Курс мақсатымен міндеті: Орта ғасырлар тарихын оқу феодалдық құрылыстың дамуының жолдарын ашып беруге, оның әртүрлі елдерде пайда болуының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Орта ғасырлар тарихын оқу барысында студенттер мынадай негізгі білім жүйелерін игеруге тиісті:
- Орта ғасырлық саяси тарихпен, онда өмір сүрген негізгі мемлекеттік құрылымдармен, олардың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайымен, діни ағымдар мен қозғалыстар тарихымен, ірі соғыстар мен толқулар тарихымен танысуы тиіс:
- Тарихи деректер мен жұмыс жасау, ондағы мәліметтерге дұрыс баға беру, сараптау;
- дұрыс конспект жасау;
- аса маңызды деген тақырыптардың сырын ашу, қажетті ғылыми қорытынды жасау сияқты дағдыларды игеруі керек.
Сондықтан орта ғасырлар тарихын оқытудың басты міндеті – студенттерде феодалдық қоғам жөніндегі жалпы ғылыми – теориялық білімді қалыптастыру.
Пререквизиттер: Орта ғасырлар тарихын зерттеместен бұрын студенттерде Ежелгі дүние тарихы туралы мағлұмат болуы тиіс. Себебі мемлекеттердің пайда болуы, өркениеттердің қалыптасуы сол аталған кезеңге жатады. Орта ғасырлар тарихы курсы әлеуметтанумен, филасофиямен, тарихнамамен тығыз байланысты болғандықтан студенттерде алғашқы білім базасы болуы қажет.