Тарих және құқық факультеті деканы


Классикалық ортағасыр дәуірінде



бет46/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   148
Классикалық ортағасыр дәуірінде феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі аяқталады да феодалдық қоғамның барлық структуралары ең жоғарғы дәрежеге көтеріледі. Бұл кезеңде Англия, Франция, Германия және т.б. ұлттық мемлекеттер қалыптасып бекиді. Король билігі әлі де абсолюттік дәрежеге жеткен жоқ. Сословиелік-өкілеттік монархиялық дәуір басталады, сословиелік-өкілеттік органдар-парламенттер құрылады. ХІІ ғ. аяғында Испания парламенті-кортестер пайда болды. 1265 жылы ағылшын парламенті құрылды. ХІҮ ғасырда Батыс Европаның көптеген елдерінде парламенттік жүйе қалыптасты. Парламенттер заң шығарушы және сот органдары ретінде қалыптасты, кейіннен парламент заң шығарушы функцияларға ғана ие болды. Король үкіметі мен парламент арасында үнемі теке-тірес қарама-қайшылықтар болды. Парламент сакциясынсыз король қосымша салық енгізе алмады, бірақ корольдің парламентті тарату, шақыру құқығы болатын.
Классикалық ортағасыр дәуірінде қоғамдық тұрмыстың тағы бір жаңалығы саяси партиялардың қалыптасуы болды. ХІІ-ХІҮ ғ.ғ. Италияда, Францияда саяси партиялар қалыптасып қоғам мәселелерін шешуде белгілі роль атқара бастады. Классикалық ортағасырда Батыс Европа елдерінде экономикалық даму жаңа сатыға көтерілді. Экономикалық тұрмыстың негізгі саласы ауыл-шаруашылығы болатын. Жаңа тың жерлер игерілді, сөйтіп ішкі колонизация процесі жүрді. Натуралды салықтар ақшалай салықтармен ауысты, еңбек өнімділігі артты, шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды. Шаруалардың басыбайлықтан босануы ауыл-шаруашылығының дамуына үлкен ықпал жасады.
Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі қалалар мен қала қолөнерінің дамуы болды. Париж, Милан, Флоренция сияқты қалалардың 80 мыңдай тұрғындары болды, және 4-6 мыңдай тұрғындары бар орта дәрежелі қалалар да өмір сүрді. Қалалар король және ірі феодалдар жерлерінде пайда болғандықтан ұзақ уақыт соларға тәуелді болды, сондықтан өздерінің еркіндігін алу үшін, яғни ерікті қалалар статусын алу үшін үнемі күрес жүрді. Ерікті қалалар салық жинау, қала финансын басқару, сот ісін жүргізу, ақша монеталарын шығару құқығына ие болды.
Қала тұрмысын анықтаған топ қолөнершілер болатын. ҮІІІ-ХІІІ ғ.ғ. қала қолөнер өндірісі дамыды. Қолөнер табыс көзіне айналды және құрметті мамандық болып есептелінді.
Қолөнершілер цехтарға бірікті, цехтық ұйым қолөнер саласының өмір сүруінің негізгі шартына айналды. Европа қалаларында орта есеппен жүздеген қолөнер цехтары жұмыс жасады, ал Париж қаласында 350-дей цех жұмыс жасаған болатын. Қала тұрғындарының арасында әлеуметтік жіктеліс байқалады. Қала патрициаттарымен қатар қатардағы қала тұрғындары, қала плебстері бар. Цехтық жүйе қалалардың гүлденуіне, экономикалық дамуына ықпал жасады, классикалық ортағасырлық дәуірде цехтар елеулі құбылысқа айналған болатын. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. цехтық ұйым экономикалық дамуды тежей бастады. Цехтық регламентация өндірістің дамуына, технологиялық жаңалықтарды енгізуге кедергі болды. Сөйтіп классикалық ортағасыр кезеңі аяғында цехтардың орнына өнеркәсіп өндірісінің жаңа формасы-мануфактуралар пайда болды. Ортағасырлық мануфактураларда жалдамалы еңбек қолданылды, еңбек өнімділігі артты, өндіріс салаларының мамандануы байқалды. Классикалық ортағасырлық дәуір тарихында университеттердің үлкен роль атқарғындығын байқаймыз. ХІІІ ғ. басында Париж, Оксфорд, Кембридж университеттері ашылды. Университеттік білім беру жүйесі ортағасырлық өркениеттің қалыптасуында маңызды роль атқарды. Университеттер арасында мәдени, ғылыми байланыстар орнықты, ұлттық жаңалықтар елге тез тарады. Мысалы, Джаванни Бокаччо (1313-1375) «Декамерон» шығармасы европаның барлық тілдеріне аударылды. 1453 жылдан басталған кітап басу Батыс Европалық мәдениетті қалыптастырды.
Классикалық ортағасырлық дәуірдегі европа елдерінің мәдени және экономикалық дамуының ерекшеліктері болды. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мәдениет, ғылым салалары Италияда дамыса, мемлекеттік құрылыс, мемлекетті басқару жүйесі Францияда тезірек қалыптасты, ал құқықтық дәстүрлердің дамуы Англияда елеулі табысқа ие болды. Англияның дамуының тағы бір ерекешелігі тауар ақша қатынастарының қалыптасуы және тұтастай экономиканың гүлденуі болды.
Кейінгі ортағасырлық дәуір (ХҮІғ.-ХҮІІ ғ.басы)-ұлы географиялық ашулардан басталады. Ұлы географиялық ашулардың көптеген. экономикалық, әлеуметтік, техналогиялық себептері болды. Географиялық ашулардың ішінде біз Христофор Колумб, Америго Веспуччи (1454-1512), Васко да Гамма (1469-1524) аттарын атап өтеміз.
Ұлы географиялық ашулар барысында Европа мен Шығыстың байланысы артты. Экономикалық өрлеу тарихи әдебиетте баға революциясы деген ат алды, Европа капиталдың алғашқы қорлану дәуіріне келіп кірді.
Ұлы географиялық ашулар барысында жаңа теңіз сауда жолдары ашылды. Шығыс пен Оңтүстік Европа саудасына монаполия орнатқан венецияндық көпестердің орнын партугалдықтар басты. Англия, Нидерландия елдері делдалдық саудамен айналысты, саудагерлер табысы 1000 %-ке дейін өсті. ХҮІ ғасырдағы сауданың дамуы биржаларды өмірге әкелді. Антверпен, Лион, Тулуза, Руан, Лондон, Гамбург, Амстердам, Любек, Лейпцик т.б. қалаларында арнайы биржа үйлері салынды.
Капиталдың алғашқы қорлану процесі ауыл-шаруашылық саласында басталды. Англиядағы «қоршау саясаты» осы процестің бастамасы болатын. Ауыл-шаруашылығының дамуында сапалы өзгерістер болды. Егіс көлемі өсті, ауыл-шаруашылығының өнімділігі артты, агро-техникамен, агро-мәдениетте оңды процестер жүрді. Елеулі қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер болды. Атап айтқанда Англияда, Францияда, Нидерландияда басыбайлылық толық жойылды, арендалық қатынас жер қатынасын реттеудің негізгі формасына айналды. Аренданың екі формасы болды: феодалдық және капиталистік .
ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. мемлекеттілік пен мемлекет структуралары бекіді. Орталық билік жүйесі күшейді, және мемлекеттің қоғам тұрмысына араласуы күшейді. Флоренция республикасының хатшысы Николо Макиавелли (1469-1527) жаңа саяси идеялардың негізін салды. «Государь» деген еңбегінде саясаттың гуманистік мазмұнын ашып көрсетеді. Білім, ғылым, өнер, адам, әділеттілік сияқты құндылықтар бетке ұстар нысана болу керек.
Европалық өркениеттің дамуына Қайта өрлеу идеялары және Реформация қатты ықпал жасады. ХҮІ ғ. ортасындағы Реформациялық қозғалыс католик әлемін екіге бөлді. Протестанттық идеялар дамыған елдерде шіркеу реформалары жүргізілді, монастырлар жабылды, монастыр жерлері секуляризацияланды. Идеалогиялық саладағы папаның жаһандық ықпалы жойылды.
Сөтіп кейінгі ортағасырлық дәуірде гуманизм принциптеріне негізделген жаңа көз қарас қалыптасты, ғаламдық дүниенің ортасында адам тұрады, адам оның өмірі басты құндылық деп саналды. Гуманистер дәстүрлік ортағасырлық теологиялық филасофияны сынап, адам, адам ақыл ойы, адам жан дүниесі деген құндылықтарды бірінші орынға шығарды.
Сонымен ортағасырлық дәуірде батысевропалық өркениет қалыптасқан екен. 1200 жылға созылған европа тарихында алуан түрлі құбылыстар мен өзгерістер жүрді, нәтижесінде феодалдық құрылыс орнықты. Батыс Европалық идея, филасофия, эстетика қалыптасты.
Батыс Европалық өркениет тұтастай әлемдік өркениетке әсерін тигізді. Озық идея, филасофия, эстетика отанына айналды, жаңа және қазіргі дәуір оқиғаларына мазмұн берді, тұтастай озық өркениетті қалыптастырды.
Тарихты бас-аяғы жоқ, кездейсоқ оқиғалар тізбегі деп еспетеу дұрыс емес. Тарих тұтас процесс. Тарихты құрайтын нәрселердің бәрі де бірімен-бірі байланысты, бірінен-бірі туып жатады. Тарихта бұрынғы мен бүгінгі, бүгінгі мен ертеңгі байланыста болады. Тарихты ой елегінен өткізіп, ақыл таразысына салу керек. Сонда ғана біз тарихтың өткен жолын, жеткен биігін, барысын, бағытын, заңдылығын көреміз.
2 Дәріс
1. ІҮ-Ү ғ.ғ. Рим империясы территориясына герман тайпаларының жаппай басып кіруінің себептері және алғы шарттары.

2. Рим империясы территориясында 8-варварлық корольдіктер құрылды.


3. Варварлардың қоғамдық құрылысын анықтау үшін 2-тарихи құжат мәліметтеріне сүйенеміз.


а) Г.Ю. Цезарь (б.э.д. І-ғ.). «Записки о Тальской войне» деген еңбегі.


б) Б.э. І-ғ. өмір сүрген Рим тарихшысы Тациттің «Германдықтар» деген еңбегі. Цезарь және Тацит еңбектерін салыстыра отырып, герман тайпаларының 150 жылда қоғамдық құрылысындағы өзгерістерді байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет