Тарих және құқық факультеті деканы


ХІ-ХІІ ғ.ғ. Англияның әлеуметтік-саяси дамуы



бет87/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   148
ХІ-ХІІ ғ.ғ. Англияның әлеуметтік-саяси дамуы.
1154 ж. Ағылшын тағына Анжуй графы Генрих Плантагенет отырды. (Гених ІІ). Оның контененталдық Европада иеліктері болды. (Анжу, Мэн, Турень, Пуату). Кейін Аквитанияны қосып алды.
Мемлекеттілікті нығайту үшін Генрих ІІ реформалар жүргізді.

  1. Сот реформасы. Қандай болмасын сот шешімі король сотында қайта қарала алады. Король сотының функцияларының кеңеуі-король табысының көлемін ұлғайтты.

  2. Әскери реформа. Феодалдардың әскери қызметте болу мерзімі қысқартылды. Есесіне олар «щит салығын» төледі. Бұл ақшалай салық, сөйтіп король енді барондар жасағына тәуелді болмады. Король ақшаға еріктілерді жалдады.

  3. Шіркеу реформасы. Бұл өте қыйын жағдай болатын Кентерберий архиепископы Томас Бекет өлтірілді. (1170 ж.). Алайда папа кейін Генрих ІІ-ні реформадан бас тартуға көндірді.

ХІІІ ғ. экономикалық-әлеуметтік процестер әрі жалғасты. Барондар-рыцорлар-әскери сословье болудан қалды.
Саяси дамуы.
«Иоанн Беземельный» (1199-1216 ж.ж.). Генрих ІІ-баласы. Король мен барондар қайшылығы тереңдеді. 1215 ж. барондар, рыцорлар, қала халқы корольге қарсы шықты. Король көтерілісшілер талабына еріксіз қол қойды. 1215 ж. 15 маусым.
Бұл құжат «Еркіндіктің ұлы хартиясы» деп аталды.

  1. Король шіркеу сайлауларын мойындады.

  2. Салықтарға шек қойылды. «Корольдік Кеңес» құрылды. Енді осы орган салық мәселесін реттеп отырады. «Корольдік Кеңесте» негізінен барондар отырды.

  3. Король барондардың барлық азаматтық құқықтарын мойындады.

  4. Хартияда рыцорлар, ерікті шаруалар мүдделері де қарастырылды.

2-сұрақ
Парламент Эдуард І (1272-1307 ж.ж.) тұсында құрылды. Парламенттің құрылуымен Англияда сословиелік монархия қалыптасты. Мемлекеттің жаңа формасы құрылды.
Өзінің құрылымы жағынан Ағылшын парламентінің Француз Бас Штаттарынан айырмашылығы болды.

  1. Парламент құрамында архиепископтар, епископтар, аббатттар және барондар кірді.

  2. Әрбір графстводан 2 рыцарь кірді.

  3. Ерікті шаруалар, қала кедейлерінің өкілеттілігі болмады.

ХІҮ ғ. І-жартысында Парламент 2-палатаға бөлінді.

  1. Жоғарғы палата-Лордтар палатасы.

  2. Қауымдар палатасы-рыцорлар, қала тұрғындары.

Парламент салықтарды белгіледі, Статуттарды (заң) шығарды.
Парламенттің құрылуы, сословьелік монархияның қалыптасуы Англия-
ның саяси орталықтануына қолайлы жағдайлар жасап, жалпы мемлекеттік сословьелік топтарды-барондарды, рыцорларды, қала тұрғындарын қалыптастырып шығарды. Үстем таптың қолшоқпарына айналған Парламент, алайда прогрессивті роль атқарды. Реакцияшыл топ-барондар саясатын шектеді, король бұхараның талап-тілектерін орындауға мүмкіндік алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет