Тарих indd


Тарихи сана және тарих ғылымы



бет9/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
репина док

Тарихи сана және тарих ғылымы


Тарихи сана – өткенді еске алу мен оған деген қызығушылық білдірген бар- лық адамдар мен халықтарға тән құбылыс. Сонымен қатар өткенге қатысты пі- кірдің өзі және ол туралы ақпаратты алу тәсілдері айтарлықтай әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мұның өзі тарихи сананың алуан түрлерінің бар екені туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Олардың арасындағы айырмашылық негізгі екі фак- тормен: біріншіден, өткенге қатысты эмоциялық және рационалдық қатынас- тың түрлі өлшемдерімен; екіншіден, жекелеген тарихи деректердің негізінде қалпына келтірілген оқиғаның шынайылық деңгейімен анықталады.


Тарихи білімнің объективтілігі мен шынайылығы


Тарихи жадының құрамы көп жағдайда субъективті және эмоциялық аспек- тілерге байланысты: қауымдастық ерікті немесе еріксіз түрде ақпараттық дерек ретіндегі өткенге назар аударады. Бұқаралық сана өткенді эмоциялық түрде қа- былдайды, өткеннен өзінің жеке үміттері мен артықшылықтарының нәтижесін көргісі келеді де, оқиғаның шынайы және жалған бейнелерінің арасындағы ше- караны оңай жояды. Әлеуметтік немесе мәдени жады ұрпақтардың тығыз бай- ланысын көрсетеді, бүгінгі күнде жүзеге асыруға болатын тәжірибелік мысалда- рын береді. Ғылыми тарихи сананың негізінде өткен мен бүгінгінің арасындағы айырмашылықты тану, өткенді қалпына келтірудің негізі болатын ақпараттың шынайылығын талап ету, тарихи құбылыстарды қаншалықты дәрежеде қазіргі өмірдің фактілерімен салыстыруға болатынына үнемі күмәндану жатыр. Тарих – әлеуметтік өмірдің теңдессіз тәжірибесі, онсыз қазіргі қоғам өзін түсінбейді және даму жолдарын анықтай алмайды, ғылым тарихты осы тәжірибесін қолда- нудың тәсілдері мен мүмкіндіктері тұрғысынан сыни көзқараста бағалап отыр. Бұқаралық немесе сыни емес тарихи санаға тән үш ерекшелік:

  • өткенді қазіргі заманмен сәйкестендіру;

  • қазіргі таңдағы әлеуметтік өмір құбылыстарының пайда болуына қатысты көз- қарасты аталған контексте ұсынатын өткенге деген рестроспективтік тәсіл;

  • өткеннің біртұтас бейнесін қалпына келтіру үшін ойдан шығарылған қиялды еркін қолдану.

ТАРих дЕгЕн нЕ? 23

Бұқаралық сана еліктеу немесе айыптау үшін өткен кезеңнен мысалдар із- дейді. Бұл тарихтың нақты бір дәуірдің этикалық ұстанымдарының бейнелік иллюстрациясы ретінде қабылданатынын білдіреді. Тарихи кейіпкерлер әлеу- меттік мінез-құлықтың үлгісі ретінде бейнеленеді, оларға жекелеген қауымдас- тық өкілдері өздерінің мінез-құлықтары үшін маңызды деп есептейтін сапа мен мотивтерді жатқызады.


Еуропалық орта ғасыр тарихынан мысалдар қарастырып көрейік. хіі ғасырда германияда (қазіргі Австрияның құрамындағы жерлерде) керемет әдеби шығарма – «Нибелунгтар туралы жыр» поэтикалық эпосы дүниеге келді. Ол шығармада герман халықтарының тарихи жадысы көрініс тапқан, алайда ортаға- сырлық рыцарьлық пен зайырлы ақсүйектердің этикалық және әлеуметтік көз- қарастарының ықпалымен мазмұны өзгеріске ұшыраған. Эпостың негізіне билік пен құдіреттіліктің нышаны болған таңғажайып алтын қазынаға ие болу жолын- дағы құдайлардың, аңыздағы кейіпкерлер мен адамдардың дамылсыз, аласапы- ран күресінің барысын әңгімелейтін аңыздар, мифтер мен шежірелердің топта- масы енген. Бұл әңгімелердің құрамдас бөлігі «халықтардың ұлы қоныс аудару» дәуірі туралы трансформацияланған хикаялар, соның ішінде ертедегі бургунд ко- рольдігінің ғұндардың соққысынан кейін құлағаны туралы фактіні баяндау еді. Бұл аты аңызға айналған түпнұсқа ортағасырлық дәуірде айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Ерте кезең оқиғаларының барлық жағдаяттары – кейіпкерлер, іс-қи- мыл орындары, мінез-құлық мотивтері – сол тұста қалыптасқан рыцарьлық және сарай қауымдастығы шындығының жүзеге асырылуы ретінде көрсетілген.
Эпостың басты кейіпкерлері – бургунд корольдары, Зигфрид, сиқырлы ко- рольдіктің ханшайымы Брунхильда «Нибелунгтар туралы жырда» құдіретті және ақсүйек батырлардың қалыптасқан нормаларының талаптарына сәйкес бейне- ленген. Ертедегі германдық аңыздарда сиқырлы кейіпкер ретінде бейнеленген Зигфрид – тылсым күштің бірқатар қасиеттеріне бөленген русыз және тайпасыз адам – билеушінің мүлтіксіз бейнесіне: жаужүрек рыцарьға әрі шебер жауынгер- ге, сарай әдебінің білгіріне айналады. Сонымен «Нибелунгтар туралы жыр» гер- манияның ортағасырлық аристократиялық аудиториясын ежелгі уақытқа саяхат жасатып қана қойған жоқ, ол өздерінің батырларының мүлтіксіз бейнесін және рыцарьлық қоғамның үлгісін көрсетті. Тарихи және аңыз кейіпкерлерінің өзге- рістері ортағасырлық сананың қалыптасқан құбылысы болды.
Мұндай мазмұндағы туындыларды тек орта ғасыр авторлары ғана емес, анти- калық және жаңа заманның қаламгерлері де жазды. Қазіргі күнде өте танымал болған тарихи романдар, тарихи фильмдер немесе көпшілікке арналған тарихи- публицистикалық мақалалар мен кітаптарда өткеннің адамдары, өмірде болған немесе ойдан шығарылған кейіпкерлер моральдық қасиеттердің үлгісіне айна- лады. Өз шығармаларында авторлар сол қасиеттерді замандастарына насихат- тағысы немесе, керісінше, сол қасиеттерге жиіркеніш сезімін тудырғысы келе- ді. Кейбір кезде кейіпкерлер ұлттық батырларға айналады: олардың мүлтіксіз бейнесі кез келген халықтың туа біткен қасиеті ретінде көрсетіледі, ал олардың іс-әрекеттері ұлттық немесе саяси қауымдастықтың мүдделерін қорғауға бағыт- талған қайрат ретінде баяндалады.
хіх–хх ғасырлардағы Еуропада ұлттық кейіпкерлердің өзіндік «қоры» қа- лыптаспаған бірде-бір ұлт жоқ еді. Қиялмен өзгерген бұл тарихи кейіпкерлер
24 БіРінШі ТАРАу

қоғамда белгілі бір саяси-идеологиялық және әлеуметтік идеяларды насихаттау мақсатында қызмет етті. Мысалы, орта ғасырларда христиандық билеушінің мүлтіксіз үлгісі болған Ұлы Карл жаңа заманның бұқаралық және айтарлықтай деңгейде ғылыми санасында Франция мемлекеті мен «біртұтас Еуропаның» не- гізін қалаушы ретінде қабылданды. Американың тәуелсіздік үшін соғысының басшылары АҚШ-та ұлттың негізін қалаушы «әкелер» мәртебесін алды, олардың болмысынан қуатты, тәуелсіз және демократиялық мемлекет идеясының іске асу бейнесін көреді. Кейде осындай мінсіз үлгінің қазіргі қоғамды әшкерелеуде, кемшіліктер мен моральдық құлдырауды толыққанды әрі сабақтастығы берік сақталған өткенмен салыстыруда өзіндік мақсаты да бар еді. Ұлттық кейіпкер- лерге берілген қасиеттер әдетте шынайы тұлғалар мен олардың заманында орын алған нақты тарихи жағдайлардан анағұрлым алыстау тұратыны белгілі. Кері- сінше, тарихшылардың «қайта жасаған» бейнелері қазіргі заманауи қоғамның идеалдарын немесе саясаткерлер мен идеологтардың бұқара халықтың негізгі бөлігіне сіңіргісі келген идеяларын жүзеге асырады.


Өткен кезең тарихи білімнің моральдық және саяси-идеологиялық тәжі- рибелерінің асыл қазынасы ретінде ғана қолданылмайды. Одан қазіргі құбы- лыстардың түп-тамырын анықтауға ұмтылады. Мұндай тәсілдеме модерниза- цияға, ерікті және еріксіз түрде өткеннің бейнесін бұрмалауға әкеліп соғады. Өткен дәуірді қазіргі заманауи қоғамның шыққан бесігі ретінде ғана қабыл- дайды. Соның нәтижесінде жасанды түрде белгілі бір құбылыстардың сабақ- тастығының тізбегі құралады да, ал бұл құбылыстарға өткенмен ешқандай да байланысы жоқ, бүгінгі таңда қалыптасқан сипаттар беріледі.
Мысалы, хіх ғасыр Еуропада ұлттық мемлекеттің идеологиясын қалыптасты- ру ұранымен өтті: біртұтас саяси ұйымның шеңберінде біріккен ұлт қоғамның өміршеңдігінің басты әрі ең жетілген формасы ретінде тұжырымдалды. Ұлттық және саяси біртұтастық мәдени дамудың негізі, ортақ міндеттер мен талпыныс- тардың құралы ретінде түсіндірілді. Ұлттық және саяси мүдделердің айырма- шылығы өзге халықтармен қарым-қатынастарының сипаты мен формаларын анықтады. Аталған концепция өткеннен қандай да бір негіз іздеді, соған орай Еуропаның тарихи дамуының жалпы бағыты мен мән-мағынасы ұлттың қалып- тасуы және оның біртұтас саяси ұйымының аясындағы қарқынды дамуының ай- насында қарастырылды.
«халықтардың ұлы қоныс аударуы» дәуіріндегі герман тайпалары, варварлық корольдіктер, ортағасырлық мемлекеттер мен кейінгі орта ғасырлардағы мо- нархиялардың әрқайсысы этностық сана мен саяси ұйымның дербес формала- ры тән қоғамның ерекше интеграциясы ретінде қабылданбай, тек ұлттық және мемлекеттік бірігудің кезеңдері ретінде ғана қарастырылды. Ортағасырлық соғыстарды жаңа кезеңдегі қақтығыстармен теңдестірді, олардың себептері де ұлттық мемлекеттердің өз мүдделері үшін күресі деп саналды.
Қазіргі кезеңнің тарихи тамырын іздеудің тағы бір мысалы өткеннен бүгінгі демократияның алғышарттарын табуға деген ұмтылысы болып саналады. Мұн- дай алғышарттар санатында антикалық қала-мемлекеттердің құрылымы, Рим республикасы, ортағасырлық қала-коммуналар, рыцарьлықтың сословиелік ұйымы қарастырылды. Осындай әртекті және түрлі дәуірлерге жататын құбы- лыстарға қауымдастық мүшелерінің еркіндігі мен теңдігі принциптері, маңызды
ТАРих дЕгЕн нЕ? 25

мәселелерді ұжымдық әрі көпшілік негізде қабылдау институттарын насихаттау қағидаттары тән деп саналды. Қазіргі Ресейде демократиялық әрі еркін қоғам идеологиясына бетбұрыс жасау мәселесі өзіндік тарихтың дәстүрлерін табу ұм- тылысынан көрініс тапты: ежелгі саяси демократияның мысалы ретінде новго- род вечесін атауға болады.


Қазіргі әлемде кез келген қауымдастық немесе әлеуметтік қозғалыс өздері- нің «тарихи ата-бабаларын» анықтауға ұмтылуда: феминистік қозғалыс өзде- рінің мақсаты ретінде, біріншіден, тарихтан әйелдердің айтарлықтай ерекше рөлін танытатын үлгілерді табуды, екіншіден, алдыңғы дәуірлердегі әлеуметтік және саяси өмірде ер адамдардың толықтай үстемдік етуінің моральдық әділет- сіздігін әшкерелеуді көрсетіп отыр. Құқық немесе саяси бостандық үшін ұлт- тық қозғалыстардың, этностық азшылықтың күрестерінің идеологтары өткен дәуірлерде халықтың тиісті құқықтары мен бостандықтары өзге халықтар мен мемлекеттердің әділетсіз іс-әрекеттерінің нәтижесінде тартып алынғанын дә- лел ретінде пайдаланды. Бір сөзбен айтқанда, тарихқа бүгінгі күн үшін маңызды идеологиялық, әлеуметтік, саяси ұмтылыстарды ақтайтын дәлел ретінде назар аударады. Осы ұмтылыстардың моральдық негіздемесі бар және ежелден келе жатқан құбылыс деп есептеледі. Осыған ұқсас өзекті идеялар мен ұмтылыстар- дың тарихи алғышарттары кейде әсірелеп баяндалады, өткенге мән-мағынасы- нан айырылған белгілер телінеді.
Сондай-ақ өткеннің барысы біржақты және теріс баяндалады. Мысалы, қандай да бір халықтың белгілі бір аумаққа иелік ету талабының тарихи әділдік идеясы осы аумаққа басқа да халықтардың тарихи құқықтарын растайтын фактілерді өткеннің дерегі ретінде жоюды қажет етеді. Өткенді жекелеген халықтар мен әлеуметтік топтардың жерге көз тігуі мен талап қоюын ақтайтын тарихи дәстүр ретінде түйсінуі бұқаралық санада иррационал, тіпті қауіпті ойларды тудырады. Ол тарихи процестердің күрделілігін ескермейді, кейде түрлі дәуірлерге тиесілі құбылыстардың арасындағы байланыстарды бұрмалайды, өткен кезеңнің елесі мен қазіргі заманның ахуалы тудырған идеяларды қалыптастырады.
Шынайылық принциптерін ұстанған және фактілерді дұрыс талдауға талпы- натын зерттеуші-тарихшылар үшін өздерінің өткенді қабылдау түйсіктерін эмо- циялық бояудан тазарту мен өткен оқиғаларды бүгінгінің тікелей алғышарттары ретінде баяндаудан бас тарту аса қиын. Тарихшы әділ бола ала ма? Бұл сұрақ қа- зіргі ғылым үшін басты негіз болып саналады. Алайда осы сауалды өткен мен ол туралы білімнің бірдей еместігін сын тұрғысынан ойлауға қабілетті өткен дәуір адамдары да қойған еді. Тарихшы өзінің зерттеу материалын ешқашан дайын күйде алмайды: деректердегі (өткеннің куәгерлері) фактілер алдымен жинақта- лып, содан соң мұқият талданып, түсіндірілуі қажет.
Жоғарыда аталған екі әрекет те (соның ішінде материалды жинау кезеңі де бар) тарихшының алдына қойған міндеттерімен байланысты болады. Қазір- гі тарихнамада жаратылыстану ғылымдары саласындағы маманға қарағанда, зерттеу жұмыстарына қажетті материалдарды тарихшылар өздері қалыптасты- рады деген идея кең тараған. Бұл олардың дерек мәліметтерін бұрмалауы неме- се өздерінің еркін ойларымен толықтыруы мүмкін дегенді білдірмейді. Алайда алуан түрлі деректердің арасынан олар белгілі бір ақпараттарды іріктеп алуы керек.
26 БіРінШі ТАРАу

Қайсысы бірінші – деректер (фактілік материал) ме немесе интеллектуалдық схема ма деген мәселе тарихшының еңбегінде тауық пен жұмыртқа туралы әй- гілі парадокске ұқсайды. Зерттеуге кірісе отырып, тарихшыда теориялық және концептуалдық түсініктердің алғашқы гипотезалары мен жүйесі болуы керек, тарихшы оларсыз өткеннің деректерімен жұмыс жасай алмайды. іріктелген әрі жүйеленген мәліметтердің мағынасын талқылау кезеңінде оның еңбегінің нәти- желері одан сайын ғылыми, этикалық және моральдық артықшылықтарға көбі- рек тәуелді болады. Тарихшы өзінің өткенге қатысты тек қана шынайы әрі бұра тартпас талдауының талаптарын басшылыққа алса да, тарихи ақиқатты қабыл- дау түйсігін тарихилық принципке толықтай бағындыра алмайды. Зерттеуші басқа дәуірлер мен қоғамдарды өз заманымен салыстырмалы талдауға қызы- ғушылық білдіреді. Кез келген тарихқа қызығатын адам ғылымилық пен тари- хилықтың принциптерінен хабары жоқ буынның көптеген өкілдері сияқты, өз заманындағы қоғамының анағұрлым маңызды әлеуметтік өмір құндылықтары мен формаларының түптамырын өткеннен іздейді. Зерттеуші тарихтан өзінің заманында іргелі саналатын ұқсас немесе айырмасы бар әлеуметтік ұйымдар- дың белгілерін табады. Қазіргі заман тарихшыны өткенді түсіндіруге бағыттай- тын мүлтіксіз модель болып қала береді.


Мысалы, демократиялық құндылықтар мен тұлға еркіндігін мойындайтын қазіргі кезеңнің тарихшысы антикалық дәуірдің әлеуметтік және саяси өмірін зерттеуде бейтарап бола ала ма? Антикалық грекияның полистік демократия- сы мен Шығыстың деспоттық монархиясы берген сипаттамалары мемлекет- тіктің әртүрлі формаларының болғанын дәлелдеп бере ала ма? Ерікті немесе еріксіз түрде ол антикалық әлемде өзінің әлеуметтік өмірінің ұйымына ұқсас және ол үшін маңызды болған белгілерді байқайды. Сол себептен антикалық кезеңді қазіргі қоғамның алғышарты ретінде қабылдаса, сол мезетте шығыс- тық дәстүрлерді анағұрлым жат, қалыпты даму жолынан ауытқыған кейіпте зерделейді. Зерттеушінің әуесқой қызығушыдан айырмашылығы – оның өт- кенді қабылдаудың осындай эмоциялық және құндылық бағамынан саналы түрде қашық болуында. Алайда ол бұл күйден толығымен босап кете алмайды. Тарихшының моральдық әрі саяси біржақтылығы қазіргі қоғаммен әлі де болса байланысын жоғалтпаған өткеннің жақын кезеңін зерттеу барысында анағұр- лым айқын көрінеді. Үшінші рейхтың тарихын немесе Отан тарихының кеңес- тік кезеңін зерттеу әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ жал- пы ой түйіндері әдетте зерттеушінің идеологиялық бағытын көрсетіп береді. Фашизм мен сталинизмді тудырған объективті және күрделі себептерді терең талдау көп жағдайда сол режимдердің тұсында өмір сүрген әрі оны қолдаған адамдарды моральдық жауапкершіліктің ауыр жүгінен босатады, бірақ мұның өзі зерттеушіні осы кезеңді ұлттық және әлемдік тарихтың қасіретті кезеңде- рі ретінде сипаттау құқығынан айыра алмайды. Бағалау шынайы саяси-идео- логиялық жағдайлармен байланысты болуы да мүмкін. гитлерлік германияда ұлттық социализм идеологиясын қолдаған тарихшылар герман халықтарының және немістердің айрықша ұлт ретіндегі артықшылығының тарихи тамырла- рын өткеннен жүйелі түрде іздеп, тапқан еді. Кеңестік тарихшылар револю- циялық күрестің айрықша маңызды идеологиясын басшылыққа ала отырып, Ресей тарихындағы үстем режимнің негізін қалаушыларын тапты. Бұл – халық
ТАРих дЕгЕн нЕ? 27

көтерілістері және шаруалар соғыстары, декабристер, халықшылдар, револю- ционерлер мен лаңкестер – әлеуметтік күрес пен революцияны бейнелейтін күштер. Сонымен қатар басты міндеті ішкі жаулармен күрес болған тоталитар- лық мемлекеттің идеологиясы кеңестік билік үшін жаңа тарихи генеологияны қажет етті. Алғышарттар мен еліктеу үлгісі ретінде Сталиннің сүйікті тарихи кейіпкерлері, қаталдығымен және деспотизмімен ерекшеленген монархтар иван грозный мен і Петр ұсынылды.


Жалпы алғанда, әлеуметтік-мәдени шарттылығы бар және тарихшының өт- кенге қатынасын анықтайтын факторлардың үш тобын көрсетуге болады:

  • тарихи фактілерді іріктеу, талдау және мағынасын талқылау барысында зерт- теуші басшылыққа алатын әлеуметтік дамудың ғылыми концепциясы;

  • зерттеуші өткенді түсінудің негізі ретінде қабылдайтын қоғам құрылымы- ның саяси әрі идеологиялық принциптері;

  • зерттеушінің дүниетанымдық және идеологиялық жеке ұстанымдары. Тарих- шы – өз уақытының тұлғасы, ол әлеуметтік идеялар мен саяси идеологиялар- дан алыстап кете алмайды.

Тарих ғылымы бұқаралық сана тәрізді, өткен кезең туралы өзіндік мифтерді қалыптастыра отырып, оны белгілі бір өзекті түсініктерді дәлелдеу үшін қолда- нады. Бірақ тарихшының тазалығы мен кәсібилігі одан өткенді және бүгінгіні тікелей дәріптеуден бас тартуды талап етеді. Тарихшы шынайылық пен бұрма- лаушылықтың арасында тепе-теңдік ұстайды, алайда тек ол ғана саяси идеоло- гиялар мен жалған әлеуметтік мифтер үшін өткенді материал ретінде пайдалану жолына тосқауыл қоя алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет