Тарих және құқық факультеті деканы



бет45/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   148
Вассалитет жүйесі. Иерархиялық структура мен вассалитет жүйесінің қалыптасуы ертеортағасырлық қоғамның ерекше белгілері. Феодалдық иерархияның басында король-жоғарғы сюзерен. Бірақ оның билігі шартты сипаттағы билік. Ал Шығыс елдеріндегі билік шынайы абсолюттік монархиялық билік болатын, әрине батысевропалық қоғам бұндай деңгейге көтеріле алған жоқ.
Феодалдық иерархиялық құрылымның екінші басқышында король вассалдары тұрды. Олар: ірі феодалдар-герцогтар, графтар, архиэпископтар, эпископтар, аббаттар. Бұларға арнайы король грамотасымен иммунитеттік правалар берілді. Иммунитет правасын алғандар жергілікті жерлерде алым-салық жинады және сот, әкімшілік қызметтерін атқарды, кей жағдайларда өз монеталарын да шығарды, сондықтан да бұларды бағындару король үшін оңайға түскен жоқ..
Феодалдық басқыштың үшінші сатысында герцоктар, графтар, эпископтар вассалдары-барондар тұрды. Бұлардан төмен рыцорлар тұрды және вассалдық белгілер бірте-бірте төмендей берді. Шаруалар вассалдық жүйеге кірмеді.
Вассалитет жүйесі жер қатынастарын реттеудің негізі болды. Жер алған вассалға айналды, ал оны берген сеньор болып есептелінеді. Жер берудің әртүрлі шарттары болды, алайда басты мәселе сеньорға қызмет етуде болатын. Вассал сеньор жасағында қызмет атқарады, оның иеліктерін, атақ-даңқын қорғайды, тіпті қажет болған жағдайда сеньорды тұтқыннан да босатып алуға тиісті. Вассалдық жүйе орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуын белгілі бір дәрежеде тежеді.
Ертеортағасыр дәуірінде маңызды әлеуметтік-экономикалық процес феодалдық қатынастардың қалыптасуы болды. Жерге феодалдық меншіктің орнығуы екі жолмен жүрді:

  1. Шаруа қауымы арқылы. Шаруа жанұясы иеленіп отырған жер бөлігі әкеден балаға мұраға қалдырылды (ал Хильперик эдиктісі бойынша қыздарға). Сөйтіп қауымның меншігіндегі белгілі бір жер үлесі аллодтқа айналды. Аллодтың қалыптасуы ірі жериеленушіліктің қалыптасуының негізі болды.

  2. Феодалдық жериеленушіліктің қалыптасуының екінші жолы король немесе ірі жериеленушілердің жерді сыйға беру тәжіриебесі болды. Жерді сыйға берудің әртүрлі шарттары бар. Мысалы, әскери қызметі үшін берілетін жер бенефиция деп аталды. Бенифицилар бара-бара толық меншікке айналды, нәтижесінде феод қалыптасты. Феодалдық қатынастардың қалыптасуының бұл жолы Франк мемлекетінің тарихынан айқын байқалады.

Ерте феодалдық қоғамның әлеуметтік структурасын алатын болсақ ол да екі топ болды.

  1. Феодалдар, дін иелері және жер иеленушілер.

  2. Шаруалар-жер ұстаушылар. Шаруалардың өзі екі топқа бөлінеді: жеке басы ерікті шаруалар және тәуелді шаруалар. Бұлардың құқықтық, тұрмыстық жағдайлары әр алуан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет