Идеологиядағы дағдарыс. Қаналушылардың діні ретінде І ғ. пайда болған хрестиан діні ІІ ғ. бастап үстем таптың дініне, ресми идеологиясына айналды.
Қаналушы бұхараның әлеуметтік күресі түрлі өрістеді. (хрестиан дінінің негізгі догмаларынан ауытқу).
Александрияда Египетте арианшылдар шықты.
Шығыс провинциаларда монофизитизм христы тек діни бейне емес, онда адам табиғатына тән қасиет жоқ.
Агностиктер-алғашқы хрестиан қауымының теңдігін, адамдар теңдігін орнатуға ұмтылғандар.
Әлеуметтік дағдарыс. Саяси, экономикалық, идеологиялық дағдарыс әлеуметтік күрес шиеленісуі барысында тереңдей түсті. Мыс, 30-40 жылдары (ІҮ ғ.). Галлияда багаудтардың (бага-кельт сөзі «күрес»), 368 ж. Британияда, Ү ғ. Испанияда халық қозғалысы басталды. Халық бұхарасының таптық күрестері мен көтерілістері рим құлиеленушілік қоғамын іштей жеп, оның негізін қиғанмен, қаналушы бұхара көтеріліс арқылы құлдық құрылысты жоюға қабілетсіз болды.
Энгельс «Жанұяның жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы» еңбегінде бұхара халықтың ауыр жағдайына сипаттама бере келе, олардың арасында ревалюциялық элементтерде болды дей келе, Энгельс халық бұқарасы әлеуметтік ревалюцияны жүзеге асыруға қабілетсіз болды дейді.
Хрестиан діні мәселесіне арналған еңбектерінде Энельс Рим халық бұқарасы әлеуметтік құрамы жағынан біртекті болмады, ал олай болса олардың көздеген мүдделері де әртүрлі болды дейді.
Әрбір әлеуметтік таптың немесе жалпы халық бұхарасының күрес программасы болмады.
Энгельс кейінгі рим империясының қаналушы табы, әсіресе негізгі қаналушы бұхара-құлдар әлеуметтік ревалюцияны жүзеге асыруға қабілетсіз болды, дей келе «Ерте дүние құлдықты көтеріліс жолымен мою дегенді білмейді», дейді.
Рим империясына соңғы соққы берген, яғни құлиеленушілік қоғамға соңғы соққы берген варвар тайпалары болды. (вестготтар, бургундар, вандалдар, славяндар).