Тақырып:ХХІғ. Латын Америкасы.
Дәрістің мақсаты: Латын Америкасы елдері, аймақтық ерекшеліктер,
спецификалық мүдделері туралы түсінік беру.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:
Латын Америкасы елдерінің спецификалық мүдделері. Біртұтас сауда-экономикалық және инвестициялық кеңістіктің қалыптасуы.
1.Аймақтық ерекшеліктер.
Латын Америкасы аймағы 34 тәуелсіз мемлекеттен және бірнеше тәуелді территориялардан тұрады. Территориялардың өлшеміне, экономикалық және ресурстың потенциалы, тұрғындардың этникалық құрамы, мемлекеттің саяси және рухани дәстүрлерінің әртүрлілігімен Латын Америкасында анықты бір өзгешелік білінеді және бұл қазіргі халықаралық қатынастарда оның орнын қалыптастырады.
Өткен ғасыр соңында Латын Америкасы елдерін қамтыған демократизациялы саяси режимдердің негізін толықтырушы жалпылама мінездеме рөлін атқарады. Бұл белгілерге сай аймақ бұрынғыдан бетер бірқалыптанды, ал ол өз алдына Латын Америкасы елдерінің сыртқы саясатына және халықаралық мәселелерді шешуші жолына жақындауға үлкен ықпал етті.
Экономикалық жағынан Латын Америкасы аймақты тұрақты тұрғындар жағынан, территорияларына байланысты әлемдік жүйедегі орташа сатыдан орын алады.
Экономиканың және сыртқы экономикалық байланыстардың жағдайы бойынша Латын Америкасы олардың дамуының периферийлік келісімін айқындайды және оның сыртқы істерінен тәуелділігін көрсетеді. Қандай да болмасын жағдай Латын Америкасының сыртқы істерінің ісіне өз кесірін тигізетіні анықталды.
Қазіргі кезге дейін Латын Америкасы елдері глобалды реттеу «клубына» кіру құқынан айрылған еді. Аймақ ықпал етуді дамыту резерві мәнісінде орын алады, әлемдік жүйенің белдеулерін біресе күшейтіп, біресе әлсіретіп Латын Америкасының қызығушылығын қаратып алып отырды. Тағы бір аспект ― «біре беріс мемлекеттерінің» болуы, бұл кейбір белгісіз уақытта ірі потенциал күштерін глобалды реттеу «клубының» көрінісін толықтыруы мүмкін еді. Бұндай мүмкіндік Бразилияда және Мексикада болды. Бірақ олар ұлттық экономикалық және ғылыми техникалық потенциалдық күшеюін анықтауға, ұлттық элитада өзіне тиісті саяси еркіндігі бар, азаматтық қоғамда нығаю деңгейі және ұлттық мемлекеттік беделі бар болуы керек. Тағы басқа алғышарт болып ― халықаралық жүйесіндегі демократизацияда қазіргі «клуб» мүшелерінің бейімделуінің сатысы және оның бұдан да үлкен кең ауқымды альянс құруға қызығушылық танытады.
Латын Америкасының әлемдік иерархиясындағы аралық орналасуы мен олардың мемлекеттерінің қызығушылықтары мен үйлесімдері Азия және Африканың дамушы елдерінің ұстанымымен айқасып жатыр. Әсірісе жай дамушы елдер Боливия, Гаити, Гондурасты айтуға болады. Және де олардың сыртқы саяси көкжиектері мен Кариб теңізінің айналасындағы кішігірім мемлекеттердің көптеген саны шектеді. Өздерінің халықаралық істерінде субаймақтық және локалды проблемаларға тоқталды. Сыртқы саясатта ― әлемдік саясат лидерлерімен қарым-қатынасты немесе тарихи метраполиялармен қарым-қатынасын жақсартуға бағытталды. Себебі, соңғы мыңжылдықта Латын Америкасы елдерін билеген АҚШ болды. Кариб бассейнінің ағылшын тілді мемлекеттері үшін ― Ұлыбританиямен,Британдық Ұлттар Достастығы мүшелерімен, Суринама – Нидерландымен, Гаити – Франциямен қарым-қатынасын сақтап қалуға тырысты.
Испанияның экономикалық көтерілуі және халықаралық істердегі рөлінің жоғарлауы бұл елдің Латынамерикандық мемлекеттермен бұрынғы кең қарым-қатынастардың жаңғыртылуына алып келді. Жыл сайынғы ибероамерикандық әлемнің елдерінің саммиті дәстүрге айналғандай болды. Бұның негізінде жаңа халықаралық қоғамдастық құрылды. Бразилия Лузофты қоғамдық құрамына енеді. Ол ― Европа, Африка және Американың португал тілді мемлекеттерінің қоғамдастығы. Онда ол көшбасшылық рөлді атқарады.
Латын Америкасын халықаралық қатынастар жүйесіне қосу өркениетті ерекшеліктер мен этникалық композициямен тұрғынндардың діни үйретімдерге алып келеді. Мысал ретінде Латын Америка қазіргі кезде әлемнің ірі католиктік аймағы екенін көрсетуге болады.
Сыртқы саяси практика нәтижесінде және олардың айқындаушы мүдделеріне қарап Латын Америкасының халықаралық байланыстағы негізгі бағыттарын ерекшелеп көрсетуге болады. Олардың ішінде:Американ аралық қарым-қатынастар сегментіне Солтүстікамерикандық көзқарас; ішкі саяси қатынастар; азиаттық тынық мұхит қатынастары, АТР-дағы көпжақты қызметтестік және осы аймақтағы шешуші мемлекеттер ― Жапония және Қытаймен екі жақты байланыс қатынастары, Ресеймен және ТМД елдерімен қарым-қатынастар, Оңтүстік – Оңтүстік лириясы бойынша әріптестік, БҰҰ және жалпы әлемдік көпемдегі басқа ұйымдардағы әріптестік қатынастар.
2.Солтұстік және Оңтүстік Америка территориясы шегіндегі халықаралық байланыстар мен институттар.
Латын Америкасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық ұмтылысы біріншіден АҚШ-пен қарым-қатынасына бағытталды. Биполярлық әлем тәртібі құлағаннан кейін Латын Америкасы елдері халықаралық жүйесіндегі квазимонопольдық қиындықтар мен тоқталыстарға тірелді. Б.Клинтонның латынамерикандық саясатын сынға алып, оны абстрактылы құндылықтарға аппеляциясындағы «переборы» және Батыс жарты шардағы АҚШ мүдделерінің толық қамтылмаған деп сынға алған президент Джордж Буш кішісінің администрациясы принципті-прагматикалық бағыт ұсынады. Онда Рио-Грандедан оңтүстік аймақтағы демократиялық институттардың табандылығы мен қауіпсіздігін қамтуына байланысты нақты шешімге келу, халықаралық ланкестіктерриториясындағы және есірткіні заңсыз таратушы ошақтармен күресті күшейтуде шешім жасау туралы болды. Негізгі экономикалық мақсат ― Америкада еркін сауда зонасын құру проектін жасау болды. Ол 2005 жылға жоспарланды. Бұл Дж.Буш үлкеннің президенттік кезеңінде «Америка үшін бастама» деп жарнамаланған еді.
Бұл жобаның мақсатын декларациялануында, Латын Америкасы елдері Вашингтонның диктаты үшін бұл сылтау болуы мүмкін деп қорқады. АҚШ-қа 2001 ж 11 қыркүйектегі террорлық панкестіктен кейін, Латын Америкасы елдері американ халқына өз алушылықтарын білдіріп АҚШ-тың антитеррорлық каоалициясын қолдады, бірақ олар соңынан өз қателіктерін түсінгендей болды. Артынан бұл трагедиялы оқиғалардан кейін Бразилия президенті Ф.О.Кардозо халықаралық терроризммен күресте тек күштік методтарға сүйене беру қателік екенін айтты. Әлемдік қоғамдастықтың назарын бұл ұйымдардың пайда болуының алдын алатын мәселелер: алдыңғы қатарлы елдер мен артта қалушы елдердің арасындағы экономикалық айырмашылықты, Азия, Африка және Латын Америка елдерінің көпшілігі душар болып отырған кедейшілік пен жұмыссыздықтың таралуының алдын алу шараларымен айналысқан жөн. Және де дәл осы позицияны тек радикалды формада түсіндірген Венесуела президенті У.Чавес және Куба президенті Ф.Кастро болды.
«Афганистандағы талибтер режимінің қозғаласын ликвидациялау және «Аль-Каида» базасын жою» деген антитеррорлық коалицияның істерін көпшілік бөлігі қолдаған Латын Америкасы елдері Ирактағы соғысты көпшілік бөлігі тіптен қолдамады. Олрдың АҚШ пен Ұлыбритания тарапынан болған езгіге қарамастан өздерінің шешімдерін ұстап қалғанын БҰҰ-ның бұл мәселені шешуді қарастырған жиналыстары және СБ.ООН №1441 резолюциясы айналасындағы талас-тартыс айтыстар нәтижесінен көруге болады. Олар Ирак мәселесін БҰҰ-на беруді және бұл мәселені саяси түрде басып халықаралық тексеру резервіне беруді ұстанды.
Латын Америкасындағы ең басты террорлық және есірткі таратушы орталық Колумбия болып қала береді. Бұл елдегі қарулы күрес оншақты жылдан бері жүріп келеді. Вашингтонда бұл мәселені ұлттық және аймақтық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп қорқуда. Бұндай конфликттердің бой алуы, есірткі тасушылардың белсенділік танытуы елден, яғни Колумбиядан шығып Венесуэла, Бразилия және Эквадордың шекаралық аймақтарында бой алып отыр.
Колумбиядағы мәселе мен бейбіт жолды күрес халықаралық қоғамдастықтан көмек алып отырса да, өзінің жемісті нәтижелерін көрсетіп отырған жоқ. Бұндай жағдайда колумбиялық дағдарыстың алдын алуда әскери компоненттер жұмысын күшейту мәселесі орын алады.
АҚШ-пен қарым-қатынас де-фактосына «американаралық жүйесін» жатқызады. Ол XX ғасыр ағымында құрылған еді.
Американаралық жүйесінде үш негізгі элементті көрсетуге болады. Олар: «Америка мемлекеттер ұйымымен» ұсынылған саяси элементі (АМҰ (ОАГ) 1948жылы құрылған); Американаралық дамушы банкінің(МАБР 1961 жылдан бері жұмыс істеп келеді) ісімен байланысты Экономикалық элементі; 1947 жылы Рио-де-Жанейро Батыс жартышар мемлекеттерінің арасында бекітілген өзара көмек жөніндегі келісімге сүйенетін ― қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелерінің блогы әскери элементі.
Халықаралық қатынастардағы аймақтық климаттық белгілерін айқындайтын мәселеге конфликттің аздығын көрсетуге болады. Латын Америка аймағын басқа әлем аймақтарынан өзгешелеп тұрады. XX ғасыр 1932 жылы болған Боливия мен Парагвай арасында болған көп адамның өмірін қиған Чакстік соғыстан басқа бұл аймақта үлкен қантөгісті соғыс болмады. Басқа мемлекеттердің аралық конфликттің тек шекаралық қақтығыстар, аз уақыттық (Перу-Эквадор, Гондурас-Сальвадор), немесе тек дипломатиялық конфронтация мен (Аргентина-Чили, Венесуэлла-Гайана, Гватемала-Белиз) аяқталып жатқан болды.
Әлемнің ірі аймақтарының арасында Латын Америкасы атом бомбасы қаруларын қолдану мен сынақтан өткізуге, оны жасап шығаруға қарсы болғандардың ішінде бірінші болды. 1968 жылы Тлателолка келісіміне қол қойып, Латын Америкасы елдері әлемде бірінші рет ядерлік қарудан еркін аймақты жариялады. Аймақ өте ерте (Батыс Европадан кейін) экономикалық интеграция эпохасына қосылды. Ең ірі субаймақтық бірігу ― Меркусор(Оңтүстік Америкалық жалпы рынок) болды. Ол Аргентина, Бразилия, Уругвай және Парагвай кейін Чили мен Боливияның бірігуінен құрылған ұйым болды. Ұлттық Анд қоғамдастығы (АСН). Анд тобынан ұласқан ұйым өзіне бес елді қосты. Олар: Боливия, Венесуэлла, Колумбия,Перу, Эквадор. Орталық Америкалық интеграция жүйесі (ЦАСИ) Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Никарагуа және Сальвадор елдерінің бірігуімен құрылды. Кариб теңізінің арал мемлекеттері (Кубаны қоса) Доминикан республикасынан басқасы Кариб ортақ рыногына (Карикомға) кірді. Карикомның қатысушы елдері: Антингуа және Барбуда,Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Гаити, Гайана, Гренада; Куба, Монтсеррат, Сан-Кристофер және Невиз, Сент-Лусия, Сент-Венсент және Гренадины, Суринам; Триндад және Табаго елдері болды. Бұлардың ішіндегі тек үш мемлекет ― Белиз, Гайана және Суринам континенттегі елдер болды.
Жалпы аймақтық масштабы бар экономикалық ұйым ретінде АЛАДИ-ді айтуға болады.АЛАДИ ― Латын Америкалық интеграция ассоциациасы 12 мемлектті біріктірді. Олар: Аргентина, Боливия, Бразилия,Венесэла, Колумбия, Куба, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили,Эквадор.
Латын Америкасының сыртқы саяси ынтымақтастық саясатының маңызды органы болып Рио тобы табылады. Оған 12 нл кіреді.
3. Латын Америка аймағының әлем мен сыртқы саяси қызметтері және жалпы әлемдік ұйымдар жүйесі мен қатынастары.
XX ғасыр соңы мен XXI ғасыр басында бұл аймақтың Евроодақ мемлекеттермен қарым-қатынас беделді журе бастады.Бұлар көпжақты да, екі жақты форматта да жақсара түсті. Евроодақ көшбасшылары Германия, Италия,Франция, Ұлыбританния, Испанияның Латын Америкасында өздерінің саяси да, экономикалық та позициялары бар. Экономикалық позицилары әсіресе Оңтүстік Америка зонасында соның ішінде Оңтүстік Конус мемлекеттерінде (Аргентина,Бразилия, Чили, Боливия, Парагвай, Уругвай) көп шоғырланған. Латын Америка әріптестерімен инвистиция және сауда байланыстары бойынша Евроодақ елдері АҚШ-тың өзін басып озып кетті. Тек Мезоамерика ( Мексика және Оңтүстік Америка) зонасында байланыс шамалы. Себебі бұл Мезоамерика елдері өз көршілері АҚШ-қа экономикалық тартылыстары қатты болды. Соңында олар НАФТО-ның Солтүстік Американдық еркін сауда зонасы, онда АҚШ, Канада және Мексика кірді.Бұл Евроодақ мүшелерінің Мексикалық рынокқа араласуын америкалық және канадалық бизнес жағына шешуіне себепші болды. Бұл өз алдында АЛКА жоспарының іске асуына кедергі болды. Жаман нәтижелер алып келері белгілі болса да Евроодақ мушелері Латын Америкасы рыногына, ресурстарына қызығушылықтарын тоқтатпайды. Олар бұл аймаққа ынтымақтастықтың жаңа негіздері мен кепілдіктерін құра берді. Бұған дәлел ретінде 1990 жылдардағы басталған Евроодақ пен Латын Америкасы елдерінің арасындағы диалогтардың жүргізілуі. Олар мынадай қатарымен жүрді: Бүкіл аймақпен саммит түрінде; Меркасурға қатысушы елдермен; Латын Америкасының бөлектенген елдерімен. Латын Америкасының халықаралық қатынастардың Европалық бағыты Испаниямен, Португалиямен қарым-қатынастарының жақсаруына әкелді. Олар құрылып жатқан Иберамерикалық ұлттық қоғамдастықтың(ИСН) шегінде болды.
ИСН-ның жаңа саммиты 1991 жылы шақырылды (Мексикада, Гвадалахарада). Осыдан кейін ол жыл сайын өткізіліп отырады. Оның штаб-квартирасы Мадридте орналасқан. Оның құрылуына Европа мен Америкадағы испан және португал тілді елдердің мәдени-тарихи және тілдік туыстастығы негіз болды.
Латын Америкасының халықаралық қатынастарының жаңа векторы Азиаттық тынық мұхит (АТР) бағыты болды. Тарихи тұрғыдан Латын Америкасы Атлант мұхитына алдымен, Тынық мұхитына артымен орналасқан еді ХХ ғасыр аяғындағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикалық жағынан индустриялдық елдердің қатарынан көріне бастауы Латын Америка елдерінің бұл елдермен қатынастар орнатуға мүмкіндік алды. Кешірек болса да Латын Америка елдері өздеріне АТР перспективасын аша бастады.
АТР халықаралық қатынастардағы орталық болып 1989 жылы Азияттық тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық форумы (АТЭС) пайда болды. Латын Америка елдері ішінен оған Мексика, Чили және Перу кірді. АТС құрамына кіруге Колумбия ұсыныс береді. Оның алғашқы саммиты 2002 жылы Мексикада болады. Онда АТЭС тек экономикалық мәселелерді ғана емес, халықаралық террорлық ұйымдардың құрылуы, олардың әлемнің әр жерінде өткізіп жатқан қиян-кескілері мәселелері алдыңғы орынға шықты.
1990 жылы Латын Америкасының Ресеймен және ТМД елдерімен құрылып келе жатқан халықаралық қатынастары қиын болды. 90-шы жылдардың бірінші жартысында Латын Америкасы жаңа Ресейдің саясатын сырттай бақылап отырды. Өзінің тек Батыс Еуропалық саясатынан арылып Ресей Федерациясы 1990 жылдың ортасында ол өзінің сыртқы саяси позициясын Латын Америкасына бағыттайды. 1990 жылдың екінші жартысында Латын Америка елдері тек Ресей Федерациясы ғана емес, Украина, Белоруссия және Армениямен қарым-қатынастарға түсе бастады. Ресей сыртқы саясаты мен экономикалық тендециялары 2000 жылғы сайлаудан В.В.Путиннің жеңісінен кейін жақсы қалыпқа келе бастады. Елдің сыртқы саясаты инициативті және прогматикалық мінез ала бастайды. Латын Америкасы елдерімен және саяси тауар айналым байланыстары күшейе түседі. Ресей басшыларының Бразилия, Куба, Чили, Венесуэла, Мексика, Гватемала, Парагвай басшыларымен кездесулері болад
№ 11 дәріс
Тақырып: Орталық Азия халықаралық қатынастардағы жеке субаймақтық жүйе ретінде.
Тірек сөздер: Евразиялық, интеграция, ЕАС.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:
Евразиялық интеграция және ТМД. Евразиялық геосаяси және экономикалық кеңістік. ЕАС және интеграциялық процестер.
Евразийское геополитическое и экономическое пространство. Дезинтеграция и реинтеграция евразийского пространства. Мероприятия по укреплению безопасности и сотрудничеству в евроатлантическом и евразийском регионах. Коллективная безопасность и военно-политическое сотрудничество государств-членов СНГ. Экономическое сотрудничество. СНГ и права человека. Сотрудничество по охране внешних границ СНГ, предотвращение и урегулирование конфликтов.
Сотрудничество стран СНГ в сфере науки и техники, охраны окружающей среды, образования, культуры и информации. Таможенный союз, договор четырех. Социально-гуманитарное и правовое сотрудничество.
СНГ и ЕС. ЕАС и интеграционные процессы в СНГ. Цели ЕАС и принципы. Органы союза, парламент ЕАС.
№ 12 дәріс
Тақырып: Қазақстан евразиялық өркениеттің кіндігі ретінде.
Тірек сөздер: Қазақстан, геосаясат, интеграция.
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны: геосаяси артықшылық, геоэкономикалық жалпылық, орталықазиаттық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тепе-теңдіктің кепілдігі.
Казахстан как ядро евразийской цивилизации, геополитическая идентичность, геоэкономическая общность, гарант равновесия и безопасности в постсоветском пространстве.
Политические и экономические интересы Казахстана в АТР.
13 дәріс
Тақырып:Жапония және Қытай -аймақтық және әлемдік державалар
Дәрістің мазмұны:Жапония. Қытай. Олардың субаймақтық және әлемдік саясаттағы ролі. Біртұтас Қытай принципі мен Тайвань мәселесі.
Ресей – қытай қатынастары бірнеше кезендерден өтті. 1960 – 80жж конфронтациядан кейін төмендеп кеткен қатынастар тығыз, жан – жақты одақтастық нәтижесінде жоғарғы деңгейге көтерілді. Бұл жетістіктер КСРО ның өмір сүруінің соңғы кезеңдерінде қол жеткізілді. 1989ж мамырда президент Горбачевтың Пекинге сапар барысында екі жақты қатынастар тұрақталды, екі жылдан кейін Москвада Қытай Республикасының төрағасы Цзян Цзэминь шекараның негізгі бөлігін белгілеп, келісімгеқол қойылды. Осы екі кездесу барысында әрі қарайғы қатынастар шеңбері анықталды. Москвадағы сәтсіз путч салдарынан және жаңа Ресейлік жетекшіліктің алғашқы сыртқы саяси қадамдарына “сақтықпен” қараған екі ел арасындағы сәл үзілістен кейін қатынастар тұрақты дами бастады. 1992ж желтоқсанда Ельцин Қытайға арнайы сапармен барып, онда өзара қатынастардың негізі туралы біріккен шаралар қабылданды. Осы кезден бастап екі елдің белсенді әскери – техникалық қоғамдастығы басталды. Жауап сапары ретінде 1994ж қыркүйекте Ресейге келген Цзян Цзэминь екі жақты байланысты “констуктивті одақтастық”, деп атады.
Алайда маңызды секіріс кейінірек 1996ж басталады. Пекиндегі кезекті саммит кезінде екі жақ ХХIғ терең қатынастарға бағытталған және теңдікп пен сенімге негізделген “стратегиялық одақтастықты” құру туралы ұмтылысы жариялады. Оның басты нәтижесі ұзақ уақыт екі жақты қатынастарға кедергі болып келген аралдар мен құрғақ жолдарға иелік ету мәселесі шешімін тапты. Шекараны анықтау туралы екі жақты келісім негізінде 1998ж ені 4200км шамасында оның шығыс секторы және 54км ұзындығы бар батыс секторы анықтаған келісімдер жасалды. Тек Амур мен Аргунь өзендеріндегі 3 аралдың тағдыры ғана шешусіз қалды. Әлемдік саясат мәселелеріне байланысты екі жақ қол қойған келісімдер зор маңызға ие болды. Ресей мен Қытай барлық халықаралық мәселелерде жақын қатынастар орнатты.
2001ж шілдеде Цзян Цзэминь Москваға ірі нәтижемен келді. Екі жақ 20 жылға белгіленген “өзара көршілестік, достық және қоғамдастық” туралы кең көлемді келісімге қол қойды. Олар әлі шешілмеген аралдар мәселесін талқылауға келісті. 2002жылдың соңында Қытайға ресми түрде келген Ресей мен Қытай басшылары үлкен жетістіктерге қол жеткізді. әсіресе сауда, экономика және әскери – техникалық салада жетістіктер болды.
Өзара сауда алғашқы кезде тұрақсыз болды. Сауда айналымы 1999ж дейін 6 – 8млрд доллардан асқан жоқ, тек кейінгі жылдары бішама көтерілді. 2001ж сауда көлемі 11млрд долларға жетті, ал 2002ж бұдан да жоғарғы деңгейге жетті. Ресей эксорты Қытайдан тұрақты түрде жоғары дамыды және ол 1992 – 2001жж 26млрд долларды құрады. 2003ж Ресей мен Қытай арасындағы сауда айналымы 15,7млрд долл.құрады, соңының 3,7млрд долл. Ресейдікін құрады.
Ресей Қытайға ядерлік энергетика саласында – Цзянсу провинциясында атом электростанциясын жабдықтау және уран қорларын өңдеу, электроэнергетика саласында көмегін ұсынды.
Әскери – техникалық саладағы қоғамдастық та жақсы даму үстінде. Қытай Ресей қаруларын сатып алушы бірден – бір мемлекет болып отыр. Ресей экономикасы үшін ауыр кезенде (1992 - 1997) Пекин 6млрд долл. шамасында қару жарақ сатып алды. Одан басқа 1996ж Қытай қаласы Шеньянда 200 СУ – 27 қаруын өндіру туралы келісімге қол қойылды.
1999ж бастап әскери әуе – техникаларын сатып алудың жаңа кезені басталады. 2002ж Қытайға эсминдердің 2 – ші партиясын әкелу туралы келісімге қол қойылды. Олардың жалпы құны 3млрд долл. құрайды. Ресей – Қытай қатынастары бұл кезеңде тұрақты даму сипатына ие болды. 2002ж жазда Шанхайда жыл сайынғы екі ел басшыларының кезекті кездесуі өтті. Қоғамдастықтың барлық салаларында үкіметаралық, аймақаралық комиссиялар жұмыс істейді.
Шекаралас Ресей –Қытай қоғамдастығы туралы айта кетсек. Қытай мен Монғолиямен шекаралас Ресей аймақтары үшін шекаралық қоғамдастықтың Қытайлық және Азиаттық типі тән. Құрғақ жол шекарасының 34,8% осы елдерге тән. РФ – ның 8 аймағы осы елдермен шектеседі. 90жж. соңында өзара қатынастардың дамуына ыңғайлы саяси жағдай қалыптасты. Соған қарамастан кейбір Амур аралдарындағы шекаралар анықталмай отыр.
Екі ел арасындағы шекаралық қоғамдыстыққа мынадай ерекшелер тән:
Қытай мен Ресей арасындағы шекаралық сауда мен тауар айналымының жоғарғы деңгейі;
Ресей мен Қытай шекаралас аймақтарының демографиялық асимметриясы;
Шекаралас аймақтардың әртүрлі мәдени - өркениеттік жүйеге енуі т.б.
1990ж I жартысында Ресей мен Қытайдың шекаралас аймақтарында шекаралық сауда өте жоғары дамыды. Бұған өндіріс және тұтыныс тауарлары бағасындағы үлкен өзгешелік пен визасыз режим де әсер етті. 1993ж визалық режим енгізілгеннен кейін сауда көлемі азайды.
Екі ел арасындағы шекалық қоғамдастықта 1994ж “Ресей – Қытай шекараларының режимі” туралы өзара декларацияның мәні зор. 1997ж қарашада “Қоғамдастық принциптері туралы” келісімге қол қойылды. 1998ж қаңтарда осы келісім негізінде Ресей – Қытай шекаралық және аймақаралық сауда – экономикалық қоғамдастығының кеңесі құрылды.
Қытай Ресеймен өзінің ең дамыған аймақтары арқылы шектеседі. Қытай Ресейдің шекаралық аймақтарын киім, тұрмыстық электроника, азық – түлік эксорты ретінде пайдаланады. 1993ж кейін визасыз негізде бір күндік шекаралық туризм белсенді дамыды. Нәтижесінде шекаралық қалаларда сауданың өсуіне алып келді. Инфрақұрылым белсенді дамыды, жолдар салынды т.б.
Ресеймен Қытайдың 4 аймағы шектеседі десек, солардың ішінде Хейлунцзян провинциясы Ресеймен ішкі экономикалық жағынан тығыз байланысты. 1990ж бастап бұл провинция Ресейдегі сыртқы сауда үлесі бойынша Қытайда 1 – ші орын алып келеді.
Соңғы жылдары біріңғай шекаралық тарифтың енгізілуі мен және шекаралық сауда үшін 50% жеңілдіктің жойылуына байланысты Қытайдағы шекаралық сауда белсенділігі біраз төмендеді. Осыған байланысты Қытай қоғамдастықтың жаңа бағыттары мен құралдарын іздеуге ұмтылыс білдіріп отыр. Мұндай бағыттардың бірі финанстық инфрақұрылым құру болып табылады. Ресей мен Қытайдың ірі банктеріндегі келісімдерге сәйкес өсіп отырған шекаралық бизнеске қызмет ету үшін Қиыр Шығыстық банктермен тікелей есептесулер жүргізу қолға алынуда.
Сонымен қатар Қытай шекаралық аймақтарда сауда, қонақ үй, мейрамхана т.б. сияқты салаларда кәсіпорындар салуға қызығушылық білдіріп отыр. Әсіресе Қытай капиталының қатысуымен көптеген кәсіпорындар Хабаров аймағында (2000ж 334 кәсіпорын), Приморьеде (196) және Амур облысында (129) тіркелген. Синьцзян – Орталық Азия және Батыс Сібірмен шектесетін ұйғыр автономиялық ауданы. Бұл геоэкономикалық потенциялдың қолданылуы Шанхай қоғамдастық ұйымының бедседі іс - әрекетімен байланысты. 2003ж қыркүйекте 2020ж бағытталған Шанхай елдерінің жан – жақты сауда – экономикалық қоғамдастығының бағдарламасы жасалды. Оның қорытындысы бойынша сауда, қызмет, капитал, технология еркін араласа алатын еркін сауда зонасы құрылу керек.
Ал, Ресей жағында депрессия жағдайында тұрған Сібір және Қиыр Шығыс аймақтарының дамуына бағытталған ешқандай жаңа идеялар болмай отыр.
ХХғ.соңғы 10 жылдығындағы Ресей – Жапония қатынастарының негізгі тұжырымдары.
Президент Б.Ельциннің басқаруы кезіндегі Ресей – Жапония қатынастарының қорытындысы бойынша екі жақ та бір – біріне бағытталған саясатты өзгерту кезеңі келгенін түсінді. Әлемдегі жағдайлардың өзгеріп отырғаны соншалықты, өткенге негізделген жаңа деңгейді құру мүмкін еместігіне екі жақтың да көзі жетті.
Жапонияның саяси жетекшілігі дипломатияның стратегиясы мен әдістері өзгертілуі керек және екі жақты қатынастарды шешу мәселесінде тек бір ғана жетекшінің (бұл жерде Ельциннің) ролін бағалау қате екенін түсінді. Шын мәнінде Ельциннің бейбіт келісімдерінің қорытындысы бойынша Красноярск, Каван, Токио, Москвадағы бірде – бір ресми ұсыныстарын парламентте, халықта қолдамады.
1990ж Ресей территориялық мәселелер бойынша әлсіз позиция ұстанды. Бұл кезде Жапония жағы да нақты нәтижеге жеткен жоқ. 2000ж бейбіт келісімдерге де қол қойылмады.
Достарыңызбен бөлісу: |