Тарих және құқық факультеті деканы



бет52/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   148
Мемлекет туралы мәселе.
Сонымен тұрақты әскери жасақтың шығуы король үкіметін дүниеге әкелді. Бірақ король билігін халық жиналысы шектеп отырды. Цезарь дәуіріне қарағанда басқару жүйесі күрделі болғанымен әлі әшкере үкімет жоқ. Бұндай саяси жүйені әскери демократия деп атайды.
а) Халық жиналысы
б) Король үкіметі.
В) Әскери көсемдер.
Энгельс. Шыңыс жинағы. 21 том. 164 бет.
Біз мемлекеттің алғашқы белгілері байқала бастаған деп айта аламыз, бірақ әлі мемлекет құрылмады.
Энгельс. «Жанұяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы» еңбегінде.
«Әскери демократия рулық құрылыста мүмкін бола алатын басқарудың ең жетілген ұйымы» дейді.
Сонымен Тацит дәуірінде ерте герман қоғамында жаңа әлеуметтік қатынастар пайда бола бастады.
К. Маркс пен Энгельс құлиеленушілік құрылысты күйреткен әлеуметтік ревалюцияның алғы шарттары рим және герман қоғамының қойнауында пісіп жетілді дейді. Сондықтан да олар Батыс Европадағы феодализм дамуында роман-герман синтезін мойындайды.
Энгельс Рим құл иеленушілік құрылысының құлауындағы варвар тайпаларының шапқыншылығына үлкен мән бергенмен, оны басты себебі деп есептемейді.
395 жылы Рим империясы екіге бөлінеді. 476 жылы Батыс Рим империясы құлайды. Византия 1453 жылға дейін өмір сүрді.
Балқан түбегіне келіп қоныстанудың екі кезеңін бөліп айту керек.
1)Ү ғ. аяғы мен ҮІІ ғ. басына дейінгі кезең. Бұл кезеңде славян шапқыншылығына Рим қатты қарсылық көрсетеді. Славяндар осы кезеңнің аяғында бірте-бірте орын теуіп, қоныстана бастайды.
2) ҮІІ ғ. басынан , империя қарсылық көрсету әрекетін тоқтатады да славяндар Балқан түбегіне түбегіне тереңдеп ене бастайды. Балқан түбегінде қоныс тепкен славяндар рулық құрылыста өмір сүрді. Ру қауымы-задруга деп аталды.
Энгельс «Оңтүстік славяндар задругасы семья қауымының ең жетілген үлесі. Бір әкеден тараған 2-4 ұрпақ өз әйел балаларымен бір үйде тұрып, егістік даланы бірлесіп өңдеп, бірге тамақтанып, бірге киінеді. Қауымды қожайын басқарады, оның жасы үлкен болуы шарт емес. Жоғарғы биік семья кеңесінің, қауым мүшелерінің жиналысының қолында болды».
К. Маркс, Ф. Энгельс. Т.21, стр 62.
Энгельс «задруга село қауымына, немесе маркаға өтудің өтпелі сатысы болды дейді». Маркада жеке семьялар жерді бөлек-бөлек өңдеп, алғашқыда мезгіл-мезгіл қайта бөліп отырса, кейін егістік жер мен шабындықты біржолата бөлісіп алады.
63 бет.
Бірнеше көршілес қауым тайпаны құрды. Әрбір тайпаның «жұп» деп аталатын ерекше округы боды. «Жұп» басында «жұпан» тұрды. Жұпандардан болашақта княздар және славян мемлекеттерінің патшалары қалыптасып шықты.
ҮІ ғ. Византия жеріне басып кіру барысында славяндардағы жіктелу процесі тездей түсті. Бұл кезде белгілі көсемдер бөлініп шығып, славяндар басып алған территорияларда әкімшілік праваларын күшейте бастайды. Бірнеше ғасырларға созылған үздіксіз соғыстар оларды байытып, күшейтті.Әлеуметтік эвалюция салдарында ертедегі славяндар «әскери демократия» деп аталатын кезеңге аяқ бастады. Славяндар бұл кезеңде мемлекет қалыптасуының табалдырығында тұрды.
Шығыс Рим империясымен қақтығысқа келу бір жағынан славяндардың қауымдық құрылысын ыдырата түссе, екінші жағынан империяның құлиеленушілік құрылысында ыдыратты. Шығыс империяда феодалдық тәртіптің орнауына, славяндар сөз жоқ өз ықпалын тигізді.
Энгельс «568 жылы рим империясына басып кіру негізінен тоқталғанмен славяндар әлі де ұзақ уақыт қозғалыста болды».
3 Дәріс.
ІҮ-ғ және Үғ. Басында франктер Шығыс Галлияны жаулап алды. Олардың алғашқы королі Хлодвиг деген Меровингтер тұқымынан шыққан адам болатын, сондықтан да 481жылдан ҮІІ ғ. аяғына дейінгі кезеңі дейді. Осы дәріс барысында біз Франктерде ерте феодалдық мемлекеттің құрылуының әлеуметтік шарттары қандай деген сұраққа жауап іздейміз. Меровингтер мемлекеті туралы мәліметті Гр. Турскийдің 10 кітаптан тұратын «Франция тарихы» деген еңбегінен аламыз, және негізгі тарихи дерек ретінде «Салий ақиқатын» пайдалану қажет.
«Салий ақиқатының» мазмұнын талдай келе:
а) Франктердің шарушылығы.
б) Жер қатынасы. Қауымдық меншік үстемдігі қалайша қорғалады. Қауым формасы.
в) «Салий ақиқаты» мәліметтері негізінде Франк қоғамының әлеуметтік құрылымы (ерікті франктер, құлдар, литтер, римдіктер).
Міне осы мәселелерді анықтай келе, Аллодтың шығуы және ірі жер иеленушіліктің қалыптасуы деген мәселені қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет