Тарих және құқық факультеті деканы


Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы тьютор__Шокабасов Т.Д



бет3/12
Дата19.05.2017
өлшемі2,14 Mb.
#16448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы тьютор__Шокабасов Т.Д.


п/п


Әдебиеттердің атауы

Бары

Ескерту

Кітапханада

Кафедрада

Студенттердің қамтылу

деңгейі(%)



Электронды түрі




1

Дергачев В.А РегионоведениеМ.,2004

Оқу залы№ 1,4




20
%







2

Волков А.С Регионоведение М.,2003

Оқу залы № 4




30 %







3

Нартов Н.А Геополитика М., 1999

Оқу залы. № 1,4




40 %







Пән Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі кезеңдегі мәселелері

4

Жильцов С.С Геополитика Каспийского региона М.,2004

Оқу залы № 4




20 %







5

Гаджиев К.С Геополитика Кавказа М.,2004

Оқу залы. № 1,4




30 %







6

П.Кальвокоресси Мировая политика 1945- 2000 в 2-х книгах М., 2003

Оқу залы № 1,4




40 %







7

Костюнина Г.А Азиатско-Тихоокеанская интеграция М.,2004

Оқу залы № 4




20 %







8

Китай в мировой политике М.,2003

Чит.зал №4




20 %







9

Потапченко В.И Внешнеэкономическая модель развития стран Восточной Азии М.,2004

Оқу залы №4




20 %







10

Южная Азия в мировой политике М., 2004

Оқу залы №4




20 %







Кредит3 саны____________3______________________

ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ






Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты

балл

Бақылау турі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгібаяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5 %

Реферат және баяндама

1

Оппонент болуы

Баядама жасау

Семинар тақырыбына байланысты

4 апта

5 %

Семинарда жауап беруі



3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

Тақырып бойынша 1-4 % дейін

Тапсырмалардың орындалуын , сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру



4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабілетін тексеру

Бірінші жұмыс 1-4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5-11 тақырыптарға байланысты



№ 4 семинар

№ 10 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8 % бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексер







тест



«Білімді бағалау схемасы»





Бағалау критериясы

Бағалау түрі

%

барлығы

1

Үй тапсырмасы (ОЖСӨЖ)

100

30




Дәріске қатысу

100

15

2

Жеке жұмыс

100

2

3

Бақылау жұмысы

100

2

6

Зертханалық сабақта белсенділік

100

15

7

Бақылаудың басқа т үрлері

100

N




Аралық бақылау (Р1, Р2)

100

Барлық бағалардың орташа мәні




Ағымдағы бақылау

(Р1+Р2)/2




Барлық семестр уақытында 2 рубеждік бақылау (7-ші – 15 – ші жұмада). Студенттердің үлгерімі бақылау уақытында максимальді көрсеткіш 60% құрайды. Семестр аяғында сабақ пәні бойынша емтихан өтеді. Максимальді көрсеткіш 40% құрайды. Екеуін қосқанда 100% құрайды. Емтихан тест түрінде, курсты теориялық және практикалық материалды қамтитын 30 сұрақтан тұруы керек.

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

4. Глоссарий

Өркениет Цивилизация

Индустриалды қоғам Индустриальное общество

Аймақ Регион

Геосаясат Геополитика

Үрдіс Процесс

Ұйым Организация

Достастық Содружество

Жаһандану Глобализация

Геоэкономика Геоэкономика

Кеңістік Пространство

Аймақ – ( латын – мемлекет, облыс ) территорияның ерекше түрі. Табиғи, саяси, экономикалық және басқа аймақтар болады.

Территория- бет-беттерінің әртүрлі көлемі, құқықты және басқа режимге негізделген.
Инвестиция- капиталдың ұзақ мерзімді салынуы. Үш түрі бар: қаржы, физикалық және интеллектуалды.
Геосаясат-әртүрлі мемлекеттердің орналасуы және қайта орналасу сферасының әсерінің заңдары туралы ғылым.
Геосаяси аймақ – аумақтың бірлестік, әскери-саяси және экономикалық күшке ие; көршілік және ынтымақтастық мақсатта ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізде мемлекет құрайды.

Модернизация – дәстүрлі қоғамнан жаңа заманға сай қоғамға өтуін атайды.
Конвенция - Халықаралық келісім, келіссөз.
Репарация - Мемлекеттің өзіне келтірілген зиянның орнын ақшалай не басқа формада толықтыруы.

www.inion.ru Институт научной информации по общественным наукам (ИНИОН) РАН

www.e-library.ru электронная библиотека

www.publik.ru публичная Интернет-библиотека


5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 дәріс

Тақырып: «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері» курсы пәні және Жаһандану мен аймақтану процесі.

Дәрістің мақсаты: Жалпы курстың мақсаты мен міндеттерін айқындау. Жаһандану мен аймақтану жөнінде түсінік беру.

Тірек сөздер: Жаһандану, аймақтану, демократия, нарықтық қатынас.

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

«Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері» курсы пәні, мақсаты мен міндеттері. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа ғаламдық тенденциялар мен мәселелер, олардың түрлері.Халықаралық мәселелер, олардың ерекшелігі. Халықаралық қатынастардағы қазіргі мәселелерді зерттеудің негізгі теориялық бағыттары. Жаһандану ұғымы және оған ұмтылу жолдары:дамыған нарықтық демократия елдері, Азияның жаңа индустриялдық елдері, дамушы елдер мен Қытай. Халықаралық қатынастардағы шекаралардың өзгеру процесі мен жаһандану.

Жаһандану ұғымы және оған ұмтылу жолдары:дамыған нарықтық демократия елдері, Азияның жаңа индустриялдық елдері, дамушы елдер мен Қытай. Халықаралық қатынастардағы шекаралардың өзгеру процесі мен жаһандану.

Глобализация и регионализация. Интеграция и дезинтегра­ция. Интеграция и регионализм. Экономическая глобализация: концепции и под­ходы. Концепции азиатского регионализма. Открытый и за­крытый регионализм. Динамика экономического развития центров мирового хозяйства и потребности структурной перестройки в центрах мировой экономики. Снижение темпов роста ВВП в Западной Европе, Японии и Северной Америке.

Замедление динамики производства совокупного общественного продукта в глобальном масштабе. Сохранение высоких и устойчивых темпов экономического развития в Азии (Китай и новые индустриальные страны).

Проблемы китайской экономики в свете глобализации и азиатского регионализма. Вызовы Китая для региональной и глобальной системы международных отноше­ний. Вызовы для России.

Соотношение мировой политики и мировой экономики.

Глобальная трансформация системы международных экономических отношений. Изменение хозяйственно-политических структур и общественного сознания.

Региональные диспропорции. Причины финансового кризиса в Азии: объективные эконо­мические противоречия и субъективные ошибки правительств. Кризис финансовый или региональный? Геополитическая вер­сия финансового кризиса. Финансовый кризис и динамика ре­гиональных отношений. Хронология кризиса: Таиланд, Малай­зия, Филиппины, Индонезия, Южная Корея. МВФ и региональные экономические кризисы. Влияние кризиса на региональную и миро­вую экономику. Влияние кризиса на региональные подсистемы международных отношений. Региональные и глобальные внеш­неполитические последствия кризиса для стран Востока.

Глобализация экологических проблем

Экологическая проблема современной цивилизации. Понятие “экологическая безопасность”. Воздействие НТР и индустриального общества на природную среду. Человечество в условиях выхода за пределы устойчивости. Формирование и реализация экологической политики во всех странах. Политика экологического миропорядка. Специальные конференции и форумы ООН по проблемам охраны окружающей среды.


2 дәріс

Тақырып: Демографиялық императив

Дәрістің мақсаты: Қазіргі қоғамның демографиялық құрылымындағы жалпы өзгерістер. Жер халқының өсу динамикасындағы айырмашылықтар туралы түсінік беру.

Тірек сөздер: Демография, императив, диспропорция

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Қазіргі қоғамның демографиялық құрылымындағы жалпы өзгерістер. Жер халқының өсу динамикасындағы айырмашылықтар.Әлемнің қазіргі демографиялық процестерінің саяси аспектілері. Демографиялық диспропорциялар және жаңа жанжалдар.

Қазіргі қоғамның демографиялық құрылымындағы жалпы өзгерістер. Жер халқының өсу динамикасындағы айырмашылықтар.Әлемнің қазіргі демографиялық процестерінің саяси аспектілері. Демографиялық диспропорциялар және жаңа жанжалдар.

Жалпыәлемдік мәселелер демографиялық жағдаймен тығыз байланысты. ХХғ. ІІ ж. демографиялық өзгерістер жеке әлемдік мәселеге айналды.

Қазіргі кезде демографиялық процестердің ерекшелігі халық санының тез қарқынмен өсуі. Егер ХХ ғ. І ж. Жер халқының саны 1 млрд. өссе, 1,5 млрд. 2,5 млрд. дейін, келесі онжылдықта 3,5 млрд. өсті, ал 1996 ж. 6 млрд. адамға жетті. Болжам бойынша 2025ж. Қарай халық 8 млрд. адамға жетуі мүмкін.

Әлемде халық санының өсуі тең дәрежеде жүрмейді. Әлемнің негізгі орталықтарының халқы – Солт. Америка, Бат. Европа, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия қасқанда 1950 – 1996 жж. Аралығында 1,5 есеге өсті, ал Шығ. Европа және бұрынғы КССР елдерінде – 1,6 есеге өсті. Сол уақытта дамушы елдерде халық 2,7 есеге, Африкада - 3,3 есеге, Латын Америкасында – 3, Азияда - 2,5есеге өсті.

Әлем халқының жалпы саны өскенмен, оның жыл сайынғы өсімі 1960 ж. Бастап төмендеуде: 1964 ж. 2,2% - дан 1997 ж. 1,4% төмендеді. Халықтың жыл сайынғы абсолютті өсімі де төмендеді – 1988 ж. 87 млн – нан 1997 ж. 80 млн. Адамға дейін. Бұл тенденция өткен жылдардың көңілсіз болжамдарынан, оған сәйкес көптеген жылдарға созылған күшті « демографиялық жарылыс », адамдарды катастрофа алдына қояды деген болжамдар іске аспады. Көптеген демографтар фертильность коэффицентіне көңіл бөлмеді, яғни ана өмірінің барысында дүниеге келген балалар.

Мұндай өзгерістердің нәтижесі халықтың әл – ауқатының өсуі, дамушы мемлекеттерде кедейлердің азаюы, өмір деңгейінің өсуі. Соңғыларына Қытай, Үндістан, Индонезия, Бразилия жатады, оларға әлем халықтарының 45% сәйкес.

Келесі демографиялық өзгеріс – дамушы мемлекеттерде тұрғындардың « жасаруы » және керісінше дамыған мелекеттерде тұрғындардың қартаюы. Соғыстан кейінгі үш онжылдықта дамушы мемлекеттерде 15 жасқа деінгі балалар үлесі 40 – 50 % көбейді. Нәтижесінде қазіргі кезде жұмысқа қабілетті жастар осында шоғырланған. Қазіргі кезде дамушы мемлекеттерде үлкен еңбек ресурстарын жұмыспен қамту халықаралық маңыздағы ең ұшқыр әлеуметтік мәселе. Ал дамыған мемлекеттерде өмірдің ұзаруы және тууыдың бәсеңдеуі қарт адамдардың көбеюіне алып келді, бұл зейнетақылық, денсаулық сақтау жүйелерніе үлкен ауыртпалық туғызып отыр. Үкіметтерге ХХІ ғ. Халықтың қартаю мәселесін шеше алатын жаңа әлеуметтік саясат жасау қажеттілігі алдында тұр. Экономикалық дамыған мемлекеттерде Жер шары тұрғындарының 1/7 өмір сүреді, онда 4/5 әлемдік ішкі өнім өндіріледі, ал адам басына шаққандағы ЖІӨ дамушы мемлекеттерге қарағанда 20 есе артық. Яғни 1 – ші топтағы елдерде денсаулық сақтауға, білім, табиғи ортаны қорғауға шығындар деңгейі үлкен, бұл дамушы мемлекеттер тобына қарағанда өмір ұзақтығы көбірек дегенді білдіреді.

Шығ. Европа және КСРО – ның бұрынғы мемлекеттеріне келсек онда әлем халқының 6,7% өмір сүреді, әлемдік ішкі өнімнің 6% өндіріледі, адам басына шаққандағы ЖІӨ өсу қарқыны бойынша дамыған мелекеттерден 2 есе алға шығады және олардың әлемдік ЖІӨ - ге үлесі 90 – шы жылдардың ортасынан 19,5% - дан 2020 ж. 29,7% өсуі мүмкін.



Миграционные процессы в мире

Массовые международные миграции как феномен общественной жизни. Коммуникационные и транспортные связи. Перемещение рабочих ресурсов. Влияние интенсивных миграций на изменение национального состава многих стран, на нравы и обычаи, рынок труда. Миграционная политика в разных странах.

Проблема миграции, “политических беженцев”, вынужденных беженцев. Негативное восприятие иммиграции в комплексе социальных проблем.

Проблемы трансграничных регионов и нелегальная иммиграция. Нелегальная иммиграция и проблема безопасности.

3 дәріс

Тақырып: Денсаулық сақтау мәселесі.

Дәрістің мақсаты: Адам денсаулығының жеке және ғаламдық деңгейі жөнінде жан-жақты білім беру.

Тірек сөздер: Биологиялық, психологиялық және әлеуметтік аспектілер

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Адам денсаулығының жеке және ғаламдық деңгейі. Биологиялық, психологиялық және әлеуметтік аспектілері. Мемлекеттердің денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық бағдарламалары. Денсаулық сақтау саласының жаһандық мәселелері.

Көптеген ғасырлар бойы адамзат табиғат тартуларын пайдаланды, және оның салдарлары туралы ойланған жоқ. Жер қорларының сарқылмайтындығы жөнінде терң ой қалыптасқан болатын . Тарихи дамудың белгілі бір деңгейінде табиғат күштерінен еркіндік иеленген адамдар, осы күштерді «иеленуге», табиғат өміріне араласуға, оның заңдарын елемей өзгертуде адамның шексіз қабілеттері жөнінде постулатқа сенді.

Ғаламның түкпір – түкпірінде « экологиялық стресс » белгілерінің пайда болуымен көз ашылды. Адамның табиғи ортаға жасаған қысымы, оның өздігінен қайта қалпына келу қабілетінен айырды. Адам және қоғам экологиясы, оның табиғатпен қатынасы терең дағдарысқа тірелді.

Түрлі экологиялық апаттар бұрында да болған. Бірақ ол табиғи күштердің нәтижесі болды, ал қазіргі кезде ол адам қызметіне байланысты болып отыр. Материалдық өндірістің және халық санының өсуімен адамзаттың табиғи ресурстарында қажеттілігі артты. Табиғаттың мүмкіндіктері шексіз емес.

Қоршаған орта
Қоршаған табиғи ортаның нашарлауы, оның барлық маңызды компоненттеріне әсерін тигізді – атмосфера және климатқа, су ресурстары және Әлемдік мұхитқа, Жер қойнауына, өсімдік және жануар әлеміне. Бріақ бұл ықпал түрлі болды және өзгеше салдарларды туғызды.

Өндіріс объектілерінің көлік құралдарының улағыш заттарды өндіру нәтижесінде атмосфераның ластануы, аса қауіпті төндіріп отыр. Әлемнің металлургия, мұңайөндеу, химия өнеркәсіп орындары орналасқан аудандарда 200 – ге жуық улы заттар табылып отыр, ол мүмкін концентрация деңгейінен 10 есе асып отыр. Атмосфераның ластануы географиялық шекараларды білмейді.

Басқа қауіп – тоңазытқыш реагенттерінің, пеноөнімдерінің, аэрозольдерді өндіру және қолдану нәтижесінде атмосферада озон қабаты жұқаруы болып табылады. 1986 ж. Антарктидада « озон тесігінің » пайда болуы, он жылдан кейін – Якутск ауданында, Арктикада « озон тесігінің » белгілері, Жердің солтүстік және оңтүстігінде озонның жұқаруы жаһандық атмосферан.ың радияциялық және термиялық режимнің өзгеруіне, адам денсаулығына қауіп төндіретін Күннің ультракүлгін суленің өсуіне алып келеді. Атмосфераның ластануы қышқылдық жауын – шашындарды тудырады.

Климаттың жалпы жылынуы – парниктік эффект те қауіп төндіреді. Ол жанармай және ағашты өртеу нәтижесінде атмосферада көмірсутектің жиналуымен байланысты.

Соңғы онжылдықта су ресурстарының жағдайы нашарлады. Суды жаһандық пайдалану 1940 және 1980 жылдар аралығында екі есе өсті, 2000 ж. осындай жағдай қайталанды. Шаруашылық қызметтің ықпалымен су ресурстарының сарқылуы байқалып отыр. Қазіргі кезде жер тұрғындарының 40% - ы келетін, 80 елде су тапшылығы байқалып отыр.

Су уландырушы заттарды тасымалдап қана қоймай, оны жинайды. Су объектілеріне өндіріс және тұрғын – коммуникациялық шаруашылықтардың қалдықтарын жіберуі, осы объектілерге ауылшаруашылық жерлерден улы химикаттар мен пистицидтердің, малшаруашылығынан биогендік және органикалық заттардың түсуі, ауыз суының сапасын төмендетті. Мысалы, Ресейде ауыз су сапасы су объектілерінің жартысынан ¾ дейін нормативтік талаптарға сай емес. Мұндай жағдай көптеген дамып келе жатқан елдерге тән, ол адамның денсаулығына қауіп төндіріп, аурулар және өлім деңгейінің төмендеуіне алып келіп отыр.

Ластанудың қайнар көздері жерде және оған жақын суларда орналасқан. Әлемдік мұхит ластаушы улы заттардың қоры. Сонымен қатар теңіздер және оның жағалаулары танкердің мұнайды тастау нәтижесінде, жылына 5 млн. тоннаға жететін, қауіпті ластануға ұшырап отыр.

Жер бетінде тірліктің сақталуына топырақтың әсері мол. Адам тамақ өнімдерінің 98 – 99 %, топырақты ауылшаруашылығы және малшаруашылығында қолдану нәтижесінде алып отыр. Жер бетінің жағдайынан күн радияциясының жұтылуы және шағылысуы, жер мен атмосфера арасындағы ылғалдылық айналымы, ауа және су бассейндерінің құрамы және режимі, су қоймаларының биологиялық өнімділігі тәуелді. Жер бетіне антропологиялық ықпал өзінің деңгейі және салдарлары бойынша құртуға жеткізе алады.

Жер ресурстарын дұрыс емес пайдалану нәтижесінде әлемде егінге қолданылатын жер азаюда, ал тұрғындар саны болса өсіп келеді. Адамзат құнарлы желердің 2 млрд. га айрылды, олар шөлдерге немесе «бедлендтерге» айналды.

Қазіргі кезде жердің деградацмясы өсіп келе жатыр. Тоғайлардың жойылуы, бұрыс агромәдениеттің нәтижесінде жел және су эрозиясының жылдамдығы соңғы 50 ж. 30 есеге өсті.

Әлемнің тоғай ресурстарына зиян келтірілуде. Тоғайлар – көмірсутектердің қоры, оның атмосфераға шығарылуының, қоршаған ортаның газ, су жылу режимдерін реттеуші ағаш, тамақ және басқа да ресурстардың қайнар көзі. Ағаш өнімдері халықаралық саудада үлкен маңызға ие. Жасанды егінді ағаштардың өсірілуіне қарамастан, орман аландары қысқаруда. Соңғы 100 жылдықта ол 1/3 – ке қысқарды. Тоғай ресурстарының сапалы құрамы нашарлады. Негізгі себеп ормандардың қысқаруы және деградациясы. Болжам бойынша әлемнің тропикалық және аридті аудандарда тоғайлардың қысқаруын тоқтату жақын болашақта мүмкін емес.

Қоршаған ортаға антропогендік ықпалдың әсері – Жердің биологиялық түрлілігінің қысқаруы. Өткен 100 жылдықта жоғары өсімдіктердің 25 мың түрі, үй жануарларының 100 – ге жуық түрлері толықтай жойылды . Биологиялық түрлердің мұндай жойылу темптері теңдессіз. Мамандардың есебіне сәйкес, 2010 – 2015 ж. қарай биосфера оның құрамдас түрлерінің 10 15% айырылуы мүмкін. Жердің генетикалық фондының сақталуы үлкен мәселеге айналып отыр, бұл адамдардың қоршаған ортаға қатысиы қимылдарын өзгертуді талап етеді.

Энергиямен қамтамасыздандыру адамзаттың алдында тұрған үлкен мәселе. Бір кездері ағаштың азаюына байланысты көптеген мемлекеттер жанармай дағдарысына ұшырады. Көмірдің кең қолданылуы, бұл мәселені шешкен жоқ. Жергілікті көмір өндіру көздерінің сарқылуына байланысты, көптеген елдердің тұрғындары энергетикалық аштыққа ұшырады. Энергияның арзан көздеріне өту – мұнай және табиғи газға – энергиямен тұрақты қамтамасыздандыру мүмкіндігі ашылды. 1970 – ші жылдарға қарай әлемдік энергобаланста мұнайдың үлесі 60% - ға өсті, ал көмірдің үлесі 25% - ға төмендеді. Әлемдегі энергоқажеттіліктің қалған бөлігі табиғи газ және атомдық энергиямен қамтамасыз етілді. Энергоқамтамасыздандыруға ешқандай қауіп төнбеген секілді болды.

1972 ж. Терең энергетиикалық дағдарыс, яғни мұнайға әлемдік бағаның 10 есе көтерілуі әлемдік қоғамдастықты қиын жағдайға соқтырды. Үкімет іскер әлемнің, халықтың жаңа энергетикалық жағдайға, әлемдік энергетикалық нарықтағы жаңа талаптарға үйрену үшін 10 жылға жуық уақыт қажет болды.

ХХ ғ. аяғында шаруашылық қызметтің есеюі және халық санының өсуі энергоресурстарға сұранысты көбейтті. Ал минералдық шикізат және жанармай, басқа табиғи ресурстарына қарағанда кері толастамайды, қайта өндірілмейді. Пайдалы қазбалар қорлары сарқылады. Бірақ энергетикалық шикізат мүлдем жетіспейді емес. Қазіргі кездегі энергия қолданудың негізінде әлемдегі көмір – 100 жылға, табиғи газ – 70 ж., мұнай – 40 ж. жетеді. Сонымен қатар энергияның альтернативті көздері қолданылады – ядролық, желдік, геотермальді, күн және энергияның басқа түрлері.

Біріншіден минералды жанармайды өндірудің табиғи – географиялық жағдайының нашарлауы, геологиялық барлауға, өндіруге және энерготасымалдаушыларды үлкен қашықтыққа тасымалдау шығындарды көбейтіп отыр. Қазіргі кезде энергоресурстарының ірі тұтынушылары әлемнің дамыған өнеркәсіптік аймақтары ғана емес, сонымен қатар дамушы елдер, сонын ішінде Үндістан мен Қытай. Ал мұнай және газ өндірудің негізгі орталықтары Таяу және Орта Шығыс елдерінде және Ресейде орналасқан. Каспий теңізінің шельфінде мұнай және газдың жаңа көздерін игеру, көп мемлекеттің шекаралары, таулы аудандардын, территориялар арқылы өтетін құбырларды салуға көптеген млрд. шығындарды қажет етеді. Солтүстік мемлекеттер, Ресей, АҚШ, Канада, Норвегия, Ұлыбританияның мұнай – газ өндірісі Арктикалық теңіздер шельфтерінің сирек қоныстанған және елсіз аудандарына ығысып жатыр. Бағалауға сәйкес, арктикалық және субарктикалық территориялар минералды ресурстар көп шоғырланған аймақтар.

Екішіден, әлемдегі энергоресурстар қажеттілігін қамтамасыз ету тез қарқынмен жүрді – айналымға энергоресурстардың жаңа көлемін қатыстыру, оларды тиімсіз пайдалану арқылы. Энергожинақтаушы техника мен технологияға өту 70 – ші жылдардағы дағдарыстың қысымымен ғана басталды, сонын ішінде техникалық дамыған елдерде. Ал дамушы мемлекеттердің көбінде ірі қаржы салымдарын қажет ететін бұл процесс кідіріп қалды.

Үшіншіден, әлемде энерго тұтынудың кеңеюімен табиғи ортаны ластау өсті. Мұнай және көмірді өртеу нәтижесінде атмосфераға шығарылған көмірсутек ғаламның климаттық жағдайына әсер ете алатын деңгейге жетті.

Төртінщеден, қазіргі кездегі өндіріс күшінің және техникалық прогресстің даму деңгейі әлемдік қоғамдастыққа энергияның дәстүрлі көздерін альтернативті, сонын ішінде ядролық энергиямен алмастыруда толық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Соңғысының артықшылықтарына ( арзан және энергияның толықтырылатын көзі ) қарамастан, олардың кең қолданылуы әлемдік қоғамдық пікірдің қарсылығына тап болды. Ірі техногенді апаттар, мысалы Три – Майл – Айлендтегі ( АҚШ ) ядролық авария және Чернобль АЭС – дегі апат өзінің салдарлары бойынша қайғылы апаттар, әлемде жаңа атом электростанция құрылысы жоспарына қарсылық туғызды. Ядролық энергия өндіру нәтижесінде биосфера және адам денсаулығына зиян келтіретін мыңдаған тонна ядролық қалдықтар сенімді жерлеуді қажет етеді.

Адамзат алдында тарихи маңыздылығы бар міндет тұрды – бұл адам днсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз энергия көздеріне өту және оларды тиімді пайдалану.

Адамзат даму тарихында азық – түліктің жетіспеушілігі нәтижесінде елдерді аштық жайлап отырды. Әлемдік азық – түлік өндірісі тез өсіп отырған халықты қамтамасыз ете алмады. Мұндай тенденцияны тек ХХ ғ. ІІ ж. тоқтату мүмкін болды. Бұл жылдары азық – түліктік жағдайдың басты индикаторы - әлемдік дән өндірісі өзінің қарқыны бойыеша халық өсімін оза бастады. 40 ж. ішінде ( 1950 -1990 жж. ) халық саны 2 есеге, ал дән өндірісі 3 есеге өсті. Кең ауқымды траулер құрылысына байланысты теңіз өнімін өндіру көбейді. Әлемдік азық – түлік мәселесі жартылай шешілді.

Қазіргі кездегі тамаққа жарымаудан 840 млн. адам азап шегіп отыр. Дамыған және дамушы мемлекеттердегі азық – түлік өндірісінде теңсіздік байқалады. Ең кедей континент – Африкада, 70 – ші жылдардан бастап, адам басына шаққандағы азық – түлік өндірісі жылына 1% - ға қысқарып отыр, аштық үлкен мәселеге айналды. Соғыстан кейінгі жылдарда құрылған халықаралық азық – түліктік көмек жүйесінің арқасында ғана әлемнің аз дамыған аудандарында азық – түлік дағдарысының салдарын ұстауға мүмкіндік туып отыр.

Соғыстан кейінгі жылдары азық – түлік өндірісінің өсімі бәсеңдеп, оларға сұраныс көбеюде. Соңғысы халық саның өсуімен қатар, дамушы елдерде, сонын ішінде Азияда индустрализация нәтижесінде адамның әл – ауқатының өсуі де себеп болып отыр. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа мемлекеттері өз экономикасын радикалды модернизациясына көшкен кезде, олардың халық саны 280 млн. адамды құрады. 160 млн халқы бар АҚШ, тез экономикалық өсім кезеңінен өтті. Қазіргі таңда 3,5 млрд. халқы бар Қытай бастаған Азия мемлекеттері өнеркәсіптік бум өткеріп жатыр. Бұл кезде әлемдік сұраныспен қатар, оның құрылымы – сүт, ет, жұмыртқа және т.б., теңіз өнімдерінің ұлғаюына қарай өзгеріп отыр. Яғни, әлемдік балық ресурстарын өндіру және ауылшаруашылықтың дамуы, азық – түлікке әлемдік сұраныстың көлемі мен құрылымының өзгеруіне тең емес. Егер мұндай тенденция тоқтатылмаса, болжам бойынша, 2030 ж. қарай жетіспейтін дәнге импорт қажеттілігі бірнеше есеге өсуі мүмкін. Тек, Қытайдың өзі жылына 200 млн. тонна дән әкелуге мәжбүр болады, бұл 1996 ж. әлемдік дән экспортының барлық көлеміне тең.

Азық – түлік өнімдерінің жетіспеушілігі, оларға бағаның өсуіне әкелуі мүмкін. Жапония үкіметінің болжамы бойынша, 2010 ж. өарай бидайға және күрішке баға 2 есе өсуі мүмкін. Негізінде, бұл фермерлік шаруашылықтарға азық – түлік өндіруге және оның инфрақұрылымына жаңа инвестициялар салуға стимул бола алады. Алайда бұл жолда көптеген шектеулер пайда болды. Біріншісі – ауылшаруашылық жерлерінің деградациясы. Қазіргі кезде әлемдегі жерлердің 15% жарамсыз немесе ауқымды ақша салымын қажет етеді. Екіншісі – ауылшаруашылығында қолданатын су ресурстарының азаюы. Үшіншісі – ауылшаруашылық жерлерінің минералды тыңайтқыштармен қануы.

Кезінде « жасыл революция » алып келген артықшылықтар, қазіргі кезде ауылшаруашылығы дамуында кері әсер туғызып отыр.

Мұндай дамудың нәтижесі әлемдік азық – түліктік жағдайдың нашарлауы болып табылады.

4 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет