Тарих indd


Позитивизм және ғылыми тарих



бет46/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Позитивизм және ғылыми тарих


хіх ғасырдың екінші жартысындағы тарих ғылымының дамуы өте күрделі жолмен жүрді. Бір жағынан, тарихнамаға романтикалық идеялар (әсіресе, бұл кезеңнің алғашқы онжылдығында) ықпал етті, екіншіден, айтарлықтай өзгерген формада рационалистік концепция тағы да алдыңғы орынға шығады.
хіх ғасырдың ортасында тарихи танымды әлеуметтік танымға бағындыруға талпыныс жасалды. Тарих өзінің нысаны мен зерттеу әдістері бар жеке ғылыми пән ретінде қарастырылмады, ал өткенді зерделеуде мемлекет қайраткерлері мен саяси-құқықтық институттарға басты назар аударылды. Тарихи материа- лизм зерттеу тәжірибесіне айтарлықтай ықпал ете қоймады. нақты қатынастар мен бұрынғы және қазіргі процестерді зерделейтін әдіснама дамуында позити- визм ерекше рөл атқарды. Сондай-ақ тарихи дамудың ғылыми және техникалық білімінің айқындаушы рөлін дәлелдейтін позитивизм қоғамның шексіз прогре- сіне сенім артуды XVIII ғасырдың рационализмінен қабылдады.
XVIII ғасырдағы рационализм математика мен механиканың жетістіктері- не негізделсе, позитивизм жаратылыстану ғылымдарының, әсіресе тірі табиғат туралы ғылымның зор табыстарға жеткен дәуірінде пайда болды. Ч. дарвиннің ілімінде өзінің шарықтау шегіне жеткен бұл ғылымдардың ықпалы қоғамның механикалық дамуы туралы түсінікті оның органикалық дамуы идеясымен ауыстыруға мүмкіндік берді. Позитивистер ғылымның нысаны ретінде тек зерт- теліп отырған құбылыстардағы ортақ сипатты ғана мойындады. Жаратылыста- ну ғылымы олар үшін үлгі болып саналды.
дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің пайда болуы» (1859) атты еңбегі жарыққа шыққаннан кейін табиғаттың статикалық жүйе ретіндегі тү- сінігі қабылданбады және ертеректе пәні өзгеріссіз деп есептелген тарих пен нысаны өзгермейді деп саналған табиғат туралы ғылым арасындағы қатынас- тар түбегейлі өзгерді. «Эволюция» ұғымы олар үшін ортақ түсінікке айналды,

  1. ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 151


ал жаратылыстану ілімінің әдістері тарихи процестерді зерделеу үшін әбден лайықты болып көрінді. Сөйтіп, тарихи және ғылыми жаратылыстану таным- дарының арасындағы принциптік айырмашылықтар жойылды.


Позитивистер ғылым біріншіден, фактілерді анықтау (олардың тура қабылда- нуы); екіншіден, фактілерді индукция арқылы жалпылау жолымен заңдар жасау сияқты екі элементтен тұрады деп санады. Философ-позитивистер егер тарих фактілерді қарапайым түрде ашу міндеттерін тезірек қоймаса, ол өткенді дұрыс бейнелей алмайды және ғылымилығынан айырылады деп есептеді. Өйткені кез келген жаратылыстану ғылымы өз жұмысын фактілерді анықтаудан бастайды, алайда кейін олардың арасындағы себептік байланыстарды айқындауға көше- ді. Позитивистер тарихи танымның объективтілігі туралы түсініктерге сүйене отырып, қоғамдағы статика мен динамиканы физикадағы тиісті ұғымдарға сәй- кестендіріп, қоғамдық динамиканың мәңгі және өзгермейтін табиғи заңдарын анықтау міндеттерін қойды. Олардың көмегімен өткенді және бүгінгіні түсін- діріп қана қоймай, сондай-ақ болашақты болжау мүмкін болады деп есептеді. Позитивистер тарихтың мақсаты қоғамдық дамудың заңдылықтарын тану деп жариялады. дүниежүзі және ұлттық тарих әмбебап заңдардың жүзеге асырылуы ретінде түсіндірілді. Қоғам жалпы жағдайлардың талабын түсінген тұлғалар- дың іс-әрекеттерінің жиынтығы ретінде пайымдалды. Зерттеушінің зерделеніп отырған дәуірдің тарихи-мәдени контексіне үңілу қажеттігі туралы мәселе мүл- дем көтерілмеді.
Позитивистердің арасында «тарих – бір-бірінен алшақ жатқан оқиғалардың жиынтығы» деген көзқарас орын алды. Қатаң позитивистік формулаға сәйкес, олардың әрқайсысы өзіндік ерекшелігі жоқ, белгілі бір түрдегі оқиғалар ретінде қарастырылуы қажет болды, ал оны түсіндіру аталған сипаттағы оқиғалардың барлығына ортақ себептерді анықтауды білдірді. Позитивистік философия тари- хи факті туралы түсінікке ұзақ уақыт бойы айрықша ықпал етіп келді.
Тікелей бақыланатын жаратылыстану-ғылыми фактіге толығымен ұқсас деп саналған тарихи факті басқа фактілердің барлығынан және зерттеушіден тәуелсіз жеке нысан ретінде қарастырылды. Фактілер деректерде дайын күйінде кезде- седі және олардың әрқайсысын өзгелерімен байланыссыз түрде айқындауға әрі зерттеуге болады деп санады. Бұл жердегі міндет – оларды анықтау, одан кейін тарихи концепцияның берік негізін қалау болды, ал зерттеушінің көзқарасы мен фактіні бағалауға қатысты барлық субъективті әрекеттерге шектеу қойылды.
Позитивистік бағдарламаның бірінші бөлімі – барлық фактілерді анықтау жұ- мысының орындалу нәтижесі тарихи деректерді зерттеудегі нақтылыққа, олар- дың әрбір қырын егжей-тегжейлі зерделеуге негізделген тарихи білімнің жоғар- ғы деңгейдегі өсуі болды. Тарихшылардың қажырлы еңбектерінің нәтижесінде көптеген деректер – корольдың жарлықтары, жазбалар, жылнамалар, актілер, археологиялық материалдар басылып шықты және оларға сыни баға берілді. Жаңа фактілерді анықтау жұмысының қызықты болғаны соншалық – аталған бағдарламаның екінші бөлігі, яғни заңдарды әзірлеу жұмыстары кейінге ысы- рылып қала берді.
Позитивизмнің негізін қалаушылардың бірі, француздың әйгілі философы Огюст Конт (1798–1857) тарихқа ғылыми танымдағы қосалқы рөлді берді. Ол
«жоғарғы тарихқа» айналатын жаңа теориялық ғылымды – әлеуметтік физиканы
152 ЖЕТінШі ТАРАу

немесе әлеуметтануды жасауды ұсынды. Оның міндеттеріне адам өмірінің факті- лері арасындағы тарихшылар анықтаған себептік байланыстарды талдау мәселе- сі енді. Әлеуметтанушылар тарихи фактілерді ғылыми пайымдау, ғылыми тұрғы- дан белгілі бір заңдарды ашу мен сол арқылы тарихты ғылым деңгейіне көтеруге тиісті болды. Конттың философиясындағы тарихтың жалпы барысының схемасы ойлаудың үш түрінің бірізділігі ретінде берілген: ежелгі және орта ғасырларда- ғы теологиялық (жалған), XVI–XVIII ғасырлар аралығындағы метафизикалық (дерексіз), жаңа заманның тәжірибелі біліміне негізделген ғылыми (позитивті). Аталған ойлау түрлеріне қоғам дамуының үш сатысы сәйкес келді. Конт әлеумет- тік факторлардың адам қызметіне, әлеуметтік-саяси контекстің мәдениеттің да- муына тигізер ықпалына ерекше мән берді. Сонымен бірге ол идеялардың әлемді басқаратынын және оны «төңкеретінін» атап өткен еді.


Позитивизмнің тағы бір белгілі өкілі ағылшын джон Стюарт Милль (1806– 1876) өзін Виконың тарихи оқиғалардың заңды байланыстары және прогресс заңы туралы идеясының жақтаушысымын деп жариялады. Ол бақылаудағы құ- былыстың белгілерін қарапайым түрде есептеу арқылы заңды анықтауға бола- ды деп топшылады. Милль адамдар қоғамдық өмірде тек жеке адамның табиға- тының заңдарынан туындайтын қасиеттерге ғана ие және оларды жинақтауға болады, ал себептердің жиынтығы қоғамдық құбылыстардың жалпыға ортақ заңы болып саналады деп дәлелдейді. Мұның өзінде тарихтың әдіснамасы жеке индивидтердің қызметтерін зерделеуге емес, тарихи тұлғалардың индивидуал- дық қызметіндегі қоғамдық қатынастар мен дүниетанымның атқаратын рөлін анықтауға бағытталуы қажет деп есептеді. Адамдардың іс-әрекеттері адамзат табиғатының жалпы заңдары мен осы тұлғаның жеке сипаттамасының жиын- тық нәтижесі ретінде түсіндірілді.
Конттың идеяларын и.Тэн мен г.Спенсер биология жетістіктерінің тікелей ықпалы арқылы одан әрі дамытты. Ағылшынның әйгілі философ-позитивисі герберт Спенсер (1820–1903) әлеуметтік эволюцияның біртұтас моделін жасады. Қоғамды тірі ағзамен салыстыра отырып, ол міндеттердің саралану және күрде- лену процесінен бүкіл адамзат тарихының негізгі даму заңын көрді. Конт сияқ- ты, Спенсер де өткеннің құбылыстарының қайталанатынын және тарихи факті- лерді себеп-салдарлық тұрғыдан түсіндіру мүмкіндігін көрсетті. Ол адамзаттың ішкі (табиғи) және сыртқы (түрлі биологиялық және психологиялық) даму фак- торларын бөліп қарастырды. Олардың әрқайсысы алғашқы фактор ретінде көрі- не отырып, жеке тұлғалар мен қоғам арасындағы өзара байланыстар, оның ма- териалдық және рухани дамуының нәтижелері, табиғи ахуалдың өзгеруі сияқты екінші қатардағы факторларды туғызды.
Француз тарихшысы, әдебиеттанушы, өнертанушы әрі философ ипполит Тэн (1828–1893) өз еңбектерінде қоғамның дамуына тіршілік үшін күрес туралы дарвиннің ілімін және прогресті қамтамасыз ететін қоршаған ортаның анық- таушы рөлі жайындағы тезисті қолданды. Ол тарих ғылымын «психологиялық анатомия» деп атады. «Қазіргі Францияның пайда болуы» (1876–1893) атты негізгі тарихи еңбегінде «психологиялық әдіс» деп аталған өзі негізін қалаған әдіске сүйене отырып, қоғамдық психологияны «нәсілдің» (ұлттық ерекшеліктердің),
«ортаның» (табиғи-географиялық әрі әлеуметтік-саяси жағдайлардың) және та- рихи сәттің өзара әрекетінің жиынтығы ретінде түсіндірді.
XIX ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 153



Философ-позитивистер еңбектерінің нәтижесінде жаңа пән – әлеуметтану пайда болды. Ол тарихи деректер негізінде әрі жаратылыстану ғылымдарының әдісте- рін пайдалану жолымен барлық қоғамдық дамудың жалпы және мызғымас заң- дарын анықтау міндетін иемденуге ұмтылды. Алайда әлеуметтанушылар мен тарихшылардың арасындағы қоғамның даму заңдарын ашу құқығы қайсысына тиесілі екені жөніндегі таластарға қарамастан, позитивистік тарихнама тарихи процестің заңдылығына деген нық сенімнің негізінде қалыптасты.
генри Томас Бокльдің (1821–1862) «Англиядағы өркениеттің тарихы» (1857– 1861) атты еңбегі позитивизм принциптерін тарихнамаға бейімдеудің класси- калық үлгісі болып саналады. Конттың ізбасары Бокль «фактілерді әңгімелеу- ді өздерінің негізгі жұмыстары деп ойлайтын» тарихшыларды сынға алады. Ол тарихтың ғылыми мәртебесін атап өтті және оның басты міндеті – жекелеген фактілерді жалпылау мен табиғи факторлардың адамдар мен олардың қызметі- не ықпал етудің нәтижесі ретіндегі «адамзат рухының» әмбебап заңдарын ашу деп көрсетті. Бокльдің пікірінше, бүкіл адамзаттың тарихы – Еуропадан тыс жер- лерде орын алған, адамның табиғатқа тәуелділігінің тарихы немесе еуропалық өркениетке тән болған адамның табиғатқа үстемдік етуге деген ұмтылысының тарихы. Осылайша мәдени-тарихи дәстүрлер сыртқы табиғи жағдайлардың ті- келей туындысы болды. Сонымен бірге Бокль білім мен идеялардың дамуы өр- кениетті халықтардағы тарихи прогрестің негізгі қайнар көзі деп есептеді.
Бокль барлық позитивистер секілді адамзат тарихын табиғат тарихының жалғасы ретінде қарастыра келе, статистикаға сүйенді. Автордың пікірінше, бұл ғылым жеке іс-әрекеттердің, уәждер мен құмарлықтардың көріністері теңесті- рілетін және сіңірілетін сандарды талдай отырып, қоғам тарихының заңдарын ашуға бәрінен де қабілетті болды. Бокль статистика тек адамдардың материал- дық мүдделері туралы ауқымды ақпарат беріп қана қоймайды, сонымен қатар олардың адамгершілік ерекшеліктері жайында да мәлімет береді деп есептеді. Тарихшы жекелеген танымал тұлғалардың өмірбаянын жазумен ғана шұғылдан- бауы керек, ол қоршаған табиғи ортаны, байлықтың бөлінісін, халықтың өсімін және әсіресе білім деңгейін зерделеуі қажет. XVIII ғасыр ағартушылары сияқты, Бокль да қоғамның прогресін ғылымның прогресімен байланыстырды.
Жалпы алғанда, тарихтың позитивистік әдіснамасы тең құқылы, өзара әре- кеттесуші факторлардың теориясына негізделді және ғылыми жұмыстың мы- надай негізгі принциптерінен бастау алды: айрықша заң тарихи құбылыстарды себептік қатарларға біріктіреді; бұл құбылыстар қатары заңды дамудың неме- се эволюцияның біртұтас тарихи процесін құрайды; дамудың негізгі қозғаушы күші жекелеген тұлғалар емес, халық бұқарасы болып саналады. Теорияда пози- тивистік тарихнама ғылыми зерттеудің бейтараптығы және бағалаушы пайым- дауларды алып тастау принципін ұсынды, бірақ бұл тәжірибе жүзінде әрдайым сақтала бермеді.
154 ЖЕТінШі ТАРАу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет