарға жатқызу абсолютті емес, бірақ гипотетика- лық шындықты алуға мүмкіндік береді. Веберлік мінсіз түр танымдық процесте тарихи материалдың схемасын жасамайды, бірақ, керісінше, осы материалға байланысты өзінің де түрін өзгерте алатын немесе керек десе, зерттеуші тара- пынан мүлдем жоққа шығарылатын ғылыми модель ретінде көрінеді. Мінеки, осылайша қазіргі тарихи эпистемологияның тарихи таным теориясы негізі қа- ланды. дегенмен мінсіз түр туралы веберлік ілім әлемдік ғылымда хх ғасырдың


соңына қарай ғана мойындалған еді.
Макс Вебердің еңбектерінде хіх ғасырдың парадигмасымен белгілі бір са- бақтастығын сақтап қалған тарихтың жаңа парадигмасының негіздері бейнеле- не бастады. Алайда тарих ғылымының әдіснамалық тұрғыда қайта құрылуының табиғи процесін ғасырдың басында оның жалпы дағдарысын тудырған апаттық жағдайлар тас-талқан еткен еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет