Б) оқытушылармен жұмыс. Университеттің ПОҚ өздерінің филиалдары арқылы элективтік курстар бойынша әдістемелік құралдар жасауға және инновациялық технологияларды пайдалана отырып сабақтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, мастер-класстар өткізу арқылы көмек көрсетті.
В) кәсіби-бағдар беру жұмысы. Кафедра оқытушылары оқушылардың өзін-өзі тануына көмектесу мақсатында түлектермен кездесу барысында сауалнамалар жүргізді; жарнамалық ақпараттар үлестіріп, университет туралы бейнеролик көрсетілді.
2009 жылғы 22-31 қазан аралығында аға оқытушы Г.С.Умарова Астрахань қаласына іс-сапары кезінде РФ-дағы ҚР Елшілігінде болып, қазақ диаспорларын университетке тарту үшін кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Түлектерді педагогикалық мамандықтарға тарту мақсатында кафедралар бірқатар мақалаларды баспаға дайындады. «Жалпы педагогика және психология» кафедрасында «Приуралье» газеті 2009 ж. 3 желтоқсан №136 «Важная миссия педагога» Г.С. Абугалиева; «Приуралье»: 2009 ж. 8 желтоқсан №138 «К педагогике XXI века»; «Пульс города» 7 қаңтар 2010 жыл №1 мақала «Без психологов не обойтись» С. Баюканская; «Өркен»: №10 желтоқсан 2009 ж. «Педагогигалық тәжірибе»; «Өркен»: №11 желтоқсан 2009 ж. «Үздік аудитория»; «Информбиржа» №2 14 қаңтар 2010 жыл «Психолог в современном обществе». «Музыкалық білім» кафедрасы 20 қаңтар «Жайық үні» газетінде «Музыкалық білім – кафедра тынысы». «Жалпы тіл білімі және аударма» кафедрасының меңгерушісі Н.М. Шербанов «Ясность целей, масштабность задач» (Казахстанская правда, 17 қазан 2009 жыл).
Сонымен қатар 5-7 қаңтар аралығында мәдениет және өнер институты жыл сайынға аймақтық жас таланттардың «Жас дарын» конкурсын ұйымдастырып өткізді. Конкурс қорытындысы бойынша мәдениет және өнер институтына келетін талапкерлер айқындалды.
2. Кәсіби-бағдар беру жұмысы
2009-2010 оқу жылында ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімінде төмендегідей жұмыстар ұйымдастырылып өткізілді:
- жұмыс тобының құрамы ректордың бекіткен кестесіне сәйкес университеттің ПОҚ, бөлім қызметкерлері мен студенттерден құралады.
10 желтоқсанда ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімі кәсіби-бағдар беру жұмысы аясында Тасқала ауданы, Тасқала ауылы аудан мектептеріне жұмыс тобын ұйымдастырды. Жұмыс тобының құрамына келесі оқытушылар кірді: Г.С.Кайсағалиева – «Биология және экология» кафедрасының меңгерушісі, Л.С.Серікова – «ҚР тарихы» кафедрасының оқытушысы, Н.Ж. Жұмагұлов – БҚМУ колледжінің оқытушысы, Д.Б.Сатаев – ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімінің әдіскері. Сонымен қатар педагогика факультетінің студенттік деканы, 2 курс студенті, Н.Ә.Назарбаев атындағы шәкіртақы иегері Жақсығалиева Альфия және тарих және құқық факультетінің студенттік деканы орынбасары, 2 курс студенті Жұмасова Әйгерім. 15 желтоқсанда Ақжайық ауданы Чапаев ауылы аудан мектептеріне: А.Б. Медешова – «Жалпы педагогика және информатика» кафедрасының меңгерушісі, Р.Е. Ниязова – «Химия» кафедрасыың оқытушысы, А.А. Ақболатов – «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы» кафедрасының оқытушысы, Н.А. Туралиева – БҚМУ колледжінің оқытушысы, Г.Б. Кенжина – ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімінің жетекшісі.
11-13 қаңтар аралығында Сырым және Қаратөбе аудандарының мектептеріне: А.И. Мамыров – «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы» кафедрасының меңгерушісі, К.А. Байдалиев – «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы, Е.Н. Сафуллин – «Физика, математика және информатика» кафедрасының оқытушысы, Е.Е. Искалиев– «Экономикалық теория және бизнес» кафедрасының оқытушысы.
11-16 қаңтар аралығында Бөкейорда ауданына: Ж.М. Қарағойшин – жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы естественно-математического факультета, Е.Т. Усиев – «Биология және экология» кафедрасының оқытушысы, Н.Ж. Жумагулов – БҚМУ колледжінің оқытушысы.
21-22 қаңтар аралығында Бөрлі және Теректі аудандарының мектептеріне: «ДТОТмӘ» кафедрасының меңгерушісі Р.Н. Испулова, «Театрлік-хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасының оқытушысы А.С. Абуова және ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімінің әдіскері Д.Б.Сатаев.
Казталовка және Жәнібек аудандарының мектептеріне 25-30 қаңтар аралығында: Ж.А. Исмурзин – «ҚР тарихы» кафедрасының меңгерушісі, А.А. Ақболатов – «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы» кафедрасының оқытушысы, Д.Н.Есентеміров – «Музыкалық білім» кафедрасының оқытушысы, Н.А. Хабадашев – «ТХӨжК» кафедрасының оқытушысы.
1-2 ақпан аралығында Зеленов және Тасқала аудандарына: Ғ.Қ. Жүсіпқалиева – инновациялық-әдістемелік жұмыс жөніндегі департаментінің директоры, М.Х.Темірғалиева – «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі, А.Қ. Габдуллина - «Вокал және аспаптық өнер» кафедрасының меңгерушісі, С.М. Өтешева – «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі.
10-12 ақпан аралығында Шыңғырлау ауданының мектептеріне: С.А. Маулетова – мәдениет және өнер институтының директоры, А.А. Бисекенов – «Құқықтық пәндер» кафедрасының меңгерушісі.
9 ақпанда Ақжайық ауданы Чапаев ауылының №1 ЖББОМ түлектеріне ҰБТ-ны тапсыруға алдын-ала тест өткізілді. Соған байланысты кәсіби-бағдар беру жұмысымен Чапаев ауылына мынандай құраммен жұмыс тобы шықты: М.А. Ғалымов – «География» кафедрасының меңгерушісі, Г.С. Маулешова – жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы орынбасары, Г.Б. Дусенбаева – ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімінің жетекшісі, А.Ғ. Сейтимов – «Есеп және қаржы» кафедрасының оқытушысы.
- «Ашық есік күні» қала мектептерінің түлектері үшін 19 қараша мен 11 наурыз аралығында өткізілді. Аталмыш шараға 40-қа жуық қала мектептерінен 350 оқушы, сонымен қатар Құрманғазы атындағы музыкалық колледж бен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжден қатысты.
Түлектерге университет жөнінде арнайы буклеттер, газеттер таратылды, БҚМУ туралы видеоролик және университет студенттері дайындаған концерттік бағдарлама көрсетілді. Алғы сөзді оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Б.Н.Нуралин сөйледі. Оқушыларға университеттің студенттері – атаулы шәкіртақы иегерлері, Халықаралық және Республикалық жарыстардың жүлдегерлері, Әлем және Азия жеңімпаздары таныстырылды. Кейін мектеп оқушылары университет кафедраларында болып, мамандықтар туралы, ЖОО-ға түсу, қабылдау ережелері бойынша көптеген сұрақтарға жауап алды.
Өткен оқу жылына қарағанда «Ашық есік күні» оқу жылына 2 рет өткізіледі.
Университет базасында жыл бойына облыстың 58 мектебі (26 қалалық және Зеленов ауданының 32 ауылдық мектептері) алдын-ала тест тапсырады. Бөлімде кәсіби-бағдар беру мақсатында бекітілген кафедралармен мектептерде алдын-ала тест тапсыру кестесі құрастырылды.
Жоғарыдағыларды ескере отырып, кафедраларға ұсынысымыз:
Кафедра филиалдарының жүйелі жұмысын жаңа бағытта ұйымдастыру;
Университетіміздің студенттік активтерін кәсіби-бағдар беру жұмысына қатыстыру, бітіруші сыныптардың ата-аналар жиналысына жүйелі түрде қатысу.
Дарынды балалармен жеке жұмыстануға ерекше көңіл бөлу, университетте өтетін конференцияларға мұғалімдер мен оқушыларды тарту.
Пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектеп психологымен бірігіп 9- сыныптан бастап бейіндік пән мен ЖОО мамандықтарын анықтауда жұмыстану.
2010-2011 оқу жылында ауыл мектептеріне іссапарға шығуды қысқартып, ауыл мектептеріндегі филиалдың мұғалімдері және оқушыларымен электрондық пошта мен интернет арқылы қашықтан сөйлесудің мүмкіндіктерін қарастыру
Оқу жылы бойына және әсіресе, демалыс кездерінде ҰБТ-ға дайындық ретінде Интернет арқылы жеке жұмыстар өткізу.
Оқу жылының басында кафедра отырысында кафедра мамандықтары бойынша қабылдау қорытындысын талқылау және кафедра меңгерушілері мектептермен жұмысты жақсартуды қолға алу.
3. ҰБТ-ға дайындық курстарын ұйымдастыру және өткізу
2009 жылдың қазан айынан бастап ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімі университет базасында дайындық курстарын жалпы білім беретін мектептің негізгі пәндері бойынша ұйымдастырды.
Дайындық курстарының басты мақсаты – ҰБТ-ны жақсы тапсыру үшін алған білімдерін жетілдіру, нақтылау және қайталау болып табылады. Курстың әр пәні 50 сағатты құрайды.
Жылдың басында қаланың әр мектебі дайындық курсының басталғандығы жөнінде мәлімденді. Оқытушылар барлық пәндер бойынша оқу-тематикалық бағдарламаларын жасап бекітті. Бірінші жартыжылдықта сабақтар келесі пәндер бойынша жүргізілді: математика (2 топ) және Қазақстан тарихы (1 топ). Сабақтарды университеттің келесі оқытушылары жүргізді:
ҚР тарихы пәнінен:
Аманбаев Асқар Сайынұлы.
Математика пәнінен:
Орлова Лариса Григорьевна.
Өткен жылға қарағанда дайындық курстары бойынша топ санының аздығы біздің университетімізге түсуге тілек білдірген түлектер үшін кафедра базасында жалпы білім пәндері бойынша жеке курстар жүргізілуімен түсіндіріледі.
«Дайындық курстарының болатындығын Сіз қайдан білдіңіз?» деген сұраққа тыңдаушылардың 40 % «достарымнан және таныстарымнан» деп жауап берсе, 35 % - бөлім әдіскерінің мектепте хабарландыруы арқылы, 25% - БАҚ-дан деп жауап берді. Курс басында тыңдаушылардың 1,52 % өз білімдерін «қанағаттанарлықсыз»; 59,09 % «жоғары», 13,6 % тыңдаушы - «қанағаттанарлық» деп жауап берсе, 25,75 % жауап беруге қиналған.
Дайындық курстарының ұйымдастырылу деңгейін 74,24 % тыңдаушы «жоғары» деп бағаласа; 18.18 % «қанағаттанарлық», ал 7,57 % тыңдаушы жауап беруге қиналған. Ұсынылған оқу формасымен тыңдаушылардың 37,87 % дәрістерді қаласа, 62,12 % тесттік сабақтарды қалайды. «Дайындық курстарын жетілдіруге Сіздің ұсыныстарыңыз?» деген сауалға тыңдаушылар тарапынан электрондық оқулықтарды пайдалану, сабақтарды мультимедиалық аудиторияларда өткізуді, жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану секілді ұсыныстар айтылған
Дайындық курстарының соңында тыңдаушылар арасында «Оқытушы дайындық курстарының тыңдаушылары көзімен» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында тыңдаушылар тарих пән бойынша А.С.Аманбаевтың, математика пәні бойынша Л.Г.Орлованың кәсіби біліктілігін бағалады. Тыңдаушылар өз кезегінде оқытушылардың «материалды еркін игеруін», «түсінікті баяндау және өз ойын анық тұжырымдай білу дәрежесін», «аудиторияның пәнге деген қызығушылығын ояту және қолдау іскерлігін», «тыңдаушыларға қатысты тілектестігі және әдептілігі», «жалпы білімдарлығы, ой-өрісінің дәрежесі», «оқытушының аудиториямен тіл табыса білу іскерлігі дәрежесін», «тыңдаушылармен сөйлесе білуі, қалыпты баяндау іскерлігі» деңгейлерін жоғары деп бағалаған. Соңғы «Сіз оның пәніне әрі қарай қатысуды қалайсыз ба?»-деген сауалға тыңдаушылардың барлығы егер мүмкіндік болған жағдайда әрі қарай жалғастырғысы келетіндіктерін көрсеткен.
Қорытынды сауалнамада «Сіз курс соңында қандай көңіл-күйдесіз?» - деген сауалына тыңдаушылардың 69,44% «қанағаттанған күйдемін», 8,33%-ы ешқандай өзгеріс сезбегендіктерін білдірді. «Сіз оқу үрдісінің келесі жақтарымен қанағаттандыңыз ба?» - деген сауалға тыңдаушылардың - 44,44%-ы оқу бағдарламасымен қанағаттандым деген болса, сабақтың оқу кестесі 11,11%-ына ұнаған, сол себепті олар қанағаттандым деп көрсетіпті, дәрістің сапасымен 44,44%-ы толықтай қанағаттандым деген ойда екендіктерін білдіріпті. Сонымен бірге «Енді өзіңіздің білім деңгейіңізді қалай бағалайсыз» 32,30% «жоғары» десе, 60,33% «қанағаттанарлық»; 4,8% «қанағаттанарлықсыз»; 2,7% тыңдаушы жауап беруге қиналған. «Сіз өз мақсатыңызға жеттіңіз бе?» - деген сауалға 38,88%-ы толықтай жеттім деген болса, біркелкі деп тыңдаушылардың 47,22%-ы, 13,88%-ы жауап беруге қиналғандықтарын білдірді. Келесі «Сіз неліктен біздің университетте ұйымдастырылған дайындық курстарын таңдадыңыз?» деген сауалға тыңдаушылар тарапынан:
тиімді баға және қажетті білім алу мүмкіндігі,
жақсы ұсыныстар,
ҰБТ-ға қажетті білім алу,
сабақтарды жоғары білікті оқытушылар жүргізеді деп жауап қайтарған.
Дайындық курстарын ұйымдастыруды жетілдіруге және өткізуге ұсыныстарымыз:
қазақ мектептерінде дайындық топтары туралы жарнаманы күшейту;
электрондық оқулықтарды пайдалану, сабақтарды мультимедиалық аудиторияларда өткізуді, жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану;
пән бойынша сағат санын көбейту;
әр пән бойынша дифферентті оқыту әдістерін қолдану.
4. Қала және ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларына алдын-ала кәсіби-бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру
М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасында Орал қалалық білім беру бөлімімен бірге ағымдағы оқу жылының 5-30 сәуір аралығында 16 бағыт бойынша №3, 28, 36, 38 ЖББОМ-ның 9-сынып оқушыларына алдын-ала кәсіби-бағдар беру жұмыстары өткізілді. (№4 кесте).
Кесте №4
9-сынып оқушыларына алдын-ала кәсіби-бағдар беру кестесі
№
|
Курс
|
Күні
|
Уақыты
|
Аудитория
|
Оқытушының аты-жөні
|
Оқушылар саны
|
1
|
«Журналист (мир русского языка и литературы)»
|
12.04, 19.04
12.04, 19.04
12.04
13.04
|
14.00-15.00
15.00-16.00
14.00-16.00
14.00-16.00
|
1 корпус
блок б
321 каб
|
Выдрина Н.А.
Донскова А
Винник Р.Э.
Жигалин Н.С.
|
16 о/б
6 қ/б
|
2
|
«Казахский язык и литература»
|
16.04, 23.04
|
14.00-15.00
15.00-16.00
|
1 корпус
408 каб
|
Өмірзақов Б.Е
Ақболатов А.
|
6 қ/б
|
3
|
«Переводчик-переводи»
|
13.04, 14.04
12.04,
14.04
|
14.00-16.00
14.00-16.00
15.00-17.00
|
1 корпус
блок б
321 каб
|
Дейнеко А.С.
Гумарова Л.Н.
|
5 о/б
12 қ/б
|
4
|
«Педагогика и психология»
|
15.04, 22.04
14.04,
16.04
|
15.00-17.00
14.00-16.00
15.00-17.00
|
7 корпус
212
|
Мендыгереева Э.С.
Қолдашева Н.У.
|
1 о/б
4 қ/б
|
5
|
«Физическая культура и спорт, НВП»
|
15.04, 22.04
14.04, 21.04
|
15.00-17.00
16.00-18.00
|
7-корпус
408ауд
|
Молдағалиев А.М.
Базартаев Т.А
|
5 о/б
14 қ/б
|
6
|
«В мире исторических знаний»
|
13.04, 20.04
15.04, 22.04
|
15.00-17.00
14.30-16.30
|
1 корпус 108 ауд
3 корпус 304ауд
|
Аманбаев А.С.
Мырзабаева Б
|
8 о/б
2 қ/б
|
7
|
«Химия - основа жизни»
|
13.04,
14.04
12.04
16.04
|
16.00-18.00
15.00-17.00
14.00-16.00
14.00-16.00
|
5 корпус
17 каб
|
Орлова Р.И
Есеева Г.Б.
|
6 о/б
2 қ/б
|
8
|
«Программирование»
|
14.04.10
29.04.10
|
15.00-17.00
15.00-17.00
|
8 корпус
103каб
|
Муханбетова Ғ.Г
Амантурлина Г.К
|
19 қ/б
|
9
|
«Современные компьютерные технологии»
|
15.04, 22.04
13.04, 20.04
|
14.00-16.00
17.00-19.00
|
1 корпус
307каб
|
Насс О.В.
Сафуллин Е.Н.
|
13 о/б
12қ/б
|
10
|
«Экономика и организация предпринимательства»
|
13.04, 20.04
|
14.00-16.00
|
2 корпус
301 каб
|
Аймурзина С.А.
|
10 о/б
|
11
|
«Менеджмент и его роль в экономике»
|
12.04, 19.04
|
15.30-17.30
|
2 корпус
301каб
|
Чудрова В.У.
|
12 о/б
|
12
|
«Профессия "юрист" открывает большие возможности»
|
14.04, 15.04
|
16.30-18.30
|
3 корпус
310 каб
|
Батыров А.Б.
|
8 о/б
|
13
|
«Финансы»
|
15.04, 22.04
|
15.30-17.30
|
2-корпус
407каб
|
Сулейменова Г.Н.
|
5 о/б
|
14
|
«Изобразительное искусство»
|
15.04.10
15.04.10
|
14.00-15.00.
15.00-16.00
|
4 корпус
201каб
|
Нагимова М.М.
Умирзакова Л.К
|
13 қ/б
|
15
|
«Режиссура и актерское мастерство»
|
16.04,
21.04
16.04
23.04
|
15.00-17.00
14.00-16.00
15.30-17.30
15.30-17.30
|
4 корпус
201 каб
|
Сундеткалиева А.А
Султанова М.И.
|
19 о/б
27 қ/б
|
16
|
«Дизайн»
|
13.04
12.04
13.04
14.04
|
15.00-17.00
14.00-16.00
15.00-17.00
15.00-17.00
|
8 корпус
302 каб
|
Кенжина Ж.С.
Ворожейкина О.И
Давлетова Б.Г
Базарбаева А.К
|
19 о/б
30 қ/б
|
5. ЖОО-ға қабылдау компаниясын ұйымдастыру және өткізу
2009-2010 оқу жылының қабылдау комиссиясының жұмысына дайындық желтоқсан айында басталды. Қаңтар айында қабылдау комиссия жұмысының жоспары және 28 адамнан құралған техникалық хатшылардың тізімі ректормен бекітілді.
Қабылдау комиссияның жауапты хатшысы болып жаратылыстану-математикалық факультетінің деканы Ж.М.Қарағойшин, орынбасарлары – «Физика және математика» кафедрасының оқытушысы Л.Г. Орлова мен «Вокал және аспаптық өнер» кафедрасының оқытушысы А.К.Габдуллина тағайындалды.
Ең бастысы – жыл бойы техникалық хатшыларды оқыту; осы мақсатпен ақпан айынан бастап, талапкерлердің өтініш бланкілерін толтыруды үйретуге, ЖОО-ға қабылдау тәртібінің өзгерістерін, мамандықтар туралы түсіндіруге ай сайын техникалық хатшылар жиналып отырылды. Техникалық хатшылар құрамының ішінен қоғамдық қабылдау комиссиясы құрамына оқытушылар алынды.
2009-2010 оқу жылында мамандықтар мен мамандандырулары белгіленіп, «Талапкер» стенді жаңартылды, БАҚ-пен бірігіп ақпараттық-жарнамалық материалдар (қазақ және орыс тілдерінде буклеттер), «Өркен» газетінің арнайы басылымы дайындалып шығарылды. Облыстық теледидарда 15-22 маусым аралығында құжаттарды қабылдау уақыты, университет мамандықтары туралы жүгірмелі жолмен хабарландыру беріліп, 23- 29 маусым аралығында жарнамалық бейнеролик көрсетілді. «Орал өңірі», «Приуралье» облыстық газеттерінде, сонымен қатар «Информбиржа», «БизнесИнфо» газеттерінде маусым айында университет тарихы туралы ақпараттық-жарнамалық материалдар, құжаттар қабылданатын мамандықтар туралы материалдар басылып шықты. Оқыту теледидарымен бірге ақпараттық-жарнамалық стендтар дайындалды. Университет сайтына 2010-2011 оқу жылына талапкерлерді қабылдауды жүзеге асыратын мамандықтар мен мамандандырулар, бітіруші сыныптарға дайындық курстар, 2009-2010 оқу жылының ЖОО-ға қабылдаудың типтік ережелері (құжаттарды қабылдау уақыты, конкурсқа қатысу және университетке қабылдау үшін керекті құжаттардың тізімі, ҰБТ мен КТ тапсырудың ережелері), мемлекеттік білім беру тапсырыстары туралы ақпараттар енгізілді.
2009 жылы шығармашылық мамандықтарға құжаттар 20 маусым мен 1 шілде аралығында қабылданды, 19 шілдеде кешендік тест өткізілді. Грантқа конкурсқа қатысу үшін құжаттар 23-31 шілде аралығында қабылданды.
Таблица №5
Конкурс қорытындысы бойынша БҚМУ-ға түскендердің сандық құрамы
Жыл
|
Грантқа өтініш берген қатысушылардың саны
|
Грантқа түскендер
|
Ақылы негізге түскендер
|
Барлығы
|
2006
|
2601
|
570
|
1186
|
1756
|
2007
|
2284
|
423
|
1493
|
1916
|
2008
|
1749
|
533
|
952
|
1485
|
2009
|
2074
|
289
|
912
|
1201
|
2010
|
2083
|
217
|
788
|
1005
|
Қабылдау комиссиясының жұмысы жолын жетілдіру үшін:
- келесі жылға түлектерді қабылдау кезінде өткен жылғы жіберген қателіктерін ескеру үшін екі-үш жылдай техникалық хатшылардың құрамын өзгертпеу;
- қосымша үстеме ақы немесе басқа да марапаттауларды жүзеге асыру сияқты жағдай жасау.
ЖОО-ға дейінгі дайындық және қабылдау бөлімінің жетекшісі Ж.Қарағойшин
Достарыңызбен бөлісу: |