неміс тарихшысы әрі философы Освальд Шпенглер (1880–1936) өзінің
«Еуропаның ақыры» (1918–1922) атты әйгілі кітабында «ғылыми тарихты» дә- йекті түрде жоққа шығаруға тырысқан. Зерттеуші табиғат пен тарихтың кере- ғарлығы ғылыми және өмірлік тәжірибенің қарама-қайшылығымен тең болған танымның екі бөлігінің арасындағы үлкен қарсылықты қалыптастырады деп санады. Басқаша айтқанда, тарих – өмірлік тәжірибенің бастапқы және түпнұс- қа формасы ретінде ғылыммен ешқандай байланысы жоқ сала. Шпенглер та- рапынан тарихтың ғылымилығын мойындамау тарихи құбылыстар әлеміндегі сабақтастықты жоққа шығару арқылы жүзеге асырылады. Оның құрылымда- рында тағдыр идеясына айрықша көңіл бөлінді. Тағдырды ұғыну, яғни тағдыр үстемдік етіп отырған тарихты түсіну ғылыми танымның тәсілдеріне бағынбай- ды. Түйсік тарихи танымның басты әдісі болып саналады.
неміс ғалымының пікірінше, тарих – өзара тұйықталған мәдени білімнің тіз- бегі. Әрбір мәдениеттің өмір сүруі мен дамуының әртүрлі қырларын білдіретін ерешке сипаты бар, алайда олардың барлығы биологиялық ағзаның өмірлік цик- лін еске түсіретін ұқсас циклдерден өтеді. Шпенглер тарих арқылы өркениет- тердің өміршеңдігін сипаттауға тырысады, олар пайда болады, қалыптасады, дамиды, құлдырайды және жойылады, оның пайда болуын, өзгеруі мен жоға- луын өзінің табиғаты анықтайды. Цикл алғашқы қарабайыр дәуірден басталады, одан кейін саяси ұйым, өнер және ғылым дамиды – гүлдену дәуіріндегі архаи- калықтан классикалыққа дейінгі формалары декаданс дәуірінің консерватиз- мімен алмасады; соңында мәдениет жаңа варварлықпен ауысады және оның соңы болады. Сонымен ойшыл жергілікті құрылымдардың тұйықталу идеясын мәдени-тарихи циклдердің теориясымен ұштастырады. Бұл жерде Шпенглердің теориясы мәдениеттің циклдік даму фазаларын ғана емес, сондай-ақ олардың мерзімін де анықтайды. Мәдениеттің әрбір фазасы сол уақыттарда өмір сүрген индивидтердің өздерін қалай ұстағандарына қарамастан, оңтайлы сәті келген кезде келесі фазаға автоматты түрде ауысып кетеді. Шын мәнінде, ешқандай та- рихи процесс болған емес. Адам қандай да бір іс-әрекет жасаса да, ақырғы нәти- же үшін оның ешқандай маңызы болмайды.
Шпенглердің әдіснамасы объективтілікке үміткер өткеннің анықталған бей- несін қалпына келтіруге арналмаған. Ол тарихи егжей-тегжейлікке жол бермей, болашақтың теңдессіз әрі кең ауқымды бейнесін жасауға арналған. Ғалымның тарихты ұғынуға деген ұмтылысы Батыс өркениетінің сын сағатындағы тағды- рын түсіну мақсатымен байланысты еді. хх ғасырдағы тарихи ойдың тарихын- да өткенмен тілдесу бар болғаны болашақты батыл түрде болжайтын бастапқы меже ғана болып саналатын болжамдардың қатарын толықтырды. Тарихи де- ректерді талдаудың орнын ешқандай межемен шектелмеген авторлық қиялдың еркіндігі басады. Мұнда қандай да бір тексерілетін дәлелдемелер туралы сөз болмайды. Сол себепті Шпенглердің әдіснамасы кәсіби тарихшылардың өткір әрі әділ сынына тап болғанына таңданбайсың.
182 СЕгіЗінШі ТАРАу
Британдық көрнекті ғалым Арнольд Тойнбидің (1889–1975) 1934 жылдан бас- тап жарыққа шыға бастаған он екі томдық «Тарихты ұғыну» («Тарихты зерттеу») атты еңбегінде адамзаттың қоғамдық өмірі тарихи зерттеулердің нысанына айналды. Тойнби адамзат тарихын дамудың өзара ұқсас ішкі схемасы немесе функциялық заңы бар бірқатар жергілікті өркениеттерге (өз кезегінде, бастап- қы, екінші, үшінші болып бөлінетін) бөледі. Өркениеттің пайда болуы, қалып- тасуы мен құлдырауы сыртқы құдайлық түрткі, үндеуі мен жауабы, ақырында, кетуі мен қайта оралуы сияқты факторлармен сипатталады. Осылайша кейбір шеңбер бойынша заңды қозғалыстар мойындалады. Тарихи уақыт антикалық тарихнама мәнерінде белгілі бір дәрежеде циклдік деп түсініледі. Циклдерді анықтауға, уақыт бойынша дамуын бағалауға мүмкіндік беретін салыстырулар мен ұқсастықтар ерекше маңызға ие болады. Сондай-ақ тарихшы көрсеткен негізгі бес өркениеттердің (батыстық, шығыс-христиандық, исламдық, үнділік, қиыршығыстық) әрқайсысы алдыңғы өткен кезеңдегі өркениеттердің белгіле- рін иемденеді.
Тарихшының көп міндеттерінің ішінде анағұрлым маңыздылары – тари- хи процестің қоғам деп аталатын негізгі құрылымдық элементтерін тану және ажырату, сондай-ақ олардың арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу. Әрбір қоғам қарабайыр немесе өркениетті болып келеді. Қарабайыр қоғамдардың көпшілігі әдетте салыстырмалы түрде ірі емес, олардың географиялық тұрғыда қоныстануы мен өсіп-өну кеңістігі шектеулі және ғұмырлары ұзақ болмайды, ол өркениетке жетпеген қоғамның шапқыншылығының салдарынан немесе өрке- ниетті қоғамның зорлығынан көбінесе қасіретпен аяқталады.
А.Тойнби негізгі катеогрияларға жалпыға ортақ мемлекет пен шіркеуді жат- қызды, олар – қоғамның ішінде пайда болған және соған орай қоғамның бар- лық саяси әрі діни өмірін өздеріне шоғырландырған ұйымдар. Тойнби осы алғы- шарттарды негізге ала отырып, басты мәселеге – өркениеттерді салыстырмалы түрде зерттеуге кіріседі: олар қалайша және неліктен пайда болады, дамиды, өледі. Содан кейін, зерттеу жоспарына сәйкес, ол әмбебап мемлекеттер мен шір- кеулердің табиғатын, ерлікке толы дәуірлерді және өркениеттердің арасындағы кеңістік пен уақыттағы байланыстарды зерделеуге ден қояды.
Тойнбидің пікірінше, тарихты Құдай идеясы басқарады, оны түсіну үшін тек түйсік мен шабыт қажет. Жеке тұлғалардың шығармашылығы Құдайдың жос- пары аясындағы прогресті тасымалдаушы болады. Соған қарамастан, ол объек- тивтік танымның мүмкіндіктерін жоққа шығармайды. Тойнби тарихты тарих- шы тарапынан бақыланатын, тіркелетін және сұрыпталатын дайын фактілердің жиынтығы ретінде қарастырады.
Шпенглер мен Тойнбидің көзқарастарында көптеген ортақ белгілер бар. Мұн- дағы басты айырмашылық – Шпенглердегі мәдениеттер бір-бірінен оқшау жа- тады. Кеңістік пен уақыт аясында оқшауланып қалған бұл мәдениеттердің өзара байланыстарын, олардың арасындағы ұқсастықтарды тек тарихшы ғана анық- тай алады. Тойнбиде бұл қарым-қатынастар сыртқы сипатқа ие болса да, өрке- ниеттер өмірінің бір бөлігін құрайды. Ол үшін кейбір қоғамдар өзгелермен біріге отырып, тарихи процестің үздіксіздігін қамтамасыз етуі керек.
Соғыс жылдарының аралығында тарихи-мәдени мәселелер аясында та- рихи өткенді түсіну мен оны зерделеу әдіснамасын айтарлықтай байытқан
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 183
тамаша нәтижелерге қол жеткізілді. Ол нәтижелер көпшілік жағдайда хх ға- сырдағы тарихи ойдың тарихында өзінің айшықты қолтаңбасын қалдырған нидерландтық ғалым йохан хейзинганың (1872–1945) қызметімен байла- нысты болды. хейзинга XIV–XV ғасырлардағы Франция мен нидерландтағы өмір салты мен ойлаудың формаларын зерттеуге арналған өзінің «Орта ға- сырдың күзі» (1919) атты әйгілі кітабында тарихи білімнің жаңа бағыты – менталдылық тарихы жайында алғашқы болып пікір білдірді. Ғалым бұл ұғым- ды пайдаланбай-ақ, өткенді танудың маңызды деректерінің бірі ретінде адам- ның жан дүниесінің күйзелістеріне, ішкі сезімдеріне назар аударды. Автор әртүрлі деректердің ауқымды материалдарының негізінде көмескіленіп бара жатқан ортағасырлық мәдениет өкілдерінің ішкі алаңдаушылықтарының, се- зімдерінің, құштарлықтарының, үміттері мен үрейлерінің, әлемге көзқараста- рының ерекше сипаттарын, сол уақыттағы адамдардың мінез-құлық стерео- типтері мен өмірлік ұстанымдарын қайта қалпына келтіретін оның өмірінің соңғы сатысының керемет бейнесін суреттейді.
хейзинганың тарихилығы оның XV ғасырдың мәдениеті элементтерінің үз- діксіз өзгеріп отыратыны туралы жалпы баяндауында айрықша көрінеді. Оның бейнелеуінде бұл әлем динамикаға толы, түрлі-түсті, мұнда ескі жай солып қана қоймай, өзгермелі тарихи ақиқатпен күрделі қарым-қатынасқа түседі.
хейзинга тарихи детерминизм мен тарихтағы болжам мүмкіндігін жоққа шығарады. Ол: «Тарих бір жағдайдан басқа еш нәрсені болжай алмайды: адами қарым-қатынастардағы маңызды өзгерістердің ешқайсысы алдыңғы буын өкіл- дерінің ойында бейнелеген формаларымен сәйкес келмейді. Біз оқиғалардың өзімізге елестете алатыннан мүлдем бөлек бағытта дамитынын білетін сияқты- мыз»,22 – дейді.
Зерттеуші тарихи білімнің қажеттігін адамға тән абсолютті қажеттілік деп есептеді және мәдениеттің біріктіруші элементі ретінде тарихтың басты мәнін толықтай негіздеп берді. Ол «тарихи білім дегеніміз – мәдениет» деген пікір біл- дірді. Сондықтан тарих дағдарыс кезеңінде адамдардың рухани келісімге қол жеткізуінің қажетті құралы бола алады. хейзинга тарихты рухани форма ретінде анықтады, онда мәдениет өзінің өткені туралы есеп береді. Оның шығармашы- лығында тарихтағы адам тақырыбы бұрынғы тарихи-философиялық еңбектер- де байқалмаған теңдессіз шабытпен бейнеленеді. Ол тарихи антропология мен мәдениеттану сынды қазіргі кезеңдегі ғылымның қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бастамасы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |