Тарих indd


XX ҒАСЫРДАҒЫ ТАРИХ: ТАРИХИ ТАНЫМДАҒЫ ДАҒДАРЫСТАР МЕН РЕВОЛЮЦИЯЛАР



бет51/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

XX ҒАСЫРДАҒЫ ТАРИХ: ТАРИХИ ТАНЫМДАҒЫ ДАҒДАРЫСТАР МЕН РЕВОЛЮЦИЯЛАР


Уақыты өтіп кеткеніне қарамастан, кез келген оқиғалар қазіргі жағдайдың қажеттігіне бағытталып, фактілерді түсінуге көмектеседі.


Бенедетто Кроче

хх ғасырдың барысында тарих ғылымы бірнеше рет түбегейлі өзгерістерді ба- сынан кешірді, ғалымдар оны бетбұрыстар деп атады. Бұл өзгерістер ғылымның нысанын, оның мазмұнын, мәселесін, зерттеу әдістерін және ең соңында кәсіби- ғылыми әрі әлеуметтік мәртебесін түсінуге бағытталған еді.


хх ғасырдағы тарихнаманың дағдарысы ғылыми парадигмалардың, таным- ның принциптері мен әдістерінің ауысуымен, сондай-ақ тарих ғылымының әлеуметтік мәртебесінің өзгеріске ұшырауымен байланысты болды. Кейбір сәттерде кез келген білім саласында оның үстемдік ететін ғылыми моделі ғы- лыми қауымдастықтың жаңа нәтижелерін түсіндіруге қауқарсыз болады. Ғы- лымның эмпирикалық мәліметтері мен оның теориялық постулаттарының арасында айырмашылық алшақтай түсті. дағдарыстың кезеңі – ғылымның ескі парадигмасын бұзу мен өзгерген өмір шындығына сәйкес келетін оның жаңа бейнесін белсенді түрде іздеу кезеңі. Сол себептен ол қызу әдіснамалық пікір- таластармен, өзара бәсекелес зерттеу стратегияларының пайда болуымен, ғы- лымның танымдық алаңының айтарлықтай кеңеюімен сипатталады.
хх ғасырдағы тарих ғылымының дағдарысы кейінгі жүзжылдықтағы тарихи танымның қарқынды дамуының заңды жалғасы болып саналады. Соның нәти- жесінде тарих туралы теориялық білімді оның анағұрлым кеңейе түскен эмпи- рикалық базасымен сәйкестендіру қажеттігі пайда болған еді.
Ескі ғылыми парадигманы қайта зерделеу процесі хіх–хх ғасырлардың то- ғысында-ақ тарихи және жаратылыстану-ғылыми танымдардың арасындағы принциптік айырмашылықтың мойындалуынан басталған еді, мұның нәти- жесінде тарихтың бейнесі түбегейлі өзгерді. Алайда хх ғасырдың алғашқы он- жылдығында тарих нақты, жалқы, қарапайым элементтерге бөлінбейтін тарихи фактімен жұмыс істейтін ғылым екенін ешкім жоққа шығармады. Бірінші дү- ниежүзілік соғыстың қарсаңында және оның барысында позитивизмге қарсы батыл шабуыл жасалды. Ғасырлардың тоғысында басталған әдіснамалық дағда- рыс соғыс жылдарында шарықтау шегіне жетіп, тарих ғылымының да мәселесі- не айналды.
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 173

Тарих қоғамның өзіндік санасының формасы бола отырып, оның әрбір мәсе- лесіне жіті көңіл бөледі және бұл жағдай өзекті болған сайын, олардың ғылымның ахуалына деген ықпалы арта түседі. Мінеки, сол себептен тарих ғылымындағы дағдарыс мәселесінің анық байқалатын және оны күрделендіре әрі шиеленісті- ре түсетін әлеуметтік аспектісі болды. Ғасыр басындағы алапат аласапыран өзі- нің барлық мәселелерін үйлесімді жолмен шешуге қабілетті Батыс өркениетінің үдемелі дамуы туралы оптимистік сенімнің тас-талқанын шығарды. Прогресс теориясы өзінің мәнін жоғалтып, өткеннен қандай да бір үлгі іздеп табуға де- ген қызығушылық арта түседі. Оптимистік сеніммен қатар, өткенді жан-жақты, терең түсінуге негіздейтін қабілеті бар, болашақты болжай алатын өмірдің дана ұстазы ретіндегі тарихтың бейнесі де бұлыңғырлана түсті. Тарих қажет пе деген өзекті мәселе туындады.



  1. ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы ғылыми ойдағы – физика- дағы революция тарихи танымның негізгі принциптерін қайта зерделеуде ма- ңызды рөл атқарды. Альберт Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы мен физика, математикадағы өзге де әйгілі жаңалықтар әлемнің жаңа, релятивистік бейнесін (механикалық теорияның орнына келген) негіздеген еді. Ал ол мате- рияның қозғалысы арқылы кеңістік пен уақыттың органикалық байланысын және жаратылыстану-ғылыми заңдардың ықтимал сипатын, соған орай ғылыми шындықтың ықтимал, салыстырмалы табиғатын мойындаудан шығады.

Люсьен Февр бұл ғылыми революцияның жаһандық маңызы туралы нақты атап өткен еді: «Ғалымдар (дұрысы, ғылымды қалыптастыратын, дамытатын және зерттеулерді жай ғана ой елегінен өткізіп қана қоймай, көбінесе олармен толығымен айналысатын зерттеушілерді) меңгерген барлық жаңа концепция- лардың нақты бастапқы нүктесі – ғылымды дүр сілкіндірген, менің замандас- тарымның жас кездерінде оларға ерекше әсер еткен салыстырмалылықтың ұлы әрі драмалық теориясы». 15




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет