Постреквизиттер: Орта ғасырлар тарихы пәнімен танысқаннан кейін студенттерде осы кезең жөнінде нақты ғылыми теориялық көзқарас қалыптасуы қажет. Сонымен қатар Орта ғасырлар тарихы одан әрі тарихи кезеңдерді, соның ішінде Европа және Америка елдерінің жаңа тарихын дұрыс меңгеруге жағдай туғызады. Курс пен танысқаннан кейін, жалпы жұмыс барысында студентте феодалдық құрылыс және оның ерекшеліктері туралы мәліметтер пайда болады.
Оқыту әдістемесі:Оқыту негізі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау және семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.
Әрбір тақырыпқа қажет жоспар, әдебиет тізімі, техникалық оқу құралдары келтірілген. Семинар сабақтарында тарихи деректерді зерттеуде студент жауап іздеп отырған сұрақты дәл ашатын дерек мәліметтерін тауып алып, жұмыс дәптеріне түсіреді және студент өз түсініктерін береді. Семинар сабақтарына әзірлік тек деректерді талдау мен шектелмейді. Студент дәріс материалдарын монографияларды пайдаланады, бұл университет деңгейінде білім алудың маңызды шарттары