Тарих indd



бет53/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Экономикалық тарих


Барлық айқын өзгерістерге қарамастан, хіх ғасырда позитивистік тарих ғылымының «қоры»: қоғамды әлеуметтік ағза ретінде түсіну, прогресс кон- цепциясын ұғыну, ұлы адамдардың іс-әрекеттерінің артында тұрған оқиғалар мен процестердің заңдылықтарын әрі себепті байланыстарын толықтай түсіну, объективтілік пен субъективтілікті, материалдық және рухани факторларды бір-біріне қарама-қарсы қою – міне, осылардың бәрі хх ғасырда толық ше- шімін табуға тиіс мәселелер еді. Релятивизм өткенді қайта қалпына келтіруді өзінің кәсіби борышы деп санай отырып, тарих ғылымының фактологиялық негізінің шынайылығын барынша қорғаған көптеген тарихшылардың ой-па- йымдарына қарсы келді. Тарихшы-практиктердің бұл ойлары антипозити- вистік бағытпен қатар дамыған неопозитивистік концепциялардан филосо- фиялық негіздеме тапты. Атап айтқанда, неопозитивизмнің аясында ғылыми білімнің логикалық принциптері белсенді түрде әзірленді, сондай-ақ тарих- шының талдау қызметіне негізделген нормалар мен ережелер де зерттеу ны- санына айналды. Тарихтың неопозитивистік философиясы тарихтағы ортақ әлеуметтанулық әрі психологиялық факторлардың рөлін мойындаумен, соған орай тарихи танымдағы түсіндірмелік әрекеттермен – зерделеніп отырған құ- былыстарды мінез-құлықтың, ойлаудың, типтердің, күнделікті өмірдегі қа- рым-қатынас құрылымдарының стандарттарымен салыстыру арқылы сипат- талды.
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 179

Карл Раймунд Поппер (1902–1994) «историцизмді» болашақты болжауға мүм- кіндік беретін «эволюция заңдарын» анықтауға ұмтылғаны үшін қатаң сынға алды. Сонымен қатар ол тарих ғылымындағы зерттеу тәртібін талдау жұмыста- рына ерекше мән бере отырып, жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік және тари- хи танымның ұқсастықтары мен айырмашылықтарының белгілерін дұрыс атап көрсетті. Оның пікірінше, бұл тәртіп көп жағдайда физикада қолданылатын әре- кеттерге ұқсас болып келеді. Поппер жалпы тарихи заңдардың бар екенін жоққа шығармаса да, олардың көбінесе қарапайым сипатта болатынын және теория- лық ғылымдардың заңдары атқаратын функцияларды орындай алмайтынын тілге тиек етті.


неопозитивистік тәсіл жаңа тарихи пән – қазіргі таңдағы мәселелермен өте тығыз байланысты болған және дүниежүзілік экономикалық дағдарыстардың ая- сында қарқынды дамыған экономикалық тарихта анағұрлым айқын түрде көрініс берген еді. хх ғасырдың басында ол Америка, Британия және Франция универси- теттерінде оқытылды. Әрине, алғашқы кезеңдегі еңбектер мемлекеттің экономи- калық саясатына қатысты болды және саяси тарихпен айналысудан оған өтудің ең қолайлы жолы болып саналды. Бірақ көп ұзамай тарихи-экономикалық зерт- теулер алдымен бағаның тұрақсыздығын зерттеуге, ал одан кейін бүкіл дүниежү- зіндегі мамандардың ерекше қызығушылықтарын тудырған индустрияландыру құбылысы туралы зерттеулерге баса назар аударды. нәтижесінде өнеркәсіптік ре- волюцияны басынан өткерген алғашқы ел – Британияға ерекше көңіл аударылды. Тарихи-экономикалық зерттеулердің ішінде мамандану мәселесі жоғары қарқынмен дамыды: өндірістің саласы, аймақтар, корпорациялар бойынша бір- те-бірте өткеннің барлық экономикалық өмірінің аспектілерін, яғни өндіріс- пен, айырбас және тұтынумен байланысты кез келген қызметті қамти бастады. Алайда сақталған деректердің сипаты мен хронологиялық және географиялық тұрғыдан теңдей бөлінбеуі экономикалық тарихты тұтастай зерттеу мүмкінді- гін шектеді, өйткені экономика туралы ақпараттарды жүйелі түрде жинақтау тек хіх ғасырдан басталған еді. Тарихшыларға анағұрлым ерте кезеңдер туралы бі- лімді ыждағатпен біртіндеп жинауға тура келді: билік тарапынан қол астында- ғы халықтың экономикалық жағдайына деген қызығушылық оның алым-салық төлейтін бөлігімен ғана шектеліп отырды. XVIII ғасырға дейінгі экономикалық тарих мәселелерінің шеңбері зерттеушілердің нақты сеніммен жауап бере ала-
тын деректердің аздығымен шектелді.
Экономикалық тарихта көрнекті тұлғаларға емес, қоғамдық өмірдің басқа да салаларына әсер ететін объективті факторларға ерекше назар аударылды. Эко- номикалық тарихқа қатысты неғұрлым ертеректегі еңбектер негізінен суреттеу сипатына ие болды: оларда белгілі бір кезеңдегі шаруашылық өмірдің көрінісі қалпына келтірілді және экономикалық өзгерістердің механизмдеріне деген аса бір қызығушылық байқалмады. Кейінірек көптеген зерттеулер экономиканың жалпы даму және құлдырау қарқынын зерделеуге, сонымен қатар жекелеген маңызды салаларды анықтауға бағытталды. Осы өзгерістердің векторлары мен механизмдеріне қатысты қызу пікірталастар болды.
Француз ғалымдары Франсуа Симиан (1873–1935) мен Эрнест Лабрусс (1895–1988) экономикалық циклдердің (өсуі мен құлдырауы) ауысу себептерін ақша құнының өзгеруінен, баға мен еңбекақының тұрақсыздығынан көреді.
180 СЕгіЗінШі ТАРАу

Алайда олардың еңбектерінде статистикалық әдістерді кеңінен қолдану туралы мақсат болған емес: зерттеушілер экономикалық процестердің динамикасын әлеуметтік қатынастардағы және ұжымдық психологиядағы өзгерістермен, қо- ғамдық-саяси қозғалыстардың белсенділігімен байланыстаруға тырысты. Бри- тандық тарихшы Ричард Тоуни (1880–1962) Ағылшын буржуазиялық револю- циясының әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын зерттеді, ал джон Клэпэм (1873–1946) өзінің «Ұлыбританияның экономикалық тарихы» (1926–1938) атты үштомдық еңбегінде хіх ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы ел эконо- микасының барлық салаларының даму тарихын сипаттады.


Тарихшылар біртіндеп жаңа әдістерді меңгере бастады, соның ішінде эко- номикалық ғылымдардан сандық әдістерді ала отырып, зерделеніп отырған құбылыстар мен процестерді экономикалық өсу теориясы тұрғысынан пайым- дауға тырысты. Тарихшы-экономистердің бір бөлігі марксистер болды, ал көп- шілігі өздерінің түсіндірмелерінде экономикалық материализм деп аталатын принципті ұстанды. Кейінірек ғасырдың орта тұсында тарихшы-экономистердің көпшілігі негізгі тәсіл ретінде сандық тәсілді таңдады, олар үшін зерттеудің мә- селесі мен әдістері көп жағдайда тарихпен емес, экономикалық теориямен анық- талып отырды. Бұл уақыттардағы негізгі әңгіме, ең алдымен, экономикалық даму және индустриялық (кейіннен постиндустриялық) қоғам теориялары деп атал- ған неопозитивистік мазмұндағы эволюциялық теориялар жайында болды. Бұл теориялардың заңдары жалпыға бірдей емес, шектеулі кеңістікке ғана тарады. Эволюциялық теорияның жақтастары экономикалық тарихтың әрбір кезеңінің өз заңдары бар деп есептеді. Кезеңдерге бөлу мәселесі әрбір кезеңнің негізгі си- паттамалары (яғни, сол бір экономикалық заңдар) болып саналатын критерийге сай жүзеге асырылды. Осылайша «сиқырланған шеңбер» пайда болды.
хх ғасырдың ірі теоретиктерінің бірі Людвиг Фон Мизес (1881–1973) өз уа- қытында осы концепцияларды сынға алған еді. Экономикалық тарихтың ке- зеңделуі әрбір кезеңге тән экономикалық заңдарды білу қажеттігін талап етеді, ал бұл заңдар осы уақыт аясынан тыс болған оқиғаларға қандай да бір сілтеме жасамай-ақ, тек жекелеген кезеңдерді зерттеу жолымен ғана ашылуы мүмкін. Белгілі бір тәртіп бойынша, экономикалық эволюцияның әрбір кезеңдерінің ба- рысында экономикалық заңдар еш өзгеріссіз қалады деп болжанды, бірақ бір ке- зеңнен екіншісіне өту туралы еш нәрсе айтылмады. Өтпелі кезеңнің өзінің жеке заңдары бар ма екен? Сондай-ақ егер экономикалық қалыптасу заңдары тарихи факті екенін және сол себептен тарихи оқиғалар ағынымен өзгеріп отыратынын ескерсек, бұл белгілі бір уақыт бойы ешқандай өзгерістер орын алмайтын кезең- дердің болатыны туралы тұжырымға қайшы келеді.
хх ғасырдың 60–70-жылдары жаңа экономикалық тарихтың мектебі қалып- тасты, оның әдіснамасы, ең алдымен, экономикалық процестерді сандық тал- дау мен модельдеуге негізделді. АҚШ бұл бағыттың қарқынды дамуының нәти- жесінде сандық әдістерді ұстанатын тарихшы-клиометристердің (Р.Фогелдің, С.Энгерманның, д.норттың т.б.) айрықша тобының бөлініп шығуымен ерек- шеленді. Олардың жұмыстары экономикалық тарихтың проблемалық шегі- нен асып, әлеуметтік және саяси процестерді зерттеу саласын да қамтыған еді. 1970–1980 жылдары жаңа экономикалық тарихтың аясында зерттеудің ерекше саласы – бизнес тарихы пайда болды.
XX ҒАСЫРдАҒЫ ТАРих: ТАРихи ТАнЫМдАҒЫ дАҒдАРЫСТАР МЕн РЕВОЛЮЦиЯЛАР 181





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет