5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
5.1. Дәрістердің тезистері
№ 1 дәріс
Тақырып: ҚР Конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері.
Мақсаты: ҚР Конституциялық құқығы ғылымының, құқық саласының және оқу пәнінің ұғымын, пәнін және әдістерін ашу.
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі. Конституиялық құқықтың Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық жүйесіндегі орны және рөлі. ҚР Конституциялық құқығының пәні және оның ерекшеліктері. ҚР Конституциялық құқығының әдістері (өкілеттендіру, міндеттеу, тыйым салу, тану және т.б.). ҚР Конституциялық құқығының қазіргі кезеңдегі даму тенденциялары. ҚР Конституциялық құқығының жүйесі: түсінігі, құрылым элементтері. Конституциялық-құқықтық институттар.
Конституциялық-құқықтық нормалар: түсінігі, ерекшеліктері, түрлері. Конституциялық-құқықтық қатынастар: түсінігі, оларға тән белгілер, түрлері. Конституциялық-құқықтық қатынастар субъектілері, олардың жіктелуі. Конституциялық құқықтың қайнар көздері: Конституция, қонституциялық заңдар, заңдар, халықаралық шарттар, декларациялар және т.б. Қазақстан Республикасындағы конституциялық-құқықтық жауапкершілік: түсінігі, мазмұны, негізгі субъектілері.
№ 2 дәріс
Тақырып: ҚР Конституциясы – мемлекет және қоғамның Негізгі Заңы.
Мақсаты: ҚР Конституциясының ұғымын және мәнін анықтай отырып, оның заңды қасиеттерін, құрылымын, қызметтері мен қағидаларын ашу.
ҚР-ның Конституциясы: түсінігі және мәні. ҚР Конституциясының нысаны және құрылымы. ҚР Конституциясының әлеуметтік функциялары және қағидалары. Конституцияны қабылдау және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі. ҚР-ның Конституциясын қорғау.
Қазақстанның конституциялық дамуының негізгі кезеңдері: 1926 ж., 1937 ж., 1978 ж. Қазақстан Конституцияларына тән белгілер және ерекшеліктері. 25 қазан 1990 ж. Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 16 желтоқсан 1991 ж. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң. 1993 ж. ҚР-ның Конституциясы және оның тарихи маңызы. 1995 жылғы Конституцияны даярлау және қабылдау ерекшеліктері. Конституциялық реформа (қазан, 1998 ж., мамыр 2007 ж.) – оның Қазақстан Республикасындағы демократизациялау процестерін тереңдетудегі рөлі.
№ 3 дәріс
Тақырып: ҚР конституциялық құрылымының негіздері және әкімшілік аумақтық құрылысы.
Мақсаты: ҚР-ның конституциялық құрылысын, қызметі мен ұйымдастыру қағидаларын, Қазақстанның мемлекеттік нысанын түсіндіру.
ҚР-ның конституциялық құрылымының түсінігі. ҚР-ның Конституциясында мемлекет нысанының негізгі белгілерінің бекітілуі (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режим). ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы түсінігі мен оның негізгі қағидаттары.
ҚР-ның мемлекеттік егемендігі: түсінігі, мазмұны және мәні. Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі. Демократияның тікелей және өкілді нысандары. ҚР-да қолданыстағы құқықтың конституциялық негіздері. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері.
ҚР қызметінің негізгі қағидалары. ҚР-да мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу және қызметінің конституциялық негіздері. Біртұтас биліктің бөліну қағидасы. ҚР-ның мемлекеттік органдар әрекеттесу кезінде тежеу және тежемелік жүйесін қолдану.
Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде қалыптасу жолында. Адам – мемлекеттің ең қымбат қазынасы. Тұлға, қоғам және мемлекет ара қатынасының конституциялық негіздері.
№ 4 дәріс
Тақырып: Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері.
Мақсаты: ҚР азаматтығы ұғымын түсіндіре отырып, оны алу және тоқтату негіздерімен таныстыру. ҚР азаматтарының конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттерімен тансытыру.
Адам және азамат құқықтық мәртебесі негіздерінің түсінігі, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негізгі элементтері. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің дуализмі (адам және азамат құқықтары). ҚР-дағы жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің қағидалары. Адам құқықтары аясында ҚР-ның заңнамасының және халықаралық ұқықтың ара қатынасы.
ҚР-ның азаматтығы аса маңызды конституциялық-құқықтық институт ретінде. Азаматтық институтының конституциялық-құқықтық түсінігі. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу және тоқтату негіздері. ҚР азаматтығы жоқтар мен шетел азаматтарының құқықтық жағдайы. Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі түсінігі. Азаматтық түсінігі мен мәні. ҚР азаматтығын алудың, бас тарту мен тоқтатудың негіздері. ҚР азаматтығы жоқтар мен шетел азаматтарының құқықтық жағдайы. Шетел азаматтарының сараптамасы. Шетел азаматтарының ҚР-да құқықтық жағдайының қағидалары. ҚР-дағы шетел азаматтарының жауапкершілігі. Ќазаќстан Республикасыныњ азаматтыѓы зањѓа сєйкес алынады жєне тоќтатылады, ол ќандай негізде алынѓанына ќарамастан, бірыњѓай жєне тењ болып табылады. Республиканыњ азаматын ешќандай жаѓдайда азаматтыѓынан, µзініњ азаматтыѓын µзгерту ќ±ќыѓынан айыруѓа, сондай-аќ оны Ќазаќтаннан тыс жерлерге аластауѓа болмайды. Республика азаматыныњ басќа мемлекеттіњ азаматтыѓында болуы танылмайды. Республиканыњ халыќаралыќ шарттарында µзгеше белгіленбесе, Ќазаќстан Республикасыныњ азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. Республика µзініњ одан тыс жерлерде ж‰рген азаматарын ќорѓауѓа жєне оларѓа ќамќорлыќ жасауѓа кепілдік береді.
ҚР азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының түсінігі. Негізгі конституциялық құқықтар мен бостандықтар. Азаматтардың конституциялық міндеттері. Азаматтардың жекелік құқықтары. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар. Саяси құқықтар мен бостандықтар. Ќазаќстан Республикасында Конституцияѓа сєйкес адам ќ±ќыќтары мен бостандыќтары танылады жєне оларѓа кепілдік беріледі. Адам ќ±ќыќтары мен бостандыќтары єркімге тумысынан жазылѓан, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, зањдар мен µзге де нормативтік ќ±ќыќтыќ актілердіњ мазм±ны мен ќолданылуы осыѓан ќарай аныќталады.
№ 5 дәріс
Тақырып: Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық негіздері.
Мақсаты: Қоғамдық-саяси институттардың конституциялық-құқықтық мәртебелерін түсіндіру.
Көппартиялы жүйенің Қазақстан Республикасында қалыптасуы. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен ара қатынасының конституциялық қағидалары. ҚР-дағы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі. ҚР-дағы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі.
№ 6 дәріс
Тақырып: Сайлау құқығы және Қазақстан Республикасының сайлау жүйелері.
Мақсаты: Сайлау құқығы түсінігі және қағидалары, сайлау жүйелерінің түрлерін түсіндіру.
Сайлау жүйесі мен сайлау құқығы түсінігі. Сайлау органдары: түсінігі, жүйесі, өкілеттік мерзімдері. Сайлау процесі: түсінігі және негізгі кезеңдері (сайлауды белгілеу, сайлау аймақтарын және учаскелерін құру, сайлаушылардың тізімдерін құрастыру, кандидаттарды ұсыну, оларды тіркеу, сайлау алдындағы үгіт, сайлауды қаржыландыру, дауыс беру және дауыстарды санау, сайлау қорытындысын шығару). Сайлаудың мажоритарлық, пропорционалдық және аралас жүйелері. ҚР сайлауды өткізудің құқықтық негіздері. Дауыс беру тәртібі мен сайлауды қорытындылау.
Азаматтардың сайлау құқығы. Белсенді, бәсең сайлау құқығы. Төте және жанама сайлау құқығы. Орталық сайлау комиссиясының мәртебесі. ҚР Президентін, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі депутаттары мен жергілікті өкілді және өзін өзі басқару органдарын сайлаудың ерекшеліктері. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық рефендумға қатысуға құқығы бар.Сот іс әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
№ 7 дәріс
Тақырып: Республикалық референдум.
Мақсаты: Референдум ұғымын түсіндіре отырып, оны өткізу тәртібімен таныстыру.
Халық билігі түсінігі. ҚР халқының билікті жүзеге асыру нысандары. Референдум түсінігі, онда қаралатын мәселелер. Референдум өткізу және оны қорытындылау тәртібі. Қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың құқықтық мәртебесі.ҚР халықтық билікті жүзеге асыру нысандары. Биліктің үш тармағының бөлінісі. Республикалық референдумды тағайындау мен өткізу тәртібі. ҚР құқықтық жүйесіндегі қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың орны. Мемлекетік биліктің бірбен бастауы –халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі өзге мемлекетік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
№ 8 дәріс
Тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.
Мақсаты: ҚР мемлекеттік органдарының жүйесін түсіндіру.
Мемлекеттік орган: түсінігі, негізгі белгілері. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылу және қызмет етуінің конституциялық қағидалары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі (Президент, Парламент, Соттар, Конституциялық Кеңес, Прокуратура және т.б.).
ҚР Прокуратурасы органдары қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері. ҚР Прокуратурасының ұйымдастырылуы қағидаттары. Бас Прокурордың құзыреті. Прокуратураның конституциялық қадағалау қызметі. ҚР Прокуратурасы органдарының құқықтық мәртебесі. Бас Прокурордың құзыреті. Прокуратураның конституциялық қадағалау қызметі. ҚР прокуратура органдарының жүйесі. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел – іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез –келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіред, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазмды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және республика президентіне ғана есеп береді.
№ 9 дәріс
Тақырып: ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі.
Мақсаты: Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі Президенттің алатын орны мен рөлін, оның құзыретін түсіндіру.
ҚР Президент институтының пайда болуы мен дамуы. ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі. ҚР Президентінің актілері. ҚР Президентін сайлау және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі. ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі. ҚР Президенті мен Парламенттің арақатынасы. ҚР Президентін сайлау мен оның өкілеттігін тоқтату. Қазақстан республикасының президенті – мемлекеттің басшысы, мемлеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынасарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республиканың президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің , Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.Республика Президеті мемлкеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарның халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.
№ 10 дәріс
Тақырып: ҚР Парламентінің мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.
Мақсаты: Жоғары мемлекеттік билік жүйесіндегі Парламенттің алатын орны мен рөлін, оны қалыптастыру тәртібін және құрылымын түсіндіру.
ҚР Парламентаризм институтының қалыптасуы мен дамуы. ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, өкілеттігі, оның жұмыс органдары. ҚР Парламентінің заң шығарушылық қызметі. Парламенттің қызметін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі. ҚР Парламенті қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі. Парламент және оның Палаталарының Регламенті. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламенттің өкілеттігі оынң бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сесиясы жұмысқа кіріскен кезден басталады. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Парламент депутаттары бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкіліеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – бес жыл. Платалар әр палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комиттер құрады. Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, сенат пен мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
№ 11 дәріс
Тақырып: Қазақстан Республикасының Парламент депутатының конституциялық-құқықтық мәртебесі.
Мақсаты: ҚР Парламенті депутаттарының конституциялық-құқықтық мәртебесін түсіндіру.
Халық өкілдігі түсінігі. ҚР-ның Парламент депутатының конституциялық-құқықтық мәртебесі. Парламент депутаты қызметінің негізгі қағидалары. Парламент депутаттары бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкіліеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – бес жыл. Парламент депутатының өкілеттіктері. Депутаттың Парламент сессияларына, оның палаталар отырыстарына қатысуы. Депутат сұраулары мен сұрақтары. Депутатқа қолсұқпаушылық. Парламенттегі депутаттардың бірлестіктері. Парламент депутатына қолданыла алатын жазалау шаралары.
№ 12 дәріс
Тақырып: Қазақстан Республикасының Үкіметінің конституциялық мәртебесі.
Мақсаты: Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі Үкіметтің алатын орны мен рөлін, оның құзыретін ашу.
ҚР Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, өкілеттігі, оның құрылу тәртібі. ҚР Үкіметінің Парламент және ҚР Президентімен қарым-қатынасы. ҚР Үкіметінің актілері. ҚР Үкіметі қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері. Өзге де орталық мемлекеттік атқару органдар. ҚР Үкіметінің актілері. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Республика Премьер – Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер –Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президетіне ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді. Қазастан Республикасының Үкіметі өз құзыретінің мәселелері бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады.Республиканың Премьер-Министрі республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президенті алдында өз өкілеттігін доғарады.
№ 13 дәріс
Тақырып: Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау.
Мақсаты: Конституциялық бақылау ұғымын түсіндіре отырып, Конституциялық Кеңестің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныстыру.
ҚР Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі, оның мемлекеттік билік жүйесіндегі орны. ҚР Конституциялық Кеңесінің құрамы мен оны құру тәртібі. ҚР Конституциялық Кеңесінің құзыреті. Конституциялық бақылау институтының түсінігі. ҚР Конституциялық Кеңесі қызметінің құқықтық негіздері. Конституциялық Кеңеске шағымдану құқығы бар субъектілер. Конституциялық іс жүргізу түсінігі. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық кеңестің төрағасын Республиканың Президеті тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республиканың президенті, екі мүшесін Сенат, екі мүшесін Мәжіліс тағайындайды.Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Конституциялық кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қло қойылмайдыне, тиісінше бекітілмейді және күшіне енгізілмейді. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
№ 14 дәріс
Тақырып: Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық негіздері.
Мақсаты: ҚР сот жүйесінің құрылымымен таныстыру.
ҚР сот жүйесінің түсінігі. Сот билігінің тәуелсіздігінің конституциялық кепілдіктері. ҚР әділсотты жүзеге асырудың кепілдіктері. ҚР соттарының жүйесі. ҚР сот билігін жүзеге асыру принциптері. ҚР Жоғарғы сотының құқықтық мәртебесі. ҚР жергілікті және басқа да соттары. ҚР судьяның құқықтық мәртебесі. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен көзделген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы соты және Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және Конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының,заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғарғы заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
№ 15 дәріс
Тақырып: ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.
Мақсаты: Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының құрылысын және құзыреттерін анықтау.
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі. Мәслихаттар – жергілікті өкілді органдар. Мәслихаттардың құрылу тәртібі мен құзыреті. Мәслихаттардың құқықтық актілері. Мәслихаттар өкілеттігін тоқтату негіздері. Мәслихат депутатының құқықтық мәртебесі.
Әкімияттар – ҚР-ның жергілікті атқарушы органдары. Әкімияттардың өкілеттігі. Әкім - әкімшілік-аумақтық бірліктің басшысы. Әкімнің құзыреті. Облыс, аудан, поселке, ауыл, ауылдық аймақтың әкімін тағайындау (сайлау) тәртібі.
ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың конституциялық негіздері. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдар – маслихаттар тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын белгілейді. Маслихат депутаттарын жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы маслихат депутаты болып сайлана алады. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органды Республика президенті мен Үкіметтің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік- аумақтық бөліністің әкімі басқарады. Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселеллер бойынша шешімдер, ал әкімдер – тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
5.2. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған. Алматы, ЮРИСТ. 2007 ж.
«Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы» 25 қазан 1990ж. қабылданған Декларация.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. 1991 жылғы 16 желтоқсан Соңғы редакциядағы күні: 16.12.1991 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңы Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 конституциялық заңы Соңғы редакциядағы күні: 24.11.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасының Президентi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Конституциялық заңы Соңғы редакциядағы күні: 06.05.1999 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасының үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 конституциялық заңы Соңғы редакциядағы күні: 24.11.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 конституциялық заңы Соңғы редакциядағы күні: 06.05.1999 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы Соңғы редакциядағы күні: 14.04.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 4
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Соңғы редакциядағы күні: 24.11.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы. Соңғы редакциядағы күні: 25.12.2000 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 7833
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер жағдайындағы жергiлiктi өкiлдi органдар жүйесi туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. 1997 жылғы 19 маусымдағы N 130 Соңғы редакциядағы күні: 20.07.1999 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Саяси партиялар туралы.Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344-ІІ Заңы Соңғы редакциядағы күні: 23.02.2005 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 12701.
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 4 шілде N 336-ІІ Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 12694
Әділет органдары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы Соңғы редакциядағы күні: 29.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 11583.
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 13 желтоқсан N 267-ІІ Соңғы редакциядағы күні: 13.12.2001 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 10612.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2001 жылғы 28 мамыр N 203-ІІ Соңғы редакциядағы күні: 28.05.2001 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 9033.
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 23 қаңтар N 149-ІІ. Соңғы редакциядағы күні: 27.01.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 7951
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы Соңғы редакциядағы күні: 21.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 7966
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132 Конституциялық заңы. Соңғы редакциядағы күні: 25.12.2000 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 7833
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі N 83-ІІ Конституциялық заңы Соңғы редакциядағы күні: 20.07.2000 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 6733.
Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 10 желтоқсан N 493-І Соңғы редакциядағы күні: 23.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 4875
Мемлекеттік қызмет туралыҚазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 заңы Соңғы редакциядағы күні: 25.09.2003 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 4054
Терроризмге қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 13 шілде N 416-I Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 3686
Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 7 маусым N 389 Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 3197.
Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 5 сәуір N 365-I Соңғы редакциядағы күні: 31.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 2491
Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 17 желтоқсан N 321-I Соңғы редакциядағы күні: 24.12.2001 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 1816
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 2 шiлде N 267 Соңғы редакциядағы күні: 11.05.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 937
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 26 маусым N 233Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 844
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Соңғы редакциядағы күні: 16.06.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 229
Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңы Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 332
Нотариат туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 заңы Соңғы редакциядағы күні: 31.01.2005 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 11 шiлде N 151 Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Сот приставтары туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 150 Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1997 жылғы 19 маусым N 135 Соңғы редакциядағы күні: 24.12.2001 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 19 маусым N 131 Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 19 мамыр N 111 Соңғы редакциядағы күні: 13.01.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1997 жылғы 7 мамыр N 101 Соңғы редакциядағы күні: 19.05.1999 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: 7
Ұжымдық еңбек даулары мен ереуiлдер туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1996 жылғы 8 шiлде N 20-I Соңғы редакциядағы күні: 08.07.1996 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 10 маусым N 6-I Соңғы редакциядағы күні: 09.07.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қоғамдық бiрлестiктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3-I Соңғы редакциядағы күні: 23.02.2005 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Жекешелендiру туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заңы Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 заңы Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 заңы Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заңы Соңғы редакциядағы күні: 29.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2126 Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1994 жылғы 15 қыркүйек Соңғы редакциядағы күні: 29.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 8 желтоқсан N 4200 Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының ЗАЁЫ. 1993 жылғы 14 сәуiр N 2200 Соңғы редакциядағы күні: 19.01.2001 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Кәсiптiк одақтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1993 жылғы 9 сәуiр Соңғы редакциядағы күні: 10.07.2002 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 1993 жылғы 19 қаңтар N 9000 Соңғы редакциядағы күні: 21.03.2002 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 13 қаңтар N 1873-II Соңғы редакциядағы күні: 20.12.2004 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы Соңғы редакциядағы күні: 23.02.2005 Мем. тіркелімдегі нөмірі: жоқ
Негізгі әдебиеттер:
Ғ.С. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы; Жеті Жарғы. 2000 ж.
С.А. Табанов. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы; Жеті Жарғы, 2003 ж. 458 бет.
Ө.К. Қопабаев. Шетелдердің конституциялық құқығы. Алматы, Жеті Жарғы, 1998 ж. 159 бет.
Ғ.С. Сапарғалиев., А.С. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы. 1999 ж. 354 бет.
Сагиндыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан. Курс лекций. Алматы, Білім, 1999 г.
Конституционное право Республики Казахстан. Терминологический словарь. Алматы, Жеті Жарғы, 1995 ж.
Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. Алматы Жеті жарғы, 1996 г.
Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы, Жеті Жарғы, 1997 ж.
Сартаев и др. Конституционное право Республики Казахстан. Учебное пособие. Алматы, 1997 г.
10. Баишев Ж.Н. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, Жеті Жарғы. 2001 г. С 392.
Қосымша әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. Конституция – Қазақстанның өркендеуі мен тұрақтылығының негізі. // Егеменді Қазақстан. 30 тамыз 2000 ж.
Козлова Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право Российской Федерации. М. Юрист. 1995 г.
Ашитов З.О. Право суверенного Казахстана. Алматы. Жеті жарғы. 1996 ж.
Баишев Ж.Н. Судебная защита Конституции. Алматы, Жеті Жарғы. 1994 ж.
Ғ.С. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 1994 ж.
Конституция Республики Казахстан. /научно-правовой коментарий/. Под.ред. Г. Сапаргалиева.
Джунусова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. Алматы; Жеті жарғы. 1996 ж.
Баишев Ж.Н. Над властью и народом: о конституционном правовом статусе Президента Рсепублики Казахстан. // Казахстанская правда, 29 октября 1998 г.
Котов А. Суверенный КазахстанН гражданин , нация, народ. Алматы, Жеті Жарғы, 1997 г.
10. Нурпейсов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской власти – к президенсткой республике. Алматы, Жеті жарғы. 1996 г.
6. СЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
№
|
Практикалық сабақтың тақырыбы
|
Практикалық сабақтың мазмұны
| Әдебиет
|
1
|
ҚР Конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері.
|
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі. ҚР Конституциялық құқығының пәні және оның ерекшеліктері. ҚР Конституциялық құқығының әдістері (өкілеттендіру, міндеттеу, тыйым салу, тану және т.б.). Конституциялық-құқықтық нормалар мен институттар. ҚР конституциялық құқығының жүйесі. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектілері. Конституциялық құқықтың қайнар көздері.
|
№ 1, 2, 4, 5, 6, 9, 10.
|
2
|
ҚР Конституциясы – мемлекет және қоғамның Негізгі Заңы.
|
ҚР Конституциясының мәні.
ҚР Конституциясының негізгі қызметтері.
ҚР Конституциясының заңды қасиеттері.
ҚР Конституциясының қағидалары.
|
№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10.
|
3
|
ҚР конституциялық құрылымының негіздері және әкімшілік аумақтық құрылысы.
|
ҚР-ның Конституциясында мемлекет нысанының негізгі белгілерінің бекітілуі (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режим). ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы түсінігі. Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, құқықтық және зайырлы мемлекет.
|
№ 1, 2, 5, 6, 9, 10.
|
4
|
Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері.
|
Азаматтық түсінігі мен мәні. ҚР азаматтығын алудың, бас тарту мен тоқтатудың негіздері. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі.
ҚР азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының түсінігі. Азаматтардың конституциялық міндеттері.
|
№ 1, 2, 5, 6, 9, 10.
|
5
| Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық негіздері. |
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен ара қатынасының конституциялық қағидалары. ҚР-дағы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі. ҚР-дағы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі.
|
№ 1, 2, 5, 6, 9, 10.
|
6
|
Сайлау құқығы және Қазақстан Республикасының сайлау жүйелері.
|
Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: түсінігі, қағидалары. Сайлау құқығындағы ценздер: түсінігі және түрлері. Сайлау жүйелері, олардың ерекшеліктері.
Сайлау органдары: түсінігі, жүйесі, өкілеттік мерзімдері. Сайлау процесі: түсінігі және негізгі кезеңдері.
|
№ 1, 2, 5, 6, 9, 10.
|
7
|
Республикалық референдум.
|
ҚР халықтық билікті жүзеге асыру нысандары. Референдум түсінігі, қағидалары және онда қаралатын мәселелер. Республикалық референдумды тағайындау мен өткізу тәртібі.
|
№ 1, 2, 5, 6, 9, 10.
|
8
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.
|
Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылу және қызмет етуінің конституциялық қағидалары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі. ҚР Прокуратурасы органдарының құқықтық мәртебесі.
|
№ 1, 2, 5, 6, 9, 10.
|
9
|
ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі.
|
ҚР Президент институтының пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері. ҚР Президентінің жоғары мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орны. ҚР Президентінің құзыреті. Президенттік лауазымнан мерзімінен бұрын босату және қызметінен кетіру тәртібі. Президенттің құқықтық актілері. ҚР-ның тұңғыш Президентінің құқықтық мәртебесі.
|
№ 1, 2, 5, 6, 9, 10.
|
10
|
ҚР Парламентінің мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.
|
ҚР Парламентаризм институтының қалыптасуы мен дамуы. ҚР Парламентінің жоғары мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орны және рөлі. ҚР Парламентінің құрылымы. Парламент Сенаты мен Мәжілісін құру тәртібі. ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, оның үйлестірушілік және жұмыс органдары. ҚР Парламентінің заң шығарушылық қызметі. Парламенттің қызметін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі.
|
№ 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
|
11
|
Қазақстан Республикасының Парламент депутатының конституциялық-құқықтық мәртебесі.
|
ҚР-ның Парламент депутатының конституциялық-құқықтық мәртебесі. Парламент депутаты қызметінің негізгі қағидалары. Парламент депутатының өкілеттіктері. Депутаттың Парламент сессияларына, оның палаталар отырыстарына қатысуы. Депутат сұраулары мен сұрақтары. Депутатқа қолсұқпаушылық. Парламенттегі депутаттардың бірлестіктері. Парламент депутатына қолданыла алатын жазалау шаралары.
|
№ 1, 2, 5, 6, 8, 9, 10.
|
12
|
Қазақстан Республикасының Үкіметінің конституциялық мәртебесі.
|
ҚР Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, оның құрылу тәртібі. Үкіметтің жоғары мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орны мен рөлі. Үкіметтің отставкаға кету мәселелері. ҚР Үкіметінің актілері. ҚР Үкіметінің құзыреті, есеп беруі және жауапкершілігі. ҚР Үкіметінің Парламент және ҚР Президентімен қарым-қатынасы.
|
№ 1, 2, 5, 6, 9, 10.
|
13
|
Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау.
|
Конституциялық бақылау институтының түсінігі. ҚР Конституциялық Кеңесі қызметінің құқықтық негіздері. Конституциялық Кеңеске шағымдану құқығы бар субъектілер. Конституциялық іс жүргізу түсінігі.
|
№ 1: 498-526;
№ 3: 395-411.
|
14
|
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық негіздері.
|
ҚР сот билігін жүзеге асыру принциптері. ҚР Жоғарғы сотының құқықтық мәртебесі. ҚР жергілікті және басқа да соттары. ҚР судьяның құқықтық мәртебесі. ҚР-ның Жоғары Сот Кеңесін құру тәртібі, оның құрамы және өкілеттіктері.
|
№ 1, 2, 5, 6, 9, 10.
|
15
|
ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.
|
ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру. Маслихаттардың құрылу тәртібі, олардың өкілеттігі. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті. ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың конституциялық негіздері.
|
№ 1, 2, 5, 6, 9, 10.
|
Достарыңызбен бөлісу: |