«Тарих және құқық факультетінде оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану» туралы есепті тексеру нәтижесі бойынша
АНЫҚТАМА
Ректордың бұйрығына сәйкес тарих және құқық факультетінде оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану барысын анықтау үшін құрамында комиссия төрағасы Мұқанбетова Ш.Т. – п.ғ.к., жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі, комиссия мүшелері Испулова Р.Н. – п.ғ.к., дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Д.Ғ.Габдуллаев – ақпараттық технологиялар орталығының директоры болып бекітілді.
Комиссия бұл мәселе бойынша кафедралардағы сабаққа өзара қатысу журналын, өзара сабаққа қатысу кестесін, ғылыми-әдістемелік семинар жоспары мен хаттамаларын, сараптама комиссиясының жоспары мен есебін, элективті пәндер каталогын, пәннің оқу-әдістемелік кешендерін, кафедрадағы оқыту құралдарын, сабақтарды тексерді.
Факультет құрамында «ҚР тарихы», «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік–саяси пәндер» және «Құқықтық пәндер» кафедралары 7 бакалавриат, 2 магистратура мамандықтары бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Кафедралардың оқу үрдісі нормативтік құжаттар базасында іске асырылады: 1. Мемлекеттік оқу стандарттары. 2. Типтік жұмыс оқу жоспары. 3.Пәндер бойынша типтік жұмыс оқу бағдарламалары. Пәндердің берілу сапасын бақылау және бағалау үшін өзара сабаққа қатысу іске асырылады.
Өзара сабаққа қатысу журналындағы жазбаларды талдау, сабақтардың МЖБС-қа және ПОӘК-нің талаптарына сәйкес жеткілікті жоғары ғылыми–теориялық және әдістемелік деңгейде өтетіндігін көрсетті. Өзара сабаққа қатысу бойынша ұсыныстар ғылыми-әдістемелік семинарларда, кафедра жиналысында қарастырылды. (Хаттама №10, 19.05.10 ж.)
Кафедрада элективті пәндер каталогі даярланған, және оның мазмұнында таңдау бойынша оқылатын пәндердің атуы мен қысқаша түсіндірмесі берілген. Таңдау бойынша курстар болып табылатын пәндер тізімін құру мен мазмұндарын даярлауды мамандық ерекшелігі, студенттер қалауы, жұмыс берушілер талабы мен жоғары білікті мамандар даярлауға қажетті инновациялар ескеріледі. Кафедра оқытушылары мемлекеттік және орыс тілдерінде диплом жұмыстары мен курстық жұмыстарын орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлады:
1. Әбілқасова Д.Б. «Диплом жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар» (орысша)
2. Шайхиев Т.Т. «Диплом жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар» (мемлекеттік тілде)
3. Ержігітов А.Ж. «Курстық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар» (орысша)
4. Аменов А.Ж. «Курстық жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар» (мемлекеттік тілде)
5. Есеева Г.Н. «Кәсіптік сараман өткізу туралы әдістемелік ұсыныстар» (орысша)
6. Мырзабаева Б.М. «Кәсіптік сараман өткізу туралы әдістемелік ұсыныстар» (мемлекеттік тілде).
Оқу процесінде кафедра пәндері бойынша қазіргі педагогикалық технологияларын қолдануға, оқытудың инновациялық әдістерін тиімді пайдаланады. Семинарлардың дәстүрлі сұрақ-жауап нұсқасымен, рецензияланған ғылыми мақалалармен, өзекті мәселесі бар рефераттарды қорғау мен оқу курстарын өткізумен қатар, кафедра оқытушылары Нургалиева А.М., Кужабергенова Х.И., Абулхасова Д.Б., Ержигитов А.Ж., Есеева Г.Н., Мырзабаева Б.М. өз сабақтарында инновациялық және интерактивтік технологиялардың элементтерін, іскерлік ойындарын, проблемалық дәрістерді, дәстүрден тыс әдістерді пайдаланады: тренингтер, оқу пәндер бойынша кроссвордтарды толтыру. Оқу процесінде ақпаратты технологиялар пайдаланады: электрондық кітап, желілік технологиялар.
Кафедра ПОҚ өз сабақтарында мынадай интерактивті әдістемелерді пайдаланады: «пікірталас», «рольдік ойындар», «тұсаукесер рәсімі», «ақыл-ой тартысы», «дөңгелек үстел», «баспасөз-конференциясы», «үлкен оралым».
Кафедра ғылыми-әдістемелік семинарларында, жиналыстарында жүйелі түрде ғылми-әдістемелік конференцияларды, әдістемелік семинарларды, дөңгелек үстелдерді, интерактивті оқыту нұсқаларын жиі пайдалану қарастырады. Кафедрада кредитті жүйесімен оқытатын инновациялық технологиялар пайдаланған семинар-тренингтер, «ашық сабақтар» күндерін өткізу дәстүрге айналды.
ПОҚ-ның оқу -әдістемелік жұмысын бағалауда сараптамалық комиссия аса зор үлеске ие. Сараптамалық комиссия жұмысы университет және кафедра сараптамалық комиссияларының жұмыс жоспарына сәйкес құрылған.
Оқытушылар жұмысын талдау, кафедрада негізінен студенттерге білім берудің дәстүрлі де, инновациялық технологияларын толық меңгерген білікті оқытушылар жұмыс жасайтындығын көрсетті. Олардың қатарында: Қожабергенова Х.И., Нұрғалиева А. М. ЖОО-ғы өтілі 31 жыл. Осы оқу жылында видеодәріс даярлап жатыр. Добряев П.А. оқу процесінде пайдалынылатын дидактикалық материалдарды дайындайды. Шайхиев Т.Т. жоғары оәдістемелік деңгейлі окытушы. Абулкасова Д.Б. ақпараттық технологияларды өз сабақтарында шебер пайдаланады, оқу ақпаратын студенттерді әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне сай өзгерту біледі.
Факультетте СӨЖ өткізуді ұйымдастыру мен оның сапасына үлкен назар аударылады. СӨЖ ұйымдастыру студенттердің білім сапасын көтеруге бағытталған. Кафедра пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда ғылыми мақалалар мен түпнұсқаларды рецензиялау, оқу курстары мәселелері бойынша рефераттар қорғау, өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша әлеуметтану зерттеу жұмыстарын жүргізу (әлеуметтанушы студенттер), жекелеген тақырыптар бойынша көрнекі материалдар даярлау әдістері кеңінен қолданылады. Оқытушылар инновациялық және интерактивті технологияларының элементтерін пайдаланады: іскерлік ойындарын, тренингтер, оқу пәндер бойынша кроссвордтарды толтыру және т.б. Студенттер, ПӘОК материалдарынан шығып отырып, оқып жатқан мәселерін қарастыратын рефераттар, ғылыми материалдарды, монографияларды оқиды және солар арқылы қысқаша конспекттерді семинарларда, СОӨЖ сабақтарында пайдалану үшін дайындайды. Мысалы: «Шетелдер тарихнамасы» (доц. Кожабергенова Х.И., оқ. Арыстангалиева Ж.М.) пәні бойынша студенттердің өздік жұмысы диспут («Ресей және Батыс мәселесі»), іскерлік ойындар, конференция түрінде өтті. «Дін әлеуметтануы» пәнінен (аға оқытушы Шайхиев Т.Т.) өзіндік жұмыс тапсырмасы ретінде студенттер бір тақырыпқа баяндамалар дайындады, «Діннің ғылыми негіздемесі» тақырыбына дөңгелек үстелге қатысты. «Әлеуметтану» пәнінен өзіндік жұмыс ретінде «Әлеуметтік ақыл-ой дамуының тарихы» және «Қоғам» атты тақырыптарға баяндамалар, рефераттар дайындады, «Әлеуметтік әрекет және әлеуметтік өзәрекеті» деген тақырыпқа диспуттер өткізілді. «Шет елдер әлеуметтану тарихы» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысы (доц. Абулкасова Д.Б.) әлеуметтану классиктерінің жұмысын зерттеу, көрсетілген тақырыптарға эссе жазу түрінде өтті. «Әлеуметтану» пәнінен өзіндік жұмыс ретінде студенттер эмпирикалық әлеуметтік зерттеулерді жетілдіріп қорғайды, «Әлеуметтік ақыл-ой дамуының тарихы» тақырыбы бойынша кроссвордтар даярлады және де жазылған рефераттар бойынша есеп берді, негізгі терминдер сөздіктерін құрады.
Кафедра мамандықтарының ерекшелігіне сәйкес, тарихи пәндер бойынша студенттердің өздік жұмыстары карталармен жұмыс жасау, күнтізбелер мен сөздіктер құру, саяси көшбасшылар бейнелерін жасау және т.б. тұрады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, оқу үрдісінде оқытудың интерактивті әдістерін енгізу мен белсенді қолдану, интерактивті оқыту нысандарын енгізу жөніндегі ғылыми - әдістемелік конференциялар мен әдістемелік семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру мәселелері ғылыми - әдістемелік семинар мәжілістері мен кафедра мәжілістерінде жүйелі түрде талқыланып отырылады.
Дүниежүзіліқ тарих және элеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарының жұмысы оқу үрдісіне қатысты сұрақтармен қатар әрбір оқытушының инновациялық әрекетін белгілейтін мәселелер қарастырылған. Мысалы, А.М. Нургалиева «Студенттердің өзіндік жұмыстарының ұйымдастыру түрлері», Г.Н. Есеева «Ғылыми тарихта демографиялық мәселелерді зерттеуінің негізгі әдістемелері», Д.Б. Абулкасова «Білімді бақылау үшін тесттік жұмыстарды пайдалану» мәселелері тыңдалса, осы оқу жылында кредиттік оқыту жүйесінде дәріс сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктерін қамтитын бірнеше сұрақтар енгізілді.
«Құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушылары Т.М.Муттайрова, С.Р.Барлубаевалар сабақтарына үнемі таратылым материалдар қолданып, дәріс сабақтарында тірек кестелермен жұмыс жасайды. Оқытушылар С.М.Наурзалиева, А.Т.Темергалиевалар сабақтарында компьютерді қолдана отырып, студенттерді электрондық оқулықтармен жұмыс жасайды.
06 қазан-9 қазан аралығында комиссия факультеттің бірнеше оқытушыларының сабақтарына қатысты. Олар: 8 қазанда оқытушы Ж.К.Тастаеваның «История духовной культуры казахского народа» пәні бойынша 07302 топта «Содержание средневековой казахской традиции (историко-краеведческий анализ» тақырыбында өткізілген семинар сабағы. Оқытушы сабағын дөңгелек үстел формасында өткізді. Студенттердің белсенді жауап беруі, матералды презентация түрінде даярлауы, өзара сұрақ-жауаппен алмасуынан оқытушының бұл әдісті жүйелі түрде пайдаланатындығын көруге болады. 8 қазан күні оқытушы Г.А.Асильбекованың «Азаматтық құқық» пәні бойынша 07307 тобында «Меншік құқығы туралы жалпы ережелер» тақырыбында өткізілген оқытушы басшылығымен студнттің өздік жұмысы практикум сабақ түрінде өтті. Оқытушы оқулықтағы ситуациялық сұрақтарды талдай отырып, оның теориялық негізіне шолу жасау үшін студенттерге жеке тапсырмалар берілді. Студенттер өз жауаптарын презентация түрінде көрсетті. Оқытушы Г.А.Асильбекова өз дәрістерінде үнемі факультеттегі интерактивтік тақтаны қолданып өткізеді. Сабақтарға қатысу барысында оқытушылардың дәріс, семинар сабақтары және СОӨЖ конспектілері тексерілді. Барлығы талапқа сай. Сабақ тақырыбы ПОӘК-мен сәйкес келеді.
«ҚР тарихы» кафедрасында жас оқытушылардан Мухангалиева Ж. жаңа технологияларды кеңінен пайдаланады. Мысалы, «Түркі тілдерінің тарихы» пәні бойынша семинар сабақтары сұхбат, ауызша журнал, пресс-конференция әдістерін жүйелі пайдаланады. Оқытушы Уразгалиева тарих пәні бойынша видеодәріс даярлап жатыр.
Факультет оқытушылары үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Мысалы, осы университеттің педагогика және психология кафедрасы ұйымдастырған «Жоғары мектеп педагогикасы» курсын 2010 жылы Мырзабаева Б.М., Кенжеғұлова А.А., Дүйсенбаева Г.Б., Әбілқасова Д.Б. өтті. Сонымен бірге Ержигитов А.Ж. ҚазҰУ-н «Әлеуметтану» курсынан,
Хабиева Э.С. «Қашықтан оқыту әдістемесі мен технологиясы» курсынан өтті. 2010 жылдың аяғына дейін «ДТӘСП» кафедрасында 3 оқытушы (Добряев П.А., Кенжегулова А.А., Аманбаева М.Р.) біліктілікті арттыру курсынан өтуі жоспарланып отыр.
Факультетте мамандықтар спецификасына қатысты картографиялық материалдар, криминалистика кабинеті, сот залы, заң клиникасы, тарихи-өлкетану мұражайы бар. Оқу процесінде қолданылатын электрондық оқулықтар саны – 80-нен астам.
Биылғы оқу жылына жоспарланған электрондық оқулықтар саны – 4. Факультет корпусында 2 интерактивтік тақта, 3 видеопроектор, 2 компьютерлік класс бар.
Қорытындылар мен ұсыныстар:
Факультеттің оқу процесінде шынайы түрде оқытудың мынадай технологиялары қолданылады: пікірталас, видеодәріс, презентация әдісі, электрондық оқулықпен жұмыс және т.б. Факультеттің материалдық базасы осы әдістерді кеңінен пайдалануға жеткілікті.
Оқу процесінде қолданылатын дидактикалық материалдардың сапасы, ашық сабақтардың өткізілуі, инновациялық технологияларды қолдану, студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру, оқыту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері кафедраның отырыстарында, факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланады.
Факультетте дәріс сабақтарын дәстүрлі формада, яғни баяндау, иллюстрация, суреттеумен қатар, интерактивтік және проблемдік дәрістің тәсілдерін пайдалану кеңірек енгізілсе, соның ішінде проблемдік сұрақ қою, жан-жақты талдау, кредиттік оқыту жүйесіндегі дәріс көлемін тиімді өткізуге болады деп есептейміз.
Оқу-әдістемелік апталықтар бағдарламасына шеберлік кластарын, шығармашылық топтар жұмыстарын өткізуді қосса, факультет ұжымындағы профессор, доцент, озат оқытушылардың іс-тәжірибесін жас оқытушылар ортасына тарату кеңірек жүрер еді.
Кафедрада кадрларды даярлау жүйесін дамыту және жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа технологиялар, мазмұн және құралдар, электрондық ресурстар тақырыбына ғылыми-зерттеу жұмыстарын, студенттердің жобаларын даярлау жолға қойылса, оқу процесінің сапасын арттыру міндетін шешудің бір жолы белгіленер еді.
Факультеттегі мамандықтар ерекшеліктеріне байланысты оқытудың тиімді әдістеріне шолу жасалып, оның теориялық негіздерін ашатын арнайы әдістемелік нұсқаулықтар даярланса, кафедра оқытушыларына сабақтарды өткізуде, талдауда негіз бола алар еді.
Кредиттік оқыту жүйесіндегі дәріс, семинар, оқытушы басшылығымен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы, студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар мен әдістемелік нұсқаулықтарды даярлау қажеттігі орын алып отыр.
Комиссия төрағасы Мұқанбетова Ш.Т.
Комиссия мүшелері Испулова Р.Н.
Габдуллаев Д.Г.
15.10.2010 ж.
ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімінің 2009-2010 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы, алдағы міндеттері
ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімі өзінің қызметін 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізіп келеді және оқу ісі проректорына бағынатын құрылымдық бөлімшелер құрамына кіреді.
Бөлім өз қызметін жылдық және болашақ бағдарламалары негізінде жүргізіп, М.Өтемісов атындағы БҚМУ сапасы аясындағы саясатты жүзеге асыруға қатысады.
Бөлім келесі жұмыстардың уақытылы орындалуына жауапты:
Жалпы орта білім беретін мекемелермен, білім беру басқармаларымен университет арасындағы серіктестікті дамытуға;
болашақ университет талапкерлеріне кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға;
талапкерлерді жоғарғы оқу орнына түсуге дайындаудың жалпы жүйелік жұмыстарының әр түрлі формасын ұйымдастыруға;
университет туралы жарнама кампаниясын өткізу және оны қызығушылық танытқан адамдарға жеткізуге;
ҰБТ және КТ-ға дайындау курстарына қатысты жұмыстарды ұйымдастыру және дамытуға;
дайындық курстарына оқу пәндерін дайындауда профессор-оқытушылық құрам жұмыстарын ұйымдастыру;
университет кафедра филиалдарының қызметтерін қадағалауға және ұйымдастыруға;
университеттің дайындық курстарын ұйымдастыру және өткізуге;
талапкерлерді тарту мақсатында университеттің PR-шараларын, жарнамалық компанияларын ұйымдастыруға;
Өткен оқу жылында ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімі жылдық жоспарға сәйкес келесі бағыттағы жұмыстарды атқарды:
1. Кафедра филиалдары жұмыстары
2. Кәсіби-бағдар беру жұмысы
3. ҰБТ-ға дайындық курстарын ұйымдастыру және өткізу
4. Аудан және қала мектептерінің 9-сынып оқушыларын мамандыққа бағыттауға дайындау
5. ЖОО-ға қабылдау компаниясын ұйымдастыру және өткізу.
1. Кафедра филиалдарының жұмысы
Ағымдағы оқу жылында мектептердегі кафедра филиалдарының жұмысы жалғасын тапты. Кафедра филиалдары оқушылардың ғылыми-әдістемелік зерттеулеріне басшылық және әдістемелік көмектер берді. Дарынды балалармен жұмыстар жүргізу, оқушыларды олимпиадалар, конкурстарға және Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуларына жауапты болып табылады.
2009-2010 оқу жылында кафедраларға төмендегідей мектептер бекітілді. (№1 кесте)
№1 кесте
2009-2010 оқу жылына арналған қала және аудан мектептерінің кафедра филиалдары
№
|
Кафедралар
|
Облыстық мектептер
|
Қала мектептері
|
Педагогикалық факультет
|
1
|
Педагогика және психология
|
Сырым ауданы: Досмухамедов ат. ОМ, Шубин ат. ОМ, Мырзалиев ат. ОМ, Бұлдұрты ОМ
|
№ 42
|
2
|
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
|
Жаңғала ауданы: Карманов ОМ, Пятимар ОМ, Жанғала ОМ, №3 ОМ
|
№ 9
|
3
|
Дене тәрбиесі
|
Жаңғала ауданы: Нұрпейісов ат. ОМ, Мирманов ат. ОМ, Орақбаев ат. ОМ
|
№ 38
|
4
|
Жалпы педагогика және информатика
|
Қаратөбе ауданы: Мұхит ат. ОМ, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Шөптікөл ОМ, Қалдығайты ОМ
|
№ 1, 30
|
Филология факультеті
|
5
|
Шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы
|
Зеленов ауданы: Мичурин ОМ, Достық ОМ
|
№ 7, 35
|
6
|
Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы
|
Теректі ауданы: №1,2,3 Федоров ОМ
|
№ 8, 31, Серебряков ОМ
|
7
|
Қазақ филологиясы
|
Қаратөбе ауданы: Каратаев ат. ОМ, Аққозы ОМ, Қарақұл ОМ
|
№ 12, 36
|
8
|
Жалпы тілі білімі және аударма
|
Зеленов ауданы: Дарьинск ОМ
|
№ 6, 17, 13
|
Жаратылыстану-математикалық факультеті
|
9
|
География
|
Ақжайық ауданы: Абай ат. ОМ, Әуезов ат. ОМ, №1 ОМ, Бітік ОМ
|
№ 5, 25
|
10
|
Биология және экология
|
Бөкей Орда ауданы: Маметова ат. ОМ, Жәнекешев ат. ОМ, Жексенбаев ат. ОМ, Бабажанов ат. ОМ, Жәнгір хан ат. ОМ
|
№19, 40
|
11
|
Химия
|
Ақжайық ауданы: Байсыиқов ат. ОМ, Тайпақ гимназиясы, Краснояр ОМ
|
№ 24
|
12
|
Физика, математика және информатика
|
Қаратөбе ауданы: Жамбыл ОМ, Егіндікөл ОМ, Қоскөл; Тасқала ауданы: "Саулет" гимназиясы
|
№ 11, 43, Қазақ-түрік лицейі
|
Тарих және құқық факультеті
|
13
|
ҚР тарихы
|
Тасқала ауданы: Жақсығұлов ат. ОМ, Алтынсарин ат. ОМ, Сәтпаев ат. ОМ
|
№ 3, 34
|
14
|
Философия және құқық негіздері
|
Теректі ауданы: Ақжайық ОМ, Ақсуат ОМ, Подстепнов ОМ
|
№ 10, 32
|
15
|
Құқықтық пәндер
|
Шыңғырлау ауданы: Ащысай ОМ, Белогор ОМ, Қуағаш ОМ, Тасмола ОМ
|
№ 20, 22
|
16
|
Дүниежүзлік тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер
|
Казталов ауданы: Оразбаев ат. ОМ, Бірік ОМ, Казталов ОМ, Бегалиев ат. ОМ, Қараш ат. ОМ
|
№ 27, 33
|
Экономика және басқару институты
|
17
|
Экономикалық теория және бизнес
|
Шыңғырлау ауданы: Шыңғырлау ОМ, Клышев ат. ОМ
|
№ 21
|
18
|
Менеджмент және кәсіпкерлік
|
Бөрлі ауданы: Пугачев ОМ, Ақсай қалалық №1,2,3 ОМ
|
№ 4, 28
|
19
|
Есеп және қаржы
|
Бөрлі ауданы: Ақсай қалалық №4,5 ОМ, Кызылтал ОМ
|
№ 26, 39
|
Мәдениет және өнер институты
|
20
|
Музыкалық білім беру
|
Жәнібек ауданы: Жароков ат. ОМ, №1 ОМ, Абдуллин ат. ОМ
|
№ 45, ГЭБМ, ВБМГ, "Талап" мектеп гимназиясы
|
21
|
Вокал және аспаптық өнер
|
Теректі ауданы: Алтынсарин ат. ОМ, Есенжанов ат. ОМ, Исаев ат. ОМ
|
№ 23, "Талап" мектеп гимназиясы, ГЭБМ
|
22
|
Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру
|
Казталов ауданы: Жаналы ОМ, ОМ, Мендалиев ат. ОМ, Молдашев ат. ОМ, Хусайынов ат. ОМ, Ақпәтер ОМ
|
№ 2, "Талап" мектеп гимназиясы, ГЭБМ
|
23
|
Театралік-хореографиялық өнер және кітапханатану
|
Казталов ауданы: Мирон ОМ, Богатырев ОМ, Березин ОМ
|
№16,44, "Талап" мектеп гимназиясы, ГЭБМ
|
Кафедра филиалдары мектептерде өз жұмыстарын жылдық жұмыс жоспарына және ынтымақтастық қарым-қатынас келісім-шарт негізінде атқарып отырды.
2009-2010 оқу жылы 44 қалалық және 12 ауданның 78 ауылдық мектептері, 7 орта-арнаулы және бейіндік оқу орындары (колледждер, музыкалық мектептер) қамтылды.
Ағымдағы оқу жылында кафедра филиалдарының қызметі келесі бағыттарда атқарылды:
А) оқушылармен жұмыс. Мектеп түлектерінің білім деңгейін көтеру мақсатында университеттің ПОҚ-ы оқушыларға ҰБТ-ға дайындауда көмек көрсетсе, оқушылардың ғылыми жобалары мен қалалық және облыстық пән олимпиадаларына дайындауда әдістемелік көмек көрсетті.
2010 жылдың 18-19 наурыз айында БҚМУ базасында 9-11-сынып оқушыларының арасында Республикалық олимпиаданың облыстық туры өтті. Оған 355 қала мектептері мен барлық аудан мектептерінің оқушылары қатысты. Қаланың білім беру бөлімінің сұранысы бойынша қала мектептеріндегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау үшін төмендегідей оқытушылар қатысты:
Қазақ тілі мен әдебиеті – «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушысы Б.Е.Өмірзақов
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті – «Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының оқытушысы С.Р.Имашева
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті – «Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы» кафедрасының аға оқытушысы Г.С. Умарова
Орыс тілі мен әдебиеті – «Жалпы тіл білімі және аударма» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Р.Э.Винник
Шетел тілі – «Шетел тілдерін оқытудың теориясы мен практикасы» кафедрасының оқытушысы О.Г.Полянина
Математика – «Физика, математика және информатика» кафедрасының оқытушылары Г.С. Маулешова (қ/б) және В.С.Молдағалиев (о/б).
Физика – «Физика, математика және информатика» кафедрасының оқытушылары Д.М.Жарылғапова (қ/б) және А.У.Искалиева (о/б).
Информатика – «Физика, математика және информатика» кафедрасының оқытушысы Е.Н Сафуллин
Биология – «Биология және экология» кафедрасының оқытушысы А.У. Отаубаева
Химия – «Химия» кафедрасының оқытушылары М.Г.Аманкосова (қ/б) және Н.К. Череватова (о/б).
География – «География» кафедрасының оқытушылары Г.Ж. Абдушева (қ/б) және Г.Ковзар (о/б).
ҚР тарихы – «Қазақстан Республикасы тарихы» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ж.А Исмурзин.
Құқық негіздері – «Құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушылары Н.Ж. Ауелбаева (қ/б) және Н.А.Власова (о/б). Олимпиада нәтижелері бойынша төмендегідей дипломдармен марапатталды:
1 дәрежеде - 28 қатысушы;
2 дәрежеде - 38 қатысушы;
3 дәрежеде - 51 қатысушы.
Қазақ-түрік лицейінің оқушылары ерекше көзге түсті: 43 қатысушыдан 29-ы сыйлыққа ие болды, сонымен қатар С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттан: 49 қатысушының 27-сі І-ІІ орындар алды.
Олимпиада кезінде ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімі 11-сынып қатысушыларына сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі бойынша (барлығы – 46 оқушы) М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды 9 қатысушы таңдаған, 7 қатысушы ешқандай ЖОО таңдау жасамаған (№2 кесте).
Кафедра жұмысының былтырғы жылдан ерекшелігі - осы жылда біздің университетке түсетін талапкерлерге ҰБТ-ны тапсыру үшін жұма сайын барлық пәндер бойынша ақысыз дайындық курстарын өткізуінде (№3 кесте).
Кесте №2
Достарыңызбен бөлісу: |