Тарих кафедрасы



бет10/12
Дата26.06.2018
өлшемі243,76 Kb.
#44403
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


Қайталау сұрақтары


Синто дінінің ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:



Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Религии мира. М., 1982.

Тақырып 13. Қазақстандағы діни ағымдар.

Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Қазақстандағы діни ағымдар

1.Қазақстандағы Ислам дінінің тарауы.

2. Қазақстандағы Христиан дінінің тарауы.

3.Қазақстандағы православиелік шіркеу.

Қазақстандағы христиан мәдениеті. Қазақстан – ғажайып ел. Мұнда 130-дан астам халықтар мен ұлттардың өкілдері тұрады. Осылардың әрқайсысы республиканың ортақ мәдениетіне өздерінің айтулы үлестерін қосты. Сонымен қатар, мемлекетті құраушы қазақ халқы осы сан алуандық арасында көмексі тартпай, керісінше мәдени мұраларын құрметпен сақтап, мәдениеттің жаңа биіктеріне көтерілді.

Осы мәдени қазыналарды жасауда православиенің де айтулы орны бар. Соның бір мысалы – Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборы. Шіркеу құрылысының тамаша үлгісі болып табылатын бұл собор кеңестер билігінің кезінде түрлі мекемелерге, қолдан қолға беріліп келген еді. 1995 жылы ол Республика президентінің жарлығымен христиандарға қайтарылды.

Орыс православие шіркеуі, әсіресе Астана-Алматы епархиясы тегін концерттер ұйымдастырып, православие діни музыкасын насихаттауға үлкен мән береді.

Орта Азия және Қазақстанның территориясында Ислам VII-ғасырдың екінші жартысында Омеядтық халифа Мауави Ибн-Суфияның тұсында енді. Дін таратушылардың қолбасшысы Құтайба Мүсілім ұлы еді. Ол жаулауды Бұхара, самарқанд, Насаф, Мерв, Хорезм, Баласағұн сияқты үлкен қалалар орналасқан Маверанахрдың төңірегінен бастаған еді. Ал қазіргі Қазақстан төңірегінде Исламның орнығуына Әбу Мүсілім бастаған мұсылман әскерінің 751-ші жылы шілде айында Талас маңындағы Ахлет деген жерде болған соғыстың жеңіске жетуі үлкен әсерін тигізді.

Осы уақыттарда еліміз аумағы Қарахан хандығына қарасты болатын. Ислам біздің территориямызда Алтын орданың мұсылмандықты қабылдауымен нығая түсті. Бұл процесс Береке (1255-1266ж) ханның тұсында басталған еді. Ислам XIV ғасырларда әмір Темірдің кезінде де ерекше беделді болды.

Алдымен ислам еліміздің оңтүстік өңірінде орналасқан отырықшы халықтың арасында етек алды. Өйткені бұл елді мекендер сол кездегі Орта Азиядағы Ислам мәдени орталықтары болып саналатын жоғарыда аталған бірқатар қалалармен көршілес орналасқандықтан үнемі тығыз мәдени-экономикалық байланыста болды. Біздің елімізге негізінен дін таратушылардың әкелген бағыты Ислам дінінің имам Ағзам бастаған Ханифит мазхабындағы сунниттік бағыты. Бұдан әрі Исламның дамуы араб елдерінен келген миссионерлердің ықпалымен болды.

Қайталау сұрақтары

1. Қазіргі әлем жағдайы дін дамуына қалай әсер етеді ?

2. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы адамдардың сеніміне қалай әсер етеді ?

3. Секулиризация деген не мағына білдіреді?

Әдебиеттер:



Большаков О. Г. История Халифата Т.1 Ислам в Аравии (570-633). М., 1989.

Грюнебаум фон Г.Э. Классический ислам. Очерк истории (600-1258). М.,1988.

Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.

Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.

Массе А. Ислам. Очерки истории. Пер. с французского М.,1982.

Панова В., Бахтин И. Жизнь Мухаммеда. М., 1990

Пиотровский М.Б. Коранические сказания. М.,1991

Суфизм в контексте мусульманской культуры. М., 1989



Тақырып 14. Қазақ жерінің атақты дінтанушылары. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Қазақ жерінің атақты дінтанушылары. Тақырыпты оқыту әдістемесі

1.Қазақ мұсылмандарының көрнекті ойшылдары

2.Ахмет Яссауи ілімдері.

3.19-20 ғасыр дінтанушылары.

4.Абай мен Шәкәрімнің діни еңбектері.

Қожа Ахмет Ясауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді[1]:

...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,

Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.

….Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,

Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:

...Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне

Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,

Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,

Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...

Қайталау сұрақтары:

1.Яссауи жазбаларының құндылықтары неде?

2.Яссауидің негізгі діни көзқаастары қандай?

3. Абай мен Шәкәрімнің діни көзқарастарын сипаттап беріңіз.

Әдебиет:


Большаков О. Г. История Халифата Т.1 Ислам в Аравии (570-633). М., 1989.

Грюнебаум фон Г.Э. Классический ислам. Очерк истории (600-1258). М.,1988.

Ермаков И., Микульский Д. Ислам в России и Средней Азии. М.,1993.

Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.

Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.

Массе А. Ислам. Очерки истории. Пер. с французского М.,1982.

Панова В., Бахтин И. Жизнь Мухаммеда. М., 1990

Тема 15. Қазақстан-діни толерантты ел. Тақырыпты оқыту әдістемесі

Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Қазақстан-діни толерантты ел. Тақырыпты оқыту әдістемесі

1.Қазақстанның дін туралы заңы.

2.Қазақстандағы діни толеранттылық негізі.

Конференцияны өткізудегі мақсат – Президент Н. Назарбаевтың міндет етіп қойған рухани келісімді нығайту мен толеранттылық сана және діни төзімділік дәстүрлерін сақтауға қатысты өзекті міндеттері аясында діннің қазіргі әлемдік үдерістерге, діни сана қалыптастыруға, қоғамның рухани-адамгершілік дамуына тигізетін ықпалын анықтайтын мәселелерді философиялық-дінтанулық тұрғыда талдау. Конференцияға шетел және қазақстандық танымал дінтанушы ғалымдар қатысады. Аталған іс-шара барысында дін және қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының жоғары оқу орындары және  мектептеріндегі дінтану пәнінің мұғалімдері, сарапшылар, мамандар ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасады. Осыған орай біз конференция қонақтарының бірі – америкалық дінтанушы маман Ахмет Куруды әңгімеге тартқан едік.

– Ахмет Куру мырза, алдымен өзі­ңізді таныстырып өтсеңіз?


– Мен Америка Құрама Штат­та­ры­ның Калифорния штатындағы Сан-Диего Университетінде сая­саттану кафедрасы мен Ислам зерт­теулер орталығының ассоциативті про­фессорымын. Оның алдында 2008-2009 жылдары Нью-Йорктағы Ко­ламбия университетінде пост­докторлық зерттеуші және «Демок­ра­­тия, толеранттық пен дінді зерттеу» ор­талығы директорының орынбасары болдым. Вашингтон университетінде докторлық пен магистр дәрежелерін алғанмын. Басты ғылыми ізденісім мен негізгі ғылыми бағытым ислам мен зайырлылық және демократия арасындағы кешенді ара қаты­нас­тарды зерттеу болып табылады. «Дін­ді ғылыми тұрғыда зерттеу қауым­дастығының» үздік кітап сыйлығына ие болған және Кэмбридж универ­си­теті баспасынан жарық көрген «За­йырлылық және дінге қатысты мем­ле­кеттік саясат: Америка Құрама Штат­тары, Франция және Түркия» ат­ты кітаптың авторымын. Бұл кітап араб және түрік тілдеріне аударылды. Сондай-ақ әйгілі америкалық маман Альфред Степан екеуіміз Коламбия уни­верситеті баспасынан жарық көр­ген «Түркиядағы демократия, ис­лам және зайырлылық» атты еңбекті қол­ға алғанбыз. Ғылыми мақалала-рым «World Politics», «Comparative Politics» және «Political Science Quarterly» атты журналдарда жарияланып тұрады. Мен Американың Саясаттану қауымдастығының «Дін және мем­лекет бөлімшесінің» басшысы қыз­метін атқарамын. Осы мамыр айына дейін бір жылға жақын Катар аста­насы Дохадағы Брукинс Институты филиалында жұмыс істедім.
– 29 мамыр күні Алматыда өтетін «Діннің қазіргі әлем­ге ықпалы» атты халықаралық ғы­лыми конференция қаншалықты маңызды?
– Бұл конференцияны Қазақстан Рес­публикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Философия, сая­саттану және дінтану институты ұйымдастырып, маман ретінде мені ар­найы шақырып отыр. «Діннің қа­зіргі әлем­ге ықпалы» атты халық­ара­лық ғы­лыми конференция өте өзекті жә­не дер кезінде ұйымдастырылып жатқан ғылыми жиын. Себебі дін АҚШ пен Франциядан, Түркия мен Ин­донезияға дейін көптеген елдердің қоғамдық өмірінің маңызды бөлше­гіне айналып отыр. Бұл табиғи құбы­лыс, яғни бұдан қорқудың, бұны бүр­кемелеп мойындамаудың және ең бастысы, мұнымен күресудің қа­жеті жоқ. Алайда қоғамдағы білім дең­гейін, өзара түсіністік пен то­леранттық, мәдениет деңгейін көтеру керек, дінді дұрыс пайымдай білу қа­жет, қарапайым халық пен мем­ле­кеттік қызметтерлердің парасатты­лығын да көтеру керек.
Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанның дін туралы заңын атаңыз.

2. Қазақстандағы діни толеранттылық негізі қандай?

Әдебиет:


Грюнебаум фон Г.Э. Классический ислам. Очерк истории (600-1258). М.,1988.

Ермаков И., Микульский Д. Ислам в России и Средней Азии. М.,1993.

Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.

Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.

Массе А. Ислам. Очерки истории. Пер. с французского М.,1982.

Панова В., Бахтин И. Жизнь Мухаммеда. М., 1990

4. Семинар тақырыптары:
Тақырып 1. Пән және курс мақсаттары. Діннің қоғамда пайда болуы.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Пән және курс мақсаттары. Діннің қоғамда пайда болуы.


  1. Діннің анықтамасы

  2. Діннің элементтері және құрылымы

  3. Діннің қоғамдағы рөлі, орны және функциясы.

  4. Діннің типологиясы.

Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: діннің анықтамасы. Діннің элементтері және құрылымы. Діннің қоғамдағы рөлі, орны және функциясы. Діннің типологиясы.


Әдебиеттер:

Авдиев В. И. История Древнего Востока. М., 1953,

Бросс Ш. О фетишизме. М.,1973.

Зыбковец В.Ф. Дорелигиозная эпоха. М.,1959.

Керан К. Боги, гробницы, ученые, М.,1963.

Кун Н.А. Легенды и мифы Древней Греции М., 1963

Лосев А.Ф. Античная мифология в ее историческом развитии. М.,1952.

Мифы народов мира, 2-е изд. М. 1987, т. 1-2

Мифологический словарь. (Под ред. Е.М. Мелетинского) М.,1991.

Сухов А.Д. Философские проблемы происхождения религии, М.,1967.

Тахо-Годи А.А. Греческая мифология. М.,1989.

Токарев С.А.. Ранние формы религии и их развитие М.,1964.

Токарев С.А. Религия в историй народов мира. М.,1986.

Фрэзер Д. Золотая ветвь. Исследование магии и религии. М.,1983.

Шпажников Г.А. Религии стран Африки. Справочник М.,1981.

Штаерман Е.М. Социальные основы религии Древнего Рима. М.,1987.


Тақырып 2. Діннің пайда болуы және оның ерте кездегі формасы. Тақырыпты игерудің методикасы.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Діннің пайда болуы және оның ерте кездегі формасы. Алғашқы наным- сенімдердің түрлері. Тақырыпты игерудің әдістемесі.


  1. Алғашқы наным –сенімнің түрлері.

  2. Таптық қоғамға өту кезеңіндегі діннің эволюциясы.

  3. Ежелгі әлемнің ұлттық діндері.

Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Алғашқы наным –сенімнің түрлері. Таптық қоғамға өту кезеңіндегі діннің эволюциясы. Ежелгі әлемнің ұлттық діндері.


Әдебиеттер:

Авдиев В. И. История Древнего Востока. М., 1953,

Бросс Ш. О фетишизме. М.,1973.

Зыбковец В.Ф. Дорелигиозная эпоха. М.,1959.

Керан К. Боги, гробницы, ученые, М.,1963.

Кун Н.А. Легенды и мифы Древней Греции М., 1963

Лосев А.Ф. Античная мифология в ее историческом развитии. М.,1952.

Мифы народов мира, 2-е изд. М. 1987, т. 1-2

Мифологический словарь. (Под ред. Е.М. Мелетинского) М.,1991.

Сухов А.Д. Философские проблемы происхождения религии, М.,1967.

Тахо-Годи А.А. Греческая мифология. М.,1989.

Токарев С.А.. Ранние формы религии и их развитие М.,1964.

Токарев С.А. Религия в историй народов мира. М.,1986.
Тақырып 3. Христиандық дін. Тақырыпты игерудің методикасы.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Христиандық дін. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Христиандықтың пайда болуы.

2. Христостың жеке басы.

3. Христиандық сенімге үйрету және ғибадат.

4. Христиандықтың бөлінуі.


Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Христиандықтың пайда болуы. Христостың жеке басы. Христиандық сенімге үйрету және ғибадат. Христиандықтың бөлінуі.
Әдебиеттер:

Крывелев И.А. Библия: Историко-критический анализ. М., 1985.

Миркина 3.,Померанц Г. Великие религии мира. М.,1995.

Ранович А.Б. Первоисточники по истории раннего христианства. Античные критики христианства. М.,1990.

Ренан Э. Жизнь Иисуса.М. 1991.

Свенцицкая И.С. Раннее христианство: страницы истории. М.,1987.


Тақырып 4. Православие. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Православие. Тақырыпты игерудің әдістемесі.


  1. Православияның тарихы және оның қазіргі жағдайы.

  2. Орыс православиясы.

Әдістемелік ұсыныс: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Православияның тарихы және оның қазіргі жағдайы. Орыс православиясы.


Әдебиеттер:

Бессонов Б. Н. Православие в наши дни. М., 1990.

Булгаков С.Н. Православие: Очерки учения православной церкви, М., 1991.

Голубинский Е.Е. История Русской церкви, М.. 19011902, т. 1-2.

Иоанн Домаскин. Точное изложение православной веры. Ростов-на-Дону, 1992.

История Русской православной церкви в документах религиозных архивов России. Аннотированный справочникуказатель, М.,1993.

Карташев А.В. Очерки по истории Русской церкви, М.,1993, т.1-2.

Лосский О.Н. Очерк мистического богословия Восточной церкви. Догматическое богословие, М.,1991.

Поспеловский Д.В. Русская православная церковь в XX веке. М.,1995.
Тақырып 5. Католицизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Католицизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
1. Дін ерекшеліктері.

2. Ватикан. Шікеу жүйесі.

3. Ресейдегі католицизм.

3. Католиктік шіркеудің қоғамдағы мәселелері.

Әдістемелік ұсыныс: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Ватикан. Шіркеулердің құрылымы. Ресейдегі католицизм. Әлемдегі католициз дамуының әлеуметтік мәселелері.
Әдебиеттер:

Арну А. История инквизиции. СПб,1995.

Боргош Ю. Фома Аквинский. М.,1975.

Гергей Е. История папства. М.,1996.

Григулевич И.Р. Папство: век XX.М., 1978.

Заборов М.А. Крестоносцы на Востоке.М., 1980.


Тақырып 6. Протестанизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.

Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Протестанизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.


1. Дін ерекшеліктері.

2. Шікеу жүйесі.

3. Ресейдегі протестанттар.

3. Протестанттық шіркеудің қоғамдағы мәселелері.


Әдістемелік ұсыныс: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Протестанизмнің негізгі бағыттары. Негізгі протестанттық шіркеулер мен деноминация. Қазіргі протестанизмдегі тенденциялары.
Әдебиеттер:

Белов А.В. Секты. сектантство. Сектанты. М.,1978 Вебер М. Протестантские секты и дух капитализма М., 1990.

Гараджа В.И. Протестантизм. М.,1971.

Граждан В.Д. Вероучение и мораль пятидесятников. М.,1989.


Тақырып 7. Ислам. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Ислам. Тақырыпты игерудің әдістемесі.


  1. Исламның пайда болуы.

  2. Ислам дінінің ерекшеліктері.

  3. З. Ислам дінінің негізгі бағыттары.

  4. Қазіргі кездегі ислам діні.

Әдістемелік ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Исламның пайда болуы. Исламның негізгі бағыттары. Қазіргі кездегі ислам.


Әдебиеттер:

Большаков О. Г. История Халифата Т.1 Ислам в Аравии (570-633). М., 1989.

Грюнебаум фон Г.Э. Классический ислам. Очерк истории (600-1258). М.,1988.

Ермаков И., Микульский Д. Ислам в России и Средней Азии. М.,1993.

Ислам. Историографические очерки. /Под общ. ред. С.М.Прозорова, М.,1991.

Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.

Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.
Тақырып 8. Буддизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты. Келесі сұрақтарды ашу: Буддизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.


  1. Буддизмнің пайда болуы. Индуизм және буддизм: діни құндылықтардың сабақтас мәселелері.

  2. Гаутама Будда. Будданың оқу ерекшеліктері мен будда культі. Трипитака- буддилік канон.

  3. Буддизмнің діни идеалы. Хинаяна және Махаяна. Буддизмнің таралуы. Буддизмнің аймақтық ерекшеліктері. Дзэн- буддизм және ламаизм. Буддизм әлемдік дін ретінде.

Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Буддизмнің пайда болуы. Индуизм және буддизм: діни құндылықтардың сабақтас мәселелері.


Әдебиеттер:

Буддизм: Словарь /Под общ. ред. Н.Л. Жуковской. М.,1992.

Жуковская Н.Л. Ламаизм и ранние формы религии. М.,1977.

Игнатович А.Н. Буддизм в Японии. Очерк ранней истории. М.,1987.

Корнев В.И. Буддизм и его роль в общественной жизни стран Азии. М.,1983.
Тақырып 9. Иудаизм. Тақырыпты оқытудың әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Иудаизм. Тақырыпты оқытудың әдістемесі.


  1. Иудаизм. Яхве культінің пайда болуы.

  2. Библия. Талмуд. Иудейлік тарих концепсиясы.

  3. Аңыздар: египеттік құлдық, Моисей, Давид, Соломон.

Әдістемелік ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Иудаизм. Яхве культінің пайда болуы. Библия. Талмуд. Иудейлік тарих концепсиясы. Аңыздар: египеттік құлдық, Моисей, Давид, Соломон.


Әдебиеттер:

Агада: сказания, притчи, изречения Талмуда и мидражей. М., 1993.

Беленький М.С. Иудаизм. 2-е изд., M., 1974.

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Гече Г. Библейские истории. 2-е изд. М., 1990.

Даймонт М. Евреи, Бог и история. Иерусалим, 1989.

Рижский М.И. Библейские пророки и библейские пророчества. М., 1987.

Телушкин Д. Еврейский мир. М., 1992 .

Шифман И.Ш. Ветхий Завет и его мир. М., 1987.

Янг Л. Сущность иудаизма. М., 1993.


Тақырып 10. Индуизм. Тақырыпты оқытудың әдістемесі.

Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Тақырыпты оқытудың әдістемесі.




  1. Ежелгі Үндінің діни жүйесі: индуизм, джайнизм, сикхизм, парсизм.

  2. Негізгі діни принциптер және индуизмнің пантеоны.

Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Ежелгі Үндінің діни жүйесі: индуизм, джайнизм, сикхизм, парсизм. Негізгі діни принциптер және индуизмнің пантеоны.


Әдебиеттер:

Беленький М.С. Иудаизм. 2-е изд., M., 1974.

Бонгард-Левин Г.М. Древнеиндийская цивилизация. Философия, наука, религия. 2-е изд. М., 1993.

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Гусева Н.В. Индуизм. История формирования. Культовая практика,. М., 1977.
Тақырып 11. Конфуцишілдік және даосизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Конфуцишілдік және даосизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.


  1. Даосизм, конфуцишілдік, буддизм –үштік ілім (сань цзяо)

  2. Ежелгі Қытайдағы тәңірліктер, ата –бабалар және рәсімдер.

Әдістемелік ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару: Даосизм, конфуцишілдік, буддизм –үштік ілім (сань цзяо). Ежелгі Қытайдағы тәңірліктер, ата –бабалар және рәсімдер.


Әдебиеттер:

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Васильев Л.С. Культы, религии и традиции в Китае. М., 1970.

Дао и даосизм в Китае. М., 1989.

Древнекитайская философия. Собрание текстов. В 2-х т. Переводы. М., 1972-1973.

Конфуцианство в Китае: проблемы теории и практики /Под ред. Л.П. Делюсина М., 1982 .


Тақырып 12. Синтоизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Синтоизм. Тақырыпты игерудің әдістемесі.


  1. Жапониядағы буддизм және синтоизм. Аматэрасудың культі.

  2. Синтоның храмдары және ғибадатханалары. Дұрыс тәртіптің 5 принциптеры.

  3. Синтоизмнің дамуына буддизмнің әсер етуі.

  4. Дзэн - буддизм жауынгер діні.

Әдістемелік ұсыныстар: келесі сұрақтарға көңіл аудару қажет: Жапониядағы буддизм және синтоизм. Аматэрасудың культі. Синтоның храмдары және ғибадатханалары. Дұрыс тәртіптің 5 принциптеры. Синтоизмнің дамуына буддизмнің әсер етуі. Дзэн - буддизм жауынгер діні.


Әдебиеттер:

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Религии мира. М., 1982.
Тақырып 13. Қазақстандағы дәстүрлі конфессияларжәне діни бағыттар.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Қазақстандағы дәстүрлі конфессияларжәне діни бағыттар.


  1. Исламның Қазақстанда таралуы

  2. Қазақстандағы христиандық

  3. Қазақстандағы православиялық шіркеу.

Методикалық ұсыныстар: келесі сұрақтарға назар аудару қажет: Исламның Қазақстанда таралуы. Қазақстандағы христиандық. Қазақстандағы православиялық шіркеу.


Әдебиеттер:

Ислам: Энциклопедический словарь. М.,1991.

Коран. /Перевод и комментарии И.Ю. Крачковского. Изд.2-е.М.,1986.

Массе А. Ислам. Очерки истории. Пер. с французского М.,1982.

Панова В., Бахтин И. Жизнь Мухаммеда. М., 1990

Пиотровский М.Б. Коранические сказания. М.,1991

Суфизм в контексте мусульманской культуры. М., 1989



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет