5 тақырып. Русьтегі феодалдық бытыраңқылық кезеңі ХІІ-ХІІІ ғғ. - 1 сағат
Феодалдық бытыраңқылықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары, зардаптары.
Феодалдық бытыраңқылықтың мәні.
ХІІ-ХІІІ ғғ. Бірінші жартысындағы орыс жерлері.
Русьтің халықаралық жағдайы.
Владимир-Суздаль княздығы
ХІ ғ ортасына дейін Ростов-Суздаль жерін Киевтен жіберілдетін посадниктер басқаратын. Оны шынайылап «князьдандыру» бұл жер кіші «Ярославичке»-Всеволод Переяславскийге тиіп, оның ұрпақтарына атадан қалған «болыс» ретінде бекігенен басталды.
ХІІ-ХІІІ ғ Ростов-Суздаль жері өзін Русьегі аса күшті жерлердің қатарына қосқан хэкономикалоық және саяси өрлеуді басынан кешіреді. ХІІ ғ 30-жылдарының басында Мономахтың ұлы Юрий Владимирович Долгорукийдің басқаруы тұсында Ростов-Суздаль жері тұңғыш рет тәуелсіздікке ие болды. Князьдардың барлық қырқыстарына араласатын, өзінің «ұзын қолдарын» өз князбдығынан алыстағы қалалар мен жерлерге созатын Юрийдің әскери-саяси белсенділігі оны Русьтің ХІІІ ғ орта шеніндегі саяси өмірінің ең басты қайраткерлерінің біріне айналдырылды. Юрий бастаған және оның ізбасарлары жалғастырған Новородпен күрес, Волго Болгариясымен соғыс княздықтың шекаралары Подвинье және Волго Кама жерлеріне қарай кеңейе берудің бастамасын салып берді. Бұрын Черниговқа қарай бой бұрған Рязань мен Муром да Суздаль княздарының ықпалына түсті.
Андрей Юрьевич Боголюбскийдің князьдық құруы (1157-1174жж) Суздаль княздығының өз князьдығынң орыстың басқа жерлеріне саяси гегемониясы үшін күрестің басталуымен аталып өтті. Ұлы князь деген титулдан дәмеленген, Новгород та өзіне толық бағындырып алғысы келген және басқа князьдарды оның Русьтегі басшщылығын мойындауға мәжбүр етпек болған Боголюбскийдің атақ құмарлық әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Алайда удельдік князьдарды Русьтің аса күшті князьдықтарының біріндегі билеп төстеушісі әміршіге бағындыру негізінде елдің мемлекеттік-саяси тұтастығын қалпына келтірудің ендігі бой көрсете бастаған тенденциясы нақ осы әрекеттерден өз бейнесін тапты.
Әдебиеттер:
1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997
4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
5. Кучкин В.А. Формирование государственной территории Северо-восточной Руси в Х-ХІVвв. М. 198
6 тақырып. Орыс халқының жат-жерлік шапқыншыларға қарсы күресі ХІІ-ХІІІ ғғ. - 1 сағат
Неміс және швед феодалдарының Руське агрессиясы.
Монғол-татар шапқыншылығының басталуы.
Алтын-Орда. Қоғамдық-саяси құрылымы.
Монғол-татар езгісінің орнығуы және оның зардаптары.
Чернигов және Смоленск князьдықтары.
Днепрді бойлаған екі ірі князьдықтың экономикасында және саяси құрылысында шығыс славяндар мәдениетттің негізгі ошақтары болған басқа орыс князьдықтармен көп ұқсастықтары болды. Мұнда ІХ-Хғ өзінде және боярлық ірі жер иеленушілік қалыптасты, қолөнер өндірісінің орталықтарына айнала бастаған, маңайдағы селолық аймақтарға қызмет көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге дамыған сыртқы байланыстары бар қалалар тез өсті. Шығыс Европаның аса маңызды сауда жолдары Волганың, Днепрдің және батыс Двинаның жоғарғы жағы тоғысып жатқан Сммоленск князьдығының әсіресе батыспен кең сауда байланыстарын жасады. Новгород феодалдық республикасы. ХІІ ғ анағұрлым дамыған орыс жерлерінің бірі-Новгород жерлерінде князьдік монархиялардан, өзгеше ерекше бір саяси құрылыс қалыптасты. Ильмен және Чуть көлінің аралығында Волхов, Ловать, Великая, Молога және Мста өзендерінің бойында жатқан жерлер Новгород-Псков жерінің ежелгі кіндігі болатын.
Әдебиеттер:
1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997
4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
5. Кучкин В.А. Формирование государственной территории Северо-восточной Руси в Х-ХІVвв. М. 198
7 тақырып. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуінің басталуы - 1 сағат
Бірорталыққа бағынған мемлекеттің құрылуының әлеуметтік-экономикалық алғышарттары.
Мәскеу төңірегіне бірігудің басталуы.
Монғол-татарларға қарсы күресте Мәскеу князьдігінің ролінің арта түсуі.
Монғол езгісіне қарсы күрестің басталуы. Куликово шайқасы.
XIV-XV ғасырларда Орыс жерлерінің бір орталыққа, Москва төңірегіне бағынған мемлекетке бірігуі
XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында орыс халқының өздерінің мемлекеттік бірлігі мен ұлттық тәуелсіздігі үшін екі ғасырдан астам жүргізген ерлік күресі орыс жерлерін ір орталыққа – Москва төңірегіне бағынған Русь мемлекетіне бірігумен аяқталды.
Феодалдық бытыраңқылықты жеңу және феодалдық құрылыс шеңберінде орталықтандырылған мемлекет құру процесі – тарих ғылымы алдында тұрған ортақ проблемалардың бірі. Мемлекетті таптан жоғары өз алдына саяси күш деп қарап, көрнекті жеке адамдардың қызметі арқылы тарихтың дамуын белгілейтін орыстың дворяндық және буржуазиялық тарихнамасы Русьтегі орталықтандырылған мемлекеттің құрылуын москвалық князьдардың «иеліктерінің» өсуіне немесе олардың «өкіметтерінің» «жиналуына» әкеліп соқтырды. Оған географиялық, саяси немесе экономикадық тәртіптер де негіз қалаған еді.
Совет ғалымдары орталықтандырылған Русь мемлекетінің құрылуындағы проблемаларды зерттеуде К.Маркс және Ф.Энгельс ашқан феодалдық құрылыстың негізінде материалдық қоғамдық өндірісті дамытудың белгілі бір сатысы мен қоғамдық қатынастарда, орталықтандырылған мемлекеттің пайда болуының тенденциясы орта ғасырда тарихи прогрестің аса маңызды тетігіне айналған, өздерінің ұлттық мемлекетін құруға талпынған ұқсас тілдердің этникалық топтарынан хлықтардың қалыптасуының тарихи заңдылығына сүйенеді.
XIII-XV ғасырларда болған көптеген Еуропа мемлекеттерінде, мемлекеттік саяси орталықтандырудың негізіне жататын әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлардың барлық ортақтығымен қатар орталықтанған Русь мемлекетінің құрылуында кездескен өздеріне тән ерекшеліктері де болды.
Монгол-татар шапқыншылығынан қалған алтынордалық ауыр басқыншылықты тереңдеткен өте-мөте ауыр жағдайлар орыс жерлерінің экономикалық жағынан дамуына кедергі жасады, олардың монгол шапқыншылығынан құтылған алдыңғы қатарлы Батыс Еуропа елдері дамуынан қалып қоюдың бастамасына негіз салды. Феодалдық бытыраңқылықты сақтауға және феодалдық-крепостниктік қатынастың нығаюына көмектесті. Русьтегі феодалдық шаруашылықтар жүйесінің әлі тартылмаған және пайдаланбаған аса кең көлемде жер мен адам қорлары орыс жерлерінде XIV-XV ғасырларда жалғасқан феодализмнің тереңірек, кең көлемде үдемелі дамуының негізі болды. Русьтегі саяси орталықтану елдің экономикалық қарым-қатынасын жеңу процесінің бастамасынан едәуір озып кетті және ұлттық тәуелсіздік жолында, сыртқы агрессияға тойтарыс беруді ұйымдастыру күрестерін тездетті. Бірігу тенденциясы барлық орыс жерлерінде пайда болды. Бірігу процестерін басқарған Москваның ұлы князьдары үстем таптың негізгі бұқарасы тарапынан қолду тапты. Бірігу процесін басқарған Москваның ұлы князбдары еркін сауда жасауға, бүкіл ел бойынша рынок байланысын нығайтуға кедергі жасайтын феодалдық бытыраңқылық қалқанын жоюға құштар қала тұрғындарын, әлді ұлы князьдық өкіметтің тұсында бәрінен еңбекші халық бұқарасы зәбір көрген феодалдық ала ауыздықтың қарсылығын басу үшін өкіметтің орталықтандырылған күшті аппаратын құруға мүдделі үстем таптың негізгі бұқарасы тарапынан қолдау тапты.
Русь мемлекеті XIV-XV ғасырлар бойы феодалдық жер иеленушілік пен шаруашылықтың ұлғаюы, крепостниктіктің дамуы, тап күресінің шиеленісуімен феодалдық негізде қалыптасты. Бірігу процесі XV ғасырдың аяғында феодалдық крепостниктік монархияның құрылуымен аяқталды.
XV ғасырдың аяғында Русь мемлекетінің негізгі территориясы Владимир-Суздаль, Новгород-Псков, Смоленск және Муром-Рязань жерлері мен Чернигов князбдығының бірқатар жерлерінен құралатын. Ұлы орыс халықтары мен Русь мемлекетінің қалыптасуының территориялық өзегі Владимир-Суздаль жері болды.
Монгол-татар шапқыншылығы қол үзген бұл жерлер (бұрында олар мен бірге жиынтық бірыңғай Русьті құрған жерлермен бірге) әлі де тоқтамаған алтынордалықтардың шабуылы мен батыстан жасалған агрессиядан әлсіреген, орыстар мен батыс орыстар князьдықтары өздерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтап тұра алмады, сөйтіп XIV ғасыр бойы кейбір бөлігі литва Ұлы князьдығы құрамына кірді, кейбір бөлігін Польша мен Венгрия басып алды. Олардың тарихи дамуының өзіндік ерекше жолы бар, оның өзі туысқан ұлы орыс халықтары тарихына украин және белорус халықтарының қосылуының негізін қалады.
Әдебиеттер:
1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997
4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
5. Кучкин В.А. Формирование государственной территории Северо-восточной Руси в Х-ХІVвв. М. 1984
8 тақырып. Бірорталыққа бағынған Орыс мемлекетінің құрылуы және нығаюы (ХҮ-ХҮІ ғғ.) - 1 сағат
Орыс жерлерінің бірігуінің аяқталуы. Алтын-Орда езгісінің жойылуы.
ХҮ-ХҮІ ғғ. Орыс мемлекетінің саяси құрылысы.
Ішкі саяси күрес. Шіркеу және мемлекет.
ХҮІ ғасырдағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
XIV-XV ғасырларда орыс жерлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында өндіріс күштерін, оның өнімділігін дамыуда ең бастысы жыртылған жерлердің көлемін арттыру және жерді өңдеудің әдістерін жетілдіру болды. XIV-XV ғасырларда ауыспалы егістің басты жүйесі үш танапты және қос танапты егіс болды, алайда әсіресе жаңа жерлерді алғашқы кезеңдерінде кез келген жерді кесіп жырту, ауыспалы және қималы егістік сақталды. Жер жыртатын негізгі құрал темір тістері бар темір соқа болып қалды, өйткені ол орманды аймақтың табиғи-жер жағдайына тиімді еді. Үш танапты егістің дамуымен жерді көңмен қоректендіру тәжірибесі енді.
Жыртпалы егіншілік мал өсірумен, бақша және басқа әртүрлі кәсіптермен (балық аулау, аң аулау, бал өсіру, тұз, шөпті және батпақты темір рудаларын іздеп табу және т.б.) ұласты. XIV-XV ғғ. бал арасын өсіру практикаға енді. Шаруалар мен феодалдардың натуралды шаруашылығы негізгі өндірісті және жеке меншік қажеттілігін қанағаттандыратын көмекші үй шаруашылығы мен вотчиналық қолөнерден айырып алғысыз еді. Шаруалар мен феодал шаруашылығының рынок байланысы өте әлсіз және жүйесіз болып қала берді. Әйтсе де, шаруалар кәсіпшілікпен, тұз бен темір кенін өндірумен шұғылданатын, ал феодалдар сыртқы рынокқа аң терісі мен теңіз кәсіпшілігін шығаратын Новгород жерінің кейбір аудандарымен анағұрлым тығыз байланыста болды.
Феодалдық жер иеленушілік
XIII-XV ғасырларда феодалдық мемлекет пен феодалдық вотчиналар еркін шаруақауымын толықтай сіңіріп, феодалдар іс жүзінде жерді иемденуде шаруаларды өздері экономикалық және саяси жағынан билеуге мүмкіндік беретін монопольдық правоны бекітті. Мемлекетке феодалдық тәуелді қауымдық шаруалар мекендеген, «қара» деп аталатын жерлердің және светтік, діни феодалдардың вотчиналық жерлеріәнің жоғарғы иелері деп есептелді. Өздерінің домениалдық кейіннен сарайлық деп аталған жерлерінде князьдар дәл вассалдар сияқты вотчина иелері болды. Новгород феодалдық республикасындағы жоғарғы жер иесі «Ұлы Новгород мырзасы» болатын, Новгородтың князьдармен келіс сөздерінде Новгород республикасында жерді тек қана новгородтық веченің рұқсат етуімен сатып алуға болатындығы әрдайым атап көрсетілген.
Әдебиеттер:
1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997
4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
5. Кучкин В.А. Формирование государственной территории Северо-восточной Руси в Х-ХІVвв. М. 1984
9 тақырып. Иван Грозный басқаруы кезіндегі Ресей - 1 сағат
Иван Грозный басқаруы кезіндегі саяси жағдай.
Иван Грозныйдың қайта құрулары. 1549-1563 жж.
Опричнина.
шаруаларды бекітудің етек алуы. ХҮІ ғасырлардағы аграрлық төңкеріс.
Иван грозный – тарихи тұлға. Оның жеке басына және қызметіне берілетін баға.
XVI ғ. 50-80 жылдарындағы Ресей мемлекетінің ішкі жағдайы мен сыртқы саясаты. Ливон соғысы. Опричина.
XVI ғасырдың 50-ші жылдарындағы ішкі жағдай
Ресей мемлекетінің ішкі жағдайы әлі де осал болып қала берді. Өйткені князь-бояр оппозициясы елде самодержавие билігінің орнатылуымен келіскісі келмеді және өздері пайдаланып келген артықшылықтардың сақталып қалуын талап етті. 1553 жылы патшаның аяқ астынан ауруға шалдығуы, оның айналасындағы ең жақын топтың өз арасындағы елеулі қайшылықтардың бар екенін байқатты. Патша қайтыс бола қалған жағдайда оның әлі жасы жетпеген ұлы Дмитриге адал болу жөнінде ант ету керек деп бұйырыла тұрса да шонжарлардың бір тобы баяғы боярлар билігі тұсында өлтірілген старицкілік князьдың баласы Владимир Андреевичке адал болу жөнінде ант ете бастады. Бұл ант бергендердің арасында «Таңдаулылар радасының» кейбір мүшелері де, соның ішінде патшанынң діни қамқоршысы Сильвестр де болып шықты.
Реформалардың жалғасы
Бірқатар жаңа реформаларды жүзеге асыру жалғасын тапты. Оның ішіндегі ең ірісі 1555-1556 жылдары жүргізілген ел үстінен күнелтуді жою болды. Шекарадағы қалаларда әскерлерге басшылық жасайтын қызымиет адамдары – воеводалар тағайындалды, оларға кейінірек сот-әкімшілік билігі де беріле бастады. Басқа жерлердің барлығында да басқарудың өзіндік жүйесі еңгізілді. Дәулетті қара соқалы шаруалардан, саудагерлердің басшыларынан земство старосталары сайланатын болды. Олар салық салумен, борыш белгілеумен және сот істерімен айналысуы тиіс еді. Жүзеге асырылуы XVI ғасырдың 70-жылдарына дейін созылған земство реформасы жергілікті басқару ісіне қызымет етуші дворяндар мен көпестердің қатысуына неғұрлым кең мүмкіндіктер бере отырып, басқаруды бір орталыққа бағындыруды күшейте түсті. Өйткені сайланған адамдар үкімет мекемелеріне бағынышты болды және мемлекеттік аппараттың белгілі бір буындары болып есептелді. Земство старосталарының қызметін қадағалауды губа старосталары, ал солтүстіктегі қара соқалы волостықтарда – Мәскеу приказдары жүзеге асырылды.
Ливон соғысы туралы шешім.
«Таңдаулылар радасының» ақыры
Бір орталыққа бағындырылған мемлекетті нығайту міндеттері оның Батыс Европа елдерімен байланыстарын күшейте түсу қажеттігін алға қойды. Енді, Шығыстағы қауіпсіздік проблемасы шешілген кезде, ерекше маңызды мәні бар мәселеге – теңіз жағалауына шығу жолындағы күреске кірісуге болатын еді. Әрине, ол кезде Иван Грозный «буржуазиялық өркениетті» дамыту жөнінде өзінің алдына саналы мақсат қоя алған жоқ. Бірақ ұлы географиялық жаңалықтар ашу дәуірінде теңіздегі сауда жолдарына ие болу есебінен тез байып шыға келген Европа елдерінің тәжірибесі мемлекеттік қазынаны байыта түсу үшін сауда ісін дамытудың қаншалықты зор мүмкіндіктер ашатынын айқын көрсетіп берген еді. Теңіз жағалауларына дамып келе жатқан көпестер де құштар еді, ал Прибалтика жерін өсіп келе жатқан дворяндар қажетсінді.
Прибалтика халықтары және Ливон ордені
Ресей мемлекеті Ливониямен болатын соғыста неміс феодалдарының тепкісінен қатты азап шеккен жергілікті Прибалтика халықтарының да қолдауына ие боламыз деп есептеді. Бұл тепкінің кедергі жасап келген әсерінің күштілігі сонша, латыштар мен эстондар ана тілдегі жазу-сызуы XVI ғасырдың екінші ширегінде ғана пайда болды. Эстондар мен латыштардың сол кездегі фоьклоры бұл халықтардың азаттықа ұмтылысын бейнеледі.
Ливон соғысының барысы
Тиісті дипломатиялық және әскери әзірліктен кейін IV Иван 1558 жылы Ливон соғысын бастады. Соғыстың тікелей сылтауы орыс жерінде қызымет етуге шақырылған жүзден астам маманды Ливон орденінің ұстап қалуы болса, оның себебі ретінде ұзақ жылдар бойы «Юрьев салығын» төлемей келгені жөнінде талаптар ұсынылды. Оның үстіне, Ливония 1557 жылы Польшамен одақ құру жөнінде шарт жасасты. Соғыс орыс әскерлерінің жеңісімен басталды. Нарва мен Дерпт алынды, орыс әскерлері 1558 жылдың жазында-ақ Балтық жағалауында тұрды. Әскерлер енді Ревель мен Ригаға шабуыл жасады, Шығыс Пруссия мен Литваның шекараларына дейін жетті. Прибалтика халықтарының ежелгі жауы болған Ливон ордені жергілікті халықтардың қимылына арқа сүйеген орыс қаруының соққысынан быт-шыты шыға бастады. Бірақ көп ұзамай соғыстың барысы өзгеріп сала берді. Феодал шонжарлары Балтық жағалауына онша қызыға қоймады, олардың өз меншіктеріндегі жердің тағдыры әлдеқайда қаттырақ толғандырды, Олар Батыстағы соғыс Қырым хандығына соққы беру, сөйтіп байлығы мол құнарлы даланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты басты міндетті шешуден аулақтатып әкетеді деп түсінді. «Таңдаулылар Радасының» көрнекті мүшелері Ливон соғысына қарсы болды.Соғыс қимылдары қайта басталған 1560 жылдың көктемінде Ливон ордені өмір сүруін тоқтатты, ал оның территориясын бөлісу одан ары жүріп жатты. Солтүстік Эстония швед королінің қол астында қалды. Равел де соған бағынды. Литваға вассалдық тәуелділікте болатын Курляндия герцогтығы құрылды. Сильвестр Словецкий монастырына айналды, ал Адашев – соғыс жүріп жатқан майдан даласына жіберілді де, көп ұзамай өлді.Ливон соғысының аяқталуы.70-жылдардың екінші жатысында Прибалтикада орыс әскерлерінің жаңа шабуылы басталды да, оның бүкіл территориясы дерлік иемденді. Бірақ бұл табыс ұзаққа бармады. 1578 жылы орыс әскерлері бірқатар жеңілістерге ұшырады. 1579 жылы шведтер Новгород жеріне басып кірді, ал Польшаның жаңа королі Стефан Баторий Полоцкіні атой салып кетіп, бірден алып қойды.
Әдебиеттер:
1. Скрынников Р.Г.Опричный террор.М. 1969
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997
4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
10 тақырып. Жаңа заман дәуіріндегі Ресей (ХҮІІ ғ.). Орыс тарихындағы жаңа кезеңнің басталуы - 1 сағат
ХҮІІ ғасыр оқыиғаларына жалпы шолу.
Территориясы. Ресей мемлекетіндегі әулеттік жіктелу.
Әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері.
Мәдени дамуы.
Сибирь тундрасы мен тайгасының кең-байтақ қойнауларын орман аралас далалары мен қара топырақты аймақтарын орыстар келгенге дейін 200 мыңнан сәл-ақ астам адам мекендейтін еді. Приамурье мен Приморье аудандарында XVI ғасырдың орта кезінде 30 мыңға жуық адам тұрды. Сибирь халықтарының этникалық және тіл құрамы өте-мөте алуан түрлі еді. Тундра мен тайгада өмір сүрудың аса ауырлығы және халықтың мейлінше шашыранды орналасуы Сибирь халықтарында өндіріс күштерін өркендетуді барынша тежеп келді. Ол халықтардың көпшілігі орыстар келгенге дейін патриархалды-рулық құрылыстын әр түрлі сатыларында болды. Тек Сибирь халықтаны ғана феодалдық қатынастардың қалыптасу сатысында еді.
Сибирьдің солтүстік халықтарының шаруашылығында аңшылық пен балық аулау жеткілікті орын алды. Жеуге жарамды өсімдіктер жинау көмекші роль атқарды. Мансилер мен хантылар да буряттар мен Кузнецк татарлары сияқты темір өндіретін. Неғұрлым артта қалған халықтар әлі тас құралдарын пайдаланатын. Үлкен семья (юрт) 2-3 және одан да көп жерлерде бірнеше семья мекендейтін. Солтүстік жағдайда мұндай юрттар өздері дербес поселке – селолық қауым еді.
Обь өзенінің бойында остягтар (хантылар) тұрды. Олардың басты кәсібі балық аулау болды. Балықты тағам етті, оның терісін өңдеп одан киім тікті. Уралдың орманды беткейлерінде вогулдар тұрды, олар негізінен аңшылықты кәсіп етті. Остягтар мен вогулдарда ру шонжарлары билейтін князьдықтар болды. Князьдықтар балық аулау кәсібіне, аң аулайтын орындарға иелік ететін, оның үстіне оларға аз тайпаластары «тартулар» да әкеп тартатын. Князьдықтар арасында соғыс оты жиі-жиі бұрқ ете қалатын. Қолға түскен тұтқындар құлға айналатын. Солтүстік тундрада бұғы шаруашылығымен айналысатын ненецтер дұрды. Олар табын-табын бұғылармен жайылымнан жайылымға ұдайы көшіп-қонумен жүретін. Ненецтер бұғыны азық етті, терісін әрі киім, әрі баспана етті. Оларда кеңінен тарған кәсіптің түрлері балық, поляр түлкісін, жабайы бұғылар аулау болды. Ненецтер ру болып тұрды, ол руларды князьдар басқарды. Одан ары Енисейден шығысқа қарай, эвенкілер (тұңғыстар) тұрды.
Әдебиеттер:
1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.
2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983
3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997
4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.
5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
11 тақырып. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей. Дүрбелең кезең. Мәскеу князьдығындағы дағдарыс - 1 сағат
Династиялық дағдарыс.
Әлеуметтік дағдарыс.
Саяси дағдарыс.
Ғасыр соңындағы оқиғалар.
12 тақырып. Дүрбелең кезеңнен кейінгі Ресей - 1 сағат
Дағдарыстан шығу жолдары.
Абсолютизмнің қалыптасуы.
13 тақырып. І-Петр басқаруы кезіндегі Ресей - 1 сағат
ХҮІІ ғ. соңы – ХҮІІІ ғ. басындағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Қайта құрулардың қажеттігі.
Қайта құрулар, олардың негізгі бағыттары.
Ресейде абсолютизмнің орнығуы.
ХҮІІІ ғ. басындағы ішкі және сыртқы саясат.
Қайта құрулардың тарихи маңызы.
Егіншілік жүйесінде, еңбек құралдарының құрамында және ауыл шаруашылық дақылдары мен агротехникасында XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде қандай да бір елеулі өзгерістер бола қойған жоқ.
Феодалдық меншік, шаруалардың қожаларына және мемлекетке міндеткерліктері, салық жүйесі, помещиктердің шаруаларға үстемдігі жөнінен орасан зор елеулі өзгерістер болды. XVIII ғасырдың алғашқы ширегінде феодалдық жер иеленушіліктің екі формасының бірігуі аяқталды.1714 жылы бірыңғай мұрагерлік жөніндегі указ бойынша дворяндардың барлық поместьелері вотчинаға айналды, жер де, шаруалар да помещиктің толық, шектеусіз меншігіне көшті.
Бірыңғай мұрагерлік туралы указ феодалдар табының бірыңғай тапқа – дворян сословиесіне – бірігіп, нығаюын аяқтады және оның үстемдік етуші жағдайын бекіндірді. Бірақ бұл процестің екінші жағы болды. Помещиктер және бұрынғы вотчина иелері тұрақты армия мен флотта, өкімет аппараты мен басқару орындарында қызмет атқаруға тиіс болды. Бұл қызмет дворяндардың жорық кезіндегі жасақтағы қызметі емес еді, керісінше, тұрақты, міндетті, өмірлік қызмет болды. Дворяндар біресе солдат, біресе матрос, біресеАнглия немесе Голландия кеме верфьтерінде ұста болып жүрді, біресе оларды Сибирьге, Камчаткаға, Орта Азияға алыс экспедицияға, біресе бекіністер немесе каналдар құрылысына жіберді. Осылардың бәрі дворяндардың күшті наразылығын тудырды және олардың белгілі бір бөлігі елдегі жағдайды әбден қиындатып, неше түрлі заговорларға қатысып тұрды.
Шаруалардың мемлекеттік міндеткерліктері
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі феодалдық қанаудың өсуі салық алудың және барщина мен оброк мөлшерінің өсуімен шектеліп қойған жоқ. Бұл уақытта мемлекеттік міндеткерліктер орасан зор көлемде өсті, оның құны, кейде, жан басынан алынатын салық мөлшерінен де асып түсті. Армия мен флот үшін жем-шөп, азық-түлік, қару-жарақ, оқ-дәрі тасу шаруалардың міндеткерлігіне жатты. Жаңа астананы, порттарды, каналдарды, металлургиялық заводтарды және завод бөгеттерін, верфьтерді салумен байланысты жұмыстардың бәрін: тас, кірпіш, ағаш тасу, орасан зор көлемдегі қазу т.б. жұмыстарды тек қана шаруалар істеді, солар ғана кеме жасайтын ағашты дайындап, тасып берді.Кей жағдайда бұл жұмыстарға мүлдем ақы төленбеді, ал кейбір жағдайда таза номинальды болды.
Бұның үстіне, шаруалар, ең алдымен мемлекеттік шаруалар төмендегідей міндеткерліктерді атқарды: жол-жолды салу және дұрыс ұстау, жәмшіктік-почтаны, қазыналық жүк пен лауазымды адамдарды тасу, орын-әскерлерді орынмен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |