ХІ ғ. ортасына дейінгі Англия. Британия жерінде кельт тайпалары жұрты (негізінен Галлия, Испания, Ирландия жерлерінен келген). Цезарь Галлия жерінде жүргізген соғыстары тұсында екі рет Британия жеріне басып кірген болатын, бірақ түпкілікті тұрақтай алмады. Цезарьден кейін де 90 жыл бойына Британия Риммен тәуелсіз өмір сүрді. Рим тек б.э. 43-жылдарынан бастап Британияны өз ықпал аймағына айналдырды.
Британ корольдері негізінен мал өсірумен шұғылданды. Егіншілік қосалқы роль атқарды. Кельт тайплары рулық құрылыс сатысында болатын, олай болса жер барлық қауым мүшелерінің меншігінде. Дегенмен Цезарь дәуірінде-ақ қоғамда әлеуметтік жіктелу процесі басталды. Құлдарға, қора-қора малдарға ие болған ру ақсүйектері бөлініп шыға бастады. Ру ақсүйектері маңына тұрақты жасақ топтасты.
Британия жеріндегі Рим ықпалының тигізген дәрежесі туралы бізде дерек, мәліметтер өте аз. Петрушевский өзінің «Очерки из истории английского государства и общества в средние века» (1937 ж.). деген еңбегінде Рим ықпалы өте әлсіз болды, кельт қоғамына терең әсерін тигізбеді дейді. Осы пікірді Неусыхин «Возникновение зависимого королевства в Западной Европе ҮІ-ҮІІІ в.в.» деген және Сказкин, Мейман 1960 ж. «Вопросы истории» журналының 1 нөмірінде жазған статияларында одан әрі дамытты. Осы айтылған еңбек авторлары көптеген халықтарда, атап айтқан.да ағылшын-сак тайпаларында феодалдық қатынас ыдыраған, дағдарысқа ұшыраған құл иеленушілік құрылыс ықпалы негізінде емес, алғашқы қауымдық құрылыстың ішкі эвалюциясы негізінде қалыптасты дейді.
ІІІ ғ. ортасынан бастап Британия жеріне ағылшын-сак деп аталатын Герман тайпалары үнемі шабуыл жасап отырды. Ү ғ. ортасынан бастап бұл шабуыл сипаты өзгерді. Егер осы кезеңге дейін шабуыл жай тонау экспедитциясы түрінде болса, енді басып алған жерге қоныстану, құрылыстан жаппай көшу мен ауысты. Брит, Кельт тайпалары ұзақ табанды қарсылық көрсеткеніне қарамастан, ҮІІ ғ. кельт тайпаларының негізгі тобы бағындырылды., аз ғана бөлігі бостандықтарын сақтап жаулаушы герман тайпалары мен араласып кетті. Жаулап алу нәтижесінде Британия жерінде бірнеше ұсақ мемлекеттер құрылды.
Міне осы ағылшын-сак мемлекеттерінің қоғамдық саяси құрылысы. Ағылшын-сак кезеңі Ү ғ. ортасынан ХІ ғ. ортасына дейін созылады. Бұл кезеңнің саяси тарихы екі сөзбен айтқанда мынадай. Брит тайпалары мен күрес аяқталысымен-ақ, ұсақ мемлекеттердің өз-ара күресі басталды. Бұл күрес Х ғ. ІІ-ші жартысына дейін жүрді, тек Х ғ. ІІ жартысынан бастап Англияның біртұтас мемлекет болып бірігуі басталды. Әуелі 7 мемлекет өмір сүрді. (Кент, Уэссекс, Сассекс, Эссекс, Вост. Англ, Нортумбрия және Мерсия).
Ағылшын-сактарды көне Правдалары олардың қоғамдық құрылысы туралы мәлімет береді.
І. Жер пайдалану формасы. Негізгі шаруашылық түрі-егіншілік. Әрбір қауымның толық правалы мүшесінің үлес жері мыналардан тұрады: үиі, қорасы, егістік жер және түрлі жайылым жерлерден. Ағылшын-сактар келіп қоныстанғаннан кейін де ұзақ уақыт егістік жер меншікке (аллодқа) айналмады. Петрушевский егістік жерге жеке меншік пайда болды дейді. Бірақ жер әлі де үлкен семьяның меншігінде қала берді. Кейінгі дакументтерде дәстүрге негізделген жер меншігі-фокленд деп аталды. Фольклентті мұраға қалдыруға, немесе бөгде адамдарға (әсіресе әйелдерге) беруге болмады. Фолькленд жеріне осындай шектеулер орнату жеке меншіктің пайда болуына, олай болса ірі жер иеленудің пайда болуына кедергі жасады. Жеке меншік, ірі жер иеленудің пайда болу процессі ҮІІ ғ. басталды. Бұл кезеңде біз аллодтың жетілген формасымен танысамыз. (сатуға, сыйға тартуға, қозғалмайтын мүлікті қызға беру шықты). (Неусыхин ІҮ-тарауы). Аллод сыйға тартуға, мұраға қалдыруға болатын меншікке айналды. Бұл процесті арнаулы грамоталармен корольдің жерді үлестіруі тездетті. Грамотамен берілген жер бокленд деп аталды. Боклендті еркін түрде мұраға қалдыруға, сатуға т.с.с. болды. Ірі жер иеленудің қалыптасуында бокленд үлкен роль атқарды. Қауымдық жерді барлық қауым мүшелері бірігіп пайдаланды.