Тарих indd


«Идеологияның қызметшісі»



бет55/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

«Идеологияның қызметшісі»


Cаяси-идеялық жағдайлар антикалық дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін та- рихнамаға әрдайым елеулі әсерін тигізіп келді (әлі де ықпал етіп келеді). Тек белгілі бір елдегі саяси режим мен әлеуметтік жағдайларға тікелей тәуелді ғы- лымның ішкі әлемі мен оның қамтыған саласындағы ықпалдың қарқыны ғана өзгеріп отырады. Алайда әртүрлі елдердің тарихындағы идеологиялық қысым бейтарап жылнамашы еңбегіне айтарлықтай кедергі келтірді. Мәселен, хх ғасыр- дағы кеңестік тарихнамада саяси-идеялық мазмұнға ерекше назар аударылды.
184 СЕгіЗінШі ТАРАу

Әрине, революцияға дейінгі Ресейде кәсіби даярлықтан өткен және жан-жақты жетілген ғалымдар ретінде қалыптасқан тарихшылар елде жұмыстарын жал- ғастыра берді, бірақ партиялық және мемлекеттік бақылау жыл сайын үдей түсті.


Ресейде кеңестік биліктің орнауымен бірқатар жаңа ғылыми-тарихи орта- лықтар пайда болды. 1919 жылы Ленинградта Материалдық мәдениет тарихы- ның мемлекеттік академиясы (ММТМА), ал 1921 жылы Мәскеуде халық ағарту комиссариатына бағынған тарих институты құрылды. Ол институт қоғамдық ғылымдардың ғылыми-зерттеу институттарының ресейлік ассоциациясына (ҚҒҒЗиРА) біріккен бес мекеменің бірі болды. 1927 жылы Ленинградта инсти- туттың бөлімшесі құрылды. 1926 жылы назарын орыс тарихының ескерткіш- теріне аударған тұрақты тарихи-археографиялық комиссия құрылған болатын. 1926 жылы Коммунистік академияның жанынан тарихшы-марксистердің қо- ғамы құрылды, оның «Тарихшы-марксист» атты жеке баспа ұйымы болды. Со- нымен бірге орта мектептерде тарих пәнін қоғамтану пәні алмастырды, уни- верситеттерде тарих факультеттері жабылып, тарихтың ерте кезеңдері оқу бағдарламасына енгізілмеді.
1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардың басында ғылыми мекемелер- дің жұмыстарының басты мазмұны қоғамдық-экономикалық формациялардың мәні мен сипаты туралы бітпейтін пікірталастарға арналды. уақыт өте келе пар- тия тарих мекемелерінің жұмысына араласа бастады, пікірталастардың барысы мен ғалымдардың тағдырлары халық комиссарлары кеңесінің және БКП (б) ОК қаулыларымен анықталып отырды. Мысалы, «БКП (б) ОК тарихының қысқаша курсының» (1938) шығуына байланысты партиялық үгіт-насихат жұмыстарын жөнге қою туралы» БКП (б) ОК қаулысында «М.н. Покровскийдің тарихи мек- тебінің антимарксистік бұрмалаушылықтары» туралы сөз болды. Зерттеушілер 1930 жылдардан бастап 1940 жылдардың басына дейін ғылымның партиялық- идеологиялық жүйенің талаптарына толық бағынғанын, марксизмнің кез келген ғылыми баламаларын жою мен өзіндегі ғылыми ізденістерге жол бермеу шара- ларының болғанын көрсетті.
1934 жылы мектептерде тарихты оқытудың жаңа реформасы жүргізіліп, уни- верситеттерде тарих факультеттері қайта қалпына келтірілді. Кейінірек КСРО- ның барлық республикаларындағы ғылыми-тарихи мекемелер қайта құрылып, Ғылым академиясының құрамына біріктірілді. Сол уақыттардағы газет бетте- рінде жазылғандай, тарих ғылымы үнемі партия мен Сталиннің тікелей «қам- қорлығында» әрі жіті бақылауында болды. Мұндай «қамқорлықтың» соңы зерт- теушілердің шығармашылық ізденістеріне қатаң шектеулер қоюға алып келді, олардың міндеті марксизм-ленинизм классиктерінің негізгі қағидаларын дә- лелдеу ғана болды.
Шығыс пен Батыстағы тоталитарлық режимдердің ресми идеологиясы ұлт- тық тарихнама мен тарих жөнінде білім беру ісін жүйелі түрде «қолға ала баста- ды». Соның айқын мысалы ретінде нәсілшілдік ресми идеология мәртебесіне ие болған гитлерлік германияда рацизмнің тарихи концепцияларының таралуын айтауға болады. «неміс тарихы – нәсілдің тағдыры», «Тарих – нәсілдердің кү- ресі», «неміс халқының нәсілдік және территориялық тарихының негізі», «нә- сілдік негіздегі дүниежүзі тарихы» т.б. сол кезеңдерде жарыққа шыққан тарих
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 185

саласындағы монографиялар мен жалпылама еңбектердің атауларының өзі біраз дүниені аңғартады. Ресми идеологияға сай келмейтін еңбектерді жазуға тыйым салынды. 1935 жылы жаңа германия тарихының империялық институ- ты құрылды. нәсілдік және саяси көзқарас бойынша, немістің көптеген әйгілі тарихшылары дәріс беруден шеттетілді немесе жер аударылды. 1943 жылдың соңында «жаппай соғысқа» көшуге байланысты тарихқа қатысты көптеген жур- налдар мен ғылыми мекемелер жабылды.


Сол кезеңде «жалғыз ғана шынайы ілім» саналған марксистік-лениндік ілім- мен қаруланған кеңестік тарихнама хх ғасырда таптық күрес жылдарында түрлі сатылардан, ұзақ әрі ауыр жолдардан өтті. Алайда саяси-идеялық жүйе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тарихнамаға толықтай өз үстемдігін жүргізді. Екі қоғамдық-саяси жүйенің сұрапыл тайталасында тарих маңызды рөлге ие болды. Тарих әрбір қарсылас тараптың әрқайсысы бағдарламалық ережелері мен саяси доктриналарын идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ете отырып, бұл рөлді жан- қиярлықпен атқарған сайын, тарихи өткен кезең туралы ғылыми білім алуға ла- йықты пән ретінде өзінің беделін төмендетіп алды. Соның нәтижесінде мұндай білімді алудың принциптік мүмкіндіктеріне күмәнмен қарай бастады.
Қырғи-қабақ соғыс атауымен халықаралық қатынастар тарихына енген бұл екі жүйенің қақтығысы соғыстан кейінгі өмірдің түрлі салаларына, соның ішінде тарихты жазу ісінің дамуына ерекше ықпал етті. Бұл қақтығыстың ортасында екі ұлы әлемдік державалардың тайталасы мен өз жүйелерінің құндылықтарын қорғаған өзара бәсекелес екі ұлттық тарихнама тұрды. Бұл міндетті оңтайлы орындау бір-біріне қарама-қарсы құндылықтар жүйесін белсенді түрде әшкере- леуді талап етті. Алайда бұл істе аталған екі тараптың қайсысының белгілі бір жетістікке жеткенін анықтау өте қиын. Кеңестік тарихшылар «әлемдік жандарм- ның доңайбат танытуы мен оның идеологиялық итаршылығын» тынымсыз әш- керелесе, олардың америкалық әріптестері «кеңестік коммунизмнің адам бала- сын жеккөрушілік тәжірибесін» әшкерелеуге бар күшін салды. Бір-бірін айыптау үшін екі тараптың да өзіндік дәлелдері болғанын мойындау қажет. Бірақ соны- мен бірге өзара жойқын айтыстардың себебі тарихи ақиқатты білуге деген ұм- тылыс болмағанын атап өткен жөн.
Соғыстан кейінгі жылдарда екі елдің рухани дүниесінде қызықты парал- лельдер орын алды. КСРО-дағы «ждановшылдық» АҚШ-тағы «маккартизмге» сәйкес келді. Алғашқы ұғым 1946–1948 жылдар аралығында КСРО-да абы- ройсыз идеологиялық науқандарға негізделген кеңестік компартияның қай- раткері А.А. Ждановтың есімімен байланысты еді (олардың құрбаны кеңестік мәдениеттің көптеген көрнекті қайраткерлері болды). «Маккартизм» АҚШ конгресінің үкіметтік мекемелердің қызметі мәселелері бойынша сенаттық комиссиясының төрағасы д.Р. Маккартидің есімімен байланысты болды. Ол антиамерикалық қызметті тексерудің науқанын жүзеге асырды. нәтижесін- де америкалық мәдениет пен ғылымның мыңдаған көрнекті өкілдері, оның ішінде тарихшылар зардап шекті. Бұған екі елде де мақсатты түрде бағыттал- ған өзара күмән туғызушылықты, қорқыныш пен жеккөрушілік ахуалын қо- суға болады. Одан қырғи-қабақ соғыстың ең ауыр жылдарындағы тарихи ой қандай қоғамдық-саяси контексте дамығанын байқаймыз. Бір-бірін әлемдік зұлымдықтың иесі ретінде әшкерелей отырып, кеңестік және америкалық
186 СЕгіЗінШі ТАРАу

тарихшылар қырғи-қабақ соғыстағы өздерінің орнын жақсы түсінді. Өйткені олар соғыстың идеологтары болды. дәл осы жылдары көптеген кеңестік ға- лымдар өздерін «идеологиялық майданның күрескерлеріміз» деп аса бір мақ- таныш сезіммен атаулары да сол себептен еді. Олар, шын мәнінде, осы қызмет- ті өткен туралы өздерінің пайымдарының шынайылығымен байланыстырды.


Америка тарихнамасының өкілдері қырғи-қабақ соғыстың идеологиясын қа- лыптастырып, негіздеді. Бұл батыстық рухани құндылықтарға қатысты кез кел- ген күмәнға тыйым салған ресми қорғаушы идеология болды. Осы құндылық- тарға негізделген АҚШ-тың бүкіл тарихы сынға ұшырамады.
Мұндай тарих ғылыми пән мәртебесіне ие бола ала ма? Екінші дүниежүзі- лік соғыстан кейінгі Батыс тарихнамасының жай-күйін зерделегенде, оның сол кезде басқа да әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың тарапынан мықты бәсекеге тап болғанын ескеру қажет. Аталған жағдайларда тарихтың субъекти- визмі мен сипаттамасы пәнді оқытудың ғылыми тәсіліне қарсы қойылды. Соны- мен қатар өткен бүгінгіден алшақтап кетті де, өткеннен сабақ алу өзінің барлық әлеуметтік-тәжірибелік маңызын жоғалтып алғандай көрінді.
Мұндай рухани жағдайда қазіргі заманды зерттеуге бағытталған әлеуметтік ғылымдар тарихты дәстүрлі орнынан ығыстырып шығарып қана қоймай, оның қоғамдық маңызы бар пән ретінде жойылғанын «ғылыми» тұрғыдан негіздеуге тырысты. Бір жағынан, соғыстан кейінгі тарихнама презентизмге бой алдырып, өзіне нигилистік тұрғыдан қарауға жол ашқанын мойындау қажет. Тарихи та- ным бүгінгі күннің өткен кезеңдегі қарапайым проекциясына айнала отырып, қандай да бір объективті негізден айырылды, ал оның таратушылары ретінде та- рихшылармен бірге тарихи білімге қандай да бір қатысы бар өзге де мамандық өкілдері, бәрінен бұрын жазушылар, публицистер мен журналистер де атсалыс- ты. «Тарих әдебиет пен журналистикадан өткен кезең туралы шынайы білімді меңгеруге бағытталған өзіндік зерттеу әдіснамасы мен әдістері арқылы ерекше- ленеді» деген пікір күмән туғызды. Тарихшылар өздерінің танымдық дәрмен- сіздігін мойындай келе, өз пәндерінің ғылым ретіндегі мәртебесін жоққа шыға- ра отырып, байыбына бармай-ақ, тарихқа үкім шығарды, қалай болғанда да ол үшін жеткілікті негіздемелерді дайындап берді. Тарихтың алдында тек екі таң- дау ғана тұрғандай көрінді: шынайы өмірден алыс антикварлық жәдігерлердің жинағы болу немесе саясаттың қолшоқпарына айналу. Тарихшылар соңғысында жетістіктерге неғұрлым жеткен сайын, тарихтың хіх ғасырда үстемдік еткен па- радигмасының жемісі болған ғылымнан соншалықты алшақтай берді.
1950 жылдардың ортасынан бастап 1960 жылдардың ортасына дейінгі «жы- лымық» кезеңде КСРО-да мемлекеттік-партиялық органдардың тарапынан идеологиялық бақылау әлсірей бастады. Жаңа жағдайлар марксистік парадиг- маның аясындағы әдіснамалық ізденістерге мүмкіндік жасады, алайда көп ұзамай бұл 1980 жылдардың ортасында тоқтап қалды. Батыс тарихнамасында 1950–1960 жылдардың аралығында тарихилықтың дағдарысы деп аталған ке- зең аяқталды.
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет