Тарих және құқық факультеті деканы


Оттон І Италияға жорықтары және Герман империясының құрылуы



бет80/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   148
Оттон І Италияға жорықтары және Герман империясының құрылуы.
Оттон І-нің шіркеулік саясаты, ппа үстінен бақылау орнатумен аяқталуға тиіс еді, себебі шіркеуді толық бағындыру оны басқарып отырған Рим папасын бағындырмайынша жүзеге аспайтын еді. Папаны бағындыру Италияны жаулап алып, Ұлы Карл империясына ұқсас империя құру деген саясатпен тығыз байланысты болды. Неліктен Италияны жаулап алу мүмкін болды?

      1. Саяси жағынан бытыраңқы Италия сыртқы жауға күш біріктіріп, қарсылық көрсетуге қабілетсіз болды.

      2. Әлсіреген папа үкіметіне әртүрлі феодалдар таласуда болды. Міне осының барлығы Оттон І-нің жоспарының жүзеге асуын оңайлатты.

951 жылы көптеген неміс діні және светтік феодалдарының қолдауына
сүйене отырып, Италияға жорық бастап, Солтүстік Италияны (Ломбардия) жаулап алады. Міне осыдан Солтүстік Италиядағы Герман ықпалының басы басталып, «герман корольдерінің Итальян саясаты»-дегеннің негізі салынды.
951 жылы Италияға екінші рет жорық жасап өз вассалдары-борондар қарсы шыққан папа Иоан ХІІ-ні өзіне көмекке шақырды.
Ұлы Карл өлгеннен кейін күшейіп, ІХ ғ. діни үкімет советтік үкіметтен жоғары тұру керек деген теориясын ұсынғанпапа үкіметі, феодалдық процестің тереңдеуі нәтижесінде терең дағдарысқа ұшырап, оның өзіне де күшті король үкіметі қажет бола бастады. Оттон І феодалдар қарсылығына соққы беріп, папа билігін қайта орнатады.
Осыған ризашылығы ретінде 962 жылы басында герман императоры отырған Рим империясы деген болды. Сырт көзге Королинг империясына (Ұ. Карл) ұқсас болғанмен, одан айтулы ерекшелігі болды. Оның құрамына: Германия, Италияның бір бөлегі, Оңтүстік-Шығыс Францияның бір бөлігі кірді. (ХІ ғ. І жартысында империяға Бургунд корольдігі қосылды).
Неміс нацистері мен фашист тарихшылары дәріптеген бұл ортағасырлық «дүниежүзілік» империя іс жүзінде өте бір қолайсыз саяси бірлік болды. Идея жағынан империя «дүниежүзілік». Рим империясы сияқты болғысы келді. Бірақ бұндай саяси талаптарды жүзеге асыратын реалды мүмкіндік герман императорларында болмады. Жалпы герман империясының «италиян саясаты» қарама-қайшылыққа толы болды. Италияда неміс феодалдарына қарсы болды. Жаулап алынған жерлерде неміс феодалдары өз тәртіптерін күшпен ұстады, сондықтан берік билік орнатудың негізі болмады. Әрбір жаңа император Италияға жаңа жорық жасап, бағындырып отыруға мәжбүр болды. Сондықтан Құрылған «Рим империясы» яғни Герман империясы реакцияшыл мемлекеттік бірлестік болды. Реакцияшыл болды дейтініміз, бұл империя ұлттық мемлекеттердің құрылуына тежеу болды.
Ал Ф.Энгельс «ұлттық мемлекеттерді құру денденциясы орта ғасырдағы прогрестің ең бір маңызды «рычагы» болды дейді. «Рим империясы» осы тенденцияның Францияда, славян жерлерінде, әсіресе Италияда дамуына тосқауыл болды.
Әсіресе «орта ғасырлық Рим Герман империясының» реакцияшыл сипаты Генрмания үшін, герман халқы үшін.
6 Дәріс.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет