Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті
Тарих және педагогика факультеті
Психология кафедрасы
Тақырыбы: Темперамент
Дайындаған:
Жоспар
| Кіріспе
|| Негізгі бөлім
1. Темперамент теорияларына жалпы шолу.
2. Темперамент қасиеттері. Темпераменттің физиологиялық негіздері
3. Темперамент - жеке тұлға ерекшелігі .
4. Темперамент және тұлға.
5. Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.
||| Қорытынды.
Темперамент (лат. темпераментұм - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
Темперамент латын тілінен аударғанда «temperamentum» бөліктердің ара қатынасы дегенді білдіреді. Бөліктердің ара қатынасы деген атауды, темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелг грек дәрігері-Гипократтың көзқарастарын зерттеуші, римдік дәрігер Клавдий Гален енгізген. Гиппократтың өзі психикалық қасиеттер жиынтығын бөліктер қатынасына тиісті қоспа ретінде «красис» деп атады.
Индивид мінез-құлқында көрінетін психикалық динамикалық қасиеттердің жиынтығы, пайда болу жылдамдығы мен сезім күшінде және адамның жалпы қимыл қозғалысында көрінетін жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы темперамент деп аталады
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топрақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент — адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.
Адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуіне сырттай із қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай әуелі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден-бірдұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Осы айтылғадардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалы мен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.
Сангвиник. Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
Холерик - Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.
Жағымсыз жағы ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді
Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді
Меланхолик. Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түсед
Лептосоматик –бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын сидиған.Пикник – мығым, семізшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.Атлетик –бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.Диспластик –(дис –нашар,пластик –қалыптасқан) дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әр-қилы мүшелік зақым-сырқаттарға ұшырағандар(сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер)Сонымен қатар Кречмер тағы бір «белгісіз» (анықталмаған) дене құрылым типін атап көрсетті. Ауытқуларды қарастыруда пихиканың патологиялық жағынан көрінуін дене құрылымына байланысты анықтады.
Лептосоматик шизотомик темперамент типіне бейімделген, пикник циклотомик темперамент типіне бейімделген. Оның мінезі желікпе депрессивті психоз ауруына жақын(циклотомик) Атлетиктер эпилепсияға бейімділігімен көрінеді(иксотомиктер)Шизотомик (лептосоматик) –дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмрциялары ауыспалы, тұрақсыз талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемделуі қиын.Иксотомик –денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдылығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабілеті баяу, көбіне майдашыл.Циклотомик– семізшең , домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарасты шындықтан ауытқымайды.