Тарих indd



бет57/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

«Жаңа тарих ғылымы»


Пәнаралық принцип ертеректегі «Анналдардың» зерттеушілік стратегиялары- ның негізіне айналды. хх ғасырдың 60-жылдарынан бастап тарих пен қоғамдық ғылымдардың арасындағы байланыстардың сипаты туралы түсініктердің өзге- руімен пәнаралық байланыстардың «алтын ғасыры» басталады. Онда қоғамды зерттеуге интегралдық тұрғыдан қараудың негізінде «жаңа тарих ғылымын» қа- лыптастыру жолында тең құқылы ынтымақтастыққа бағыт алу байқалды.
«Жаңа тарих» (la nouvelle histoire) немесе хх ғасырдағы «жаңа тарих ғылымы» позитивизмге де, марксизмге де қатысты сыни көзқарастағы интеллектуалдық қозғалыс ретінде қалыптасты. Ол оқиғалық-сипаттамалық тарих пен өткеннің оқиғаларын әмбебап заңдылықтардың әрекетімен түсіндіруге қарсы шықты. Оны қалыптастыруда «Анналдар» журналының айналасында топтасқан француз тарих- шылары ерекше рөл атқарды. Шын мәнінде, «Жаңа тарих» тарих мамандығында үлкен төңкеріс жасады. М.Блок пен Л.Феврдің ізбасарлары хх ғасырдың ортасын- дағы тарихшылардың кәсіби санасында терең орныққан ғалымның құжаттарға толықтай тәуелділігі туралы түсінікке қарсы шықты. Олар зерттеушінің шығарма- шылық белсенділігіне және деректердің іріктелуі мен олардың зерттелу бағытын анықтайтын ғылыми мәселеге ерекше назар аударды.
Блок пен Феврдің негізгі принциптері «жаңа тарих ғылымының» проблемалық алаңы аясында дами түсті. Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықтықтағы «жаңа тарих» француздың белгілі тарихшысы, «Анналдар» мектебінің» танымал жетек- шісі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнаралық зерттеулердің орталы- ғы – «Адам туралы ғылымдар үйінің» (1962) негізін қалаушы Фернан Бродельдің (1902–1985) есімімен әрі оның іргелі синтездік «Жерорта теңізі және іі Филипп дәуіріндегі Жерорта теңізінің әлемі» (1949), «Материалдық өркениет, экономика және капитализм: XV–XVIII ғасырларда» (1979) атты еңбектерімен байланысты болды. Оның туындыларындағы «жаңа тарих ғылымының» пәнаралық бағдары толықтай ашылды. Бродельдің идеалы – шексіз мүмкіндіктері бар жүйелі «жа- һандық» («тұтас») тарих. Ол экономикалық тарихтың өндіріс пен айырбастың механизмдерін, абстрактілі тауар-ақша қатынастарын зерттеумен ғана шектел- мейтінін, оның қамтитын аясы аталған шеңберден анағұрлым ауқымды екенін көрсетті. Ғалым адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының «мүлдем қоз- ғалмайтын» тарихын (геотарихты), «баяу өзгеретін» құрылымдық тарих (эконо- миканың, қоғамның, мемлекеттің және өркениеттің дамуын) пен адамзат өмі- рінің уақытымен тең оқиғалық тарихты қарастырды. Ол өзін структуралистпін
190 СЕгіЗінШі ТАРАу

деп атады және «эфемерлік оқиғалардың» тарихын мойындамады. Бродельдің пікірінше, күнделікті өмірдің материалдық мәдениеті мен құрылымдары жеке әрі ұжымдық мінез-құлықты реттейтін тиісті өзара қарым-қатынастарды, ниет- терді, құндылықтар мен ережелерді қоса алғандағы адам өмірін құрайтынның барлығын қамтиды. Зерттеушінің басты міндеті – тұрмыстың, айырбастың, неке мен отбасының, діни культ пен саяси ұйымдардың барлық формаларында бола- тын адам санасы мен әлеуметтік мінез-құлықтың инвариантын анықтау.


Бродельдің «тұтас» тарихының концепциясы батыстық тарихнамаға айрық- ша ықпал етіп, Франция мен дүниежүзінде өзінің ізбасарларын тапты. Оның ай- рықша ықпалы «жаңа тарихтың» құрылымдық нұсқасына қанағаттанбаған және тарихшының зерттеу алаңына тек адамды емес, оқиғаларды да қайтару керек деп есептеген «анналдар мектебінің» Жорж дюби мен Жак Ле гофф басқарған үшінші буыны өкілдерінің 1970 жылдары тарихи зерттеулердің жаңа жолдары мен әдістерін іздеуі барысында байқалған еді. Менталдылық тарихы аясында әлеуметтік ықпалдасудың мәдени механизмін зерделеу мен тарихи ақиқат пен оның репрезентациясы – «қиял әлемінің» арақатынасы мәселесіне назар ау- дарылды. Менталдылық тарихы түрлі дәуірлердегі әлемнің бейнесін қалпына келтіруді – адамдардың дүниені қабылдау ерекшеліктерін, олардың өмір салт- тарын, бұқаралық санасын, индивидтер мен қоғамның түсініктерін, діни сенім- дерін және құндылық бағдарын зерделеуді басты орынға қойды.
1970 жылдары пәнаралық жағдайдың жаңашылдығы басқа да пәндердің мә- ліметтері мен әдістерін пайдалану жайында ғана емес, олардың ғылыми қы- зығушылықтарының нысаны деңгейіндегі интеграция туралы және пәнаралық нысандарды құрастыруында болды. Сонымен басты зерттеу нысаны қоғамдағы адам болған «жаңа тарих ғылымы» толыққанды пәнаралық тарих еді, бірақ оның танымдық басымдықтары, соған орай ғылыми әдіснаманы іздеу барысында та- рихшы назар аударған әлеуметтік ғылымдар саласындағы негізгі контрагентте- рі уақыт өте өзгеріп отырды. «Жаңа тарихтың» қалыптасуындағы шешуші ке- зең болған 1960 жылдар мен 1970 жылдардың басында әлеуметтану, әлеуметтік антропология, демография және сандық әдістерге айрықша назар аударылды. Бұл уақыттарда тарихты зерттеудің ескі және жаңа жолдары жайында, саяси әрі оқиғалық тарихтың басымдықтарынан арылу мен дәстүрлі тарихнамадағы әдіс- намалық дағдарысты еңсеру жөніндегі пікірталастармен қатар тарих пен әлеу- меттану арасындағы байланыстар туралы талқылаулар орын алды. Жақындасу тенденциясы екі жақтың тарапынан да байқалды. Бірақ әртүрлі елдерде мұндай бастама әр қырынан көрінді: бір жағдайларда ол бастама тарихшыларға тән бол- са, енді бірінде әлеуметтік ғылымдар өкілдеріне тән болды. Егер Францияда та- рих пен әлеуметтанудың арасындағы диалогтың белсенділері тарихшылар бол- ған болса, АҚШ-та бұл рөл әлеуметтанушыларға тиесілі болды, ал тарихшылар бұл кезде екі ғылымның жақындасуына барынша қарсылық білдірді. Ұлыбрита- нияда да бұл пікірталас ұзаққа созылды. Жалпы алғанда, пікірталас барысында жаңа тарихнаманың бір бөлігінің теориялық тарихқа және жекелеген зерттеу- лерді байланыстыруға, салыстыруға әрі оларды жалпылауға, тарихты қоғамдық ғылымдар категориясына бекітуге мүмкіндік беретін ортақ модельдерді іздеуге деген бетбұрыс байқалды. Алайда пәнаралық байланыс тарихшылардың ұста- нымдарындағы айқын айырмашылықтардың нәтижесінде күрделене түсті.
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 191





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет