Тарих және құқық факультеті деканы


Варвар тайпаларының қоғамдық экономикалық құрылысы



бет51/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   148
Варвар тайпаларының қоғамдық экономикалық құрылысы.
Маркстік тарихнамада «варварлар» деп рулық құрылыстың белгілі бір сатысында тұрған тайпаларды айтады. Риммен байланысқа келген варварлардың ірі этникалық группалары кельттер, германдықтар, славяндар.
Цезарь мен Тацит герман тайпалары туралы.
Герман тайпалары б.э. басында Рейн мен Виса аралығында, Алпі мен Дунай аралығында қоныстанған, Герман тайпалары мен римдіктер б.э.д. І ғ. Цезарьдің Галлияны жаулап алған кезде қақтығысқа келген. Германдықтар туралы мәліметті Цезарьдің «Записках о Галльской войне» деген еңбегінен және б.э. І ғ. өмір сүрген рим тарихшысы Тациттің (54-120) «Германцы» деген еңбектерінен аламыз. Цезарь және Татцит еңбектерін салыстыра отырып, германдықтардың қоғамдық құрылысындағы өзгерістерді байқаймыз. Сонымен Цезарь.

  1. Цезарь мәліметі бойынша герман тайпалары негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған. Егістік жүйесі-ауыспалы егістік болған, бірақ олар бір жерге берік әлі қоныстанбаған. Астық, сұлы еккен, бірақ егіншілік қосалқы роль атқарды.

  2. Жериелену және жартылай жер пайдалану жүйесі қандай? Цезарь бойынша жер ру қауымының ортақ пайдалануында болған. Жер ру меншігінде. Ру қауымы жерді бірлесе отырып пайдаланып, бірге өңдеп, алынған өнімді бірлесе пайдаланады.

  3. Цезарь еңбегін оқыған кезде ешқандай топтардың болмағанын байқаймыз. Құлдар туралы да ештеңе айтылмайды. Цезарь ру «ақсақалдары», «көсемдері», «құрметті адамдар» туралы айтқанымен, олар мүліктік жағынан қатардағы германдықтан ерекшеленбейді.

  4. Германдықтардың негізгі шаруашылық ечейкасы қаум болды. Маркстік-Лениндік ілім бірін-бірі ауыстырған қауымның үш формасы туралы айтады.

а) Қандас-рулас қауым.
б) Егіншілік қауым.
в) Көршілес қауым.
Германдықтарда осы қауым формаларының біріншісі үстем болған.

  1. Саяси құрылысы. Үкімет халық қолында Цезарь бейбіт кезеңде тайпаның жоғарғы басқару органы халық жиналысы болды дейді. Ал соғыс кезінде әскери қолбасшылар тағайындалған. Сонымен б.э.д. І ғасырда германдықтарда мемлекет болмады.

Тацит.
Тацит өзінің «Германдықтар туралы»деген еңбегінде б.э. аяғындағы германдықтар туралы мәлімет береді. Германдықтар бұл тарихи кезеңде Цезарь дәуірінен қоғамдық дамуы жағынан біраз ілгері кеткен.
Маркс, Энгельс «Цезарь мен Тацит дәуірінің аралығы көшпелі өмірден отырықшылыққа көшу кезеңі болды дейді».
Маркс, Энгельс Соч. 19. 453 бет.

  1. Басты шаруашылық түрі-егіншілік болды. Сұлы, бидай, қара бидай, бау-бақша өсірумен айналысқан. Бірақ мал өсіру де үлкен роль атқарған. Бұл кезеңде, қолөнер, сауда, қыш-құмыра өндірістері дамыған.

  2. Меншік формасы. Шаруашылықтың негізгі ячейкасы-егіншілік қауымы болды. Жерді пайдалану тәртібі де өзгерген. Тацит «Жер әр кімнің лауазымына қарай бөлінді» дейді. Сонымен Тацит дәуірінде бұрын барлық ру мүшелерінің меншігіндегі жер коллектив болып өңделмейді. Жер қауымға кірген семьялар арсында бөлінетін болды, және де ауқатты семьялар жердің едәуір бөлігін өз қолына алды. Ал жайылым, шабындық, жерлері бұрынғысынша қаым меншігінде қала берді. Үй маңындағы жер жеке семьялардың жеке меншігіне көшті.

  3. Тацит дәірінде де таптар болмады. Өндіріс те бұрынғысынша ерікті қауым мүшелері басты роль атқара берді. Бірақ әлеуметтік жіктелістің бастаоғаны байқалады. Тацит құлдар туралы айқын айтады. Құлда ешқандай экономикалық, саяси права жоқ, қожайын тілесе өлтіріп отырды. Құлдықтың сипаты-патриархалдық болды. Бірақ оларды рим құлдарымен қатар қоюға болмайды. Олардың өз баспаналары, өз шаруашылығы болған. Тацит айтуынша олар рим колондарына ұқсас.

Ру ішінен-ру ақсүйекткрі оқшауланып шыға бастады.

  1. Саяси құрылысы

а) Халық жиналысы әлі де басты басқару органы.
б) Бірақ халық жиналысында көсемдер мен корольдер сайланды. Корольді тегіне қарап сайласа, көсемді қабілетіне қарап сайлады. Тацит еңбегінде бұлардың функциясы дәл аныталмайды, шамасы соғыскезінде ерекше праваларға ие болған сияқты.
в) Б.э. І ғ. аяғында германдықтардың қоғамдық өмірінде әскери жасақтар үлкен роль атқара бастаған. Цезарь дәуірінде әскери жасақтар тек соғыс кезінде құрылса, енді олар тұрақты әскери отрядттар бола бастады.Әскери жасақ көсеммен бұрын тұстас болса, енді оған тікелей бағынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет