Тарих кафедрасы


тақырып. Ертедегі шығыс славяндар - 1 сағат



бет3/12
Дата13.11.2016
өлшемі2,47 Mb.
#1638
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2 тақырып. Ертедегі шығыс славяндар - 1 сағат

  1. ҮІ-ІХ ғасырлардағы шығыс славяндар

  2. Шығыс славян жерлерінің ежелгі орыс мемлекеті құрамына бірігуі.

  3. Шаруашылығы, мәдени дамуы.

Шығыс Европанының (соның ішініде оның бір бөлігі ретіндегі Қара теңіз бойындағы) тарихи тағдырлары мұнда, Понт қалаларында емес, атпен айлап жүретін жаугерші көшпелілер алып жатқан қара топырақты далаларда және словяндардың егінші тайпалары көшпелілерге және теңіз бойындағы құл иеленуші қалаларға да шабуыл жасай бастаған орманды – далалы, және орманды жерлерде шешіліп жатты.

Б. э. Ι ғ. римдік жазуші Тацит өзінің заманында халықаралық оқиғаларда елеулі роль атқара бастаған словяндар жөнінде: «Венедтер сарматтардың әдет – ғұрыптарынан көп үйренген, өйткені олардың жаугершілік жорықтары певкиндер мен фенндердің аралығындағы барлық ормандар мен тауларға жайылды», - деп егжей-тегжейлі жазған. Яғни әліде садақтың темір оғын білмеген шалғйдағы солтүстік – шығыс халаықтарынан (фенндерден) бастап, ол кезде певкиндер мекендеген және Рим империясының шекарасы өткен Днестрдің сағасына дейінгі жерлерді мекендеген халықтар жөнінде айтады.

Римнің географиялық картасында б. э. ΙV ғ. венедтер Дунай мен Днестр өзендерінің аралығында көрсетілген.

Римнің императорлары, әсіресе Траян (б. э. 98 – 177 жж.) славяндарды қаншама бағындырмақ болса да, оның сәті түспеді. Галл, британ және бірқатар герман тайпаларын өзіне бағындырып алған Рим империясы қаншалықты күшті болғанына қарамастан, өз үстемдігін славян жерлеріне орнатуға шамасы келмеді.

Тацит пен Плиний дәуірінің археологиялық мәдениеттерінен пшевор (Польшада) және зарубинец (Украина мен Белоруссияда), ал б. э. ΙΙ – ΙV ғғ. үшін пшевор және Украинаның орманды даласындағы черняхов мәдениеттерін славяндардікі деп санаған жөн.

Археологиялық материалдар біздің: дәуірдің алғашқы ғасырларында славян қоғамында ірі өзгерістер болғанын дәлелдейді. Барлық славян жерлерінің арасынан әсіресе Орта Днепр бойы – Киев Русінің болашақ ұйтқысы ерекше көзге түсті. Мұнда соқалы егіншілік, мал шаруашылығы, қолөнер дамыды. Әрқашан егіншіліктен бірінші болып бөлініп шығатын ұсталық кәсібімен қатар қыш өндірісі пайда болды. Сауда дамыды. Бұл кезде словяндар римдік астық өлшеулерлін қолдана бастады. Сірә, славяндар рим қалаларымен астық сатып алысқан болуы керек. Славяндардың жерлерінен б. э. ΙΙ – ΙV ғғ. Римдік күміс ақшалардың толып жатқан көмбелері табылды, бұлар дұшпан тайпалардың шапқыңшылығы кезінде көмілсе керек. Бұл күміс ақшалар славяндар үшін қазына – байлық қана болып қалған жоқ, сонымен қатар оның бір бөлігі ақша ретінде пайдаланылды деген жорамал бар.

Рулардың бекіністі мекен жайлары – қалалары бұл кезде жойылды. Олардың орның үлкен, өзендердің бойында 1 – 1,5 км созылған, бекінісі жоқ деревнялар басты, бұлардың манынан жерлеу алаңдары деп аталатын көлемді молалар табылды.

Славядардың готтармен күресі

ΙV ғ. славяндардың (анттар) Азов теңізінің маңында тұрған готтар-мен қақтығысуы болды. V Ι ғ. тарихшысы Иорданның айтуына қарағанда гот аңыздары гот князьдарының құдіреттілігі және оларға бағынышты тайпалардың сансыз көп екені жөніңдегі асыра айтылған пікірге негіз болды. Буржуазиялық тарихшылар халықтарының тарихында готтарға Шығыс Еуропа жансақтықпен тым зор мән берді.

ΙV ғ. 70 – жылдарының оқиғаларын баяндағанда Иордан росомондар мен анттар жөніңде қызықты деректер келтірген. Гот тайпаларының бірінің (грейтунгтардың, немесе остготтардың) князы Германарихты остготтың князы қатыгездікпен өлтірген қарындасының кегін алмақ болған екі росомон өз ордасында өлтіріп кеткен. Тарихшылар росомондардың тайпасынан славяндардың бастапқыда «рось» деп аталған русь тайпасының бағзы заманда алғаш рет аталуын анғарады. Бұл тайпаның жерлері славян мекендерінің оңтүстік шетінде, «Рось» өзенінің (Днепрдың оңтүстік тармағы) бассейнінде жатуы және готтардың Қара теңіз бойындағы мекендеріне бәрінен де жақын болуы әбден ықтимал.

Германарихтың мейрасқоры – Винитар шығыс славяндар – анттар-мен соғысты. Бастапқыда ол анттардан жеңіліп қалды, «бірақ бұдан кейін», Иорданның айтуы бойынша, «батыл қимылдап, зәрелерін кетіру үлгіс ретінде, дарға асылғандардың денелері жеңілгендердің үрейін бұрыңғыдан бетер ұшыруы үшін анттардың Боза деген королын ұлдарымен және жетпіс ақсақалдарын қоса керіп тастайды. Бірақ мұңдай бостандықпен ол бар болғаны бір-ақ жыл билік етті».

ΙVғ. Славяндар

V – VΙ ғғ. Славяндардың өндіргіш күштері айтарлықтай өсті. Славян тайпалары қалын қолды жаяу, сондай-ақ атты әскерлер шығарып, жасақтай алатындай, оларды қарумен, жебе, азық – түлік қорымен, ал қажет болған жағдайда теңіз жорығы үшін шағын кемелермен қамтамасыз ететіңдей болды.

Тайпалардың ΙV – VΙΙ ғғ. Қалыптасқан ірі одақтары Византиямен табан тіресе соғыса алатын ұйымның дәл өзі болды. Өкінішке орай, сол уақыттағы әкери жорықтар жөніңде бізге деректер қалдырған Византиялық жазушылар славян тайпаларын да, олар құрған одақтардың да атын білмеді. Оларға славяндардың «венедтер», немесе «венеттер» деген ескі жалпы есімі және бастапқы кезде венеттер жерінің шет аймақтарының халықтары жөнінден қолданылған Византия жазушыларының VΙ ғ. славян тайпалары туралы деректері сың көзбен қарауды қажететеді. Византиялықтар славяндардың Днепрдегі, Днестрдегі, Висладағы негізгі территориялары жөнінде мүлде бейхабар болды, олар тек Византия империясына таяу жерге, Дунайдың сол жақ жағасына көшіп – қоңғандарын ғана қадағалай алды.

Шығыс славяндардың мемлекеті құрылуы қарсаңындағы қоғамдық құрлысы

Шығыс славяндар қоғамының VΙ – ΙX ғғ. өндіргіш күштері

ΙΙ – V ғасырларда орманды-дала аймағының шығыс славядар тайпаларының тек шамалы бөлігінде ғана өндіргіш күштердін сол кез үшін жоғары дамығандығы байқалады, осыныңм өзі кейіннен заңды түрде ежелгі орыс мемлекетінің негізгі ұйытқысы болған территорияда таптардың қалып тасуы процессінің жаңадан ғана бастала бастағаны туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Анттарға белгілі болған және олар көне тіс ағашты, сондай-ақ темір түренді қолданған жер айдау егіншілігі ΙV – ΙX ғғ. орманда аймақтың қалын ішінде, солтүстікке қарай тарады. Оңтүстікте де, солтүстікте де қара бидай, бидай, арпа, сұлы, бұршақ, атбас бұршақ, тары өсірілді. Бақша дақылдарынан шалқан отырғызылды. Техникалық дақылдар (зығыр, сора) егілді. Орманды аудандарда бұрынғысыңша егіншіліктің жерді ағаштан арылту жүйесі, яғни ормандағы ағаштарды шауып, өртеп жібергеннен кейін тұқымды бірден күлге егу қолданылып жүрді. Осының нәтижесінде алғашқы жылдары мол өнім алынып, ал жердің құнарлылығы кеткен соң ол қараусыз қалдырылатың. Үй малдарынан сиыр, жылқы, қой, шошқа, ешкі өсірілді.

ΙX ғ. славяндар мекендеген жерлер едәуір кеңейді. Славяндар Шығыс Еуропадағы ежелгі территорияларымен бірге солтүстік-шығыс угро-фин тайпаларының жерлеріне (Ладоганың бойы, Жоғарғы Волга) қоңыстанды және VΙ – VΙΙΙ ғғ. топ-тобымен қара топырақты өңірді отарлады. Печенегтердің X ғ. шапқыншылығына дейін славяндардың қолында егіншілікке өте қолайлы оңтүстіктегі кең аумақты жерлер болды. Қолөнер мен ауыл шаруашылығы жерді жеке семьяның күшімен өндіруге мүмкіндік беретіндей дәрежеге жетті, рулық қауым көршілес қауымға айнала бастады.

Шығыс славяндардың VΙ—XΙ ғғ. мәдениеті

Халық даналығының сарқылмас қазынасы – фольклор. Нақ қарастытырылып отырған кезеңге жатқызуға болатын халықтық творчество шығврмашылары сақталмаған. Бірақ, шығыс славяндар фольклорының көне белгілерін талдау және батыс сңтүстік славян материалдарымен салыстыру бірқатар еңбек салты әндерін, жоқтауларды, балалардың тақырлығын тәрбиелейтін жұмбақтарды, адамның табиғатың дүлей күштерімен өзара қарым-қатынастарын бейнелейтің ертегілер, егіншілердің өмірінде маңызы болған ауыл шаруашылық ырымдары және т.б. өте ежелгі деп есептеғуге мүкіндік береді. Балалар мен жас өспірімдердің күш пен ептілікті, батылдықты дамытатын ойындарының көптеген шығар көзі сонау көне заманнан басталады.

Патриоттық сезімдерді тәрбиелеуде эпикалық поэзия өте маңызды роль атқаратын болуы мүмкін, бірақ одан бізге тек жеке үзінділер келіп жетті. Мәселен, «Игорь полкы туралы сөздің» авторы XΙΙ ғ. жазбаларында анттардың дунай жорықтарының елесін сақтап, олардың жорық кезіндегі ерлігі баяндаған. Ол соныммен бірге б.э. ΙV ғ. Готтарға қарсы күресте қаза тапқан анттардың князі Бустын (Боздың) өліміне байланысты шығарылған әндерді еске сала кеткен. Византиялық хроникалар славяндардың аварлармен күресі туралы аңыздардан үзінділерді сақтап қалған. Орыстың ΙX—XΙΙ ғғ. жылнамаларында VΙ—VΙΙΙ ғғ. Болған бір қатар аңыздар жазылған.

Ертедегі славяндардың қолданболы өнерінің бізге дейін келіп жеткен үлгілері қауымдардан бөлініп шыққан қолөнершілер творчествосының өзгешелігін және дербестігі көрсетеді.

Роси өзенінің бассеиінде VΙ—VΙΙ ғғ. Жаттатын орыс бұйымдарының өте қызықты қазынасы табылды, оның арасынан әсіресе жалы мен тұйяғы алтынан жасалған күміс аттар және көйлегіне өрнек салынған славян киімді еркектің күміс бейнесі ерекше көзге түседі. Оңтүстік орысаймақтарының VΙ—VΙΙ ғғ. Күмістен жасалған бұйымдарына адамның денесі, аңдар, құм пен жылан салынған күрделі композициялар тән. Көптеген сюжеттер славядардың VΙ—VΙΙΙ ғғ. Халықтық өнермен таныстырады.

VΙΙ—VΙΙΙ ғғ.жазбаның қажеттігі туды. Византияның қызметінде жүрегн славян кязьдары славян сөздерін білдіру үшін грек альфавитының әріптерін қолдана бастады. ΙX ғ. ортасында византиялық миссионер Константи Филосов (Кирилл) Қырыдағы Херсонес қаласында «орысша жазылған» құдайға құлшылық ету кітабін көрді.

Славяндардың діні.

Ежелгі славян мәдениетінің елеулі ерекшелігі оның барлық көрністерінің дерлік діни-сиқырлық астарының болуында. Славяндардың нанымдарында қарастырылып отырған уақыттын идеологиялық түсініктері ғана бейнелеіп қойған жоқ, сонымен бірге тім ертедегі уақыттың толып датқан мұралары да қайталанды. Адамның санасы табиғаттың мейрімді және мейрімсіз күштері жөніңдегі жалған ұғымның, дуалау, жалбарыну, құрбан шалу және сиқыршылық әрекеттерінің алуан түрлі салт жораларының көменгімен табиғатқа ықпал жасау мүмкідігіне сену шырмауындаболды. Бейнелеу өнерімен фольклор пұтқа табынушылық түсінікпен ажырамас байланыста еді.

Рулық құрлысқа байланысты болған ата-бабаларға табынушылық жаңа түрге ене бастады. Барлық жерде бірдей өліктерді өртеу және жерлеу отының үстінен үлкен жер үйіндлерін – қорғандар тұрғызу салты таралды. Ол дүниедегі өмірге деген сенім өлікпен бірге түрлі заттардың, қарудың салынуынан көрінді, ал олардың молаларында жыл сайын қасиетті ата-баалардын құрметіне ас беріліп тұрды.дүлей күштерді сақтану үшін қасқыр мен аюдың тісінен жасалған бойтұмарлар, дұғалау қолданылды, өрнеке сыйқырлы белгілер түсірілді. Нәрестенің дүниеге келуі, үйлену тойы, өлім – адамның өміріндегі бұл оқиғалар дұға оқымай, жалбарынбай өткізлмеді.
Әдебиеттер:

1. Семенникова П.И.Россия в мирном сообществе цивилизаций,-М,.1994.

2.Великие реформы 1856-1874./Под ред.Л.Г.Захаровой,Эклофа Б,Бушнелла Дж, /- М,.1992.

3.История 19 в./Под ред.Лависса и Ратбо./

4. СССР тарихы. Ежелгі заманнан 17 ғасырдың аяғына дейін,-А,.1980
3 тақырып. Киев Русі – алғашқы феодалдық ертедегі Орыс мемлекеті - 1 сағат.


  1. Ауыл шаруашылығы. Қолөнер. Сауда. Қалалар.

  2. ІХ-Х ғасырлардағы саяси құрылысы.

  3. Христиан дінін енгізу.

  4. Ярослав Владимировичтің, Владимир Мономахтың ішкі және сыртқы саясаты.

ΙX—XΙ ғасырлардағы Киев мемлекеті

Киев Русі тарихнамасы

Киев мемлекетінің тарихын кездейсоқ нәрсе емес, шығыс соавян қоғамының дамуындағы заңдылық процестің белгілі кезеңі деп көрсетуге орыс тарихнамасы XΙX ғасырдың бірінші жартысында алғаш рет талаптанды.

Бұл жөнде Эверс орыс тарихнамасында бірінші орын алады. Ол 1826 жылы «Русьтардың тарихи ашылуындағы олардың ерте заманғы правосы» деген кітап шығарды.

Ол Россияның тарихын Рюриктен әлдеқайда көп бұрын, бұл жөнде византиялық деректерде айтыла бастаған кезден (VΙ ғасырдың ортасында) бастап осы айтылған зерттеуде XΙ ғасыруға дейін жеткізеді.

Эверс сияқты, Соловьёв орыс халқының тарихи дамуының ең әуелін ру құрлысынан көреді және орыстың тарихи процесінің негізгі жолы рудан бірте-бірте мемлекетке көшу деп санайды. «Новгород славяндарының варятарды «шақыруының» себебі – ол «ру жанжалынан» болған. Алға «барлық руларды,... олардың барлығына бірдей болатын, ортақ бір старшинаны қол астына...» біріктіру міндеті қойылды. Бұған, С. М. Соловьёвтың пікірінше, тек «старшина, князь... басқа, бөтен рудан болған» күнде ғана жетуге болады.

С. М. Соловьётың пікірінше, варягтарды «шақыру» Россия тарихының басталуы болды. Варяг өкіметін Соловьёв «мемлекеттің негізгі салынудағы алғашқы құбылыс» деп санайды.

Князьдердің саны өте көбейген кезде, олардың арасында тақ мұрагерлігі үшін таластар басталды. Үлкендік жолымен ағасы Киевті алды; ол өлгеннен кейін Киев тетелес інісінің қолына көшті. Осыған байланысты, қалған барлық князьдіктерде де князьдердің алмасуы болып отырды. Әрбір князь «баспалдақ ша өрлеу» («Никонов жыднамасының» айтуы) жолымен Киевке қол жеткізуге ұмтылды, бірақ ол бәрінің қолына бірдей түсе бермеді. Князьдіктер арасындағы «талас» күшейген кезде князьдердің біреуінің, Андрей Боголюбскийдің солтүстік-шығысқа, Клязьмадағы Владимирге орнығып алуына тура келді. Мұнда Андрей жаңа князьдердің арасындағы бұрынғы рулық қатынастарды бұзатын ата-мекендік негізде, жеке меншікті иелік құрды, ол тек «бір князьдіктің жолындағы» ғана мирас бойынша беріліп отыруға тиіс болды. «Рулық» қатынастар «мемлекеттік» қатынастармен алмасқан кезде Россия тарихында болған «үлкен өзгеріс» кезеңі, міне осындай. «Мемлекет» осылайша құрылды. С. М. Соловьёв екі жағдайды қарастырады: 1) мемлкетт, бірте-бірте көбейе беретін князьдік ру бастап келген бірнеше рулардың бірлестігі деп және 2) князьаралық ру қатыснастарын мойындамай, теріске шығару үшін құрылған мемлекет, князьдік жолдардың біреуінің мемлекеті-ата-мекені деп қарастырады; бұл XΙΙ ғңасыдың екінші жартысында және XΙΙΙ ғасырдың басында орнайды. Рулық қатынастар бірте-бірте тіпті құрып бара жатса да, С. М. Соловьёв Киев Русінде сол рулық қатынастар үстем деп сыйпаттайды.

Ждалпы алғанда Соловьёвтың теориясына сүйеніп, В. О. Ключевский оған, дегенменде, маңызды қосымшалар енгізді. Ресми заңдылық жағдаймен қатар Ключевский экономикалық жағдайға да, үлкен мән берді. Словяндардың қоғамдық тұрмысының бастапқы формасы ру құрлысы ыдырап бұзылды және олардың тұрмысы жаңа жағдайда басқа негізде құрылып қалыптасты. Шығыс европалық тегістікке, «көп жайланып тебінді болмаған және қолсұғылмаған елдерге» қарай қоныс аударып, «славяндар тобын жазбастан байтақ кең территорияда ұзақ уақыт отыруға мәжбүр болды, ал қоңысын аударғанда, көп жайлаған орындарды тастап, жаңа орындарға қоңып, бір өлкеден екінші өлкеге құстың келіп-қайтуы сияқты ауысып отырады».

Жаңа орындарда ұйымдастырушы күш сыртқы сауда болды. Сыртқы сауда, Ключевскийдің пікірінше, ерте заманғы Русьтің бүкіл шаруашылық кейпін аңықтады. Днепр Русі, Ключевскийдің қарауынша, - егіншілік кәсібінің елі болмай қолөнер-сауда кәсібінің, «қала» кәсібінің елі болған.

Қалалық-сауда жүргізетін үлкен-үлкен алты облыстың үстемдігін В. О. Ключевский осы кезеңдегі алғашқы саяси факты деп есептеді. Хронологиялық тәртіппен алғандағы екінші құбылысты ол «кейбір басқа жерлерге» варяг князьдіктерінің болуы деп есептейді. Осы екі элементтің қосылуынан келіп, В. О. Ключевскийдің пікірінше, «Киев ұлы князьдігі» шығады.

Киев Русінің тарихнасасында А. Е. Пресняков көрнекті орын алды. А. Е. Пресняков өзінің «ерте заман Русіндегі князбдік право» деген еңбегінде оның алдындағы әдебиетте үстем болып келген теорияны түбірінен қайта қарастырып, Киев Русінің қоғамдық құрылысының феодалдық базасын мойындауға өте жақын келді. Кейіннен А. Е. Пресняков «Шығыс Европаның тарихқа дейінгі тағдырларына синтекзінің міндеті» деген мақаласында Н. Я. Маррдың қортындыларына сүйеніп, Шығыс Европаның ерте заманғы тарихы туралы және онда мекен еткен халықтардың шыққан тегі туралы мәселе қойды.

М. Н. Покровский мемлекетті қоғамның өзінің даму жемісі деп, мемлекет таптық қоғамда туады деп таныды, бірақ ол, X ғасырда да, XΙ ғасырда да шығыс славяндар әлі де болса таптар дегенді білмеді, олай болса, бұл уақытқа оларда мемлекет те болуға тиіс емес, деп сенді. Қалалық сауда Русі туралы Ключевскийдің пікірін зейніне тоқып алып, Покровский Киев Русін, тек өз облыстарын талауға ғана қабілетті қалалар-паразиттер бас болып отырған бірнеше облыстардың шумағы ретінде көрсетті.

Киев мемлекетінің құрылуы

Қоғамдық қатынастар. Киев мемлекеті, немесе Рюриксвичтер державасы екі шығыс-славян мемлекетінің – Киев пен Новгород мемлекеттерінің бірге қосылуынан құрылуынан құрылды. Бұл екі мемлекеттің шығуы да, олардың орасан үлкен Киев мемлекеті болып бірігуі де шығыс славяндарындағы таптық қоғамның белгілі бір даму дәрежесіне ғана мүмкін болды.

Рюриктің мирасқорын – Олегті византиялық деректер де, болғарлық деректер де айтады. Оның аты Рустьтің 911 жылы гректермен жасасқан шартымен байланысты.

Новгород князі Олег, егер жылнамаға сенетін болсақ, Днепрмен төмен түсіп, Киевке дейін келеді де оны өзіне қаратып алады. Осы уақыттан бастап Киев «орыс қалаларының анасы», Киев мемлекетінің орталығы болып алады. Бұл уақыйға, жылнама хронологиясы бойынша, 882 жылы, Олег алдымен Смоленск мен Любечті алып, содан кейін айлакерлікпен Киевті басып алған және онда князьдік құрып тұрған Рюриковичтерден өзге Аскольд пен Дирды өлтірген кезде болды.

Олег жігерлі істер көрсетеді. Ең алдымен ол өзінің жаңа астанасында нығайып алуға және оның айналасындағы қалаларды «балталап шабуға» тырысады, Новгородқа ол жыл сайын алым салады және ұлы су жолының бойындағы маңызды-маңызды пункттерді өзіне қаратып алып,көршілес славян тайпаларын – древляндарды, северяндарды және радимичтерді бағындыра бастайды.

Хазарлардан Олег северяндар мен радимичтерді жаулап алды, хазарлар өзінің күшейіп тұрған дәуірінде олардан алым алып тұратын. Днестр мен Дунай арасындағы тайпалардың бір бөлегі көп уақытқа дейін Олег қарсыласып келді, олар тек оның мирасқоры Игорьге ғана біржолата бағынды.

Олег 907 жылы Константинопольге жорық жасаған кезінде.

Олегтің өлген жылының өзінде-ақ Киев мемлекеті едәуір территорияны қамтып алды. Киевке тәуелді жерлер, оның ішінде Новгород те, Киев князінің өкіметін мойындауға, яғни оған алым төлеуге және оның соғыс кәсіп орындарына адамдар беріп жәрдемдесуге мәжбүр болды.

Тілінің, діндерінің, аңыздарының жалпылығының себептерінен болып келген осы славян жерлерінің арасындағы байланыс бірыңғай тұтас өкімет арқылы нығайып бекіді. Киев мемлекетінің құрамына кірген тайпалар алымнан басқа, Киев князіне әскери күш те беріп тұруға міндетті болды. Князьдер мен жасақшылардың қолына түскен алым-салықтар товарға айналып, көбінесе шетелге, алдымен Византияға, ал бір бөлігі жасақтарды қаруландыруға және екпіндеп өсіп келе жатқан мемлекеттің былайғы керектеріне кетті.

Киев Русінің батыс аудандарында шиеленісу көбірек болды. Олегтің көзі кғетісімен-ақ древляндар Киевке қарсы көтерілді, сондықтан Олегтің мирасқоры Игорь оларды қайтадан бағындыруға тиісті болды.византия тарихшысы Лев Диакон қуатайтын жылнама жыйнағының хабарына қарағанда, Игорьді алым жыйнап жүрген кезде древляндар өлтіріп кеткен. Оның жесір қалғанг әйелі Ольга көтерілісті қаталдықпен басты.

Олегтен кейін X ғасырдың бірінші жартысында Русь Каспий теңізінің батыс жағалауына екі рет жорық жасады (913 – 914 және 944 – 945) және жылнама әңгімесіне қарағанда Византияға да екі рет жорық жасаған.

Игорь жорық жасап 941 жылы Константинопольге барды, бірақ онысы сәтсіз болды. Оның кеме-қайықтары бүтіндей «грек отымен» өртеніп кетті

Игорь өлгеннен кейін оның жесір қалған әйелі Ольга 957 жылы көпр нөкермен Константинопольге барды. Ол Игорьдің шартын қайтадан жаңғыртуы мүмкін; оның Византия императоры Константинге «жәрдемге сарбаз» жіберуге уағыде бергені мәлім.

Святославтың князьдік құруы. Киев мемлекетінің әсіресе күшейген кезі Святославтың (ол 927 жылы өлген) және оның баласы Владимирдің (978 – 1015) тұсында болды.

Святослав ірі-ірі халықаралық уақиғаларға белсене қатысушылардың бірі болып табылады, ол көбінесе басқа мемлекеттердің келісімі бойынша қыймылдаған. Святослав 964 – 966 жылдары Киевтің солтүстік-шығыс жағындағы вятичтерді жаулап алып, Сірә, ділге дейін жеткен болуы, онда болғармен соқтығысқан болуыц керек жұмыссады, орыс жерлерін қайтарып алу жолында олармен күресті бұрын Олег бастаған болатын.

Князь Владимир Святославич. Владимир уақыты (978 – 1015) – Рюриковичтер державасының «ең жоғарғы пункті» болды. Владимир бүкіл Русьтің өкімет билігін өз қолына ұстап тұруға, мемелекеттің шекараларын кеңейтуге, оны жаудың шабуылдарынан қорғауға тырысты. «Заман жылдарының хикаясы» Владимирдің хорваттарға, поляктарға, ятвягтарға бірсыпыра жорықтарын санап көрсеттеді.

Русьтің шоқынуы. Русьтің шоқынуы туралы шатысқан мәселе әлі де болса барлық жағынан толық шешілген жоқ. Владимирдің өзінің шоқынған орынын (Корсунь, Киев, Василёв) және киевляндардың шоқынған орнын (Днепр, Почайна өзені) көрсететін бірсыпыра қайшы нұсқалар бар, бірақ христиан дінін қабылдаудың әлеуметтік мәні өте айқын.

Мемлекеттік дін ретінде христиан дінін қабылдау Киев қоғамының идеологиясындағы үлкен алға басушылықты дәлелдейді.

Христиан діні Руське әлдеқашаннан бері-ақ ене бастады. Ресми түрде мемлекеттік дін болып танылғанша, христиан діні орыс қоғамына жеткілікті дәрежеде еніп және ең алдымен, халықтың жоғарғы топтарының арасынан осы жолды ұстаушыларды тауып үлгерді.


Әдебиеттер:

1.История России.Уч. пособие. Горимов М.М,.Горекий А.А.(/Под редС.В Леонова./)-М,.1998.

2. История 19 в./Под ред.Лависса и Ратбо./

3.Греков Б.И,.Шацилло.Эволюция политической структуры Россиив.к 19-нач. 20 в.История России,-М,1988


4 тақырып. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Русь мемлекеті тарихынан - 1 сағат

  1. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Орыс жерлері.

  2. Орыс жерлерінің саяси және мәдени байланыстары.

  3. Орыс жерлерінің ұстанған сыртқы саясаттағы негізгі бағыттары, жағдайлары ІХ-ХІІ ғғ.

ХІІ ғ мен ХІІІғ бірінші жартысындағы Орыс жерлері мен князьдықтары.

Киев книзьдығы.

ХІІ ғ орта шенінің өзінде Киев князьдығының билігі Днепрдің тармақтары –Тетерево, Ирпень өзендерінің бойындағы жерлер мен Киевке вассалды «Қара клобуктар» мекендеген, жартылай автономиялы Поросье енген Киев князьдығының өзінде ғана жүретін болды. І Мстислав кейін Киев князьі болған Ярополктың басқа князьдардың «ата-мекенін» бір өзі билемек болған әрекеттеріне үзілді-кесілді тыйым салында.

Киев жалпы орыстық маңызынан айырылуға қарамастан , оган ие болу жолындағы күрес моңғолдардыңшапқыншылығына дейін тоқтамады. Киев тағын мұра етудің ешқандай кезектігі сақталмады, сондықтан да ол князьдардың өзара тайталасушы топтары күшінің ара салмағына және көп ретте құдіреттті Киев боярлары мен «Кара клобуктардың» пиғылы кімнің жағында екеніне байланысты қолдан қолға өтіп жаттты. Киев үшін жалпы орыстық күрес жағдайында жергілікті боярлар қырқыстарды тыюға және өз князьдығында тұрақтылықты орнатуға талпынды. Боярлардың 1113 ж Владимир Мономахты Киевке шақыруы , кейініректе боярлар күшті және өздеріне ұнамды князьді сайлау әрі онымен өздерінің территориялық –корпоративтік мүдделерін қорғайтын «ряд» жасау «праволарын» негіздеу үшін пайдаланған үлгі-өнеге болды. Боярлар бұл рядты бұзған князьды оның бақталасының жағына шығу немесе астыртын сөз байласу арқылы құртып отырды.Князьдардың Киев үшін қырқыстары Киев жерінде жиі болып тұратын соғыс аренасына айналды, бұлардың барысында қалалар мен селолар ойсырап, олардың халқы тұтқынға әкетілді. Киевтің өзі де оны жеңіп алған князьдардың тарапынан да , сонщдай-ақ жеңіліске ұшырап, оны қалдырып кетуге , сөйтіп өз ата мекеніне қайта оралуға мәжбүр болғандардың тарапынан да мейірімсіз ойранға ұшырап отырды. Мұның бәрі ХІІ ғ байқала бастаған Киев жерінің біртіндеп құлдырауына, мұндағы халықтың князьдардың өзара қырқысуынан зардапты біршама кем тартқан және іс жүзінде қыпшақтардың қоглы жетпейтін елдің солт және сол-бат аудандарына ауысып кетуін алдын-ала айқындады.

Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Кучкин В.А. Формирование государственной территории Северо-восточной Руси в Х-ХІVвв. М. 198



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет