Тарих және құқық факультеті деканы


Тақырып: Халықаралық қатынастардағы мораль мен саясат. Дәрістің мақсаты



бет4/12
Дата19.05.2017
өлшемі2,14 Mb.
#16448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тақырып: Халықаралық қатынастардағы мораль мен саясат.

Дәрістің мақсаты: Халықаралық қатынастардағы мораль мен саясат туралы түсінік беру.

Тірек сөздер: Гуманитарлық интервенция, мотивация, мораль.

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Халықаралық қатынастардағы моралдің ролі. Тәртіпті сақтаудағы халықаралық саясат. «Гуманитарлық интервенция» мәселесі. Саяси интервенция.Гуманитарлық көмек және оның мәні.

Роль морали в международных отношениях. Международная политика поддержания порядка. Мотивация фундаментальных интересов ведущих политических сил. Мирное улаживание спорных вопросов и уважение прав человека. Внешнеполитические доктрины США и европейских стран.

Проблема “гуманитарной интервенции”. Политическая интервенция. Гуманитарная помощь и гуманитарные организации. Построение гражданского общества в международном масштабе, способного к поддержанию определённых универсальных стандартов и преодолению напряжённости между глобализацией и фрагментацией.

5 дәріс

Тақырып: Бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық кеңістіктің құрылуы. БАҚ және әлемдік саясат.

Дәрістің мақсаты: Бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық кеңістіктің құрылуы мен БАҚ түрлеріне, оның роліне баға беру.

Тірек сөздер: пресса, газет, телевидение.

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық кеңістік құрылымының сипаты.Коммуникацияның ғаламдық жүйесі.БАҚ, олардың әлемдік саясатқа ықпалы.

-БАҚ –қоғамдық санаға ықпал етудің басты тетігі.

-БАҚ-тағы жарнама субьектіге психологиялық қысым жасай отырып, оның тілегін тиімді түрде ынталандырады.

- БАқ-тың олигархтар қолына шоғырлану мен монополизациялану процесі жүруде;

- БАҚ коммерциялануда;

- БАҚ-та PR-дің технологиясы мен әдістерін белсенді қолдану;

-жаңа технология бейтарап емес, ол әлеуметтік фактор.

Қазақстандағы ақпараттық қамтамасыз ету мен қауіпсіздік мәселесіанықтаушы бас доктринасының негізгі идеялары Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында (1999ж. «Жаңа мыңжылдықтағы елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі»), көрсетілген. Оның парадигмалары ҚР Конституциясында, 2001ж. БАҚ туралы, 1999ж. мемлекеттік құпия туралы, 1998ж. ұлттық қауіпсіздік туралы, 2000ж. «ҚР әскеридоктринасы туралы» заңдарда анықталды.

Ақпараттық қауіпсіздікті кең мағынада алғанда былай қарастыруға болады:

-ұлттық;

-салалық, корпоративті немесе жеке(персональды).

Ақпараттық қауіпсіздік біздің қоғамда екі фактор арасында теңестіріледі. Олар:

1-ші, ашық қоғам ережелерін сақтауды талап ету болса;

2-ден, мемлекет тарапынан ақпаратқа бақылау жасау.

Ақпараттық қауіпсіздіктің ғалымдар бөліп көрсеткен ішкі-сыртқы қауіптеріне келсек:

Сыртқы қауіптер:


  • ішкі саяси жағдайды шиеленістіру мақсатында белгілі бір мемлекеттегі теріс айтылған ақпараттарды тарату;

  • мемлекеттік маңызы бар ақпараттарды сыртқы күштердің алуға ұмтылуы;

  • «радиоэлектронды соғыс», шекаралас елдердің арасындағы:

  • ең алдымен жастарға бағытталған рухани-мәдени экспансия;

Ішкі қауіптер:

-Мемлекеттік, қорғаныс, банк, коммерциялық басқару саласында қолданылатын байланыс каналдарының әлсіз қорғалғандығы;

- Ақпараттық, телекоммуникациялық технологиялардың төмен сапасы;

- теріс қоғамдық пікірді қалыптастыруға бағытталған дезинформация;

- компьютерлік қылмыстың мүмкіндігі т.б.

Интернет кеңістігінің дамуы 1990 жылдың 2 – ші жартысында Интернеттің әлемнің көптеген елдерінде таралуы саясатта, ғылымда, бизнесте күнделікті қатынастағы коммуникациялардың жаңа әдістерін ұйымдастыруға жағдай жасады. Алғашында интернет пайда болған кезде ол технология, коммуникацияның әдісі мен типі ретінде болды. Бірақ бұл желінің таралу жылдамдығы соншалық, ол XXI ғасыр саясатқа ұланғайыр өзгерістер алып келді. Өз бетінше Интернет – күрделі феномен, ол жай анықтамаға бағынбайды. Оның құрамына техникалық, әлеуметтік және саяси аспектілерді енгізетін көптеген шекаралары бар. Сондықтан біз “ Интернет ”, “ Интернет кеңістікті ” желілік қатынастар, әлеуметтік институттар, технологиялар мен техникалық құралдар жиынтығы деп түсінеміз.

Мұндай кең көлемді талқыланыстағы Интернет өз құрамына әлеуметтік қажеттілікті енгізеді. Сөзбе – сөз аударатын болсақ, Интернет – “ желі аралық кеңістік ” деген мағынаны білдіреді. Интернет фактілі түрде барлық ірі желілік ұйымдардың тоғысқан жері болып табылады. Интернеттің шексіз мүмкіндіктері кез – келген ақпаратты кез – келген жерде, кез – келген ұсынады. Мұндай мүмкіндіктерге жетудің өзі “ ақпараттық қоғам ” дәуірінің басталғаныны куәландырады.

Интернет саяси коммуникацияның барлық салаларын қамтиды. Желінің құны оны қолданатын адамдар санының квадратына пропорционалды түрде өседі ( “ Меткаф заңы ” ). Интернет кеңістіктің қазіргі күйі, ондағы саяси принциптер технологиялардың пайда болу мен дамуы тарихына қатысты, ал Интернет солардың негізінде құрылды. 1962 жылы тамызда Массачусетс технологиялық солардың институтының ғалымы Дж. Ликлайдер “ Галактикалық желі ” концепциясын ұсынды, ал қазанда зерттеуші компьютерлік ДАРНА тобын басқарды. 1968 жылға қарай РЭНД және басқа да ұйымдарда параллельді түрде зерттеу жобаларының жүргізілуі АҚШ – тың “ ARPANET ” атына ие болған алғашқы компьютерлік желіні құруға алып келді. “ ARPANET ” желісі тез дамыды, 1972 жылы осы желі арқылы алғашқы электронды хат жіберілді. Осы жылдары АҚШ – та дербес компьютердің таралуы жаһанды тасымалдау потенциалы бар алғашқы – “ Usenet ” желісінің пайда болуына алып келді.

1990 жыл басында WWW технологиясы және алғашқы графикалы браузер “ MOSAIC ” пайда болды. Бүгін интернет – кеңістіктің халықаралық жүйесі интернетті функцияландырумен қамтамасыз ететін 3 негізгі бөліктерден тұрады:


  1. Интернет – кеңістіктегі веб – сайттардың символдық жағдайларын, оның топологиясын айқындайтын домендер мен домендік мекен – жайлардың

  2. жүйесі. Домендер жалпы ( com, net, org, biz, edu ) және ұлттық ( ru, uk, fr және тағы да басқа ) болып бөлінеді. Доменлер жүйесі Интернетке кіру қызметін ұсынатын негізгі провайдерлер – ұйымдардың келісімімен қолдау көрсетіледі. Олар еркін түрде Интернет құрылымын басқаратын желілік ұймдар стандартына бағынады: IAB ( Inernational Corporation Board ), IETF ( Internet Engineering Task Force ), ICANN (Inernational Corporation for Assigned Names and Numbers ). Интернетті басқарудағы жетекші рольді домендік кеңістіктің көп бөлігін интернет хаттаманың құрылымын бақылайтын ICANN шешеді.

  3. Сервер, кабель және спутник жүйелері арқылы интернет – трафик өтеді.

Әдебиет:

6 дәріс



Тақырып: Ұлттық мүдделер және саяси шындықтар.

Дәрістің мақсаты: Ұлттық мүдде, саяси шындық үғымымен таныстыру, ұлттық мүдделер факторы туралы түсінік беру.

Тірек сөздер: Ұлттық мүдде, саяси шындық, модель .

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекет, қоғам және адам өмірінің әртүрлі салаларындағы мүдделердің пайда болуының ерекшелігі. Ұлттық мүдделердің экономикалық, әлеуметтік-мәдени, геосаяи факторлары. Ұлттық-мемлекеттік мүдделердің негізгі компоненттері. Мүдделердің түрлері.Жеке елдердің сыртқы саясатындағы ұлттық-мемлекеттік мүдделердің көрініс алуының формалары.

Специфика проявления интересов в различных сферах жизнедеятельности человека, общества и государства. Экономический, социокультурный, геополитический факторы национального интереса. Влияние религиозного фактора. Основные компоненты национально-государственного интереса. Приоритеты в системе национально-государственных интересов. Основные и второстепенные интересы, коренные национальные интересы.

Национальная безопасность в структуре национально-государственных интересов современных государств. Концептуальные модели формирования внешней политики. Взаимосвязь внутренней, внешней и мировой политики.

Формы проявления национально-государственного интереса во внешней политике США, России, азиатских и арабских государств.

Әдебиет:

7 дәріс



Тақырып: Солтүстік және Оңтүстік мәселесі

Дәрістің мазмұны:.Байлар мен кедейлер мемлекеті. Оңтүстік Африка елдеріндегі экономикалық мүмкіндіктер. Аштық, қайыршылық, аурулардың себептері. .Гуманитарлық көмек.

Әлемдік дамудың қазіргі таңдағы процестері халықаралық мәселелердің кең тізбегіне жаңа өлшемдер қосты. Олардың санына Солтүстік- Оңтүстік қатынастарының мәселелері де жатады, олар өнеркәсіпті дамыған және дамушы елдер арсында өзара талаптардың туындағанын байланыстыруға болады. Бұл өзара іс-әрекеттердің мәселелері отарлық жүйелердің құлағанынан кейін бірінші рет күн тәртібіне тұрды. Бірақ алдағы уақытта «Оңтүстік-Солтүстік» термині саяси лексиконда тұрақты орын алып қана қоймай, сонымен қатар «бай» және «кедей» арасындағы қақтығыстардың синонимі ретінде бейнелене бастап, XXI ғасыр жаһандық конфронтацияның векторына айналған.Сонымен қатар пайда болған жағдайдың анализі, әлемдік оңтүстікке қатысты осы аймақта пайда болған және қырғи-қабақ соғыстың аяқталғаннан кейін әлемдік саясаттағы доминиондардың тенденциясылары да,біздің ойымызша, ақырзаманғы болжамдарды анықтағанмен сәйкес секілді. Біздің планетамыздың 80% жуық халық тұратын әлемдік оңтүстік аймағында әлеуметтік тұрмыс өте ауыр жағдайдағы маңызды еліктеушілікке ие. Бірақ қазіргі таңдағы Оңтүстік аймағының жалпы жағдайы, 10-20 жыл бұрын болған жағдайдан көп ерекшеленеді.

Соңғы онжылдықта дамушы еледрдің эеономикалық позициясы нығайды. ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) өсу темпі бойынша олар өнеркәсіпті дамыған мемлекеттерді 2 есе басып озып, 1996 жылы лоардың үлесі барлық нарықтық экономикалық елдерден шамамен 31,4%-ті құрады.

Өнеркәсіптің өсуі нәтижесінде сонымен қатар көптеген ортажандық көрсеткіштердің өсуі байқалып, бұл әлемдік шаруашылық даму перефериясының жалпы деңгейінің жоғарылағанына куә болады.

Ескеретін тағы бір жағдай, ол- аймақтағы өнеркәсіптік өсу темпінің жылдамдығы және жаңа индустриалды елдердің (НИС) пайда болуы. Әлемдік шаруашылықтың переферия үлесі халықаралық саудада өскендігі белгілі.

Дамушы елдер және дамыған елдердің экономикалық көрсеткіштерінің айырмашылығын алдын алу темптері Оңтүстік халықтарының қажеттілігінен артта қалып отыр, бірақ та «кедейшілік» пен «байлықтың» жаһандық поляризациясы маңызсыз.

Дамушы елдердің даусыз экономикалық жетістіктерінің негізінде мемлекеттердің шектелген санының күшті жаншылуы жатыр.Сөйтіп,соңғы онжылдық ішінде үшінші әлемнің ЖІӨ 4/5 өсуі, жалпы халықтың 28% тұратын 26 елдермен қамтамасыз етілді. Әлемдік оңтүстік елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының дифференциация деңгейі қазіргі таңда олардың 3 әртүрлі топтаптарға бөлінуінде және олардың арасындағы бөлініс өсу үстінде.

Беделді бағалауларға сәйкес, 80ж. Бірінші топқа 25 экономикалық жақсы дамыған мемлекеттер жатты.Ортажандық табыстың көрсеткіштері бойынша,бұл топ орта эшолонды 2,4 есеге, ал төменгіні 5,4 есеге озды.90ж.ортасында жоғарғы эшолонның ортажандық табысы,ортаңғы эшолонды 2,9 есеге, ал төменгіні - 12,2 есеге басты.

Оңтүстік елдердің шаруашылық даму процестерінің теңсіздігі, кеңістіктік өлшемдерге ие. Ең жылдам типті экономикалық даму шығысазиялық субаймақтық мемлекеттерде іске асқан. 90ж. ЖІӨ-ң өсу көрсеткішінің әлемдік елдер тізімін Қытай, Тайланд, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Индонезия басқарды. Жалпы, Азия елдері әрқашан экономикалық өсу темпін ұлғайтып отырды. 70 ж. 3 %-ке, 80ж. 3,2 %-ке, 90ж. 4,1% дейін өсті. 80ж. өнеркәсіптік дамудың ұзақ кризисі нәтижесінде құлдырау кезеңін басынан өткерген Латын Америка елдерінде, 90ж. Экономикалық өсу жаңарып, алғашында 1,5%-ті, соңынан жылына 3,2%-ті құрады. Бірақ,біруақытта африкалық елдерде Сахараның оңтүстігінде өте ауыр жағдай қалыптасты. Оларда ЖІӨ әрқашан өте төмен болып, тіпті крері динамикаларда кездесті.

Дамушы елдер зонасындағы теңсіздік мынадай көрсеткішпен, яғни ЖІӨ жан басына шағу, ол көбінесе әлеуметтік прогрестердің шартты индикаторы болып табылады. Егер 50ж. Азия әлемдік континентте ең кедей болып, Африкадан 1,5 есеге, ортаәлемдік деңгейден 3 есеге қалған болса, ал 1996 жылы Африканы 2 рет басып озып, ортаәлемдік деңгейден тек 1/3 есеге қалып отырды.

Сөйтіп, 80ж. Соның ішінде 90ж. әлемдік Оңтүстік біртұтас ретінде қалыптасуын тоқтатты.Шаруашылық периферияға қатысты аймақтар мен елдер деңгейлері бойынша ерекшеленген топтарға бөлініп, ең бастысы, әлеуметтік-экономикалық даму топтық мемлекеттердің потенциалдық мүмкіндіктеріне қарай да топталды.

Жаңа этапта олардың жарты бөлігі тез эволюцияны жалғастыруға және арттақалушылықтың алдын алуға қажетті күшті импульс алды. Басқа сөзбен айтқанда, «жаһандық кедейшіліктің шоғырлануы, үшінші мыңжылдықтың басым жағына айналуы екі талай.

Бір жағымды сценарияның әрі қарайғы жүзеге асуы, саяси шарттармен өте тығыз байланысты, себебі осыдан экономикалық лидердің дамуында және Оңтүстіктің көптеген басқа елдерінің дамуыда өтеді. Қазіргі таңда олардың барлығын либерализациязация және демократизация процестері тығыз байлпнысты, яғни авторитарлық басқарудан азаматтардың қоғам құндылықтарын ескеретін ортаға өту. 90ж. Азияның,Африканың және Латын Американың жиналған саяси тәжірибелеріне байланысты, «авторитарлық даму» құрылымдық қайта құрылу процестерін қайта туғызады, өйткені ол демкратизация жағына ығысады, яғни көптеген әртүрлі кемшіліктеріне қарамастан, демократиялық басқару формасы қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Дамушы елдер арасында саяси режимдердің ұзақ болғанына мысал болу керек елдер де бар, онда демократиялық институттар тәуедсіздікті алу бір уақытта құрылған. Бірақ, Үндістан, Шри-Ланка және Малайзияда ерекшелік кездеседі.Оңтүстіктің көптеген мемлекеттерінде демократиялық қоғамның негізінің құрылуы өте жай басталып, қиындықтар мен теңсіздіктер кездесті. 80ж.соңы мен 90ж.басында демократияның жалпы сипаттамасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мойындау, бірпартиялық саяст жүйеден бас тарту, билікті бөлу және халыққа олардың есеп беру принциптерін бекіту болып табылады. Бұл прцестердің дәлелдері ретінде еркін сайлаулар өткізу, сонымен қатар оған халықаралық бақылаулар корпусын шақыруымен жүргізіледі.

Көптеген жағдайда демократиялық қайтақұрулардың ұқсас болғанын және басты кемшіліктері: технократизм, ескермеушілік әлеуметтік қажеттілік, популизм, және т.б. Сонымен қатар, дамушы елдердегі демократиялық құрылымдар өздеріне сәйкес спецификаны иемденеді. Оларға дәстүрлі саяси мәдениеттің стереотиптері үлкен ролі, этникалық бірлестік, рулық және саяси қатынастардың персонификациялануы сипатталады. Бірақ ескеретін жағдай әлеуметтік тұрмыстың жаңа формаларын жүзеге асыру- ауыр және ұзақ процесс болып табылады.

Африкадағы демократиялық процестердің басталуы әлемдегі жаһандық саяси жағдайдың өзгеруімен сәйкес келді. Ол мынадай аймақтық факторлармен де келісімді болды. Намибияның деколонизациялануы , Ангола мен Мозамбиктегі ұлттық табысу, ЮАР-дағы алғаш көп ұлттық сайлаудың өтуі. 90ж. басында көптеген африкалық мемлекеттерде бірпартиялық және әскери режимдер болды. Бірақ авторттарлық режимдердің өмір сүруі: экономика құлдараулары, сыртқы және ішкі қарулы қақтығыстардың саны өсті, үкіметке қарсы жаппай көтерілістерге әкеп соқты.II дүние жүзілік соғыс державаларының қарсытұрулары талаптарында олардың жартысы Батысқа бағытталып, басқалары КСРОмен байланыстар орнатты.

Демократиялық басқару формасына өту әртүрлі жолдармен жүрді Ортақ сипаттардың бірі болып оппозициялық ұйымдарды заңдастыру және саяси партиялардың қызметіне жол беру болды. Еркін сайлаудың нәтижесінде саяси сахнадан авторитарлық лидерлердің тобы кетіп, саяси режимнің ауысуы болды. Демократизацияның пионерлері болып, Батыс Африканың елдері: Жасыл Мүйіс Арал Республикасы(РОЗМ), Нигер, Мали, Того,Бенин, Букина-Фасо.

Көппартиялық сайлаулар өткізу арқылы режимдерді ауыстыру ерекше айырмашылықпен бейбіт формада өтті.1993 жылдың соңына қарай 15 африкалық елде көппартиялық саяси жүйе қалыптасты.

Бірақ 90ж. ортасына қарай демократиялану өзінің темпін тез баяулатқаны анықталды. Заирдегі, Кениядағы, Мадагаскардағы, Камерундағы; Габондағы және тағы басқа елдерде өзгеріске қарсылықтар туып отырды. Демократиялық жолмен сайланған басшылар біруақытта өз жолдарында ескі элитаның қарсылығына тап болды.

Жаңа африкалық демократия басқа да қиындықтармен кездесті. Экономикалық кризис, халықтың төмен табысы, тұрақты демократиялық дәстүрдің болмауы. Бірақ, демократияның толық өмір сүруіне этникалық қақтығыстардың күшеюі қауіп төндірді. Африкалық контексттегі саяси плюрализм этникааралық қатынастардың шиеленісуін күшейтіп жіберді.
Африкадағы деморатиялық өзгерістердің әлсіздігі бәріне анық, бірақ ол ел аймағының қоғамдық және саяси эволюциясының демократиялық мақсаттарының құлдырауына дәлел бола алмады. Африкадағы демократияның қысқамерзімді перспективалары әлі анық емес.

70-80ж.ж. шығындардың орнын толтыру әзірше мүмкін емес. Бірақ, халықаралық көмек арқасында көптеген Африка мемлекеттері экономикалық құлдыраудан аман қалды. Африка елднрінде ЖІӨ 1994ж. орташа деңгейде 2 % ке, 1995ж. 4% және 1996ж. 4,5%ті құрады. Эфиопия, Гана, Мозамбик, Және Уганда сияқты елдерде жан басы табысының көлемінің ұлғаюы байқалуда.

1998.ж маусымдағы Уагадугада өткен ОАЕ мүшелерінің мемлекет және үкімет басшыларының кездесуінде белгіленгендей: «Африка проблеалары сансыз, егер Африкада бейбіт және тұрақтылық, таза демократия мен адам құқығын қорғау болмаса, ол дами алмайды» делінген.

Оңүстік-Шығыс Азиядағы либеризация мен демократизация процестері өзіндік едауір айырмашылықпен ерекшеленеді. Олар көптеген бағыттар арқылы жүзеге асып, сонымен қатар КСРО, АҚШ, Қытайдың қолдауымен болған халықаралық ықпалдылықпен іске асты.Аймақтық жағдайға социалистік және нарықтық даму моделін ұстанған елдердегі ішкі саяси қайтақұрулар да позитивті ықпал етті.

Мысалы: Лаос, Вьетнам және Кампучия өздерінің саяси құрылымын сақтай отырып, экономикалық реформаларды нарықтық әлемді қолдану арқылы іске асыруға көшті. Бұл жолда көп жетістікке жеткен Вьетнам Республикасы болды. Кампучиядағы жағдайды реттеуді жүзеге асыру үшін, социолистік эксперименттен бас тарту аз болды. 1993ж. БҰҰ-ның қолдауымен басталған бейбіт демократиялық процесс, жергілікті саяси элитаның әртүрлі топтарымен тоқтатылды. Сонымен қатар, соңғы кезде Кампучия есірткі саудасы және т.б. криминалистік бизнес орталығынаайналды. Сондықтан демократизацияның әрі қарайғы дамуы барлық кампучиялық лидерлерге тәуелді.

80ж. ортасындағы демократиялық қозғалыстардың күшеюі Оңтүстік Кореядағы автаритарлық режимнің құлауына әкелді. 1992ж. президент сайлауында көп жылдар бойына бірінші рет кандидаттар арсында ескерилер болмай, жеңіске оппозиция лидері жетті.

90ж. ортасында Тайванда автаритарлық режим басылып, Сингапур және Малайзия парламентінде оппозициялық партияның өкілдері кеңейді.Атқарушы биліктің мемлекеттермен шешімдерді қабылдау монополиясы барған сайын шектеле берді.

Филиппиндағы демократизация мен либерализация процестері қарсы сипатта болды. 1992ж. басында билікке келген Ф.Рамос президентінің үкіметі көптеген аудандарда онжылдар бойы қызмет еткен қарулы топтардың белсенділігін төмендетті және елдің 2000ж. Жаңа индустриалды елдер қатарына өтуге бағытталған даму бағдарламасын жасады.Бірақ әзірше нарықтық қайта құрулардың мықты заңды базасын жою мүмкін емес болмады. Ф.Маркос диктаторлық режим кезінде қалыптасқан, ескі олигархия өкілдері, осы кезге дейін парламентте жоғары орынды иеленіп, шешімдер қабылдауға қарсы болып отыр.

Демократизацияның және либерализацияның түпкілікті процестері 80ж. аяғында Латын Америкада болды. Бұрынғы әскери-диктаторлық режим кезінде өткен құрылымдық қайтақұру бағдарламалары маңызы жағынан аз болды. Әлеуметтік – саяси тұрақтылық алғы шарттары сақталып қана қоймай, сонымен қатар кеңейе бастады

Осындай жағдайға байланысты көптеген латынамерикандық мемлекеттерде саяси бағыттардың түпкілікті өзгеруі, еркін сайлау нәтижесінде билікке келген саясаткерлердің жаңа ағымы, бұрынғыдан тек өздерінің демократиялық бағыттарын ғана емес, сонымен қатар іскерлігімен ерекшеленді. Олардың қызметтерінің басты бағыттарының бірі кең приватизация және қаржылай тұрақтылық, осылардың арқасында Латын Америкасы терең кризистен шықты. Бұл процесте сонымен қатар АҚШ-тың қаржылай көмегі де маңызды роль ойнап, ол Чилиге, Мексикаға, Аргентинаға, Перуге бағытталды.

90ж. ортасында аймақта экономикалық даму темпі жылына 3 % құрап, бірақ Чили де, Аргентинада, Перу, Венесуэлада, Уругвайда, Парагвайда, Панамада 4,8% жетіп, сыртқы сауда айналымы өсті. Демократизация мен либерализация жай темппен өткен жоқ. Боливияда олар мемлекеттік қайтақұрулар тұрғысында өтті. Атқарушы мен заң шығарушы биліктің соқтығысуы Парагвайда шиеленіске әкеп соқты.Либерализация барысында сонымен қатар аймақтың дәстүрлі әлеуметтік проблемелары күшейіп: жұмыссыздық өсіп, нашақорлық,т.б.

Латын Америкасының ең тұраұ\қты және жетістікті елдерінің бірі- Уругвайда конструктивті жаңарулар өтті. 90ж. ортасында Уругвай үкіметі экономиканы кең түрде модернезациялау, мемлекеттік секторды кысқарту т.с.с. жұмыстар жүргізілді.

Латын Америка аймағында демократизацимя мен либерализацияның тенденцияларын нығайту үшін аңызды мағынаға ие болған процестердің бірі, бұл-интеграцияның белсенді болуы. Ынтымақтастық стратегиясына деген ізденісті Анд тобының елдері мен Кариб қоғамдастығы, олардың қызметіне соңғы кездері Куба қосылды. 1995ж. Оңтүстік Американың ірі сауда блогы-МЕРКОСУР, өз қызметін бастап, оған Аргентина, Бразилия, Парагвай және Уругвай кіріп, олар кеден тарифтерін өзара ликвидациялауға ұмтылды. Бразилия мен Чили екіжақты ынтымақтастықты кеңейтті. Интеграциял процестерді нығайту барысында, есірткі бизнесі мен қылмыспен күрес үшін ынтымақтастықты дамытты.

Латын Америка құрылымдық кезеңін басынан өткізіп, ло үшін экономикалық және саяси проблемелар түпкілікті шешімді қажет етті.

90ж. ортасында барлық елдерде қоғамның шынайы демократиялануының алғы шарттары құрылды.

Оңтүстіктің алдында тұрған дамудың қиын проблемаларын, саяси жүйелерді либерализация көмегімен шешу мүмкін емес болды.

Құрылымдық жаңартуды жүзеге асыру үшін алдымен Оңтүстік елдері өзара экономикалық ынтымақтастықты дамыту керек, соның ішінде ең кедей елдерге көмек көрсету мақсатымен.

Аймақтың даму проблемаларыншешу алғышарттарына мысал болатын істердің бірі, ол 1976 жылғы ОПЕК мүшелерінің құруымен болған, Халықаралық Даму Фонды – ол мұнайды экспорттаушы елдердің қаржылық ресурстарын салуды қамтамасыз ету болды. Алғашында фондтың қызметі Оңтүстік елдердің батыс державаларынан экономикалық тәуелсіздігін сипаттады.

ОПЕК Фонды өзінің қызмет ету жылдарында көптеген дамушы елдерге қаржылай көмек және 5 млрд. көлемінде льготты займдар берді. Оның қызметін көптеген ондаған мемлекеттер, соның ішінде жан басы табысы аз елдерге, Африканың мемлекеттеріне Сахараның оңтүстігіндегі мемлекеттерге көп көмек көрсетілді. Басқа араб фондтарымен бірге ОПЕК 10 жыл ішінде ЕО-ң Африка аймағындағы жобалардың жартысын қаржыландырды. Қаржының көп бөлігі ауыл шаруашылығына жұмсалды.

ОПЕК Фондының көмегі мен кредиттарын алушылардың ішіндегі ең ірілері – Лесото, Филиппины, Сенегал, Танзания, Мали, Бливия, Гандурас, Руанда, Гвинея.

Дамушы елдер ОПЕК Фонды қаржыландыратын жобалардан көп үміт күтті. Бірақ «мұнай долларының» көп бөлігі Оңтүстікке емес, Батыс банктеріне инвестициялар ретінде жіберілді. Дамушы елдерге 80ж. басында ОПЕК мүшелерінің шетел инвестицияларының 17% ғана тиісілі болды. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш біршеше төмен ОПЕК-ң мүшелерінің жарты бөлігі үлкен қаржылай дефицитке ие, ал Алжир, Нигерия, Иран сияқте елдер көп көлемді ақша бөлігінен бас тартуда.ОПЕК Фонды ұсынған көмек донорларға тікелей экономикалық пайда әкелмегенмен, бірақ олардың саясаты маңызды құрал болып табылады.

ОПЕК елдері басқа дамушы елдермен ортақ мәселелермен ұзақмерзімді қөзқарастарды біріктірді.

Оған мысал болатын 1989ж. Азияның, Африканың және Латын Американың дамыған елдердің инициативасымен құрылған «15 топ» бірлестігінің қызметі бола алады.Оған Аргентина, Бразилия, Чили, Зимбабве,Үндістан, Малайзия, Нигерия, Перу, Сенегал, Венесуэла,Алжир, Египет, Индонезия, Ямайка және Мексика кіреді. «15 топ» мүшелері өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сонымен қатар «жетілікке» кіретін әлемдік державалармен тұрақты диалог орнату.

«15 топ»-ң қатысуы шығысазиялық және лаиынамерикандық елдердің көп бөлігімен қол жеткізген нарықты жаңарулар мен шынайы прогресс нәтижесін қолдауда. Экономикалық өсім, инфляцияның төмендеуі және сыртқы қарыздың азаюы бірлескен жетістіктердің көрсеткіші болып табылады.

Қырғи-қабақ соғыстың аяқталғаннан кейін БҰҰ-ң сауда және даму конференциясы (ЮНКТАД), яғни дамыған және дамушы елдер арсында экономикалық байланыстардың орталығы болып табылады.

Халықаралық ұйымы көптеген өзгерістерді басынан кешірді. 60ж. құрылған бұл ұйым дамыған елдердің бұрынғы отарлық және тәуелсіздігі халыққа деген көмек көлеміне қатысты түпкілікті позициялар иемденді.

90ж. бірінші орынға олардың донорлық категориялары емес, әріптестік мәселелері шықты. Сонымен қтар 1995ж. әлемдік сауданың ортақ ережелерін реттейтін басты органы ретіндегі Әлемдік сауда ұйымы құрылғаннан кейін, ЮНКТАД дамыған және дамушы елдер арасында өзара экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасу үшін халықаралық форум рөлін жалғастырды.

Кейбір дамыған елдер ЮНКТАДқа көп үміт артады. Олар мемлекет-донорларға қарыздардың көп бөлігін игеру тұрғысында және халықаралық институттардың алдындағы міндеттерін түбегейлі қайтақарау болып табылады. Дамыған елдердің басқа бір тағы да дәстүрлі бірлестігі – «77 топ» (қазір оған 132 мемлекет кіреді). Батыс Европа мен Солтүстік Америкадағы жоғары кедендік тарифтерді сынға алып, кейбір мемлекеттер өздерінің өнімдерін дамыған елдердің нарығына еркін экспорттау құралына айналдыруға ұмтылуда.

Дамушы елдердің өкілдері ЮНКТАД механизмдерін, сонымен қатар ЕО-ң инвестициялық құрылымдарды көпжақты құру, яғни шетелдік инвесторларға жергілікті компанияларды тең құқықты пайдалану ұсыныстарына қарсы құрал ретінде пайдалануда.

Өз кезегінде батыс елдері, соның ішінде АҚШ ЮНКТАД-ң әрі қарай қолдау қызметін шешім қабылдау кезінде идеологиялық стереотиптерден бас тартумен түсіндіреді. Бұл сызық 1996ж. ЮНКТАД-ң кезекті форумында белгіленіп, онда Солтүстік Оңтүстікті қазіргі таңдағы сауда экономикалық қатынастарға бейімделу бағыттарына шақырды.

Жаңа заманда ЮНКТАД халықаралық қоғамдастықта өзінің мәртебесін сақтайды. Дамушы елдердің есептеулері бойынша, ЮНКТАД олардың жаһандық экономикаға интеграциясына колдау көрсету керек. ЮНКТАД шеңберінде дамыған елдер ұсынған «инвестициялық кодекс» игеру басталды.МВФ мен Әлемдік банкпен дамушы елдердің қарыздық міндеттері туралы мәселелер кеңестері жалғасуда.

Дамушы елдердің дифференциациялануы және «үшінші әлемнің» кейбір аймақтарының экономикалық дамуындағы үміт күтерлік алғышарттардың пайда болуы, күн тәртібінен Солтүстік-Оңтүстік қатынастарының, «бай» және «кедей» халықтар арасындағы қақтығыстар сияқты болмау қаупі алынды. Индустриалды дамыған және өрекниет дамынан артта қалған мемлекеттер арасындағы сапалық айырмашылықтарға қарамастан, Солтүстік пен Оңтүстік жаһандық өзара бірлесуі қазіргі таңда қарсылық принциптерінде емес, ынтымақтастық принциптерінде жүріп жатыр.

Солтүстік-Оңтүстіктің жаңа байланыстары көптеген бағыттар бойынша жүріп жатыр.

Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азия едеріндегі шикізаттың кейбір түрлеріне және өнеркәсіптік дамудың интенсифациясына деген жаһандық сұраныстардың өсуі, 90ж. дамыған және дамушы елдер арсында тауарайналымның өсуіне әкелді. Жыл сайынғы ортаәлемдік даму темпін озып, 11%ті құрады.

Сонымен қатар дамушы елдер арсындағы алғаұмтылушылық және қандай да бір жетістіктерге жету үшін «командалар» құра бастады. Олар енді «кедейлер командасы» емес, керісінше халықаралық сауданың жетістікті қатысушылардың бірлестігі болып табылады. Мысалы: ВТО форумында біріккен «команда» ретінде 7 шығысазиялық елдер:Бруней, Вьетнам, ИНдонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд және Филиппины. Сонымен қатар Солтүстіктің және Оңтүстіктің іскерлік белсенділерінің 3 орталықтарының арасында ынтымақтастық өсуде: Шығыс Азия, Батыс Европа және АҚШ 1993 жылдан бастап Азия мен АҚШ-ң 17 елі әлемдегіең үлкен еркін сауда зонасын – Азия Тынық Мұхиттық экономикалық ынтымақтастық ұйымын құруға қатысты. 1995 ж. Тайландта бірінші азия-европалық сауда саммиті өтіп, онда Азия атынан АСЕАН( Қытайдың, Оңтүстік Кореяның және Жапонияның қатысуымен), ал Европа атынан Европалық Одақ болды.

Дамыған және дамушы елдердің байланыстарының кеңею көрсеткіштерін капиталдың жылжуынан байқауға болады. Үлкен дәрежелі қауіпке қарамастан, дамушы елдердің шетелге шығарып отырған акциялары Оңтүстік зонасындағы мекемелерге салынып жатыр.

Егер бұрын шетел инвестицияларына көбінесе Ұлыбритания мен Жапония қаржы салса, 90ж.АҚШ пен континенталды Европа да дамушы елдерге капитал шығара бастады. Сонымен қатар салыстырмалы жаңа құбылыстар да бар: өзара капиталсалумен алмасу, тіпті кең масштабта, көбінесе жаңа индустриалды елдер мен Оңтүстік Шығыс Азия елдері арасында жүзеге асыруда.

Дамушы елдер зонасындағы құрылымдық қайтақұрулар барысында, Солтүстік-Оңтүстік қатынастарындағы орталық экономикалық проблема – инвестициялық саясат болды. 90ж. дамушы елдерге бағытталған шетел инвестициялары өте жылдам темппен жүрді. МВФ-ң бағалаулары бойынша, олар 1990ж. 18 млрд.доллардан, 1996 ж. дейін 91 млрд. долларға дейін жетті. Бірақ инвестициялық құйылымдық жаһандану дамушы елдерде теңсіздікте болды. БҰҰ-ң ақпараттары бойынша, дамушы елдерге бағытталған инвестицияның 80% «үшінші әлемнің» 10 жақсы дамыған мемлекеттеріне салынған.

Әлемдік банктың ақпараттары бойынша, дамушы елдерге бағытталған жеке капиталдың аймақтық бөлінуі, 90ж. ортасында мынадай: Шығыс Азия - 40%, Латын Америка мен Кариб бассейні - 37%. Оңтүстік Азияға - 3,5%, Субсахаралық Африкаға 1,4% және 1% - Таяу Шығыс лдері мен Солтүстік Африкаға тиісілі болды. Бұл көрсеткіштер бойынша әлем халқының дамушы бөлігін тіпті қозғамағанын көруге болады.

Дамушы елдер зонасында өнеркәсіптің өсуі, әлемдік сауданың жаңа көрсеткіштері және қаржылай көмектердің қозғалысы, бұрынғыға қарағанда, жаһандық экономикалық жаңа конфигурациясын құрды.

Дамыған және дамушы елдердің өндірістерінің жылдық көлемі үшінші мыңжылдықтың басында теңеседі деп күтілуде. Әлемдік банктың есептеуі бойынша бірінші ондыққа ЖІӨ бойынша жоғары көрсеткіш иемденген, «үшінші әлемге» жататын елдер тобы кіреді: Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Тайланд, Бразилия.

Солтүстік-Оңтүстік қатынастарының жүзеге асуы, дамушыв елдерге ұсынылған көмек саласында басталды. Көп уақыт ширегінде көмек көрсету мәселелері Солтүстік- Оңтүстік диалогы ретінде белгілі келіссөздер процесі негізінде реттеледі. Ол 60ж. ортасына дейін жақсы жүзеге асып, бірақ мұнай дағдарысы нәтижесінде құлдырады. 80ж. ол іс жүзінде әлемдік сауданың ережелерін қайтақарауды және субсидияларды ұлғайту талап еткен дамушы елдердің әртүрлі коалицияның монологына айналды.

Нәтижесінде, 90ж. даму ісі бойынша қолдау көрсету және арттақалушылықтың алдын алу негізінде, бірінші орынға халықаралық қаржы институты – МВФ мен Әлемдік банк сияқты, Оңтүстіктің көптеген елдерінде құрылымдық дағдарыстан тоқтағанда, кейбіреулерде әлеуметтік экономикалық жағдайды құлатуға қол жеткізу, осы институттың көп көмегі болды.

МВФ мен МБРР көптеген дамушы елдердің үкіметімен жүргізілген, құрылымдық қайтақұруларды қаржыландыруға және жүзеге асыруға белсенді қатысты. Бірақ МВФ мен МБРР-ң тәжірибелік қызметтері жиі сынға тап болып отырды. Оларды тәуелсіз мемлекеттердің құықтарына деген сыйлассыздыққа кіналады, себебі, займдар беру мен көмектер қатаң түрде арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру келісімен келісілді.

МВФ мен МБРР ұсынған бағдарламаларды қабылдау экономикалық маневраға қажетті еркіндік береді. Кейде дамушы елдер олардан бас тартқан. 70ж екінші жартысында осылай Корея республикасы, 80ж. басында Үндістан жасады. Болашақта екі елде бас тартқан ұсыныстарын үйреншікті жергілікті түрде қабылдады.

МВФмен МБРР-ң дамыған және дамушы елдер арасындағы жаңа қатынастарды құрудағы маңызды рөліне қарамастан, халықаралық қаржы институттары осы салада абсолютті монополист болып табылмайды. Көптеген батыс елдерінің саясаты, мысалы Францияның «үшінші әлем» елдеріне қатысты қатынасы дәстүрлі спецификамен белгіленген.

Сондықтан дамушы елдерге көмекті жүзеге асырудың басты факторы болып, жалпы стратегияны қайтақараумен түсіндіріледі, бұл 90ж. екінші жартысындағы әлемдік банкпен жүзеге асырылды. Оның ұжымы, макроэкономикалық сипат дамушы елдерде прогессивті қамтамасыз ету үшін аз және түзетулерді қажет етеді. Сонымен қатар паралеллді түрде өндірістік және әлеуметтік салаларды дамыту қажеттігі ескеріледі. Бұл байланыста дамушы елдердің ірі «демеушілерінің» стратегиялары түзетулер еңгізу, осы жылы әлеуметтік сала мен білімді қаржыландырады деп күтілуде.

Сонымен қатар Оңтүстіктің барлық елдері еңбек пен капитал арасындағы өркениеттік қатынастардың принциптерін қабылдауға, жазасын өтеушілердің еңбегін пайдаланбауға, әлеуметтік сақтандыруды енгізуге дайын емес. ВТО-ң соңғы форумдарының бірінде Индонезиялық өкіл «мемлекет мекемелеріндегі еңбек стандарттарын бұзу және жұмыс тәжірибелері дәстүрлі азиялық өмір салтын құрады» деп жаоиялаған болатын. Оңтүстік және Солтүстік қатынастары арасындғы жиі кездесетін мәселелер – бұл экология. Дамушы елдердің экологиялық технологияларды енгізу, қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын, тропикалық ормандарды кесуді шектеу, кейбір жануарлар түрлерін жоюды, торпикалық теңіздерді қорғау бағдарламаларынан көбінесе бас тартылады.

1997ж. жазда Денверде өткен «сегіздіктің» конферециясында әлемнің басты индустриалды елдерінің Оңтүстік аймағындағы жағдайына байланысты мәселелер бойынша сәйкессіздікті бекітті. Олар таяушығыс бейбіт процесіне жаңа импульс беруге шешім қабылдап, Үндістан мен Пакистан арасындағы диалогтарды колдап, Корея жартыаралындағы реттеулер бойынша төртжақты келісімнің маңызын ескеріп, БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесінің Ирак пен Ливанға қатысты барлық резолюцияның толықө шешімін табуға қол жеткізуін шешті. Жаңа басты сәт болып, Иран үкіметіне «аймақтық және әлемдік істерде конструктивті роль ойнауға» шақыру болды.

Солтүстіктің байланыстарынқұрудағы маңызды роль МВФ-н, Әлемдік банкпен, экономикалық форумдармен жүргізілген дамушы елдердің ұзақмерзімді болжамдық дамуларына тәуелді болды. Дамушы елдердің дамуындағы қиындықтарға қарамастан, бұл перспективалар белсенді қызмет атқарды. 1997ж. Әлемдік банктың бағалаулары бойынша, 25 жылға жақын уақытта дамушы елдер жылсайынғы экономикалық дамудың 5-6% орта темпіне жет іп, әлемдік өндірістің 1/3-н қамтамасыз ете алады. Солтүстік сонымен қатар оңтүстік аймағында қалыптасқан, қауіпті басқаруды өз қолына алуға ұмтылды. Бір жағынан, бұл қауіптер дамушы елдер зонасындағы арттақалушылықтың алдын алудағы теңсіздікпен, басқа жағынан – басқару сапасының төмендеуімен түсіндіріледі. Дамушы елдерде жемқорлық пен басқару орталықтарының құлдырауы, эконмикалық көрсеткіштердің әрі қарай жақсаруына өте үлкен қауіп төндіріп отыр.

Сонымен қатар 90ж. аяғындағы қаржы-экономикалық дағдарыс халықаралық қаржы институттарының жамушы елдерге қатысты қатынастарына күманданып, күн тәртібіне осы институттардың жүйелерін түпкілікті қайтаұйымдастыруды қойды. 1999ж. басында Давоста өткен әлемдік экономикалық форумның басты тақырыбы, бұл нарықты либерализциялаудың шарттарымен болған бақылаусыз қысқамерзімді капитал тасымалдаудан болған, Оңтүстік айақтардағы жаһанданудың жағымсыз салдарларын сынға алу болды. Дамушы елдердің жаңа проблемаларына ерекше қарау керектігін, индустриалды дамыған елдердің экономикалық орталығы ықпалды өкілдерінің бірі – Германия жариялады.

Дамушы елдерге арттақалушылықты жою және сыртқы көмекті тиімді пайдалануға көп көңіл бөлуге көп жақты қолдау көрсету, үшінші мыңжылдықтың басында Солтүстік және Оңтүстік елдерінің ынтымақтастығы басты сипатына айналуы мүмкін.

Солтүстік-Оңтүстік қатынастарындағы қарсы тенденциялар, дамушы елдердің беделді ұйымдардың бірі – Қосылмау қозғалысы қызметінде ерекше анықталуда.

Қазіргі таңда қозғалыстың қатысушылары-115 елге жетіп, олардың қызметінде белсенді жұыс істеп жатыр. Бақылаушылар қызметін: Германия, Канада, Италия, Австрия, Испания және Индонезия, ал соңғы кезде оларға Ресейғ Қытай және Украина қосылды.

1961ж. Белградта құрылу кезінен бастап, қозғалыс кең түрде эволюцияны басынан өткерді. Блоктык қарсы шығулар тоқтағаннан кейін, оған X( 1992ж. Джакарта), XI ( 1996ж. Картахена), XII ( 1998ж. Дурбан) конференциялары жаңа импульс берді. Джакарталық және Картахендік конференцияның есептік құжаттарына сәйкес, қосылмау қозғалысы бірполюсті бейбітшіліктен бас тартып, ұлттар теңдігіне деген сыйластыққа негізделген жаңа әлемдік құруда шешуші ролді иемденуге ұмтылды. Қоғалыс қосылмаған елдерді жаңа халықаралық қатынастардыңсжүйесін құруға белсенді қатысты. Оған қатысушылар ядерлық қарусыздану идеяны, Оңтүстік жартышардағы ядерсыз мәртебені қалыптастыруды қолдайды. Бірақ олар ядерлік державалардан осы қару түрін қолданбауға қосымша кепіл беруін, атом энергиясының технологиясын бейбіт пайдалану туралы міндеттерін орындауын талап етіп отыр. Елдер арасында айырмашылықтың олардың даму деңгейіне байланысты болашақтың өзгеруінен сақтайды. Бірақ бұл әлемнің кезекті қатесі деп анықтауға болмайды. Бірақ жетістіктердің елдердің көп бөлігінің скқталу саларларын азайтуға болмайды. Соңғы онжылдықтың тенденцияларына сәйкес, әлемнің дамыған және дамушы бөліктері арсындағы қатынастар жаһанданудың конфронтациясының жаңа осіне айналдыруға қабілетсіз.

Іске асуға мүмкін істері, бұл Оңтүстік пен Солтүстік арасындағы қатынастардың түрлерінің дамушы елдер зонасында аймақтардың интеграциялық процестерді кеңейту, потенциалды аймақтардың лидерлерінің позицияларын нығайту болып табылады.

Бірақ XX ғасыр халықаралық қатынастарының жүйесін құру дифференциация процестеріе емес, әлемдік қоғамдық мүшелердің жаһандық өзара тәуелсіздігін анықтайтын болды.

Үшінші мыңжылдық басында әлем Шығыс-Батыс немесе Солтүстік-Оңтүстік сызықтары бойынша бөлінбей, жаһандық процестеріне қатынасқан және олардың өнімдерін пайдаланып отыратын айырмашылықтар мен елдерден және осы процестеріне қатыса алатын мүмкіндіктері бойынша бөлінеді.
8 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет