Тарих indd



бет49/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68
Байланысты:
репина док

Ресей тарихнамасы және


«орыс тарихи мектебі»
хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басында Ресейде еуропа- лық әйгілі мектептердің өкілдері жиналған еді. Орыс ғалымдарының көпшілі- гі деректердің сын тұрғысынан талдануы мен материалды әділ, бейтарап түрде баяндауға негізделген тарихи танымның ғылыми және сонымен қатар өзіндік сипатын мойындады.
Тарихи білімнің позитивистік концепциясы ұзақ уақыт бойы өзінің позиция- сын сақтап келді және оның кейбір нұсқалары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Тұжырымдаманы (белгілі бір толықтыруларымен) В.О. Ключевский, н.и. Кареев, М.М. Ковалевский сынды ресейлік белгілі тарихшылар қолдады.
хіх ғасырдың 50-жылдарында сыни әдістің негізінде тәрбиеленген «петер- бургтік тарихи мектептің» (М.С. Куторга, М.М. Стасюлевич т.б.) ғалымдары жетек- ші рөл атқарды. Бірақ 1860–1870 жылдары тарих ғылымының орталығы Мәскеуге ауысқан еді. Онда Т.н. грановский мен оның шәкірттері, ең алдымен, П.н. Кудряв- цев (1816–1858) пен 1864–1870 жылдар аралығында тарих-филология факультеті- нің деканы, 1871–1877 жылдар аралығында университеттің ректоры қызметтерін атқарған С.М. Соловьевтің (1820–1879) дәстүрі берік сақталған еді.
Тимофей николаевич грановский (1813–1855) тарихтың әлеуметтік қызметін жандандыруға деген ұмтылысымен ерекшеленді. Бұл жайында н.г. Чернышев- ский «грановский қызметінің барлық сипаты оның жеке өзінің ғылыми абыро- йы үшін емес, қоғамға қызмет етуімен түсіндіріледі» деп атап өткен еді.
162 ЖЕТінШі ТАРАу

Т.н. грановский терең білімімен, тарихи синтезге деген айрықша қабілеті- мен, тұтас дәуірді жарқын бейнеде сипаттай алу шеберлігімен ерекшеленді. Ро- мантикалық тарихнаманың бағытында көп жылдар еңбек еткен Т.н. грановский 1852 жылдың өзінде-ақ «Жалпы тарихтың қазіргі жағдайы мен дамуы туралы» өзінің сөйлеген сөзінде «тарих жаратылыстану ғылымдарының әдістерін алып, шынайы ғылым болуға ұмтылуы қажет және осы мақсатта тіпті форманың көр- кем аяқталуына деген талабы мен әрекетінен бас тартуы керек» деген тезисті ұсынған еді. Сол кезде ол орта ғасырлар тарихы жайындағы дәрістерін позити- вистік бағытқа бейімдей бастайды.


Ресейдің әйгілі тарихшысы Владимир иванович герье (1837–1919) Т.н. гра- новскийдің дәстүрін тікелей жалғастырушы болды. Ол Т.н. грановскийдің про- фессорлық қызметі кезінде Мәскеу университетінде оқыды, кейіннен ұстазы кафедра меңгерушісі болған уақытта тарих кафедрасының маңызы универси- теттік аудиторияның аясынан әлдеқайда асып түскенін және орыс қоғамдық санасының барлық саласын терең қамтығанын атап көрсетті. Жалпы алғанда, герье позитивистік тарихнамаға қарсы шықты, нақтырақ айтар болсақ, Бокльдің
«Өркениет тарихын» сынға алды. Ол тарихшының басты дерегі – адамның туын- дысы, ал зерттеудің басты нысаны адамдардың іс-әрекеттері болғандықтан, та- рихи таным психологиялық талдау жұмысына негізделуі қажет деп түсіндірді. Тарихшы идеялардың халықтың тағдыры мен өркениеттердің даму барысына ықпал ететінін атап өтті.
герье алғаш рет Ресейде білім беру тәжірибесіне неміс үлгісіндегі тарих семи- нарларын енгізген еді. Өзінің тарихи еңбектерінде идеялар тарихын зерделесе де, ол студенттермен сабақ жүргізу үшін әлеуметтік және экономикалық тарих бойынша алуан түрлі тақырыптарды таңдады.
Осы семинарлардың аясында кейінірек көптеген Ресей университеттерінде- гі жалпы тарих кафедраларын басқарған және орыс тарихнамалық мектебінің мақтанышына айналған бірқатар әйгілі орыс тарихшыларының (н.и. Кареев, П.г. Виноградов, Р.Ю. Виппер, М.С. Корелин т.б.) көзқарастары қалыптасты.
герьенің досы, орыстың белгілі тарихшысы Василий Осипович Ключевский (1841–1911) «мемлекеттік мектептің» теориялық қағидаларынан түбегейлі бас тартып, Ресей тарихын жалпы тарихтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Адамзат қоғамдары құрылымының өтпелі жергілікті жағдайларға тәуелсіз түр- де қолданылатын жалпы заңдары туралы ғылымды қалыптастыруды армандай отырып, ол өзінің айрықша тарихи тұжырымдамасын құрастырды. Тарихи зерт- теудің нысанын не құрайды деген сұраққа В.О. Ключевский адамдар одақтары- ның шығу тегі, дамуы мен құрамы деп жауап береді. Ол тарихтың әртүрлі ке- зеңдерінде халықтың өмірін бейнелеген ерекше жағдайларды анықтай отырып, халықтың тарихынан неғұрлым мағыналысын іздеді және орыс тарихының бас- ты ерекшелігін халықтың үздіксіз миграциясын туындатқан табиғи фактордан көрді. В.О. Ключевский тарихи процесті анықтайтын төрт «тарихи күштерді» – елдің табиғатын, адамның физикалық табиғатын, тұлғаны және қоғамды бөліп көрсете отырып, табиғи жағдайлар мен адамның әлеуметтенуін байланыстыра- тын синтездік концепцияны қалыптастырды.
В.О. Ключевский «Орыс тарихының әдіснамасы» (Методология русской исто- рии) курсында ғылыми-жартылыстану білімінің принциптеріне бағдарланған
XIX ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 163

позитивистік рухта тарихтан қоғамдық тәрбиенің құралын жасайтын субъек- тивті әдісті және өткенді ғылыми тануға бағытталған объективті әдісті ажырату туралы мәселе көтерді. Оның пікірінше, субъективті әдістің жүйесінде адамзат- тың қазіргі мәдениетінің түп-тамыры мен оның біртіндеп қалыптасуын негіз- деуге ұмтылу жатыр. Сондықтан тек осы процеске қатысы бар тарихи фактілер ғана іріктеліп алынады. Бірақ адамзат біртекті емес, демек, фактілердің іріктелуі мен оларды әртүрлі мәдениеттерге жататын тарихшылардың бағалауының бір- бірінен айырмашылығы болуы қалыпты жағдай. В.О. Ключевский: «Мұндай та- рихи зерттеулер тарихи құбылыстарға емес, зерделеушінің жеке ой-өрісіне, яғни зерттелініп отырған объектіге емес, зерттеуші субъектіге сүйенеді, демек, зерт- теудің бастапқы межесі зерттеушінің көзқарасы болып саналады»,12 – деп жазды. Объективтік әдіске келер болсақ, оның негізінде қазіргі мәдениетті адамзаттың дамуының нәтижесі ретінде емес, оның жағдайының бірі ретінде көретін көз- қарас жатыр, ал әдістің міндеті «тарихи қозғалыстың өзін» зерттеу болып сана- лады. Бұл жағдайда құбылыстардың хронологиялық реттілігінің өзі маңызынан айырылады, өйткені құбылыстан кейін не болатыны емес, неден бастау алғаны маңызды. Соған орай, зерттеудің құбылыстарды бақылау, салыстыру және жал- пылау секілді өзге де тәсілдері қажет болады.


Жалпы тарихтың «орыс тарихи мектебінің» (бұған мұндай атауды ресейлік әріптестерінің ғылыми жетістіктерін жоғары бағалаған шетелдік ғалымдар бер- ген еді) қалыптасуына тарихшылардың Мәскеу университетімен байланысы ерекше ықпал етті. Мектептің ғылыми мәселелері мен белсенді қоғамдық пози- циясының қалыптасуына реформадан кейінгі Ресейдің әлеуметтік-саяси жағда- йы да өз әсерін тигізді. Өзекті тақырыптар әлеуметтік қатынастар мен әлеумет- тік күрестер тарихының төңірегінде, әсіресе қоғам дамуының күрделі кезеңдері аясында топтасты. Тарихшылар тарих ғылымының тәрбиелік әрі қоғамдық функ- цияларын ерекше атап көрсетті. Ғалымның міндеті деп саналған публицистика- лық және ағартушылық қызметтермен де жүйелі түрде айналысты.
Мәскеу университеті бойынша, герьенің жақын ізбасары, орыстың атақ- ты медиевисі Павел гаврилович Виноградов (1854–1925) болды. Оның ғы- лыми зерттеу жұмысының негізгі нысаны батысеуропалық феодализмнің пайда болуы және даму мәселелері еді. П.г. Виноградов позитивистік тарих- наманың көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ол әлеуметтік тарихқа ерекше қы- зығушылық білдірді, ал оның зерттеу еңбегінің басты нысаны болған құқық тарихы әлеуметтік тарихтың бір аспектісі ретінде қарастырылды. 1901 жылы П.г. Виноградов демалысқа шығуға және Англияға кетуге мәжбүр болды, ол елде оны білетін әрі құрметтейтін еді, оған Оксфорд университетіндегі кафедрада қызмет етуге мүмкіндік жасады. П.г. Виноградовтың оксфордтық семинарлары- на еуропалық және америкалық жас ғалымдар қатысатын еді. П.г. Виноградов хх ғасырдың басындағы ғылымның қол жеткізген жетістігі ретінде «қоғамдық даму кездейсоқтықтардың емес, заңдардың жүзеге асуының нәтижесі» деген тү- сінікті бағалады. Алайда ол тарихқа тек қана құбылыстардың себептерін анық- тайтын ғылым ретінде баға берген көзқарасқа қарсы шыға отырып, көптеген та- рихи фактілердің өзі қызығушылық тудырады, мұның өзі олардың заң арқылы байланыстырудың кез келген мүмкіндіктеріне қарамастан, зерттеуге лайықты екенін көрсетеді деп түйіндейді.
164 ЖЕТінШі ТАРАу



герьенің шәкірттерінің бірі, көрнекті ғалым әрі педагог николай иванович Кареев (1850–1931) өзінің ғылыми қызметін жаңа заманның тарихына арна- ған еді. н.и. Кареевтің зерттеу жұмысының басты нысаны Ұлы француз рево- люциясы мен оның алғышарттарының тарихы болды. Тарихшылар әдістемелік мазмұндағы тарихи нұсқаулықтар бойынша емес, беделді ғалымдардың тарихи шығармаларын оқи отырып және тәжірибелі оқытушылардың көмегімен тарихи тапсырмаларды орындау арқылы жұмыс жасап үйренеді деп сенген н.и. Кареев тарихтың теориясымен көбірек айналысқан еді. Ол – тарих ғылымының фило- софиялық әрі әдістемелік мәселелеріне қатысты көптеген еңбектердің авторы. Орыс ғалымының әлеуметтанудың рөлі мен тарихтың ғылыми мәртебесі туралы көзқарастарының конттық және неокантшылдық көзқарастардан айтарлықтай айырмашылығы болды. 1883 жылы тарихи ойдың қарқынды дамуының алдында ол тарихты да қамтитын феноменологиялық және номологиялық ғылымдардың арасына белгілі бір айырмашылықтарды енгізді. Оның пікірінше, тарих жеке әрі қайталанбайтын фактілері бар сипаттаушы пән ретінде баяндалады. Бұл ерекше тарихи заңдардың өмір сүретінін жоққа шығару болды (сол себептен автор әріп- тес-позитивистердің тарапынан сынға ұшыраған еді). Өйткені тарихты ол құбы- лыстардың бірізді ауысуынан тұратын процесс деп түсінді, сол жиынтықта әрбір құбылыс бір рет қана көрініс табады. н.и. Кареев тарихта, табиғаттағы секілді, барлығы заңды екенін мойындағанымен, бұл заңдылықтар өздерінің сипаты бо- йынша тарихи емес, психологиялық және әлеуметтанулық деп пайымдады. Ға- лым табиғатты да, тарихты да екі әдіспен, яғни жалпылайтын және жекелейтін әдістермен тануға болады деп есептеді. Тарихты зерттеу барысында танымның әртүрлі деңгейлері болуы ықтимал: нақты жеке сәттерден жалпы абстрактілі си- паттамаларға дейін. Сонымен қатар н.и. Кареев тарихтың міндеті қандай да бір заңдарды ашу, болашақты болжау немесе тәжірибелік нұсқаулар беру емес, өт- кеннің жекелеген оқиғаларын мұқият зерттеу деп білді.
н.и. Кареевтің пайымынша, тарихтың жалпы теориясының тұтас концепция- сы тарихтағы тұлға мәселесін әзірлеуге ерекше мән берілген историологияны (тарихи процестің теориясы); историканы (тарихи танымның теориясы) және тарихи оқытудың теориясын қамтыды. н.и. Кареевтің тарихтың барлық бөлім- дерін қамтыған көптеген оқулықтары әдістемелік жағынан үлгі болды.
Орыс тарихнамасындағы позитивистік бағыттың көрнекті өкілі иван Васильевич Лучицкий (1846–1918) еді. Ол жалпы тарихи заңдардың болатынына және оларды танудың принциптік мүмкіндігіне сенім артты. Ғалым статистика- лық өңдеуге келетін көптеген құжаттық материалдарға сүйенді. Оның еңбекте- рінің басым бөлігі әлеуметтік-экономикалық тарихқа, орта ғасырлардағы, XVIII ғасырдағы Ұлы француз революциясы қарсаңындағы және кезіндегі шаруалар тарихының мәселелеріне арналған еді.
П.г. Виноградов, н.и. Кареев пен и.В. Лучицкийлердің замандастары болған Максим Максимович Ковалевский (1851–1916) орыстың әйгілі тарихшы-пози- тивисі еді. Ол құқық тарихымен және экономикалық тарихпен айналысты. Со- нымен қатар, н.и. Кареев сияқты, әлеуметтанудың мәселелерімен де шұғыл- данды. Ол жалпы теориялар мен гипотезаларды әзірлеместен, нақты-тарихи зерттеулердің фактілік материалдарын жалпылай отырып, өзінің жаңа ғылыми әдісін құрастырды. Конттың ізбасары болса да, ол ұзақ уақыт бойы Маркстің
XIX ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 165

ықпалында болған еді. Маркс оны өзінің ғылымдағы достарының бірі деп атады. М.М. Ковалевский, бір жағынан, көптеген еуропалық тарихшы-либералдарды қы- зықтырған тақырып – ағылшынның жергілікті өзін-өзі басқару ұйымының пай- да болуы мен қызмет етуі туралы мәселелерге, екінші жағынан, ортағасырлық Англияның әлеуметтік-экономикалық тарихына қызығушылық білдірген еді.


хіх ғасырдың соңғы ширегінде Ресей тарихнамашылары Батыс қоғамының тарихына ерекше назар аударды. «Орыс тарихи мектебі» өкілдерінің Батыс Еуропаның орта ғасырлар мен жаңа заман дәуірлерінің тарихын зерделеуге де- ген ерекше ынта-ықылас білдіруі – олардың кейбір ортақ заңдылықтарды түсі- нуге ұмтылысы және болашақта Ресей жүруге тиісті жолдан өткен елдердің тә- жірибесіне сүйенуге деген талпынысы болды. «Орыс тарихи мектебінің» белгілі тарихшылары нақты-тарихи зерттеулерді теориялық-әдіснамалық және тари- хи-әлеуметтанулық мәселелермен байланыстыруға тырысты. Олар тарихи заң- дылықтардың өмір сүретінін, өткен мен бүгінгінің органикалық байланысын, құқықтық және саяси формалардың тарихилығын мойындады. Олар өздерінің нақты-тарихи зерттеулерінде Ресейдің батыстық жолмен феодализмнен капи- тализмге өту перспективаларын түсіну мәселесімен айналысты. П.г. Виноградов Батыс Еуропада антикварларға берілген сұрақтар Ресейде әлі де болса көкейкес- ті дегенде дәл осы жағдайды меңзеген еді. «Тарихтың сабақтарына» сенген орыс ғалымдары Батыстың тәжірибесінде құнды болып саналатын дүниелерін ерек- шелеп көрсетуге және оны Ресейдің бүгіні мен болашағы үшін «пайдаға» жара- туға ұмтылды.
Осы мектептің өкілдері өздерінің кәсіби қызметтеріндегі уәждеменің идео- логиялық жақтарын көрсете отырып, оның 1861 жылы реформаның салдарын байқаған және орыс шаруаларының тағдыры туралы ойлаған сол ұрпақтың зия- лыларының саяси мүдделермен байланыстарын атап өткен еді. Ресейдегі өмір- дің сұраныстары мен қажеттіліктері «орыс мектебі» тарихшыларының ғылыми ізденістеріне белгілі бір бағыттар ұсынып отырды, сондай-ақ оның географиялық және хронологиялық шеңберін нақтылай түсті. Бірақ ғалым мен азаматтың ойлау жүйесін қалыптастыратын басқа да факторды – ғылыми-танымдық белсенділік- ті арттыруға бағытталған тарихи материалдың, мәдени-тарихи контекстің кері әсерін естен шығармаған абзал. Бұл кері байланыстың өзіндік қоры бар. Қазіргі кезеңдегі алаңдаушылықтармен қандай да бір нақты байланыстарды білдіретін бөгде өткенмен интеллектуалдық кездесу тарихшының қоғамдық позициясына ықпал етпей қоймайды. Бұл жағдайда әңгіме либералдық немесе либералдық- демократиялық рухтағы әлеуметтік өзгерістерге бағыт алу жөнінде болып отыр. Сөйтіп, Француз революциясының тарихымен, сонымен қатар дәстүрлі қоғамнан заманауи қоғамға алғашқы болып өтуді жүзеге асырған Англияның тарихымен кәсіби тұрғыда айналысу мәселесі мамандарға реформадан кейінгі Ресейде ішкі қуаты әбден сарқылған феодалдық құрылыстың тарих сахнасынан кеткенінің дә- йекті дәлелдерін келтірді. Белгілі бір идеялық алғышарттарға негізделген өзіндік белсенді зерттеушілік тәжірибе айтарлықтай жеке қабілеттерге ие бола отырып қалыптасқан ұжымдық психологияның стереотиптерін, априорлық пайымдарды, жеке ұстанымдар мен саяси бағаларды түзетуге қабілетті болды.
Жалпы тарихтың құрамдас бір бөлігі саналған «орыс мектебінің» ғалымдары әрдайым Ресейдің өзіндік ерекшелігін мойындады және тіптен оның маңызына
166 ЖЕТінШі ТАРАу

тоқталып отырды. Әрине, бұл жерде дамудың танымдық заңдылықтарына негіз- делген қоғамдық өмірге белгілі бір мақсатпен саналы түрде ықпал етудің мүм- кіндіктерін позитивистік тұрғыдан мойындау жағдайы орын алды. Бірақ біртұ- тас ішкі дамудың ұлттық дәстүрлерін және ерекше белгілерін, мәдени-тарихи мұраның ерекшелігін – біз қазіргі таңда тарихи процестің өркениеттік негіздері деп айтатынымыздың барлығын ескеру қажет екені көрсетілді.


Айрықша тарихи-философиялық ойлау қабілетіне ие жоғары категориядағы кәсіби маман бола отырып, батысшыл тарихшылар ескі тәртіптен жаңасына кө- шудің уақыт сынынан өткен үлгілерінің болуы бұл ауысуды жеңілдетіп әрі же- делдетіп, келешектегі перспективаларды айқындауға және келесі қадамдарды
«айтып» отыруы мүмкін екенін жақсы түсінді. Алайда өзгелер жүріп өткен даң- ғыл жолмен қозғалу механизмі тек нақты қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларымен, оның шынайы қажеттіліктерімен анықталатын ұқ- сас тарихи жағдайда ғана «іске қосылады».
Тарих ғылымының даму логикасының диалектикалық бірлігі мен оған әлеу- меттік-саяси шындықтың тигізген әсері зерттеулердің өзекті мәселелерін қа- лыптастыру барысында айқын көрінді. Ресей тарихнамасында алғашқы орында қоғамда орын алған өзгерістердің шарасыздығын түсінумен толықтай сәйкес ке- летін, аграрлық мәселені шешудің және конституциялық кепілдіктерді енгізудің тәжірибесін тікелей бейнелейтін мемлекеттік-құқықтық құрылым мен шаруа- лар тарихы мәселелерінің жиынтығы тұрды. «Орыс мектебі» өкілдерінің зерт- теу тәжірибесі мынадай белгілерімен ерекшеленді. Олардың біріншісі – әлеу- меттік-экономикалық тұрғыдан пайымдауды саяси құрылыс, азаматтық қоғам мен заманауи құқықтық мемлекеттің қалыптасуы, конституциялық монархия- ның және жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы процестерін жан-жақты зерт- теу мәселелеріне қызығушылықпен жүйелі түрде ұштастыру. Бұл органикалық бірлік саяси құрылыстың қоғамдық құрылысқа тәуелді екенін көрсетуді өзінің міндеті санаған М.М. Ковалевскийдің ғылыми шығармашылығында айтарлық- тай айқын көрінді. «Орыс мектебінің» екінші ерекшелігі деп аграрлық тарихтың мазмұнын әлеуметтік тарих ретінде кең мағынада түсінуді айтуға болады. Аг- рарлық тарихтың осылайша қарапайым адамдардың шынайы тағдырларына, халықтың өткеніне деген қызығушылықпен органикалық негізде ұштастыра қарау сол кезеңдегі батысеуропалық тарихнамада болған емес, бұл кейінірек хх ғасырдың ортасында қалыптасты. Үшінші сипатты белгі тарихи динами- ка және тарихи преспективадағы түрлі құбылыстар мен процестерді зерттеуге деген қызығушылықпен байланысты болды. «Орыс мектебінің» соңғы, төртін- ші ерекшелігі ретінде зерттеліп отырған құбылыстарды салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерделеу сияқты ұлттық тарихнама дәстүрінің ерекшелігін бейнелеу- ді атаймыз. Бұл жерде сөз салыстырмалы тарихтың тәжірибесін Ресейдің қо- ғамдық-саяси дамуы мен болашағын қалыптастыру жолдарын таңдау барысын- да қолдану жөнінде болып отыр. Ресей ғалымдарының тарихи ойларының дәл осындай ерекше белгілері олардың ортағасырлық және жаңа тарихтың анағұр- лым маңызды мәселелеріне деген тәсілдерінің сонылығын, олардың әлемдік та- рих ғылымына қосқан теңдессіз үлесін көрсетті.
Тарих пен бүгінгі күннің арақатынасының теориялық-әдіснамалық мәселесі- нің өзге де аспектілері бар. Әрине, тарих ғылымы бүгінгінің білімімен қордалана
XIX ҒАСЫРдЫң ЕКінШі ЖАРТЫСЫ МЕн XX ҒАСЫРдЫң БАСЫндАҒЫ ТАРихи Ой ЖӘнЕ КӘСіБи ТАРихнАМА 167

отырып, заманына сай өзінің түсініктері мен бағаларын өзгертеді. Бірақ тарихи білімнің жалпы мәдени контексте зерделенуі, ұлттық мәдени ерекшелік «бөгде» өткеннің бейнесін өзгеше түрде өзгерткен кезде, бір ұлттың, елдің, өркениеттің тарихи тәжірибесін басқаның қоғамдық санасымен қабылдау және бағалау мә- селесіне ерекше тұрғыдан қарауды ұсынады.


Басыбайлылық пен самодержавиенің қалдықтарымен күрес шынайы өмірде тарихқа деген сезімтал көзқарасты ғана қалыптастырып қойған жоқ. Ол сондай-ақ қазіргі қоғамдық санаға ғылыми қорытындылар мен түсініктерді белсенді түрде жүзеге асыруға қозғау саларлық жағдайды да қалыптастырады. Тарихтың әлеу- меттік әрі тәрбиелік қызметі ажырамас бірлікте және олар оның танымдық қыз- метінің табиғи жалғасы ретінде қабылданды.
Тек жоғары санатты кәсіпқой ғалым ғана емес, сонымен бірге ірі қоғамдық қызмет өкілдері бола отырып, орыс тарихшылары өздерінің белсенді педагоги- калық қызметтері мен көптеген тамаша публицистикалық әрі ғылыми-ағарту- шылық сипаттағы жұмыстарымен жаңа тарихи сана мен саяси мәдениетті қа- лыптастырды. Сонымен қатар дәріс оқып, мерзімді басылымдардың оқырман аудиториясын құраған Ресей қоғамының қалыптасуына елеулі үлес қосты.
1899 жылдан бастап «дүниежүзі тарихының хабаршысы» (Вестник всемирной истории) атты тарихи-көпшілік журнал жарыққа шыға бастады. Аталған журнал- да орыстың әйгілі тарихшыларының қызықты аударма еңбектері мен мақалалары жарияланды. Бірақ ол журнал төрт жылдан кейін жабылып қалды. Ресейдегі тарих ғылымының дамуы мен институттық ресімделуінің көптеген қиындықтары елдегі саяси жағдайға байланысты болды. Атап айтқанда, бұған 1890 жылы негізі қалан- ған Санкт-Петербург университетінің жанындағы Тарих қоғамының ұйымдасты- рушыларының полиция мен цензуралық тәртіптің кедергілеріне тап болуы мысал болды. Толық мүшелер ретінде орыстың көрнекті тарихшыларын өз құрамына қосқан, екі секторы (орыс және жалпы тарих) болған бұл қоғам «Тарихи шолу» (Ис- торическое обозрение) журналын шығарды. Алайда мәжілістері жастар бұқарасын жинау арқылы өтетін бұл қоғам сол кезеңдердегі студент жастардың толқуларына байланысты полицияның жіті бақылауына алынды. Кейіннен адамдардың қаты- суымен өтетін қоғамдық отырыстарды ұйымдастыруға тыйым салынды.
Санкт-Петербург университетінің жанынан ашылған Тарих қоғамынан бас- қа Мәскеу университетінде және өзге де шет аймақтарда да осындай ұйымдар құрылды. 1913 жылдан бастап «Тарихи шолумен» қатар н.и. Кареевтің редакция- сымен «Өткеннің үні» (Голос минувшего) мен «Ғылыми тарихи журнал» (Научный исторический журнал) атты мерзімдік басылымдар жарыққа шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет