Тарих және құқық факультеті деканы


Батыс Европадағы феодалдық қатынастардың даму проблемасы



бет53/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   148
Батыс Европадағы феодалдық қатынастардың даму проблемасы.
Европада феодалдық қатынастардың дамуы екі дүниенің-антикалық құл иеленушілік дүние мен варвар тайпаларының қоғамының синтезінен басталады. ІҮғ. басында герман тектес варвар тайпалары-галлеардың Рим империясының территориясына басып кіре бастайды. Ол тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген ат алды.
Міне осы екі дүниенің бір-бірімен кездесуін тарихнамада қалайша түсіндіреді ?
І. Батыс Европалық тарихнамада екі бағыт пайда болды.
а) Герман теориясы.
б) Роман теориясы.
Герман теориясының өкілдері орта ғасырлық Европаның қоғамдық және саяси құрылысы рим правосының, мекемелерінің, әлеуметтік институттарының эвалюциясы процесінде қалыптасты десе, екіншілері орта ғасыр тарихының негізі Рим мемлекетін жаулап алған варвар тайпаларының қоғамдық құрылысының тарихи эвалюциясы нәтижесінде қаланды дейді. Бір-біріне қарама-қарсы бұл екі теория ХҮІІІ ғ. пайда болған еді.
Герман теориясының негізін салған граф Анри де Буленвилье, феодалдық құрылыс герман шапқыншылығы негізінде қалыптасты дейді. Францияда қалыптасқан феодал тобының тегі-осы сырттан келген герман тайпалары, ал жергілікті халық-қаналушы бұқараны қалыптастырды.
Сонымен Буленвилье біріншіден жаулап алу фактісін мойындайды, екіншіден феодалдық институттардың пайда болуын варвар тайпаларының қоғамдық саяси құрылысының дамуымен байланыстырады.
Екінші Роман теориясының негізін салған «үшінші сасловие өкілі» аббат Дюбо болды. Дюбо жаулап алу фактісін түгелдей жоққа шығарды, ол орта ғасыр тарихы рим (раман) традицияларының әлеуметтік, саяси, экономикалық институттарының дамуы негізінде салынды дейді.
1876 жылы фр. тарихшысы Фюстель де Куланжының «Общественное учреждение древей Франции» деген еңбегінің І-томының шығуына байланысты екі теория арасындағы талас жаңа кезеңге келіп кірді. Ф. Де Куланж феодализм генезисінің романдық консепциясын одан әрі толықтырып, бекітті.
Германдықтардың жаулау фактісін жоққа шығарып, герман тайпалары бейбіт түрде келіп рим тұрғындарымен қатар қоныстанды, ал олай болса Батыс Европа феодализімінің негізін кейінгі Рим империясының саяси институттарынан іздеу керек. Рим қоғамдық саяси институттары таза эвалюция барысында феодалдық институттарға айналды.
Екі теория өкілдерінің өз-ара таласына қарамастан олардың зерттеу әдісі (методология) жағынан бір платформада тұрды.
1). Екі теория да антикалық қоғамнан орта ғасырға өтуді кейінгі герман және кейінгі рим қоғамының (германдықтар) дамуы нәтижесі деп түсіндіреді.
2). Екі теория да антикалық қоғамның орта ғасырға өтуін терең әлеуметтік төңкеріліс деп түсінбеді, екі теория да бұл проблеманы таза саяси-юридикалық тұрғыдан түсіндірді.
3). Екі теорияда да ұлттық субьективтік белгілер тән. Неміс ғалымдары орта ғасырдың негізін герман қоғамының дамуынан іздесе, француз ғалымдары герман тайпаларының рөлін түгелдей жоққа шығарды.
Герман теориясы алғашқыда көптеген мәселелер жөнінде прогрессивті бағыт ұстады. Қандай, 1) Олар жаулап алу фактісін мойындады.
2) Феодалдық қатынастардың қалыптасуында қоғамдық институттардың эвалюциясын мойындады. ХІХ ғ. екінші жартысында екі бағыт та ортақ методология платформасы негізінде бір-бірімен қосылып кетті.
Мысалы, ХХғ. 20-30 антикалық қоғамның орта ғасырға өту проблемасын Австрия ғалымы Альфонс Допш зерттеді. Допш жаулап алу фактісін мойындай отыра , кейінгі Рим империясының қоғамдық қатынастары арасында ешқандай сапалы айырмашылық жоқ, ал олай болса антикалық қоғамның орта ғасырмен ауысуында ревалюциялық секіріс (скачок) болған жоқ, яғни ол тарих дамуындағы сапалы секірістерді мойындамайды.
Енді феодализм генезисін материалисттік тұрғыдан қалай түсіну керек.
К Маркс пен Ф. Энгельс ашып, В.И. Ленин одан әрі толықтырып дамытқан тарихты материалисттік тұрғыдан түсіну тұңғыш рет феодализмнің дамуын және оның мәнін ашуға ғылыми негіз салды. «Неміс идеологиясы», «Коммунисттік партия манифесі», «Капитал», «Анти Дюринг» сияқты еңбектерінде К. Маркс пен Ф.Энгельс феодалдық өндіріс тәсіліне терең сипаттама береді. Феодализм теориясының маңызды құрамдас бір бөлігі «Феодалдық рента» туралы ілімді В.И. Ленин «Россияда капитализмнің дамуы», «ХІХ ғ. аяғындағы Россиядағы аграрлық мәселе», «1905-1907 ж.ж. тұңғыш орыс ревалюциясындағы социал-демократтардың аграрлық программасы», «Мемлекет туралы» т.б. еңбектерінде одан әрі дамытты.
К. Маркстің «Хронологические выписки», «Наброски ответа на письмо В. Засулич», «Марка», «Франкский период», «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерінде орта ғасырлық Европадағы өте күрделі процестерді түсіндіреді. Маркс, Энгельс Европадағы феодализм дамуы проблемасын тарихты материалисттік тұрғыдан түсіну позициясына қойып, антикалық тарихтың орта ғасырмен ауысуын құл иеленушілік формацияның феодализммен ауысуы дей келе, бұл ауысудың мәні роман немесе герман права, саяси институттарының жай эвалюциясы емес, оның мәні бұл ауысудың терең, экономикалық әлеуметтік алғы шарттарында дейді. Құлдық формацияның феодализммен ауысуының басты алғы шарттары ІҮ-Ү ғ.ғ. Рим құлдық қоғамының немесе ерте герман алғашқы қауымдық қоғамының ескі өндіргіш күштері кедергі жасаған жаңа прогрессивті өндіргіш күштердің дамуы нәтижесінде жасалды. Құлиеленушілік қоғамның феодализммен ауысуын жай эвалюциялық даму деп түсіндірмей оның терең әлеуметтік төңкеріс екенін дәлелдеді.
К. Маркс, Энгельс, В.И. Ленин феодализм генезисін жаңа өндіріс қатынастарының, жаңа әлеуметтік-саяси жүйенің құрылуы деп түсініп, қоғамның екі антогонистік топқа-феодалдарға және феодалға тәуелді шаруалардың қалыптасуы дейді.
Феодализм генезисін зерттеу барысында совет тарихнамасы 20-30 жылдары Батыс Европалық тарихнаманың ғылыми тезистерін жоққа шығарды.Әсіресе Альфонс Допштің «Вотчиндік капитализм» концепциясын әшкерлеуде совет медиевистерінің үлкен буыны А.Д. Удальцов, Е.А. Косминский, Н.П. Грацианский, С.Д. Сказкин үлкен үлес қосты. «Вотчиндік капитализм» теориясы бойынша ерте орта ғасырдағы экономикалық қатынастардың капиталистік қатынастардан өзгешелігі аз. Сөйтіп Допш кейінгі Рим империясының қоғамдық қатынасынан ерте орта ғасырлық қоғамдық қатынастардың өзіндік сапалы өзгешеліктері бар екенін жоққа шығарып, тарихта сапалы секіріс, төңкерілісті жоққа шығарған тезисін ұсынды.
Феодализм генезисін зерттеу барысында А.Д. Удальцов (1883-1958) «Из аграрной истории Королингской Фландрии» 1955 зерттеуін жазып бұл еңбегінде қауымның шығуын түсіндірді.
Н.П. Грацианский «Бургундская деревня в Х-ХІІ в.в.» деген еңбегінде феодализм генезисін зерттеудегі Допш концепцияларына қарсы уәж айтады. Батыс Европадағы феодализмнің пайда болып, дамуын түсінуде А.И. Неусыхиннің «Возникновение зависимого крестиянства как класса раннефеодального общества в Западной Европе в ҮІ-ҮІІІ в.в.» деген монографиясының маңызы зор. Неусыхин көптеген зерттеу материялдарына сүйене отырып ерікті қауым мүшелерінің тәуелді шаруаға қалайша айналғанын түсіндіреді.
«Судьбы свободного крестиянство в Германии в ҮІІІ-ХІІ в.в.» деген монографиясында феодализм процесінің одан әрі қалайша дамығанын түсіндіреді.
Совет тарихшылары феодализм қалыптасуының әр халықтардағы өзіндік ерекшеліктерін еске ала отырып, жалпы осы процестің маңызды мынандай мазмұнын ашты.

  1. Ерікті қауым ыдырап, қауымдық меншік қалыптасып келе жатқан ақсүйектер қолына көшті, жерге феодалдық меншік пайда болды.

  2. Ерікті шаруалар-қауым мүшелері өздерінің жер участоктерінен (аллодтарын) айырылады да феодалға тәуелді шаруаға айналады.

Сонымен совет тарихшылары негізгі мазмұны меншік қатынастарының өзгеруі және тікелей өндірушілердің жағдайының өзгеруі болатын феодалдық қатынастың шығуының ғылыми негізін салды. Олар феодалдық қатынастың шығуын тап тартысымен қатар жүретін терең әлеуметтік ревалюция деп түсіндіреді.
Егер маркстік-лениндік ілім бойынша Батыс Европада феодализм Рим империясының және варвар тайпаларының қоғамық қатынастарының синтезі негізінде (көтеген Европа аудандарында) қалыптасатын болса, осы екі дүниеге деген жеке- жеке сипаттама берейік.
Сонымен ІҮ-Ү ғ.ғ. Рим империясы ІҮ-Ү ғасырларда Рим империясы терең экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық дағдарыс кезеңіне келіп кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет