Италияның экономикалық және саяси дамуы. Италия. Көптеген ғасырлар бойынша Италия біртұтас әлеуметтік-экономикалық, саяси тұлға ретінде бой көрсете алмады. Италия негізінен 3 ауданға бөлінді.
Солтүстік.
Орта.
Оңтүстік Италия.
Солтүстік италияның негізгі бөлігі Ломбардия деп аталды. ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. лангобардтер қол астында, ал ҮІІІ ғ. бастап Королигтер империясы құрамында болды.
Оралық Италияның негізгі бөлігі Папа облысы деп аталды. (Қасиетті Петр 843 жылғы Верден келіссөзінен кейін Солтүстік, Орталық Италия Королинг империясының құрамдас бөлігі болудан қалды).
Оңтьүстік Италия мен Сицилия аралы ХІ ғасырға дейін жеке феодалдық иеліктерге бөлініп кеткен еді. ҮІ ғ. бастап Византия империясының қоластында болды. Англия, Калабрия, Неаполь, Сицилия Византия провинциялары болып есептелінді.
1130 жылы Оңтүстік Италияны нормандар жаулап алып бүкіл оңтүстік Италия жерлерін біріктірген Сицилия корольдігін құрды.
Міне осындай саяси дамуындағы бытыраңқылық феодалдық қатынастардың дамуына да өз әсерін тигізді.
Х ғасырда Италия Германиямен саыстырғанда феодалдық қатынас дамуы жағынан біраз ілгері кетті. Өз кезінде лангобард тайпалры құлиеленушілік құрылыс қалдықтарын түпкілікті жойған болатын. Ал бұл шаруа жағдайына қолайла болды. Крепостниктік қанау дәрежесі төмен болды.
Х ғ. Италия саяси жағынан Европада тәуелсіз герцоктіктерге, графтықтарға, епископтықтарға бөлінді. ИталияныңОңтүстігін арабтар жаулап алды.
Міне осындай саяси жағынан бытыраңқылығына қарамастан Италияда қалалар қаулап өсті. Италия қалалары Жерорта теңізінде сауда жүргізді, қалалар қолөнер орталықтарына айналды. Сауда мен қолөнер дамымаған Х ғ. Германия қалаларымен салыстырғанда, Италия қалалары байлық орталығына айналды.