Англия ХІ-ХҮ ғ.ғ. Феодализация процесінің аяқталуы. «Книга Страшного суда».
Ағылшын парламенті.
ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Англия.
ХІ ғ. Англияда феодализация процесі аяқталмады. Шаруалардың дені әлі
де ерікті, феодалдық вотчина және феодалдық иерархия тиянақталған формаға ие болған жоқ.
1066 ж. Англияға нормандар шабуыл жасады. Герцог Вильгельм Нормандский норман, солтүстік француз, италия рыцорларын бір қол астына жинақтап Англияға басып кірді.
Норман шапқыншылығы феодализация процесінің түпкілікті аяқталуын қамтамасыз етті.
1086 ж. жер санағы жүргізілді. Ол тарихта «Қорқынышты сот Кітабы» деген ат алды. Санақ екі мақсатты көздеді:
Жер иеліктері мен вассалдар табысы жөнінде корольге мәлімет жинау-сөйтіп әскерге қызмет жасау талабын қою.
Халыққа ақша салығын салу үшін король дәл мәлімет алу керек. Санақ мәліметтері.
1. Графстволардағы жер көлемі.
2. Дін және светтік феодалдар саны.
3. Олардың вассалдары қанша.
Сонымен бұл құжат шаруашылық, әлеуметтік структура жөнінде кең, ауқымды мәліметтер берді. Мәліметтер феодалдық құрылыстың бекіп, ерікті шаруалар бірте-бірте вилландарға айналғандығын дәлелдейді. 1086 ж. шаруалар вилландар деген графаға жазылған. Вилландар=жер қатынасы тұрғысынан кіріптарлыққа түскен, рента төлейтін шаруалар. «Қорқынышты сот Кітабы» мәліметтерінде Англиядағы 1,5 млн. халықтың 95 % деревняда тұрған. Негізгі кәсіп-егіншілік.
Ағылшын вотчинасы манордеп аталады, феодал вотчинасы село қауымын өзіне бағындырған. ХІ-ХІІ ғ.ғ. манор негізгі шаруашылық ұйымы болды.
Құжат мәліметі: