Тарих indd



бет14/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
репина док

Хронология және кезеңдеу


Өткенді зерттеуші ғалымдар жұмыс барысында хронология және кезеңдеу мәселелеріне тап болады. Тарихшы өз еңбегінде белгілі бір мәдениет пен ма- мандыққа тиесілі уақыт туралы түсініктермен қатар, уақыттық өлшемнің тәсіл- дері мен оқиғалардың арақатынасына қатысты әртүрлі тарихи көзқарастармен жұмыс жасайды.
Адамның үйреншікті тәжірибесі уақытты үздіксіз қозғалыстағы ағын ретін- де қабылдауға және оларды шартты кезеңдерге бөлуге мүмкіндік береді. Бүгінгі Батыс мәдениетінде әлемнің иудейлік-христиандық бейнесінен бастау алатын көзқарас кең тараған. Бұл тарихтың өткеннен болашаққа бағыт алған оқиғалар- дың тізбегі екенін білдіреді. христиандық ілімге сәйкес, адамзаттың жер бетін- дегі тарихының басталуы, аяқталуы бар және ол бір мақсатқа – Құдай патшалы- ғына жетуге бағытталған. Әлеуметтік прогресс теориясы осыған ұқсас бейнеде құрастырылған, онда тарих анағұрлым кемел қоғамдық құрылымға бағытталған адамзаттың бірбағыттық дамуы ретінде қабылданды. Шектеулі уақыт кеңісті- гіндегі үздіксіз сызықтық процесс ретіндегі тарих туралы түсініктер қазіргі таң- дағы көптеген ғылыми жаратылыстану теорияларынан қолдау тауып отыр.
Қазіргі мәдениетте тарихтың сызықтық көрінісімен қатар, күн мен түн- нің немесе жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи циклдерге негізделген
ТАРих ҚАЛАй ЖАЗЫЛАдЫ? 39

хронологиялық циклдік түсініктердің элементтері бар. дегенмен олар сызық- тық қозғалыстың идеясына бағынады: әрбір жыл өткен жылға қатысты жаңа болып саналады. Аталған идеялар тікелей уақыттың табиғатынан туындамай- ды. Мәселен, ежелгі гректердің түсінігіндегі циклдік уақыттың мәні өзгеше: мәңгілік ғарыш белгілі бір кезекпен отқа оранып жойылады да, кейін қайта пайда болып, тарихи оқиғалардың кезекті қайталануы орын алды.


Түрлі мәдениеттерде оқиғаларды уақытпен өлшеу қажеттігі болған. Оқиға- ларды уақытпен сәйкестендіру тәсілдері айтарлықтай әр алуан болды: олар әр түрлі мәдениеттерде қабылданған уақытты өлшеу әдістеріне, ай мен күннің күнтізбесіне, жер өңдеу циклдеріне, әулеттің билік кезеңдеріне т.б. негізделіп жасалады. Жыл санау әдетте белгілі бір маңызды атаулы оқиғалардан бастап жүргізілген. Мысалы, Римнің негізінің қалануы немесе әлемнің жаратылуы, Будданың өлімінен кейінгі бірінші жыл немесе христостың дүниеге келуі. Әр- түрлі хронологиялық жүйелерді зерттеу мәселелері тарихи хронология сынды пәннің зерттеу алаңын құрайды.
Егер жыл санау немесе тарихи уақыттың бейнелерінің мәселелері тарихқа пән ретінде ғана тәуелді болса, кезеңдеу мәселесі тарихи біліммен тікелей бай- ланысты.
Кезеңдеу – өткенді уақыт бөлшектеріне бөлу (тарихи кезеңдер, ғасырлар, дәуірлер және т.б.) – тарихты жазудың ең күрделі мәселесі. Тарихи оқиғаларды реттеу мен талдау үшін мұндай бөліністің қажеттігі зерттеушілер арасында кү- мән тудырмайды. Алайда көп жағдайда кезеңдеу тәжірибесі дау-дамайға алып келетін еді. Тарихшылар өткенді біртұтас фрагменттерге бөлудің айтарлықтай шарттылығына назар аударады.
хіх ғасырдағы тарихи білімде кең тараған оқиғаның мерзімдік аясы ретінде- гі уақыттың шынайылық идеясы хх ғасырдағы уақыттың шарттылығы туралы түсініктерге орын берді. Тарихи уақыт күрделі құрылым ретінде пайымдалады, ол көп жағдайда өткен оқиғамен немесе оқиғалар топтамасымен «бекітілген». Кезеңдеу мүмкіндігінің өзі тарихты шартты түрде үздіксіз және біртұтас бейне ретінде көрсетуге негізделеді. Адамзаттың даму процесінің жалпы идеясына сү- йене, ондағы белгілі бір дәуірді көрсете отырып, бір дәуірді екіншісімен салыс- тыруға болады.
Тарихты зерттеу үшін уақытты нақтылау, болған оқиғаны уақыттың белгілі бір сәттерімен байланыстыру ғана емес, сонымен қатар тарихи құбылыстардың өзара ұқсас дәуірлерінің шекараларын белгілеу маңызды мәселе болды. Осы ұқ- састықтардың негізінде тарихи дәуірлерді, мысалы Қайта өрлеу немесе Ағарту дәуірлерін т.б. нақтылауға болады.
Өткеннің мәдениетінде, мифологиясында және діндерінде тарихты кезең- деудің түрлі тәсілдері, мәселен, өткен кезеңді жыл мезгілдерінің, адамның жас мөлшерінің жүйесі бойынша бөлу қабылданған. грек ақыны гесиод б.з.д. VII ға- сырда өтіп кеткен төрт ғасыр туралы жазған, олар: алтын, күміс, қола және темір ғасырлар. Белгілі бір ұрпақтар, саяси биліктер мен әулеттерге сәйкес кезеңдеу мәселесі тарихты ретке келтірудің ежелгі тәсілдеріне жатады.
Орта ғасырларда Батыста шіркеу әкелерінің еңбектерінде дүниежүзі тарихын кезеңдеудің екі ірі жүйесі ұсынылды. Біріншісі адамзаттың өткені мен бүгінін төрт монархиямен байланыстырды. IV ғасырда Кесариялық Еусебиус (Евсевий
40 ЕКінШі ТАРАу

Кесарийский) пен стридондық иероним көне өсиеттегі «Даниял пайғамбардың кітабы» негізінде дамытқан осы жүйеге қарағанда, адамзат тарихында барлығы төрт империя ауысты. Рим империясы жер бетіндегі ең соңғы мемлекет ретін- де зерделенді, одан кейін тарих аяқталады. Монархиялардың кезекпен ауысуы адамдарды саяси әрі діни ынтымақтастыққа бастап бара жатқан Құдайдың ойын бейнеледі. хі–хіі ғасырларда неміс тарихшылары ортағасырлық Батыста кең та- раған «монархияны ауыстыру» теориясын ұсынды. Бұл концепцияға сәйкес, Рим империясының құлауынан кейін Құдай Рим императорларының билігін алдымен Ұлы Карлға (сондай-ақ Франктер мемлекетіне), содан соң герман империясына табыстады.


Ортағасырлық тарихшылардың көпшілігі тарихты Аурелий Аугустин си- паттап берген алты дәуір бойынша кезеңдеуді лайық көрді. Әлем жаратылған сәттен бастап өткен ғасырлар адамның жас мөлшері мен жаратылыс күнде- ріне ұқсас болды. Алтыншы әрі ең соңғысы – адамзаттың қарттық кезеңі. Ол христостың дүниеге келген уақытынан басталады. Ертедегі жылнамашылар Жаратылыстың әр күнін тарихтың мың жылына сәйкестендірді; алтыншы ға- сыр ақырзаманмен және «мәңгілік сенбінің жетінші күнімен», өлілердің қай- та тірілу күнімен аяқталады деп санады. Бұл негіздемеге сәйкес, Еуропада 1000 жылы ақырзаман болады деген түсінік белең алды; осы күннен соң тарих- шыларға әлемнің әрбір «жасының» ұзақтығын есептеуде өзгерістер енгізуге тура келді.
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген тарихи дәуір түсінігі салыстырмалы түр- де кейін пайда болды. Ол Қайта өрлеу және Реформация мәдениетінің контек- сінде, қоғамда христиандық эсхатологияның ықпалы, жақын күндерде болатын ақырзаманды күту әсері әлсірей бастаған кезеңде бекітілді. гуманистер ежелгі тарихты жаңа тарихтан бөліп тұрған негізгі кезең ретінде христиандықты қа- лыптастыру мен Батыс Рим империясының құлауы болып саналатын тарихтың осындай көрінісін ұсынды. «Орта ғасырлар» анықтамасы тарихнамаға біртіндеп санадағы қазіргі кезеңнің жақын уақыттардағы өткеннен алшақтау ахуалымен байланысты енген еді. Еуропалық ғылымда орта ғасырлар туралы түсініктер тек XVII ғасырдың соңында неміс университетінің профессоры х.Келлердің өзінің үш оқулығының біреуін «Орта ғасырлар тарихы» деп атағаннан кейін бекітіле бастады. Ол, өз кезегінде, тарихтағы Ұлы Константинге дейінгі уақытты «ежел- гі», түріктердің христиан әлемінің орталығы Костантинопольді жаулап алған 1453 жылға дейінгі кезеңді «ортағасырлық» және сол уақыттан кейін басталған дәуірді «жаңа» кезең деп бөлді.
Тарихты ірі дәуірлерге бөлу зайырлау процесі жүріп жатқан қоғамда тарихи сананың қалыптасуына септігін тигізді. Өткенді, бүгінгіні және болашақты әр- түрлі кезеңдер ретінде айырмашылықтарын белгілеуге мүмкіндік туғызып, та- рихи процесті бір арнаға тоғыстырды. дүниежүзі тарихын ерте дәуір, орта ғасыр және жаңа заманға бөлу Ағарту дәуірі (XVIII ғасыр) тарихшыларының еңбекте- рінде басым болды. уақыт өте келе кезеңдеудің бұл тәсілі айтарлықтай түзету- лермен хіх–хх ғасырлардың кәсіби тарихнамасында бекітілді.
Аталған бөлу схемасы шартты болып саналады. Әрбір дәуірдің шекарасы туралы таластар жүргізілуде, сол себептен ежелгі, орта ғасыр мен жаңа заман- ның межелері екі немесе үш ғасыр шегінде ауытқиды. Бұдан басқа, дүниежүзі
ТАРих ҚАЛАй ЖАЗЫЛАдЫ? 41

тарихын кезеңдеудің мұндай негіздемесіне оқиғалары Қытай мен Үндістан- ның өткенін сипаттау үшін бағдар бола алмайтын Еуропа тарихы алынып отыр. хіх ғасырдың ортасынан бастап әртүрлі экономикалық теорияларға бай- ланысты әлемдік тарихтың кезеңделуі кең өріс алды. хх ғасырдағы марксис- тік әдебиеттерде К.Маркс пен Ф.Энгельстің еңбектерінен бастау алған бес қоғамдық-экономикалық формация (алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, фео- далдық, капиталистік, коммунистік) схемасы бекітілді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлеуметтік әрі экономикалық тарихтың салаларында ұсыныл- ған индустрияландыру мен модернизация теориялары барлық тарихи процес- терге таратылды. дүниежүзі тарихы әртүрлі типтегі – индустриялыққа дейінгі (аграрлық, дәстүрлі), индустриялық (модернизацияланған), постиндустриялық (ақпараттық) қоғамдардың ауысымы ретінде қарастырылды. Қазіргі тарихшы- лар мен әлеуметтік философтардың еңбектерінде тарихтың постиндустриялық


кезеңін зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.
XVII ғасырда жүзжылдықтар бойынша кезеңдеудің бастамасы жасалады. уа- қытты бөлшектеудің бұл тәсілі бойынша, әрбір жүзжылдық өзінің ішкі бірлігіне, жеке өзіндік бірегейлігіне ие болады.
дәуірдің жекелеген бір сипатын бүкіл кезеңнің мәніне ауыстыру барысында метафора ретінде қолданылатын жалпылама атаулар («барокко дәуірі» немесе
«либерализм ғасыры») пайда болады. Алайда олар ерекше сақтықты талап етеді, өйткені XVII ғасырдағы өмір сүрудің барлық тәсілі барокко стилінің ерекшелік- терімен сипатталатынын білдіреді. Жаһандық дәуірлер теориялары да сын тұр- ғысынан қарастырылуы мүмкін. Өйткені тарих – адам жеке тәжірибесі арқылы қол жеткізетін пайымға негізделген әлемдік біртұтас дүние.
Сонымен дәуірлер мен кезеңдер – тарихшылар еңбегінің жемісі. Бұл кон- струкциялар өткеннің құбылысын зерттеуге жәрдем береді, бірақ оларды сөзбе- сөз түсінбеу керек. Р.дж. Коллингвуд жазғандай, барлық адам тарихтың тартым- ды немесе жағымсыз кезеңдері туралы оқып-біледі. Алайда берілген қандай да бір бағалардың көпшілігі тарихшылар зерттейтін өткен өмір туралы емес, олар- дың өткенді қалай зерделейтіні жайында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет